Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

төлемді жинау;
- сәйкес ирригациялық комиссияға беру үшін әр ирригациялық және дренаждық жүйелерді ұстау және техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарларды дайындау;
- ирригациялық, дренаждық жүйелер мен су шаруашылығы имараттарына мемлекеттік кадастрды жүргізу, паспорттау және олардың техникалық деңгейін көтеру бойынша ұсыныстарды дайындау;
- мемлекеттік ирригациялық жүйелермен табиғи су нысандарынан алынған су көлемдерінің есебі және суды пайдаланушылармен олардан суды жеткізу көлемдерінің есебі;
- мемлекеттік ирригациялық және дренаждық жүйелерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету үшін тағайындалған мемлекеттік су қорының жерлерін басқару;
- шет елдік инвесторларды қоса қаржыландыру көздерін көрсетумен подготовка целевых программ и проектов с  указанием  источников финансирования, включая иностранные инвестиции;
- мемлекеттік меншікте тұрған су қоаймалары мен су шаруашылығы имараттарының айналасындағы каналдар, коллекторлар бойындағы орман қорғау екпелерін отырғызу, және оларды күту;
- мемлекеттік мелиоративтік кадастрын әзірлеу;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттер.
3. Мемлекеттік су әкімшілігінің аумақтық органы осы Кодекстің 5 бабына сәйкес негізгі бассейндердің шекарасында ұйымдастырылған бассейндік су әкімшілігі, сондай-ақ мемлекеттік ирригациялық және дренаждық жүйелер және/немесе су шаруашылығы имараттарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар болып табылады.
4. Мемлекеттік су әкімшілігінің қызметі туралы жыл сайнығы есеп су жөніндегі Ұлттық кеңеспен бекітіледі.
5. Мемлекеттік су әкімшілігінің құрылымы мен қызметі Қырғыз Республикасы Үкіметімен бекітілген ережемен реттеледі.

12 бап. Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзыреті

Осы Кодексті іске асыру бойынша Қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзыретіне енеді:
- бассейндік кеңес және су жөніндегі Ұлттық кеңестің жұмысына қатысу;
- мемлекеттік мониторингті өткізуге қатысу;
- Мемлекеттік су әкімшілігімен берілген суды пайдалануға рұқсатты келісу;
- су классификациясы мен су нысандарында және су айдындарында стандаттарды әзірлеу және келісуге қатысу;
- су нысандарына тастауға тыйым салынған қауіпті заттардың тізімін Қырғыз Республикасының Үкіметіне дайындау және беру;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсат беру;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсатты тоқтату, алып астау немесе өзгерту;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттарына және су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсатты тіркеуді жүргізу;
- суды қорғау бойынша жұмысты өткізу;
- төменгі экологиялық ағынды белгілеу бойынша ұсынысты келісу;
- өзендер құрылған таулы аумақтарды ағынды құру аймағы ретінде жариялау бойынша ұсынысты келісу;
- суды қорғау аймақтарын белгілеу бойынша ұсынысты келісу.

13 бап. Уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган және оның құзыреті

Уәкілетті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орган және оның құзыреті енеді:
- Су жөніндегі Ұлттық кеңестің және бассейндік кеңестің жұмысына қатысу;
- осы Кодекстің бабына сәйкес әзірленген су классификациясын келісу және  су нысандары бойынша осы сулардың стандарттарын бекіту;
- су нысандарына, су шаруашылығы имараттары мен су қорының жерлеріне ластаушы заттар мен қалдықтарды тастауға рұқсатты келісу;
- ластанудан үстіңгі және жер асты суларын қорғау санитарлық нормалары мен тәртіптерін әзірлеу;
- санитарлық және гигиеналық нормаларға сәйкес шаруашылық, ауыз су және тұрмыстық суды пайдалану үшін үстіңгі сулардың жарамдылығын анықтау;
- ластанудан үстіңгі және жер асты суларын қорғау ережелері мақсатында ауыз су, тұрмыстық сумен қамту үшін пайдаланылатын су нысандарын санитарлық қорғау аймақтары шекарасын келісу;
- су нысандарына ағынды суларды бұру шартын келісу;
- суды пайдаланушымен жүзеге асырылатын суды пайдаланудың жақын жердегі тармақтарын және ағынды суларды жоғары жіберу су нысанында су сапасын бақылау тәртібін келісу;
- осы Кодексте анықталған басқада міндеттер.

14 бап. Гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және оның құзыреті

Осы Кодексті іске асыру бойынша Гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган құзыретіне енеді:
- бассейндік кеңес және су жөніндегі Ұлттық кеңестің жұмысына қатысу;
- суды пайдалануға арнайы рұқсат және суды пайдалануға рұқсатты келісу;
- суға ұңғыманы бұрғылауға рұқсатты келісу;
- бұрғылауға кәсіби қызметті жүзеге асыруға құқыққа лицензия беру;
- ластанудан жер асты суларын қорғау бойынша ережені дайындау және басшылыққа алу;
- жер асты суларын қорғау аймақтарын белгілеу бойынша ұсыныстарды дайындау;
- осы Кодекспен анықталған басқада міндеттер.

15 бап. Гидрометеорология бойынша уәкілетті мемлекеттік орган және төтенше жағдайлар бойынша уәкілетті мемлекеттік орган

1. Осы Кодексты іске асыру бойынша төтенше жағдайлар жөнінде уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне енеді:
- бассейндік кеңес және су жөнінде Ұлттық кеңес жұмысына қатысу;
- су тасу, сел өту және құрғақшылық туралы ұлттық ақпарат жүйесін құру бойынша ұсыныстарды келісу;
- су тасу және сел өту жағдайында жоспарларды кезеңді түрде жаңарту және Мемлекеттік су әкімшілігімен бірігіп дайындау.
2. Осы Кодексті іске асыру бойынша гидрометеорология бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне енеді:
- су және бассейндік кеңес бойынша Ұлттық кеңестің жұмысына қатысу;
- су ресурстары мониторингіне жататын міндеттерді іске асыру;
- мемлекеттік су кадастры және мемлекеттік мелиоративтік кадастрының ақпараттық жүйелерін жүргізу бойынша міндеттерді іске асыру.

16 бап. Жергілікті мемлекеттік әкімшілік органдарының құзыреті

1. Осы Кодексті іске асыру мақсаты үшін жергілікті мемлекеттік әкімшілігі органдарының құзыретіне енеді:
- санитарлық қорғау аймағының орналасуын, көлемі мен режимін бекіту;
- бассейндік кеңестің жұмысына қатысу;
- суды қорғау аймағына қатысты ережелерді бекіту және іске асыру бойынша мәселелерді келісу;
- су тасу және селдің өтуімен зақымданған аумақтарда жұмысты жүзеге асыру және қызметті реттеу бойынша нормативтік актілерді қабылдау.
2. Қырғыз Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік су әкімшілігінің ұсынысы бойынша осы Кодексте анықталған міндеттерді іске асыратын жергілікті мемлекеттік әкімшілік органы анықтайды.

3 ТАРАУ. СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ МОНИТОРИНГІ

17 бап. Су ресурстарының мемлекеттік мониторингі

1. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі осы Кодекске сәйкес өз міндеттерін орындауға су жөніндегі Ұлттық кеңеске, Мемлекеттік су әкімшілігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға және гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік органға мүмкіндік беретін су ресурстарының мониторингінің тиімді жүйесін белгілейді.
2. Қырғыз Республикасының Үкіметі мәлімет мониторингін, жинау, талдау және тапсыруды жүзеге асыруда Мемлекеттік су әкімшілігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға және гидрогеология бойынша уәкілетті мемлекеттік органға және басқада мемлекеттік органдардың қызметін реттеуге жататындар:
- Қырғыз Республикасында су ресурстарының санына;
- Қырғыз Республикасында су ресурстарының сапасына;
- Қырғыз Республикасында су ресурстарын пайдалануға;
- су сапасының стандарттарына сәйкестігіне;
- мүмкін су тасуларға, селдерге және құрғақшылыққа;
- су экожүйесінің жағдайына;
- су ресурстары мен су нысандарының жағдайына әсер ететін атмосфералық сипаттамаға.
3. Су жөніндегі Ұлттық кеңестің ұсынысы бойынша Қырғыз Республикасының Үкіметі мына ережелерді бекітеді:
- су ресурстарының мониторингі үрдістері, стандарттары және әдістері туралы;
- Мемлекеттік су әкімшілігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша уәкілетті мемлекетік орган беретін мәліметтің кезеңділігі мен құрамы туралы.
4. Осы бапқа сәйкес жиналған мониторинг бойынша ақпарат мемлекеттік су кадастрының бөігі болып табылады.

18 бап. Ұлттық су стратегиясы

1. Ұлттық су стратегиясы су жөніндегі Ұлттық кеңеспен әзірленеді және Қырғыз Республикасының Президентімен бекітіледі.
2. Ұлттық су стратегиясы су қорын дамыту, пайдалану және қорғауға қатысты жоспарларды, бағдарламаларды, құжаттарды, шешімдерді немесе іс-әрекеттерді әзірлеудің негізгі принциптерін және ережелерін белгілейді.
3. Ұлттық су стратегиясы осы баптың ережелеріне сәйкес әзірленеді, және анықтайды:
- су нысандарында су ресурстарының саны мен сапасын және оларды барлық экономика секторында пайдалану;
- су бойынша қатынастарға жататын мемлекетаралық келісімдер мен экологиялық қажеттіліктерді назарға алып судың пайдаланылмаған  ағын көлемі;
- экономиканың әр секторы үшін суға қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді тұтынушылық;
- институтциялық қайта құру және оны жүзеге асыру үшін қажетті әкімшілік шаралар;
- суды бөлу бойынша талаптарды қанағаттандыру үшін қазіргі заманғы технологиялар мен стратегиялар;
- бассейндік жоспарлар есебімен бассейнаралық қайта бөлу мүмкіндігі мен тұтынушылығы.
4. Ұлттық су стратегиясын бекітуден кейін Мемлекеттік су әкімшілігі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең қоғамдастыққа дейін жеткізуі тиіс.
5. Барлық мемлекеттік органдар осы Кодекске сәйкес өзінің міндеттерін жүзеге асыруда Ұлттық су стратегиясын іске асырады.
6

12345След.
скачать работу

Қырғыз Республикасының Су Кодексі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ