Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

қ" термині бірнеше мағынада қолданылатындығын көрсетеді. Біздің тоқталып отырған мәселемізге қатысты ашсақ, құқық - ол бәрінен бұрын құқықтық нормалардың бір жүйеге келтірілген жиынтығы. Ол реттеушілік касиеті арқылы қоғамдық қатынастарға, адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамның дамуына әсер етеді. Құқық - ол жеке жүріс-тұрыс ережелері емес, ол құқық нормаларының біртұтас жиынтығы. Қазақстан Республикасында әрекет етуші құқықтың мазмұны Конституциямен ашылған. Яғни, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай белгілейді: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (4-бап).

Демек, құқық - бұл нормативтік актілерде көрініс тапқан, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйесі. Ал, құқық нормаларының мұндай жүйесін, яғни құқықты пайда болғызатын қызмет - ол кұқық шығармашылығы болып табылады.[10.624]

Заң ғылымында құқық шығармашылығын билікке ие болатын халықтың немесе билік етуші таптың еркінің заңға, нақтырақ айтсақ, жалпыға міндетті ережеге айналуы деп түсінетін пікір бар. Мұндай таптық мазмүнды көзқарасты марксизм бағытындағы барлық дерлік ғалымдар қолдайды деп айтуға болады. Кеңес өкіметінің орта шеніне қарай құқық шығармашылығын таптық сипатта емес, мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде анықтайтын пікірлер етек жайды. Мемлекеттік билік, мемлекет құқық нормаларының пайда болуының тікелей факторы, құқықты жасайтын күш болып танылды. Расында да біртұтас мемлекеттік билік құқықты жасайтын әлеуметтік-саяси күш болып табылады. Мемлекеттік билік мемлекеттің әлеуметтік-саяси қызметінің мазмұны - құқықтың қалыптасуының тікелей қайнар көзі. Мемлекеттік билік — бұл мемлекеттің тікелей өзімен немесе өкілеттік беру арқылы тұрғылықты халықпен жүзеге асатын қоғамдық биліктің бір түрі болып табылатындықган, нақ осы мемлекеттік билік - қызметі құқықты жасайтын күш. Кейбір жағдайларда мемлекет құқық нормасын жасауды тікелей халыққа береді. Алайда, халықтың референдум арқылы құқық нормасын қабылдауы мемлекеттің қатысуынсыз болмайды. Демек, мемлекет өз халқымен бірге құқық шығармашылығының әлеуметтік субъектісі, ал оның қызметі - құқық шығарудың тікелей күші болып табылады.

Құқық шығармашылығын мемлекеттік биліктің мазмұнымен ғана байланыстыра отырып анықтау жеткіліксіз деп есептейді ғалымдардың келесі бір тобы. Олардың ойынша құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің мазмұны ғана емес, ашып айтсақ, мемлекеттік биліктің саясаты қандай болса, оның белгілеген құқықтық нормаларының мазмұны да сондай болады деп қана анықтау емес, сонымен қатар ол мемлекет қызметінің ұйымдық - құқықтық нысаны да. Тиісті көзқарасты ұстанушы ғалымдардың бірі - А.В.Мицкевич өз пікірін былай негіздейді: «Құқық шығармашылығы тиісті қоғамда құқықтық нормаларды қандай органдар, қандай тәртіппен жасайтынын белгілеуге мүмкіндік беретін белгілі ұйымдық нысандарда көрсетілген. Құқық шығармашылығын мемлекеттік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде үғыну оның құқық жасау процесінде алатын орнын анықтау үшін маңызды». Осы топтағы көзқарастардың ішінде құқық шығармашылығын кеңінен толығырақ анықтайтын мына бір пікірге тоқталу жөн болар. Яғни "құқық шығармашылығы - бұл халықтың еркін білдіретін, қоғам дамуының мақсаттарына жетуте бағытталған, қоғамдық қатынастарды нормативтік құқықтық реттеуге деген қажеттіктерді анықтау жөніндегі және анықталған қажеттіліктерге сәйкес жаңа құқық нормаларын шығару, әрекет етудегі құқықтық нормаларды өзгерту мен жою жөніндегі мемлекеттің үйымдық рәсімделген қызметі".

Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің жалпы заңды реттеу, пісіп-жетілген қажеттіліктерді құқықтық нормаларға айналдыру арқылы зандық нормаларды қалыптастыру жөніндегі қажеттіліктерді тануы, мойындауы. Мұндай қажеттіліктерді тани отырып, мемлекет тиісінше актілердің қабылдануын анықтайды. Мемлекетпен, оның органдарымен қабылданған нормалар ғана жалпыға міндетті ереже сипатында болады, мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қорғалады. Референдум арқылы құқық шығармашылығын қоспағанда құқықты жасау - бұл мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жасау, өңдеу, қабылдау, жариялау жөніндегі қызметі. Мұны Конституциядан, Парламент, Үкімет, орталық атқарушы органдар туралы т.б. заң актілерінен көруге болады. Алайда, Кеңестік заңгерлердің ой-пікірлерін зерттеу құқық шығармашылығы - мемлекеттік орган қызметінің бір жағы деген түсінікті жоққа шығаратын көзқарастардың бар екендігін байқатады. Мұндай көзқарасты ұстанушылардың бірі Н.Я. Соколов құқық шығармашылығын мемлекеттен бөлек өздігінен қалыптасып, өрбитін жағдай ретінде, нақты тоқталсақ ол құқық шығармашылығы деп тиісті құзыретті органдардың қызметін емес, қоғамның құқықтық көзқарастарының қалыптасуын және олардың тиісті нормативтік актілерде байқалуы мен бекітілуі процесін қамтитын қоғам өміріндегі өзіндік құбылысты анықтайды. Құқық шығармашылығын бұлай түсіну дүрыс емес. Өйткені, нормативтік актілерде құқықтық көзқарастар емес қоғамдық қатынастар бекітіледі және құқықтық сананың (көзқарастың) қалыптасуы құқық нормасын жасамайды, шығармайды. Сондай-ақ, аталмыш анықтамада жанама көрсетілгендей, құқық шығармашылығы құқықтық сананың қандай да бір бөлшегі емес және ол өзіндік құбылыс та емес. Құқықтық сана (көзқарас) - бұл қоғамда қалыптасатын әлеуметтік құбылыс, ол заң шығармашылығына әсер етуі мүмкін, бірақ заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылмайды.[19.77]

Қазіргі Қазақстандық және Ресейлік ғалымдардың бәрі дерлік құқық шығармашылығын - қоғамның объективтік әлеуметтік қажеттіліктері мен мүдделерін тануға негізделген, құқық нормаларын жасау, өзгерту және жою жөніндегі мемлекеттік қызметтің ерекше нысаны ретінде анықтайды. Алайда, Ю.В.Мальцев құқық шығармашылығын тек мемлекет қызметінің нысаны ретінде анықтау біржақты және толық емес дейді және өзінің мүндай қорытындыға келуін Л.С.Явичтің пікірі арқылы негіздейді. Яғни, Ю.В.Мальцев "тек қана құқық құру процесі емес, сондай-ақ жеке заңи нормалардың шығу тегі заң шығарушының қызметінің шегінен шығады, себебі әдеттегі көпшілік жүріс-тұрыстың және жаратылысы бойынша құқықтық катынастардың фактілік үлгілерін заң шығарушы ақыл-есте калыптасқан қандай да бір тиянақты императивтен құрастырмайды, ол өмірдің өзінен алады" деп есептейтін Л.С.Явичтің пікірін қолдайды. Ю.В.Мальцев құқық шығармашылығы үғымын анықтауда бұдан өзге мына екі жағдайға да көңіл бөлу керектігін көрсетеді: 1) құқық шығармашылығының процесі материалдық жагдайлармен айқындалады, қоғамдық қатынастармен байланысты. Олар нормативтік жорамалдардың нағыз қайнар көзі болып табылады. Өмірдің өзі мен заң шығарушы ашатын және тұжырымдайтын жүріс-тұрыстың қалыптасқан және байқалған үлгілері заң нормаларының шынайы қайнар көзі болуға тиіс деген түсінік құқық шығармашылығының әдістемелік негізі болып табылуы керек. Қандай да бір доктрина немесе қоғамдық дамудың мақсаттары емес, тек өмір мен ақиқат қана құқық шығармашылығы қызметінде шешуші маңызға ие; 2) мемлекеттің құқық шығармашылығы маңызды, бірақ құқық шығарудың бірден-бір қайнар көзі емес. Құқықтық жүйеге заңи нормаларды енгізудің  маңызды қайнар көздері болып сондай-ақ үлгі істер, әдет-ғұрып және шарт табылады. Расында да үлгі істер мен құқықтық әдет-ғұрыптар да құқық шығармашылығы арқылы нормалық актілер жасау секілді құқықтың қалыптасуының жолдары болып табылады. Кеңес заманында құқықтық әдет-ғұрып нормаларының құқық жүйесін құрушылық рөлі жеткілікті дәрежеде кеңінен қоддау таппағанымен, біздің құқық жүйемізде оның орын алғанын жоққа шығаруға болмайды. Күні кешегі тарихымыз -мұның дәлелі. Үлгі істер мен құқықтық әдеттер де құқықтың қалыптасуының жолдары болып табылатындығын көрнекті ғалым Р.С. Сапарғалиев қазақ тарихымен негіздей отырып былай дәлелдейді: "Өз кезегінде қазақ мемлекеттігінің құқығы осы үш жолмен (нормативтік актілер, үлгі істер, құқықтық әдеттер) қалыптасқан.[26.192] Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (ХҮғ.), "Есім ханның ескі жолы" (ХҮғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (ХҮІІІғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған". Бүгінде Қазақстанда ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда.

Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің құқық нормаларын жасау жөніндегі қызметі. Жай ғана емес, саналы, ерікті, ғылыми негізделген, белсенді қызметі. Мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметі негізінде экономикалық және өзге қоғамдық қатынастар заңды нормалар түрінде көрініс табады. Мемлекет осы қатынастарды құқықтық қатынастар ретінде рәсімдейді, дамуына әсер етеді.[6.15] Құқық шығармашылығының қызметі арқылы экономикалық және өзге де қоғамдық әлеуметтік қатынастар жалпы құқықтық қатынастарға айнала отырып, қайтадан басқа жаңа әлеуметтік қатынастарға әсер ету үшін құқықтық нормаларда бекітіледі. Қандай да бір әлеуметтік қатынастардың қоғамдық дамудың мұқтаждықтарының анықталуы, оларды құқықтық реттеудің қажеттілігінің пісіп-жетілуі құқық шығармашылығының басталуына себеп болады. Құқық шығармашылығы нәтижесінде қолданымдағы құқық жүйесін толықтыратын немесе өзгертетін қажеттіліктер, алғышарттар заңи шынайы, құқық ережелеріне айналады, нормативтік актілерде белгіленеді.

Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі.  Бүгінде халық құқық шығармашылығын тікелей референдум арқылы заң шығаруға қатысу, ерік білдіру арқылы жүзеге асы

12345След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ