Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

ғармашылығына жатпайды. Құқық шығармашылығы заңи маңызы бар әрекеттердің жүзеге асырылуының тәртібін белгілейтін қызмет. Сондықтан ол қызмет нормативтік құқықтық актіні дайындау мен қабылдау жөнінде қоғамдық қатынас пайда болғанда ғана жүзеге асады.

Құқық шығармашылығы құқық нормаларын әртүрлі амалдармен, ашып айтар болсақ жаңа ереже белгілеу, ескіні жаңарту, яғни өзгерту, сондай-ақ, толықтыру және бұрын қабылданған нормаларды жоюдың түрлі амалдарын қолданып жасайды. Құқық шығармашылығының жолдары алдымен құқық нормаларының қалай жасалатынына қарай ажыратылады. Құқық шығарудың негізгі амалдарына бізге тарихтан белгілі, сондай-ақ бұдан біраз бұрынырақ, алдында жазылып кеткен мына әдістерді жатқызуға болады. Олар: құқық нормасын шығару, әдет-ғұрыптарды тану және сот үлгілерін жасау. Нақтырақ ашып айтсақ, 1) құқық шығармашылығы органының қатысуынсыз қалыптасқан құқықтық сипаттағы нормаларды мемлекеттің тануы. Бұған әдет-ғұрыптарды мемлекеттің тануын жатқызамыз; 2) нақты іс бойынша мемлекет органдарының шешімдеріне нормативтік сипат беру (үлгі прецедент); 3) нормативтік актілерді жасау жөніндегі мемлекеттің қызметі. Бүған дейін де атап кеткеніміздей, қазіргі Қазақстанның құқық шығармашылығының жолдары: нормативтік актіні уәкілетті органдардың шығаруы, нормативтік актіні референдуммен халықтың қабылдауы. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР заңының 1 бабында құқық шығармашылығын жүзеге асыратын уәкілетті органдардың мазмұны ашылған. Яғни, уәкілетті органдар - ҚР Конституциясында, көрсетілген занда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, ҚР Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар. Олардың қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері - бұл құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын жазбаша ережелердің жиынтығы, ресми құжат. Аталған уәкілетті органдардың құқық шығармашылығы қызметі заң негізінде және оны орындау үшін жүзеге асырылады. Олардың құқық шығармашылығы қызметінің бағыты мынада: нормативтік құқық актілерін қабылдау арқылы қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеу. Нормативтік құқықтық акт қандай жолмен шығарылғанына қарамастан, ол кұқық шығармашылығына деген құқықтық болуының нәтижесі. Құқық шығармашылығына құқық - бұл нормативтік актінің қандай-да бір түрін шығаруға (қабылдау, өзгерту, толықтыру немесе жою) заңмен белгіленген құқық. Нақты талдасақ, құқық шығаруға деген құқық біріншіден, заңдылықпен көрсетілген тәртіптің түрін және шамасын білдіреді; екіншіден, құқық шығармашылығына деген құқықтың қайнар көзі болып тек қана нормативтік құқықтық актілер табылады, яғни мұндай құқыққа ие болу нормативтік актіде белгілену арқылы ғана мүмкін болады. Құқық шығармашылығына құқық  -  бұл тиісті құқығы бар  субъектілердің құзыретінің бір бөлшегі.

Құқық шығармашылығы - бұл құқықтық қызметтің неғұрлым күрделі және жауапты сатысы. Оның нәтижесінде қоғамның санасы және мемлекеттің саясаты жүріс-тұрыс нормаларына айналады.

ҚР Конституциясының 49-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Заң шығарушылық және өкілді сипат қай елдің болмасын Парламентіне тән қасиет. Халықпен тікелей және жанама құрылатын бұл орган бүкіл халықтың атынан өкілдік етеді және азаматтардың билікті жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол халықтың, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақсат-мүдделері мен еркін білдіруші ретінде қарастырылады. Сондықтан да Парламенттің негізгі бағыты: тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу және оларды заңдарда бейнелеу, өз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету. Оның халық өкілдігі деп аталуының мәні міне осында. Тарихқа көз жүгіртсек халықтың өкілдік тұжырымдамасы XVIII - XIX ғасырларда-ақ қалыптасқанын байқаймыз. Ұлт (халық) нені ойлайтынын Парламент өзі біледі деп есептеледі, сондықтан да заңдар және өзге актілер шығару арқылы халықтың еркін білдіріп отырады. Депутаттар үшін ең бастысы - бүкіл халықтың еркін білдіре отырып, азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру туралы қамқорлық.

Билік бөлу қағидасына сәйкес Парламентке заң шығару билігі еншіленген. Ол жоғары өкілді орган бола отырып, заң шығару қызметін жүзеге асырады. ҚР Парламентінің заң шығару билігі оның заңдарды қабылдау жөніндегі өкілеттіктерінің жиынтығын білдіреді. 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес Парламент Кеңес уақытындағыдай мемлекеттік биліктің жоғарғы органы емес, сондай-ақ 1993 жылғы Конституцияның қабылдануымен жаңа мәртебеге ие болған заң шығару қызметін жүзеге асыратын бірден-бір орган емес, ол жай ғана "заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган". Және де оның мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде танылмағаны былай тұрсын, бірден-бір заң шығару органы ретінде жаңа Конституцияда белгіленбеуі кездейсоқ емес. Жаңа Парламенттің заң шығару қызметімен айналысатын бірден-бір орган болу қабілеттігінен айырылу себебі заң шығару қызметі халықпен референдум арқылы және Конституцияда көрсетілген жағдайларда ҚР Президенті тарапынан жүзеге асуы мүмкін. Олай болса, нақтырақ ашып, заң шығармашылықтың Қазақстан Республикасындағы жолдарының келесідей бірнеше түрлерін көрсетуге болады:

1.                            Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығаруы;

2.                            Парламенттің ҚР Президентіне заң шығару құқығын беруі, яғни Президенттің заң шығаруы;

3.                            Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтар шығаруы;

4.       Референдум арқылы Қазақстан халқының заң шығаруы.

Ұсынылып отырған жипломдық зерттеудің тақырыбы Қазақстан Республикасы Парламентінің құқық шығармашылық қызметіне басты назар аударуға негізделген.

 

 

 

1.2. Қазақстан Республикасы Парламенті

заң шығарушы орган  ретінде

 

Мемлекетте болып жатқан өзгерістер заңи ғылымнан мемлекеттік құқықтық жорамалдарды қайта ойланып-толғану, олардың жұмысқа қабілеттігін тексеру, тексеруден өтпегенінен бас тарту, сондай-ақ бүгінгі күннің қажеттілігімен анықталатын жаңа жорамалдарға ғылыми ізденістерді жүзеге асыруды талап етеді, яғни заңи ғылым алдында жаңа мемлекеттік-құқықтық ойлауды, ой-пікірді қалыптастыру міндеті қойылған. Адамзат өркениеті дамуының нәтижесі ретінде жалпы адамзат қазыналарын жабдықтауға атсалысуда. Құқықтық мемлекет тұжырымдамасы жетілдірілуде, сонымен қатар құқықтық мемлекет құру саяси билікті жүзеге асыру режимі ретінде бекіген.[14.44] Ал азаматтық қоғамға және құқықтық мемлекетке ұмтылыс зандардың реттеуші белсенді әрекеттерін талап етеді. Бұл орайда заңдардың тиімділігін қамтамасыз ету біздің бүкіл саяси жүйеміз қызметінің мейлінше осал буындарының бірі болып қалып отыр.[4.212]

ҚР Парламентінің заңдар шығаруы заң шығармашылығының күнделікті қолданылатын жолы. Парламенттің тиісті қызметті жүзеге асыруынан бұрын, оның шығу тарихына үңілсек ол - халықтың өкілдік институты орта ғасырда, феодалдық құрылыс заманында Англияда, Испанияда т.б. мемлекеттерде пайда болғаны мәлім. Сондай-ақ, "Парламент" сөзі француздың "рагіег"- сөйлеу деген сөзінен шыққаны және біраз елдерде өкілдік мекеменің өзіндік бір аталымы ретінде қолданылғаны да белгілі. Тағы да бір айта кететін ақиқат - социалистік концепцияның "Парламент" терминін өзінен аулақ ұстағаны. Мұның себебі марксизм-ленинизмнің негізін қалаушылардың бұл институтты шын мәнінде мойындамауымен түсіндіріледі. Парламент алдымен сословиелік-өкілдік орган ретінде қалыптасты (ХІІ-ХІІІ ғ), ал өкілді және заң шығарушы билік органы ретіндегі сипатқа тек 17-18 ғ. буржуазиялық революция кезеңінде ғана ие болады.

ХІІ-ХІП ғ. пайда болған, сословиелік - өкілдік сипатта болған Парламент монархтың шексіз билігін шектеуте бағытталған болатын. Олай болса, бұл органның дүниеге келуінің өзі - сол кезде қоғамда болған сословиелердің ерік біддіруінің және өз құқықтарын қорғауының нәтижесі. Англияны мысалға алған З.М.Черниловский онда бұл органның пайда болуын былай нақтылай отырып, яғни "1265 жылы Англияда қалалықтар мен рыцарлар коалициясы барондарды жеңіп, яғни Англия тарихында алғаш рет Парламент атын алған сословиелік жиналысты қалыптастырды. 1295 жылдан бастап ол Англияның түрақгы заң шығарушы жиналысына айналды" дей отырып, Англияда Парламенттің рөлінің өсуін, оның төменгі палатасының ролінің өсуімен байланыстырады. Ашып көрсетсек, корольді өлім жазасына кесу туралы мәселе бойынша екі палата арасында туындалған дауда қауымдар палатасы өзінің лордтар палатасынан және өзге биліктерден басымдығын былай жариялайды: "Халықпен сайланған қауымдар палатасы мемлекетте жоғары билікке ие. Қауымдар палатасының заң деп хабарлағаны лордтар мен корольдың қарсылығына қарамастан заң болып табылады ".

Әлемдік тәжірибе көп елдерде екі палатадан тұратын заң шығарушы органның қызмет етуін көрсетеді. Бұл ретте АҚШ Парламенті екі палатадан тұратын және оларды құруда тежеу мен тепе-теңдік жүйесін пайдаланған алғашқы Парламенттерд

12345След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ