Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

ің бірі. Мұндай елдерде екінші (жоғары) палата аристократияның өкілдігін және төменгі палатаны тежеу үшін енгізілген. Көптеген ғалымдар жоғары палатаны Парламенттің интегральдық бөлігі ретінде қажет деп белгілей отырып, оны төменгі палатаға қатысты тежеуіш ретінде ойластырылған дейді. Дж. Адамс Сенаттың өкілеттігін төменгі - өкілдер палатасын ауыздықтауы тиістігімен байланыстырса, Медисон "Сенат төменгі палата өз билігін асыра ("во зло") пайдаланған жағдайда қажет" деп жазды. Парламенттің екі палаталы құрамының қажеттігін біраз адамдар мемлекеттік құрылыстың федерация нысанына таңды. Ал унитарлық мемлекеттер үшін екі палатаның болуы ешбір саналы негіздемелерге ие емес деп есептеді.

Қазақстан елінде қызмет атқарған Жоғарғы Кеңестің жалғыз емес екі палаталы болуы қажеттілігі тек 1995 жылы ғана мойындалып, жаңа Конституцияда Парламент екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады деп белгіленеді. Жинақталған біраз әлемдік Парламентаризм тәжірибесіне сүйене отырып, ҚР көрнекті заңгерлері Президенттің бастамашылығымен 1995 жылы осы Конституцияны жазып шығарды. Олай болса, дамудың жоғары сатысына аяқ басқан мемлекеттердегідей бізде де саны бойынша жинақы және сонымен бірге барлық әлеуметтік өлшемдер бойынша өкілді, жұмыс істеуге қабілетті екі палатадан тұратын заң шығарушы орган құрылды. Парламент депутаттарының санының жинақылығына, ықшамдылығына ел басының өзі сындарлы баға береді. Парламенттің кеңестік замандағы Жоғарғы Кеңес секілді 500-ден аса депутаттан емес, 116 депутаттан тұруы, яғни ықшамдылығы - оның тұрақты негізі де өнімді қызмет атқаруының маңызды шарты. Сондай-ақ, мұндай ықшамды құрам заң жобаларының қалыпты талқылануын қамтамасыз етеді және 500 емес, азаматтардың шағын құрамының сайлануы арқылы мемлекеттің қаражатын үнемдеуге де мүмкіндік туғызады. Құрамы бойынша бір емес, екі палаталы Парламенттің қажеттілігі алдымен мына жағдайлармен түсіндірілетіндігін көрсетеді саяси қайраткер Ө. Байгелді: "Қазір Қазақстан ұзақ мерзімге пайдалануға есептелген жақсы ойластырылған, сараланған заңдарды қажет етуде. Осы уақытқад дейін қабылданған заңдардың көбі уақытша, өтпелі сипатта болды, ал қазір өзінің саясаты мен идеологиясын ұзақ мерзімге анықтаған ел үшін берік зандылық базасы қажет. Бір сөзбен айтқанда, қос палаталы Парламент демократия мен Парламентаризмді дамытуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бекітуде жаңа кезең ашты.

Екі палаталы жүйенің еліміздің негізгі заңында бекітіліп, қызмет етуі демократияландырумен қатар неғұрлым сапалы заң шығармашылық процесс үшін де жағдай жасады. Тек осы екі палаталы Парламенттік жүйе ғана заң жобаларын мұқият, жан-жақты талқылап, сапасы жоғары заңдар шығаруға, мемлекеттік мүдделерді негізге ала отырып, түрлі әлеуметтік топтар мен аймақтардың мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұлай дейтін себебіміз, Мәжіліспен қабылданған заң жобаларының Сенатқа соғуы оның Сенатта қайта тексеруден өтуіндей күйде болады. Өйткені, Сенат Мәжіліс қабылдаған заң жобасын міндетті түрде мақұлдамай, оны мәні бойынша, жаңа көзқараспен қарайды. Бұл айтқандарымыз, Парламенттің екі палаталы құрамының заңның сапалы болуына жасайтын бірінші алғышарты. Қазақстанның қос палаталы Парламентінің құрылу заңдылығына сәйкес Сенат әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілдерінен түрады. Бұл - қабылданар заңның тек мемлекеттің жалпы мүдделерін ғана емес, сондай-ақ бір мезетте жергілікті мүдделерді де ескеруінің кепілі.

Қос палаталы Парламенттік құрылым тәуелсіз Қазақстан үшін алғашқы болғанымен, құрамында Қазақ ССР-і болған КСРО үшін мұндай құрамды орган жаңалық емес. Кеңестік уақытта екі палаталық құрылым КСРО Жоғарғы Кеңесінде ғана болғаны бәріне де аян. Осы орайда, КСРО Жоғарғы Кеңесінің екі палаталы құрылымы туралы белгілі профессор В.А. Ким келесідей ой өрбітеді: «Сталиндік мектептің теорияшылары мұны жалпы мемлекеттік мүдделерді бейнелеумен қатар, Кеңес Одағының өзіндік ұлттық мүдделерді ескеру қажеттігімен түсіндірді. Одақ Кеңесі жалпы мемлекеттік мүдделерді білдірсе, келесі палата Ұлттар Кеңесі КСРО халықтарының ерекше ұлттық мүдделерін бейнелеуге тиіс болды. Алайда, іс жүзінде КСРО өмір сүрген уақыттың ішінде екінші палатаның КСРО ұлттары мен ұлыстарының қандай да бір ерекше мәселесімен шұғылданғаны ешкімнің де есінде жоқ. Сірә, толғақты көкейкесті мәселелердің депутаттардың өздерінің бастамасымен көтерілген кезі бар ма екен? Палаталар толығымен дерлік бірін-бірі қайталаумен болып, шын мәнінде бірдей шешімдер қабылдап отырғаны жасырын сыр емес». Иә, В.А. Кимнің бұл талдауы ащы болса да шындық. Оны ешкім де өтірік дей алмасы белгілі. Олай болса, 1995 жылғы Конституция негізінде құрылған екі палаталы Парламенттің мақсаты - заң жобасының сапасын арттыру, мемлекеттік және жергілікті мүдделерді ұштастыру болса, КСРО-да қос палаталы жүйені енгізу мақсаты — бүкіл Одақ халықтарының мүдделерін, ерік-жігерін толығымен ескеретін-мыс органның, мемлекетте демократияның әрекет етуінің сырт бейнесін, жалған көрінісін жасау ғана еді.

Қазақстанның тарихында бірінші рет ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 1938 жылы шақырылды. Бұл Қазақстанда заң шығару және өкідді органның алғашқы рет құрылып, қызметіне кірісуінің көрінісі еді. Бұдан кейінде өмір сүрген Кеңестер секілді, бұл Жоғарғы Кеңес те орталықгағы одақгық Жоғарғы Кеңестің шешімдерін көшірумен, қайталаумен айналысқан, оның көлеңкесі болған орган болып қана қойды. Егер нақтырақ айтатын болсақ, осы және бұдан кейінгі Жоғарғы Кеңестер өзінің "өкілдік" және "заң шығарушылық" тағайымына лайық емес, тоталитарлық жүйенің әлем-жәлем шымылдығы болған, коммунистік партияның "құлы" болған орган болды. Демек, мәртебесі жоғары дәрежеде бекітілген бұл орган сөз жүзінде ғана мемлекеттік биліктің жоғары органы болып келді. Ал шындығында Жоғарғы Кеңестің мүндай мәртебесі болған емес, оның коммунистік партия диктатурасын бүркемелеу, жасыру үшін мемлекеттің демократиялық босағасының бетпердесі ғана болғаны аян. Іс жүзінде барлық мемлекеттік мәселелер алдымен Кеңес Одағы коммунистік партиясының Саяси Бюросында, кейін партиялық съездерде шешіліп, тек содан кейін ғана халықтың мақұлдауының көрінісін жасау үшін Жоғарғы Кеңестің сессияларына енгізілген. Мұнымен қоймай депутаттық корпусты сайлаудың өзі де билеуші коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізіліп отырды. Жалпы алғанда, мүндай тәжірибе КСРО құлағанға дейін жалғасты. Ол тұста өмірдің негізгі нормативтік реттеушісі болып Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлықтары, Үкіметтің қаулылары және көптеген өзге нормативтік актілер табылды. Міне, осы аталған деректер Жоғарғы Кеңесті шын мәнінде Парламент деп атауға болмайтындығын, ол ұғымның сипатына, мәніне сай келмейтіндігін дәлелдейді. Бірақ, мұндай жалған орган КСРО құлап, Республика тәуелсіздік алғанға дейін өмір сүрді және оның жалғандығының сонша уақыт бойы сақгалып келуінің екі себебін байқауға болады. Бірінші себеп - мұндай жалған қағиданың негізінде құрылып, әрекет еткен органның сақталуының сыртқы себебі, яғни халықтың, оның ішінде жұмысшылар мен шаруалардың өкілдерінен тұратын-мыс, халықтың еркін білдіретін-мыс орган шет мемлекеттерін алдау үшін, яғни оларға социалистік мемлекеттер туралы, ондағы демократия туралы жалған мәліметтер беру үшін керек болды. Екінші себеп - ішкі себеп, яғни халықтың өзін алдау үшін, шын мәнінде олардың бойында жалған көзқарастар қалыптастыру үшін керек болды. Мұндай Жоғарғы Кеңес аталып келген жоғары өкілді органды "Парламент" деп атауға болмайтыны секілді, бүгінде өзгерістерге ұшыраған Парламент атты өкілді органды да бұрынғыша Жоғарғы Кеңес деп атауға болмайды. Өйткені, Жоғарғы Кеңес атауы осы органның бүгінгі күнгі жағдайына бірнеше себептерге байланысты сай келмейді. Нақты айтсақ, бүгіннің жоғары өкілді органы жоғарғы билікті толығымен иеленетін мемлекеттік биліктің бірден-бір жоғары органы емес және өкілді органдар жүйесінің ұшар биігіндегі буын емес. Жалпы, Кеңестік Жоғарғы Кеңестің нақты заң шығару саласында тындырған ісіне көз салсақ, КСРО Жоғарғы Кеңесі елу жыл аралығында, яғни 1938-1988 жылдар ішінде тек 90 ғана заң қабылданғанын байқаймыз. Ал, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің орталықтың көлеңкесі ретінде одан асып кетпегені белгілі. Бұған дәлел: XI шақырымдағы Жоғарға Кеңестің 5 жыл ішінде (1986-1990) тек 40 заң қабылдағаны. Ал, өзге елдерде, мейлі ол республикада немесе монархияда болмасын халық өкілдігінің бұл органы үлкен рөл атқарды.[21.320] Салыстыру үшін ГФР Бундестагын алсақ, ол 1949-1990 жылдар аралығында 4400 заң қабылдаған. Қабылданған заңдардың санымен Парламенттің жұмысының сапасын өлшеу өте ағат, асығыс болса да, қоғам өмірінің маңызды салалары реттелмей қалғандықтан үлкен кесапаттарға душар болған ел үшін заңдардың санының өсуінің өзі де - сөзсіз жағымды фактор.

Бүгінде Парламент заң шығару қызметімен айналысатын жоғары өкілді және бүкілхалықтық орган. Сондықтан, Конституциямен оған барша халықтың, мемлекеттің атынан өкілдік ету мәртебесі берілген. Қазақстан Республикасы азаматтарымен құрылатын Парламенттің негізгі, басты мақсаты - міндеті заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рәсімдеу.[6.15]

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздігін жариялауының алдыңғы жылдарында мемлекетіміздің зандылық негізі ҚазКСР заңдары мен жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасының заңдарынан пішілген "құрақ" тәрізді болды. Ең бастысы - мемлекеттік биліктің конституциялық базасы қарама-қайшылықта қалды. Сонымен, соңғы он жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандық Парламентаризм дамудың келесідей үш сатысынан өтті: 1) 1978 жылғы ҚазКСР Конституциясының 97-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып табылатын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі; 2) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясына сәйкес бірден - бір заң шығарушы және жоғары өкілді орган (62-бап) болып табылатын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі; 3) 1995 жылғы Конституция бойынша заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган болып табылатын қос палаталы Парламент.

Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы б

12345След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ