Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

рса, күні кешегі тарихымызда бұқараның референдумнан өзге, қоғамдық ұйымдардың қызметтері арқылы мемлекеттің құқық шығармашылығына кеңінен қатысқанын көреміз. Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық ұйымдардың, нақты айтсақ, Бүкілодақтық Ленин Комсомол Жастар Одағының, кәсіподақтар мен ерікті қауымдардың т.б. заң шығармашылығының бастамашысы ретінде болуы, ВЦСПС-тің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау мен оларды бекітуге қатысуы, т.б. қоғамдық ұйымдардың құқық шығармашылығы әрекеттерінің кеңінен қоддау тапқандығы соншалық, қоғамдық ұйымдардың нормативтік актілер шығаруы ғылымда жалпы құқық шығармашылығының амалдарының бірі ретінде бекініп, ол құқық шығармашылығын анықтауға негіз болды.

Ашып айтсақ, Кеңес заңгері Ц.А.Ямпольская және т.б. кейбір ғалымдар құқық шығармашылығы деп нормативтік актілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің құқық шығармашылығына бұқараның катысуының әртүрлі нысандарын халықтың тікелей құқықшығармашылығы мен қоғамдық ұйымдардың жеке нормативтік актілерді шығаруын) анықтайды.[34.197] Кеңес өкіметінде қоғамдық, саяси ұйымдардың құқық шығармашылығы олармен дербес және мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асырылған. Қоғамдық саяси ұйымдардың дербес құқық шығармашылығының  мәні  мынада: норманың мазмұнын өздері белгілейді, норманы мемлекеттік органдар тарапынан бекіту қажет етілмейді. Мысал ретінде, ВЦСПС Президиумының қаулысыменбекітілген  "Положение  о  техническом  инспекторе  профсоюзов"(26.08.66) актісін келтіруге болады. Бұл актісімен ВЦСПС кәсіподақтардың   техникалық инспекторларына құқықтар бере отырып, кәсіпорындар, мекеме, ұйым басшыларына жұмысшылар мен қызметшілердің еңбектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қатал міндеттер жүктеді. Бұл акт нормаларының орындалмауы жауапкершілік туындатады. Мемлекеттік органдармен бірлесе құқық шығару кезінде қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік органдармен байланыстығы көрнекі ашық түрде болады. Бұл байланыс бірлескен құқық шығармашылығының қоғамдық ұйымдар үшін де, мемлекеттік орган үшін де жалпы құқықтық негіздерінде және норманы өмірде жүзеге асыру мен оны бұзушылықтан қорғау барысында байқалады. Ц.А. Ямпольскаяның құқық шығармашылығын мемлекеттік органның қызметімен қатар, бұқара көпшіліктің,мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуының нысандары ретінде анықтауы сол кезеңдегі құқық шығармашылығының демократиялық нысандарының дамуының, қолданылуының көрінісідеуге болады. Әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен референдумдахалықтың нормативтік актілер қабылдауы мәні бойынша халықтыңмемлекеттік еркін білдіруі болып табылды. Бұқараның мұндайқұқық шығармашылығы мемлекеттің қатысуынсыз болмайтыныхақ.

Қоғамдық ұйымдардың нормативтік құқықтық актісі мемлекеттің оған берген өкілеттіктері негізінде шығарылды.[10.624]

Бүгінде де халықтың референдум арқылы құқық шығармашылығы мемлекетпен байланысты жағдайда. Яғни республикалық референдум өткізу туралы шешім болғанда ғана референдуммен заң шығарылуы мүмкін. Ал, ондай шешімді ҚР Конституциясының бабының 10 тармағына сәйкес Республика Президенті болуы тиіс: өзінің, Республика Парламентінің, Үкіметтің және сан жағынан республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде біддіретін республикалық референдумға қатысу құқығы бар екі жүз мыңнан кем емес республика азаматтарының. Тиісті бастамашылықтың болуы республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдауға міндеттемейді.

Қазақстан халқының еркін заңға, жалпыға міндетті құқықтық нормаларға айналдыру - бұл тиісті қызметтің жалпы бағытын көрсететін жетекші, бастапқы идеялармен қатаң сәйкестікте, яғни белгілі бір қағидалар негізінде жүзеге асырылатын процесс. Мемлекеттің кез-келген қызметі секілді құқық шығармашылығы да белгілі бір қағидалармен сәйкестілікте жүзеге асады. Оларды нақты атап айтсақ, жоғарыда тоқталған - құқық шығармашылығының демократиялығы және жариялылығы. Демократиялық қағидасы бұқара халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына катысуының жолдары мен дәрежесін көрсетсе, жариялылық-құқық шығармашылығы қызметінің көпшілік үшін ашық, қолайлы процесс екендігін белгілейді.

Қазіргі ғалымдардың құқық шығармашылығының бастапқы идеясы ретінде көрсететін келесі қағидалары: құқық шығармашылығының кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылымға негізделгендігі және құқық қолдану тәіжрибесімен байланыстығы.

Құқық шығармашылығының кәсіпқойлығы қағидасы құқық шығармашылығының сапасымен, құқық шығармашылығы шешімін қабылдау жолдарының, тетігінің тиімділігімен тікелей байланысты. Мұндай қызметке заң жобасын жасау жөнінде кәсіптік білімі мен тәжірибесі бар жетік мамандар (заңгерлер, саясаттанушылар т.б.) катысулары тиіс.

Құқық шығармашылығының келесі қағидасы - құқық шығару процесінің ғылыми сапасын көтеру (ғылыми негізділігі) қағидасы. Бұл үшін қоғамның саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйелерін жан-жақгы зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу қажет. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алған абзал. Құқық шығармашылығындағы зандылық - құқық шығармашылығының келесі қағидасы. Жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Тек қана қабылданатын нормалар ғана емес, сондай-ақ оларды (нормативтік актілерді) дайындау, қабылдау және жариялау, яғни бүкіл құқық шығармашылығы процесі Конституция, заң шегінде, нақты талаптарға сәйкестікте жүзеге асырылуы керек.

Құқық шығармашылығының қағидаларының ішінде аталмай қалғаны - оның құқық қолдану тәжірибесімен байланыстығы қағидасы. Бұл қағиданы негізгі ғалымдар тобы құқық шығармашылығының ғылыми негізділігі қағидасымен бірлікте қарайды. Алайда оны жеке бөліп қарайтын ғалымдар да бар. Бұл қағиданың мәні мынада деп айтуға болады: кұқық қолдану практикасы кұқық шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді өмірде жүзеге асыруға бағыттала отырып, құқық шығарушыға өз еңбегінің жемісін бағалауға, оның тиімділігі, сапасы туралы хабардар болуға, құқық шығару қызметін жетілдіріп отыруға көмектеседі. Құқық қолдану тәжірибесімен байланыста ғана құқық шығарушы өзінің кемшіліктерін, қателіктерін анықтайды, құқық шығармашылығына деген қажеттік-мұқтаждықтарды ашады.

Құқық шығармашылығының бұл қағидалары белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде халықтың еркін нормативтік құқықтық актіге айналдырумен байланысты, нормативтік актілерді дайындау, шығару, өзгерту, жою процестеріне қатысатын органдар  мен  ұйымдардың  қызметінің  бастамаларын көрсететін категориялар, жетекші идеялар. Құқық шығармашылығының қағидаларын дұрыс  анықтай  отырып және олардың іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету арқылы құқық шығарушы тиісті шығармашылықтың тиімділігін көтереді, құқық шығармашылығын ғылыми негіздейді. Аталған қағидалар біріншіден, құқық шығармашылығының негізгі, объективті қажетті жақтарын көрсетеді; екіншіден, құқық шығармашылығы процесіндегі тұрақты заңи байланыстар мен қатынастарды сипаттайды; үшіншіден, өз мазмұнында құқық шығармашылығының нақты нышандары мен ерекшеліктерін қамтвды. Құқық шығармашылығының аталмыш қағидалары (демократиялығы, кәсіпқойлығы, заңдылығы, ғылыми негізділігі жөне кұқық қолдану тәжірибесімен байланыстығы)  - қай уақыттың болмасын құқық шығармашылығының бастапқы, анықтаушы идеялары.[15.368]

Құқық шығармашылығы - құқықтық реттеу механизмінің негізгі, бастапқы сатысы. Мемлекет құқық нормасын жасай отырып, құқық қолданушы және құқық қорғаушы амалдардың барлық жүйесін әрекетке қосады және осылай жеке адамдардың, ұйымдардың, қоғамның дамуына әсер етеді. Демек, құқықтық реттеу тиісті субъектілер үшін нақты кұқықгар мен міндеттер туындайды, жауапкершілік белгілейді. Құқық шығармашылығы арқылы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тиісті қажеттіліктің болуымен байланысты. Ал, құқықтық реттеуге деген қажеттілік келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:  1. Құқықтық реттелуді қажет ететін қоғамдық қатынастардың жаңа саласы пайда болады; 2. Экономикалық және әлеуметтік процестердің қарқынды дамуы себепті бұрын реттелген қатынастардың құқықтық реттелуін өзгерту қажеттігі пайда болады. Құқықтық реттеуге деген қажеттілікті анықтау, оның бағытын анықтайтын факторларды зерттеу құқық шығармашылығының басталуының себепшісі. Қоғамдық қатынастарды құқық шығармашылығы арқылы құқықтық реттеу барысында адамдардың, халықтың ерік мүддесі алдыңғы кезекке шығады, тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітіліп, белгіленеді. Құқық  шығармашылығы – бұл халықтың ерік-мүддесін бекіту, жалпыға міндетті заңды ережелерді қалыптастыру жөніндегі қызмет. Осы қызмет нәтижесінде мемлекеттің құқық жүйесі жасалады. Демек, құқықтық жүйенің қалыптасуы жеке нормативтік актілерді жасау арқылы жүргізіледі.

Нормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығармашылығының соңғы аяқтаушы түйіні және тікелей заңды нәтижесі. Қандай нысанда көрсетілгеніне қарамастан, ол белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгілейтін заңдық маңызы бар акт болып табылады. Осы тұрғыдан алсақ, құқық шығармашылығы - бұл сырттай қарағанда нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, бекіту және жариялау амалы ретінде болады. Әрбір жаңа нормативтік акт - құқықтық жүйенің дербес бөлшегі. Құқық шығармашылығының нәтижесінде құқықтық жүйеге жаңа нормативтік акт  қосылып отырады.[15.375] Құқық шығармашылығы - бұл бірыңғай, дәйекті іс-қимылдардың тәртібі. Сондықтан құқық шығармашылығына әсер ететін, көмектесетін, ол үшін қажетті шаралар мен  жағдайлар жасайтын, бірақ нормативтік актілерді жасау жөніндегі жұмыстың қандай-да бір кезеңі болып табылмайтын іс-әрекеттер құқық шығармашылығы процесіне кірмейді, - деп А.С. Пиголкин дұрыс көрсетеді. Нақты айтсақ, заң актілерін жетілдіру туралы ұсыныстар, қандай-да бір құқық шығарушы органның қызметін жақсартуға байланысты жалпы ұйымдық шаралар құқық шы

12345След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ