Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

олып есептелетін ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің шексіз билігінің ұшар шыңы да, оны мұндай құзыретінен айыратын алғашқы қадам да "Қазақ ССР Президентінің қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1990 жылғы 24 сәуірдегі заң болды. Бұл заңға сәйкес Конституция "Қазақ ССР Президенті Қазақ ССР азаматтарымен жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады" деген нормамен толықтырылғанына қарамастан, Жоғарғы Кеңес дереу Қазақ ССР-інің бірінші Президенті Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесімен 6 жылға сайланады деп белгіледі. Бұл жағдайды Жоғарғы Кеңес құзыретінің шегі деп айтуға болады. Алайда, Жоғарғы Кеңес бірінші Президентті сайлауды өзі жүзеге асырғанымен, тиісті заңға сәйкес ол бірсыпыра өзгерістерге ұшырады. Нақты айтсақ, Жоғарғы Кеңестің қолында бұрынғыдай толық билік қалған жоқ, өйткені оның біраз құқық мүмкіндіктері Президент институтының тағайындалуына байланысты Президентке берілді. Бұл заң Жоғарғы Кеңесті кейбір құқықтардан айырғанымен, оның қолында әлі де болса Үкіметті қүруға, Министрлер Кеңесінің Төрағасын тағайындауға т.б. байланысты мықты өкілеттіктер қалды. Жоғарғы Кеңестің мәртебесін өзгертудегі келесі қадам -"Қазақ ССР-індегі мемлекеттік билік пен басқару құрылымдарын жетілдіру және Қазақ ССР-інің Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1990 жылғы 24 қарашадағы заңның қабылдануы болды. Ашып көрсетсек, бұл заңға сәйкес Жоғарғы Кеңестің біраз құқығы сақтала отырып Үкіметті құру құқығы Президентке көшті.

Жоғарғы Кеңесті реформалауда негізгі бір орынды 1993 жылғы Кдзақстан Республикасы Конституциясы алады. Оның 62-бабында органның мәртебесінің сапалық түрғыда өзгертілгені баяндалды. Яғни, Жоғарғы Кеңес бұрынғыдай мемлекеттік биліктің жоғарғы органы емес, бірден-бір заң шығарушы және жоғары өкілді орган болып танылды.

Жалпы, қандай аталыммен белгіленгеніне қарамастан жоғары өкілді орган - Парламент демократиялық мемлекеттілік жүйесінде ең бір маңызды рөлді атқарады. Бірақ, ХІІ-ХІП шақырылымдағы ҚР Парламенттерінің жолы болмады. Олар ел үмітін ақтамады. Екі жыл ішінде (1993-1995) ол екі рет таратылды. XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратты. Әрине,мұндай шешімді ол оңайлықпен қабылдаған жоқ. Өзін-өзі тарату туралы шешімге келу - депутаттардың объективтік шындықты саралап, ұзақ ой елегінен өткізуінің нәтижесі болды. Бұл шақырымдағы Жоғарғы Кеңестің өтпелі кезең қоғамының жай-күйі мен сол шақта өтіп жатқан қызу процестердің айнасы болып табылғаны ешбір дау туғызбайтын мәселе. XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңес 1990 жылдың жазында, яғни КСРО-да тоталитарлық режим құлап, халық қайта өрлеу сезімдеріне толы кезінде құрылды. Ұйымдық жағынан ол Кеңес Конституциясы негізінде қалыптасты. Бұл кезеңдерде Парламент тәуелсіздік жағдайында жұмыс істесе де, ол Кеңестік дәуірде қалыптасқан ізден шыға алмады. Олай болса, тиісінше нарықтық экономикаға, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға байланысты туындаған өзекті мәселелерді шешуге қабілетсіз болды. Сондай-ақ, оған уақыт, тәжірибе машығы, заң білімі мен кәсіпқойлық және тұрақтылық та жетіспеді. Бұлардың барлығы XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуын болғызбай қоймайтын жағдайлар еді. Ведомстволық және салалық мүдделер, реформаға қарсы көңіл-күй, сапасына зияндық жасайтын заңдарды көптепжапа-тармағай  қабылдаудың сіңіп кеткен тәжірибесі, қабылданған заңдардың орындалуына жасалатын бақылау қызметінің әлсіздігі, заң шығармашылықтағы басым бағыттарды анықтай алмаушылық пен оған деген ниеттің болмаушылығы қатты байқалуда және кейбір жағдайларда Жоғарғы Кеңестің қызметінде басым болуда, олай болса, мұның бәрі Жоғарғы Кеңестің өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы мәселенің қойылуын мүмкін етті, - деп жазды осы XIIсайланған Жоғарғы Кеңестің жұмысының куәгері депутаты, белгілі заңгер-ғалым С.З. Зиманов.[11.352]

ДепуттардыңөздерініңжәнесырттағылардыңЖоғарғыКеңестіңқызметінеқанағаттанбаушылақтарыәртүрліпікірлердіңтууынасебепболды. Мысалы, Жоғарғы Кеңестің тұрақты комитеттерінде тұрақты жұмыс істейтін депутаттар арасынан (яғни, негізгі жұмыстары болып табылатын) "кіші" Парламентті құру мәселесінің көтерілуі XIIшақырымдағы Парламенттің жұмысына көңіл толмаушылықтың бір жағы еді.

1993 жылдың 13 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес өзінің конституциялық мерзімінің бітуіне шамамен бір жарым жылдай қалғанда өзін-өзі тарататындығын хабарлады. Оның бірнеше себептері бар: Жоғарғы Кеңестің Үкіметпен және Президентпен қатынасының қажетті дәрежеде болмауы, оның өз ішінде кеңестік ағымдарды қолдайтын депуттардың болуы, яғни ескі билік пен оның орнына келген жаңа биліктің күресі, көрші Ресей Федерациясындағы билік үшін күрес пен онда саяси дағдарыстың ушығуының әсері, инфляцияның өсуі, экономикадағы терең дағдарыстар, ебедейсіз құрамы мен депутаттардың көпшілік бөлігінің негізгі жұмыстарынан қол үзбегендігі. Бір мемлекеттік организмде екі бастама өмір сүрді және бір-біріне қарсы тұрды. Жаңа бастама - президенттік билік, билікті бөлу және өзара шектеу қағидасы, биліктің қоғам алдында жауаптылығы. Және ескісі - ол Кеңестер жүйесінің сатысы, олардың шексіз монополиясы және кез-келген шешім үшін ұжымдық жауапсыздық. Ескі жүйені қолдаушылар бұларды пайдалануды жөн көрді. Екі топтың өткір саяси күресінің майданы болып ҚР Жоғарғы Кеңесі мен оның конституциялық заң шығармашылығы болды. Осылардың ішінде ең бір негізгісі ретінде, яғни Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуына әкеп соқтырған фактор ретінде Ресейдегідағдарыс танылды.[16.245] Ресейдегімемлекеттік дағдарыстың, кеңестік биліктің мүддесін білдірген РФ Жоғарғы Кеңесі мен саяси реформаны жүргізуші Президенттік құрылымның ашық күресінің өсуі шамасы бойынша Қазақстанда да заң шығару және атқару биліктері арасындағы қатынастың тұрақтылығы өзгере бастады. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясымен тек экономика саласында ғана тығыз байланыста болған жоқ. Ресейде"Ақ үйдің" құлауы қарсаңында және кейін калыптасқан жағдайлар, Федералдық Жиналысқа сайлау, сондай-ақ Ресей Федерациясының жаңа Конституциясы төңірегіндегі пікірталастар Қазақстанның саяси жағдайында көрініс таппауы мүмкін емес еді. Бұл мәселені С.З.Зиманов ашып жазды.[11.352] Осы және өзге де ғалымдардың еңбектерімен танысу XIIсайланған Парламенттің таратылуының себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Демек, бұл - көрші елдегі тұрақсыздық пен дағдарыстың Қазақстан Парламентінің жағдайына, қалыпты жұмыс істеуіне тигізген кері әсері.

Ескі билік пен оның орнына келген жаңа биліктің күресі де XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің мерзімінен бұрын таратылуында анықтаушы болды. Бірақ, бұл қақтығыс-күрес өмірдің әр түрлідеңгейлерінде өз "ізін" қалдырғанымен, оларды Жоғарғы Кеңестің өмір сүруіне ешбір қауіп туғызбады, еліміздің конституциялық дамуының шегінен шықпады деп санайтындар да табылып жатты. Бұл шақырымдағы депутаттық корпус жайсыздық туғызатын жағдайда қалыптасқан еді. Жалпы депутаттық мандаттың тоқсаны қоғамдық бірлестіктерге бекітіліп берілді. Бұл қадам Жоғарғы Кеңес құрамына коммунистік партиядан өзге саяси, қоғамдық құрылымдардың өкілдері болып табылатын заң шығармашылығымен шынайы айналысуға лайық, халықтың еркін білдіруші  адамдардың  сайлануына  мүмкіндік беретін  қадам  еді. Бірақ, ол кезде еліміздің басынан кешкен жағдайы бұған да өз көлеңкесін түсірмей қоймады. Бұл мәселені ашып түсіндіретін О. Әбдікәрімовтың мақаласына жүгінуді жөн санаймыз. Нақты ашсақ, "...1993 жылы еліміз өзгеше әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйеде өмір кешкен болатын. Коммунистік партияның, лениндік комсомолдың тұғырдан түскеніне 2 жыл өтті, кәсіподақтар ендігі жерде "коммунизм мектебі" болудан қалды, олар өз өкілдерін Жоғарғы Кеңеске жіберіп отырған басқа да бірқатар қоғамдық бірлестіктердің үйіріміне еніп кетті. Оппозиция болса әлсін-әлсін заты да, аты да жоқ қоғамдық бірлестіктерден квота бойынша сайланған депуттардың жариялылығы туралы мәселе көтеріп отырды". Бұл да айналып келгенде депутаттық корпустың көңіл-күйіне әсер етпей қойған жоқ. Қазақстандағы жергілікті өкілді органдар - халық депутаттарының жергілікті Кеңестері мен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасының теріс жақтары да Жоғарғы Кеңестің таратылуына жағдай жасады. Мұның себебі былай түсіндіріледі: Қазақстанда да ТМД-ның басқа елдеріндегідей тігінен билік қатынасы болды. Жергілікті жерлерде басқару тетігі Президенттің өкілі - жергілікті әкімдер мен бұрыңғы жүйені аңсаған коммунистік белсенділерден тұратын жергілікті Кеңестердің қолында болды. Мұндай екі түрлі топтардың арасындағы келіспеушілік, басқарудың қос билікте болуы тиісінше Жоғарғы Кеңес пен атқару билігі арасында түсініспеушіліктің болуын туындады. Жергілікті өкілді органдар өздерін Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі тарату туралы шешімді қабылдауына дейін таратты. Олар Конституция жүкгеген міндеттерді атқара алмайтынын, қоғамдағы өзгерістерге, қайта құрушылықтарға кедергі келтіріп отырғандарын түсінген еді. Демек, тек Ресейдегісаяси тұрақсыздық қана емес, сондай-ақ Қазақстанның өз ішіндегі аталмыш жағдайлар да қоғамның саяси өмірінде тұрақтылықтың бұзылуына мүмкіндіктер тудырды.

XIIшақырымдағы Жоғарғы Кеңестің қызметінде, құрамында қанша кемшіліктер болса да, оған қаншама теріс факторлар әсер етсе де оның жетістіктерін, сындарлы іс-әрекеттерін ешкім жоққашығара алмайды. Қоғамдық дамудың өтпелі, тұрақсыз кезеңінде қызмет ете отырып, ол Қазақстанның мемлекеттілігін, заңдылық жүйесін, экономикалық дербестігін қалыптастыруға, саяси тұрақтылығын сақтауға үлкен үлес қосты. Нақты ашып айтсақ, бұл Жоғарғы Кеңес бүкіл әлемдік, тарихи маңызы бар "Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация мен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңын және екі жылға жуық әзірлеу, талқылау жұмыстарынан кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында жаңа жас, демократиялық, тәуелсіз және біртұтас, егемен мемлекеттің -

Пред.678910След.
скачать работу

Құқық шығармашылығының түсінігі және парламент негізгі заң шығарушы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ