Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Күш атасы - Қажымұқан

үміс медальға Лубие ие болып, атақты Поль Абс қола медальды қанағат тұтты. Жарты жылдан соң Варшава біріншілігіне қатысу үшін біз Польша астанасына қайта оралдық. Сол кезде ұлымыз Халиолла кішкентай, жаңа ғана қаз-қаз басып жүрген кезі еді. Біз Халиоллаға бас-көз болсын деп, көршінің 16 жасар қызы — Жәмиланы ала келгенбіз. Қажымұқан бұл жолы да жүлделі орыннан көрінді. Одан жоғары орындарға чех Поспешил мен атақты Лурих ие болды. Осы жарысқа қатысқан Қытай алыбы Ли Хун Синг пен Лаубе Қажымұқаннан кейінгі орындарға ие болды. Чемпионат аяқталған соң, бәріміз ауылға, Омбыға оралдық. Ұмытпасам, осы жолы, не 1912 жылы, әйтеуір осы екі жылдың бірінде біз Қызылжар қаласына тоқтадық. Қазақ балуанының дәрежесі көтеріліп, Ресейдегі, шет елдердегі чемпионаттарда жақсы күрес көрсетіп жүргенін естіген қала тұрғындары, соның ішінде Қажымұқан жас кезінде жалшылықта болған көпес Григорий Масляков кісі жіберіп, үйіне шақырып, қонақ етті. Батыр балуанның болған жерлеріндегі күрес әңгімелерін қызыға тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Дастарханын жайып, сыйлы қонақтарын шақырып, Қажымұқанға, қасындағы біздерге үлкен сый-құрмет көрсетті. Мұның өзі байлығымен ғана масаттанып жүрген көпестен кедей шаруаның баласы, кешегі жалшысы, бойына біткен алып күшін, сарқылмас өнердің иесі, қазақ халқының мақтанышы Қажымұқанның Григорий Масляковтан биік тұрғанын халықтың алдында бір көрсетіп тастады. Қажымұқанның астына ат мінгізіп, маған 5 метр көк мақпал таза күмістен әшекейлеп жасаған редикюльді сыйға тартты. Біз қанша бас тартсақ та, көнбей қойды. «Бұл Қызылжарда болған кездеріңіздің естелігі болсын» деп бәйек болды. Біз Қызылжардан осылай аттандық. Сол жолы Қажымұқан үш айға жуық ел аралап, тойдумандарда болып, халқының арасында сайран салып жүрген.

 

Ақын жазушылар Мұқан туралы

Қара сөздің қадірін білетін қазақ «күш атасы» деп басқаны емес, Қажымұқанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш қаламгерлерін түгендеп шығу да оңай емес.

Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Сапарғали Бегалин, Сәбит Мұқанов, Әуелбек Қоңыратбаев, Сырбай Мәуленов, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырзалиев, Ғафу Қайырбеков, Қалмақан Әбдіқадыров, Сәуірбек Бақбергенов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр Аманшин, Әлімқұл Бүркітбаев, Қапан Қамбаров, Төлеген Тоқбергенов, Мұхтар Шаханов, Жарасқан Әбдірашев, Бекен Әбдіразақов, Сабырхан Асанов, Аян Нысаналин, Құлбек Ергөбеков, Мамытбек Қалдыбаев, Захардин Қыстаубайұлы, Серік Байхонов, Жанболат Аупбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әсия Беркенова, Есенқұл Жақыпбеков… Орыстың көрнекті ақыны Дмитрий Мартынов, белді жазушы Николай Анов… Аттары аталған бір-бір бәйтеректей ақын-жазушыларға спорт журналистерін қоссақ, Қажымұқан туралы қалам тербеген адамдардың шеті-шегі жоқ екенін бағамдар едіңіз.[1]

 

Қызықты мәліметтер

…1944 жылы осындай шоулармен жиналған 100 мың сомды — Қажымұқан осы қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе кол-зы, Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин».

Қажымұқан жерге жатқанда, оған денесінің үстіне тақтайлар орнатылып, сол тақтайлардың үстімен адамдар лық толтырылған жүк машинасы жүріп өтететін. Орнынын тұрған Қажымұқан ақсақал жүк машинасындағы адамдарды иығына отырғызып, жан-жағынан жармасып-жабысып мініп алған адамдармен оранып алған Алып құрметтеушліредің алдында әрлі-берлі жүретін

 

Қазақтың Қажымұқаны

Өз ұлтымен бірге жасайтын ұлы тұлғаның бірі әрі бірегейі Қажымұқан Мұңайтпасұлы екені дау тудырмаса керек. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу – сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Тау қопарар қайратымен, теңіз тасқынындай екпінімен алаштың боз кілемдегі байрағын күрес шыңының ұшар басына қадады. Қазақ жұртының Қажымұқанға жан теңгермейтіні алыптың ұлтқа жасаған өлшеусіз еңбегінен деп білуіміз керек. Қара сөздің қадірін білетін қазақ “күш атасы” деп басқаны емес, Қажымұқанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш қаламгерлерін түгендеп шығу да оңай емес.

Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Сапарғали Бегалин, Сәбит Мұқанов, Әуелбек Қоңыратбаев, Сырбай Мәуленов, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырзалиев, Ғафу Қайырбеков, Қалмақан Әбдіқадыров, Сәуірбек Бақбергенов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр Аманшин, Әлімқұл Бүркітбаев, Қапан Қамбаров, Төлеген Тоқбергенов, Мұхтар Шаханов, Жарасқан Әбдірашев, Бекен Әбдіразақов, Сабырхан Асанов, Аян Нысаналин, Құлбек Ергөбеков, Мамытбек Қалдыбаев, Захардин Қыстаубайұлы, Серік Байхонов, Жанболат Аупбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әсия Беркенова, Есенқұл Жақып­беков… Орыстың көрнекті ақыны Дмитрий Мартынов, белді жазушы Николай Анов… Аттары аталған бір-бір бәйтеректей ақын-жазушыларға спорт журналистерін қоссақ, Қажымұқан туралы қалам тербеген адамдардың шеті-шегі жоқ екенін бағамдар едіңіз.

Қазақ спортында зиялы қауымның осынша көл-көсір махаббатына бөленген Қажымұқаннан басқа мықтыны таба алмайсыз. Жасы жетпістен асқан шағында екінші дүниежүзілік соғысқа арнап ұшақ жасатқан Қажымұқан біртуар балуан ғана емес, елін, жерін шексіз сүйген ер екенін дәлелдеді емес пе. Алланың берген табиғи күшімен, ғажап өнерімен ауыл-ауылды аралап тапқан қаражатын жетім-жесірге үлестіріп жіберіп, өзі ас-судан тарылып, жоқшылықтың тауқыметін тартқан мәрттігін қалай ұмытамыз.

Бір айта кететін жәйт, көрші Ресейде әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары Иван Поддубный мен Иван Ярыгиннің, Беларусьте Александр Медведьтің құрметіне әлемдік деңгейдегі дәстүрлі күрес бәсекелері өтеді. Біз болсақ, күш атасы Қажымұқанның жүлдесі үшін ірі халықаралық турнир ұйымдастыра алмай келеміз. Қажымұқандай алыбы бар қазаққа бір жарыс ұйымдастыру неге тұрады. Спорттың басы-қасындағы азаматтар осыны ескерсе дейміз.

 

Қыдырбек РЫСБЕКҰЛЫ.

 

***

Сәкен СЕЙФУЛЛИН

 

ӨРДЕШ ТӨС, БІЛЕУ ДЕНЕ, ШОЙЫНДАЙ СОМ

 

 …Күресте СССР-да жеке-дара –

Талай дәу қыла алмаған ешбір шара.

Еуропа, Азиядан асқандар да:

Поддубный, Ганс – Гауан, Қазбек Гара.

 

 Ожар бет, қара мойын – бейне құлжа,

Қылар ед бір салса егер мылжа-мылжа.

Шалқиған жауырынды, бұжыр қара,

Еңгезер, үйелмен, дәу, тартқан – құжға.

 

 Қалың бет, бура түсті қара нардай,

Жұп-жұмыр, жуан діңгек,

бойшаң дардай,

Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,

Айбынды жолбарысқа болар пардай.

 

 Топшысы кере құлаш, бітім шалқақ,

Шалқиып малпаң басад, талтақ-талтақ.

 

Ұзақ жол керуеннің көшіндегі

Сияқты жампоз атан, басқан малтақ.

 

 Нартай Бекежанов

 

ӨНЕРДІҢ БАР ӨЗІНДЕ АЛУАНЫ

 

Құдіретті қара күштің қаһарманы,

Балуанның бәрін жыққан жиһандағы,

Тізесін белдескеннен бүккен емес,

Чемпион жер жүзіне аталғалы.

 

 

Қаһары қаһарланса тасқан селдей,

Жоталы, жалпақ жоны асқар белдей.

Жетпістің жетеуіне жетсе-дағы,

Серпіні қаңтардағы серіпкен сендей.

 

 Асқар ТоҚмаҒамбетов

 

ТІЗЕСІН БЕЛДЕСКЕННЕН БҮККЕН ЕМЕС

 

Иығы жонның жота асуындай,

Маң басқан нардың маңғаз басуындай.

Қайтпаған қайтпаса да қайсар күші,

Ертістің қайнап аққан тасуындай.

 

Он жігіт жаурынына жайласаң да,

Елу пұт білегіне байласаң да,

Былқ етпей бәрін жалғыз көтереді,

Үстінен пятитонка айдасаң да.

 

 Сырбай МӘуленов

 

ҰЛ ТАРТЫП ТУСА ИГІ ЕНДІ ӨЗІҢЕ

 

 Саусағы Алатаудың еменіндей,

Жотасы Қаратаудың кемеріндей,

Жүзінен шаттық, қайғы білінбейді,

Тұп-тұнық Қараөткелдің тереңіндей.

 

 Ордадай омырауы алқа-салқа,

Жартастай бас терісі жаңқа-жаңқа,

Құлағы жымырайған жырым-жырым,

Қарыны бұлшық еттей қалта-қалта.

 

Тұтасқан мойны дала жондарындай,

Білегі жолбарыстың қолдауындай,

Гүрзідей қолдарының тегеуріні

Атасы Қобландының қолдарындай.

 

 Ғафу Қайырбеков

 

БЕРІП КЕТКЕН ТА

12345След.
скачать работу

Күш атасы - Қажымұқан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ