Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Күш атасы - Қажымұқан

РИХҚА АТЫН МЫҚТАП

Мүлде сирек көк шөбі құба жонда,

Мүлде сирек бір қазақ жатыр ұйықтап.

Айтарсың – деп кейінгі сұрағанға

Беріп кеткен тарихқа атын мықтап.

 

 Жандар ғой бұл шапағат жарық құшып,

Бар тұлғасын табиғат мол пішетін.

Ол есіңе түскенде халық түсіп,

Халық еске түскенде ол түсетін.

 

Қадыр Мырза Әлі

 

БҰЛШЫҚ ЕТІ ДАЛАНЫҢ

 

Көкорайда түрсе бабаң балағын,

Майдан қылдың кілемін сан қаланың.

Сен “Әуп!” – десең, түйілетін тас болып,

Бұлшық еті даланың.

 

Атып ұрмай қоймаушы едің кезенсең,

Сені көріп жер болатын ез еңсе.

Сен жығылсаң – далаң бірге жығылып,

Далаң жеңді – сен жеңсең.

 

 Тау көтерсең – қарың сенің талмапты,

Сондай күшпен ата-бабаң мал бақты.

Саған арнап құйған шойын ескерткіш

Болмас сенен салмақты!

 

 Тұманбай МолдаҒалиев

 

ҚАЙРАТЫМЕН АЙТҚАНДАЙ ЕЛІНЕ АҚЫЛ

 

Тау көтерген Қажекем кеудесімен,

Сөйтіп, талай тандырған елді есінен.

Сұңқар жігіт сұқтантты сұлуларды

Тұлпар мініп жастықтың кермесінен.

 

 Белдескеннің бәрін де жыға берген.

Тең табылмай өзіне мына әлемнен.

Шауып өткен бір кезде кең даласын

Даңқ деген құламас құлагермен.

 

 Төлеген Айбергенов

 

СӘЛЕМ САҒАН, КҮШ-АТАМ!

 

 Заңғар таулар жотасын

Мен өзіңе ұқсатам.

Танымайтын атасын

Сәлем саған, күш-атам!

 

Күтіп талай батыр сын,

Деп тұрғанда белдесем,

Қалай сыйып жатырсың

Мына қара жерге сен.

 

 Сабырхан Асанов

 

ӘЙГІЛІ ЕСІМ  ЖАЗУЛЫ ТҰР ӘР ҮЙДЕ

 

 Талай елден зерлі шапан киіпті,

Талай кесір ердің басын иіпті.

Талай рет жылағанды күлдіріп,

Талайларға атаныпты сүйікті.

Талай сұлу өзі көңілін білдіріп,

Қосыла алмай, дейді дертке күйіпті.

 

 Ашуланса ол тауды тілген, тураған,

Өзендер де қолында оның тулаған.

Айқастарда дауыстаса – “һәп!” десе,

Жаңғырығып ормандар да шулаған.

…Қариялар саусаққа сап санаса,

бұған дейін мұндай адам тумаған!

 

 

Мұхтар Шаханов

 

ҚҰЛАГЕР ТӨС, ПІЛ ТАБАН...

 

 Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған.

Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан,

Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан…

Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң,

Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған.

Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,

Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан…

 

 Омарбай МалҚаров

 

ҚҰРЫШТАЙ ҚОРЫТЫЛҒАН САЛМАҚТАНЫП

 

Бар әлем Қажекеңді аңыз еткен,

Ертектей елден-елге тарап кеткен.

Күшіне тарих куә, халық куә,

Мақтаған сөзім емес қошеметпен.

 

 Бекен ӘбдіразаҚов

 

ИІРГЕН НЕ ДӘУІҢДІ ҰРШЫҚ ЕТІП

 

 Қаратау жотасындай бұлшық еті

Иірген не дәуіңді ұршық етіп.

Қажекең буырқанып белдесуге

Кезенген қаһарлы сәт келді есіме.

 

Ақтастан құйылған сом тұлғасында,

Күш жатыр жан тең келмес бұл ғасырда.

Туған жер құдіретіндей ұл басында

Осылай туса керек туғасын да!

 

 Әбдіраштың ЖарасҚаны

 

КЕЛСЕ ЖҰРТҚА ТАНЫТҚЫҢ...

 

Ерендігін Қазақ дейтін халықтың

Бойыңменен Келсе жұртқа танытқың,

Тереңдігін Қазақ дейтін халықтың

Ойыңменен Келсе жұртқа танытқың,

Ей, жас ұрпақ, Құлақ түр,

Ей, жас ұрпақ, Мұрат қыл

Тау тұлғасын Қажымұқан алыптың!

 

 Сұстылығын Қазақ дейтін халықтың

Айбатыңмен Келсе жұртқа танытқың,

Күштілігін Қазақ дейтін халықтың,

Қайратыңмен Келсе жұртқа танытқың,

Ей, жас ұрпақ, Құлақ түр,

Ей, жас ұрпақ, Мұрат қыл

Тау тұлғасын Қажымұқан алыптың!

 

 Түгелбек Қасымов

 

КҮШ АТАСЫ

 

 Бұлшық ет білектегі ойнады да,

Галстуктей сом темірді байлады да.

Лезде шешіп алып сымдай созды,

Бір күліп қарап қойып жан-жағына.

 

 Тағы да шалқасынан аунады да,

/Құм сықырлап шыдамай салмағына/

Жиырма жігіт мінгізіп бөренеге,

Табанымен көтерді айналдыра.

 

 Төлеген ТоҚбергенов

 

БАЛУАН АТА

 

 …Қажымұқан шекпенін иығынан сыпырды. Одан жейдесін шешті. Бар денесі босаңдау, тым ішті боп көрінді. Жоғарғы ерні түрік те емес, төменгі ерні салпиып, салбыраған да емес, етті әрі қалың, бет пішіні кесек, кескіні қараторы, басы үлкен, мойны жауырынымен тұтаса жалғасып жатқан мөлшерсіз жуан, құлағы жатаған, бүріктеу екен. Жанары ашық әрі жұмсақ, жүзінен нұр тамғандай мейірлене қарайды. Шашын тықырлап алғызыпты.

 

Төбелігі аздап жалтырап тұр. Ол жан-жағын барламай, маңдай алдына тура қарап сөйледі. Үні қою, төмен шықты.

– Ағайын-туғандар! Аға-іні, апа-қарындастар! Мен қазір жетпістің жетеуіндемін. Дүниенің жиырма сегіз елінде болып, елу алты алтын, күміс медаль алдым. Африканың қара перісімен де күрестім, жапонның Саракикиімен де итше жұлқыстым. Жауырыным жерге тиген жоқ. Қазақ деген халықтың намысын бермедім. Сонда мына түрімен қалай сөйтті демеңдер, ағайын.

Олсоныайттыда, жұрттыңайқай-шуынақарамай, ұзынақдамбалыныңышқырынширатақайырып, балағынтізесіненжоғарытүрді. Жанында тұрған гармоншы жігітке иегін қақты.

Әуелі кеудесін кере “әп!” деп тыныс алды да, бой жазды. Қампиған қарын омырт­қаға жабысып, қаншырдай қата қалды. Кеудесі көріктей боп күмпиіп, көрер көзге апай төстеніп сала берді. Жетпістен асқан шал заматта өзгеріп, жас қуатқа толды. Мықын жіңішкеріп, балтыр еттері қазақы қойдың құйрығындай дөңгелене бұлтиды, жіліншіктер сырғауылдай созылды. Қарын тұсы қабыландай жарады. Кеудесі арыстан жалданып, күдірейді. Дидары қолаша қошқылданып, күреңітті. Былайғы жұрт ішін тартты.

Қажымұқан қолдарын созып тұра қалды. Сол сәт гармонда әлдебір ырғақтар ойнап кетті де, күпінген артық қимылсыз-ақ бұлшық еттер биге басты. Алдымен көзге ұрған қар еттері еді. Баланың басындай бұлтиған бұлшық ет бұлқан-талқан тулады. Теңізде дауыл ойнап, толқындар жүгіргендей. Екі қолдың қоспасынан шынтаққа дейін, алқымнан мықынға, желкеден жуан белге дейін шақар-шақар кеуде, тұтас жонарқа түгелімен шымыр-шымыр қайнады. Әсіресе, төстің етегі ерекше жиыры­лып, буылтық-буылтық боп кетті. Мойын күжірейіп, күржіктенді, жуандап ісініп, алқым сіңірлері мен желке еттері суарылған болатша сіресті. Жон арқа тегіс жыбырлап, белдеу-белдеу боп бөлініп, білем-білем темір шыбықтар сумаңдады.

Адам денесіндегі күллі бұлшық ет атойлап, құдіретті шайқастың боларын сезіп айқай-сүрең салғандай. Мынау гармон тілінен тараған алуан ырғақтармен қосыла шауып, тіл табысып жатыр. О заман да бұ заман күш-қуаттың ырғақтар әуенімен жамырай жарасқанын кім көрген…

Қорған толы жұрт сілтідей тынды. Мың сан көз алып айдаһардың арбауына түскендей қыбырсыз қадалған. Осының бәрі ондаған секундқа ғана созылып еді.

Қажымұқан гармоншы жігітке қарады да, үнсіз тоқтатты. Жұрт ішегін тартып, тына қап, қайта соққан борандай гуілдесті. Қажымұқан айқай-шуға қарап тұрмады. Мақтау мен мадаққа мәз болатын сонау бір шақтар бұлдыр сағым арасында, біржола естен шыққан еді. Оны бұл ел қайдан білсін… Дидары шымырлады. Содан, жүзі күреңіткен бойы үйіліп жатқан білеу-білеу темірлердің біреуін алып, оны сол қолымен шынтақ тұсынан ұстап тұрды да, оң қолымен қоспаға дейін орап-орап, артынша орауын жазып, лақтырып тастады. Жұрт тағы да дабырласты.

Қажымұқан жас баланың білегіндей әлгі темірлердің және біреуін алып, мойынға салып иіп тұрып, алқымға таяу түймеліктің тұсынан галстукша байлап, қайта ағытып, оны да тастады.

Сөйтіп, арада жарты сағат өтпей-ақ, солқылдаған көк темірдің талайы қамырша иленіп, бұрауша майысып жатты. Біреу жағасын ұстады. Біреу таңдайын қақты. Енді біреулер жанында тұрғанның кім екенімен де ісі болмай, қолдарын жұлқыласып, арқасын ұрғылай берісті. Қалай дегенмен де темірмен алысқан жансебіл адамды Созақ елінің тұңғыш көрулері еді.

Қажымұқан енді бір кезек қалыңдығы бір елі, жалпақтығы алақандай ұзын темірді жауырынына көлденең соза ұстады да, жиырма жігітті ортаға шақырды. Бағанағы Есіркеп бастаған топ он-оннан бөлініп, оның қос қапталына кеп тұра-тұра қалысты.

– Екі жақтан мені алға қарай итеріңдер, – деді Қажымұқан.

Топ адам жабыла итергенде, ол әуелде жарты қадам, жо-жоқ бір қадамдай еріксіз ілгері басқан. Сосын, қас-қағым сәт “әп!” деп шіреніп тұра қалды. Ешкім ештеңе ұғып үлгірмеді. Соқталдай-соқталдай жігіттер артқа қарай ұшып кетті. Серпіліп кетсе де жақсы еді, өйткен жоқ. Шынымен-ақ ұшып-ұшып түсті. Жұрт қыран-топан болды. Жігіттердің ең осалы ортан жілікті опыратындай еді. Ен

12345След.
скачать работу

Күш атасы - Қажымұқан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ