Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Күш атасы - Қажымұқан

ді шарасыздықтан бір-біріне қарап ыржия берген.

Қажымұқан жалпақ темірдің де талайын бүктеп-бүктеп тастады. Тек сол темірдің және біреуін төбесіне қойып, жиырма адамға екі жағынан төмен қарай бастырғанда ғана шамалы тәлтірек қаққандай болды. Бірақ, илікпеді. Артынша төбесін алақанымен сипап, сәл еңкейе беріп:

– Қартайғанымыз ғой енді, - дегенде ғана жұрт Қажымұқанның жалтыр төбесі қанталай қызарып қалғанын көріп, “Аһ!” ұрғандай болды. Бірақ, балуан тоқтамады. Үстіне тақтай төсеп, жиырма-отыз адамға кеудесін тепкілетті, басқа да сондай күш пен әдістің, әсіресе, қазаққа тосын цирктік тәсілдердің талайын көрсетіп, бір жарым сағат бойы толассыз қимылдап, дамыл таппады. Бір кезде Қажымұқан ортада жатқан су диірменнің тасына қарап, жанындағыларға әлдене деді. Сөйтті де, өзі шалқасынан жатты. Топырлап жүрген жігіттер жабыла көтеріп диірмен тасты оның ішіне қойған. Қажымұқан екі шынтағын жерге тіреп, тасты демеп жатқандай көрінді. Сол мезет ортаға денесі шарқы ғана, дембелше жігіт шықты да, бір пұттық сом балғаны қолына алды. Созақ жұрты Қажымұқанды балғамен соғу үшін атақты ұста – Смағұлдың Таутайын шақырған.

– Дәлдеп ұрғайсың, балам, - деді Қажымұқан.

Таутай сом балғаны басынан асыра айналдыра көтеріп, дем алмастан соққылады. Қанша ұрғанын көрушілердің өздері де анық аңғармай қалып еді. Өйткені, әр ұрған сайын жұрт толқын соққан қайықтай теңселеді. Қоғаша жапырылды. “Ойпырмай!” дегендер де болды. “Ой тобалап”, “Аллалап!” айқай салғандар да болды. “Қойыңдар!”, “Жетті ғой!” дегендер де болды. Кейуана кісілер көзіне жас алды. Шалдар шыдамай, орындарынан тұрып кетті. Балалар жым болды. Басшы атаулының түсі оңып, бір-біріне қарап асып-састы. Біреулер он рет ұрды, енді біреулер жиырма рет ұрды десті. Не керек, көзімен көргендердің өзі күні бүгінге дейін таласумен келеді. Көз алдарында болған оқиғаны түрліше айтқан қандай қызық. Бәрібір, анық санын ажыратып айтар кісі әлі жоқ. Өйткені, анық санын айтам деушіге одан да анығырақ білем деушілер табыла кетер еді. Қалай дегенде де сол күні, сол бір сәтте он да, жиырма да емес, дәл он бес мәрте балға соғылғаны ақиқат еді. Одан енді екі-үш санды не алып таста, не сол цифрға тағы екі-үш цифр қос – одан Қажымұқанның күші көбеймейді де, азаймайды да. Енді ондай алып туар, тумас, бірақ та, Созақтың жұрт үшін сол сәттегідей, сұмдық тасты қақ бөлгізген сәттегідей әсер енді қайтып бәрібір болмайды. Өйткені, Қажымұқан олар үшін де, тіпті өзге, былайғы ел-жұрт үшін де тіріліп қайта келмейді. Тірлікте қалары басқа. Ол – жеті жастағы бала мен жетпіс жастағы шалдың әлгіндей сұрапыл күш иесін көргенде, бір мінезден табылғаны. Немесе баланың шал, шалдың бала болғаны. Былайша айтқанда, шалдың бала болып елпілдеп, баланың көпті көрген қарияша іштен тынып, түнере қалғаны. Әрі-беріден соң сол күнгі оқиғаның көз жұмғанша есте қалғаны ғана. Өлмейтін нәрсе – сол бір естелік еді.

 

 СОЗАҚ ӨҢІРІНДЕ

 

Файзолла ҮРМІЗҰЛЫ.

 

 …“Көке, мына құлағыңыздың быж-тыж болуы қандай соққыдан, әлде кездейсоқ жа­зымнан болды ма?” – деп сұрады Әлібай.

Шырақтарым, ұзақ сөзге жүрдек емеспін, дегенмен, сұрағыңыз жауапсыз қалмасын. Құлақты өлімге беріп, жанымның тірі қалған жайы бар. Ол кезде күрестің әдіс-тәсіліне машықтанып, аренаға шығып, циркте ойнап жүрген кезіміз. Бірде бізді тосыннан Ташкентке әкелді. Неге келгенімізді кейін білдік. Өлім күресіне келіппіз. Өлім сайысы жаппай емес, бір-бірге екен. Бір апта бойы хабарланып, билет сатылып жатты. Өлім сайысына түсер алдында сол күш-қуат, дене қимылын халыққа көрсету белгіленіпті. Алдын ала оған қайсымыз шығатынымызды келіспек болдық. Балуандар ішінде күші басым Поддубный екеуміз. Біріміздің шығуымыз парыз сияқты. Күресте күшім тең болғанмен, Поддубный алғашқы күрес әдіс-тәсілін үйреткен ұстазым еді. Өз еркіммен “мен шығайын” дедім. Жолдастарым қолымды алып, сәттілік тіледі. Өлім сайысына шығатын балуанды әлі көргеніміз жоқ. Бұрын-соңды өтпеген өлім сайысын патшаның өзі ұсыныпты. Халыққа дене қимылын көрсету арқылы күшін байқату кезегі қарсыласыма тиді. Ортаға шыға келгенде, сарапшы: “Горк” — деп аты-жөнін хабарлады. Шіркіннің денесі бұж-бұж, бура сан, бегемот секілді май бөксе екен. Күш-қуаты болғанмен, ысылып жаттығу көрмеген дене екені көрініп тұр. Кеуде, емшек тұстарынан кеседей көк еттері ойнап шыға-шыға келеді. Тізе, қарларының еттері жұдырықтай болып бұлт-бұлт етеді. Қалың жұрт шуылдап, қол соғып, қошеметтеп жатыр. Мен де кезегімде шығып, дене қимылы арқылы күш, ет мүскілдерімді көрсеттім. Келесі күні бесінде цирк ойындары көрсетілді. Соңынан адам шошырлық өлім сайысының кезегі басталды. Әлгі Горк екеуімізге жеребе тас­талды. Ұйғарым соныкі болып, ортаға жайылған кілем үстінде отырдым. Малдасты құрып, қол мен екі тіземді сығымдай ұстап, өмір мен өлімнің таласына мойынұсынып, Аллаға іштей сыйынып, ауыр жағдайға басты тігіп, қарсы алдым. Бұл өлім сайысының тәртібі – кім кезек алса да, қарсыласының басынан қалаған жерін таңдап бір-ақ ұру. Өлсе – құн жоқ. Тірі қалса – жаны олжа. Кезек алған Горк ойқастай келіп, жұдырығын түйген күйі жемтігін жейтін құзғындай төніп, бетіме, біресе шекеме, біресе желкеме жұдырығын тигізіп, намысыма тиейін деді ме, тайраң-тайраң етіп, үш айналды. Ыза-ашудан жарыла жаздадым. Амал қанша, келісім солай. Бір кезде артыма шығып еді, құлақшекемнен гүрс еткізіп қойып жібергенін білдім. Көзімнен от шашырап, жарық дүние көшті де кетті. Не болға­нымды білмеймін. Есімді жинап, өзімді байқасам, басым салбырап, құлағымнан аққан қан қой бауыздағандай сытырлап ағып тұр екен. Қолымды тіреп, күшке салып, басымды көтерейін десем, қозғалмайды. Қазандай қара тас секілді. Сынау тәртібі бітті ме, мені қаңбақтай көтеріп әкеткенін білдім. Қанша уақыт жатқанымды білмеймін. Есімді жисам, басым ораулы, бір құшақ дәкемен орап тастапты. Басыма төніп отырған Поддубныйды таныдым. Ұрғаннан кейінгі жайды білгім келді. Поддубныйдың айтуынша, құлақшекемнен ұрғанда, екі-үш рет домалап, жер тіреп тұрып қалыппын. Теңселіп тұрыппын, құламаппын. Мен домалап, жан далбасалап жатқанда, ол шыдай алмай тұра ұмтылыпты. Алайда, сарапшылар жібермепті. Сынау аяқталғаннан кейін, мені құшақтай ала жөнеліпті. “Жаның қалды. Қарымы қайтар. Енді сенің кезегің”, деді. Көңіл қуанышы көзінің күлімсірегенінен білінді. Арманым – тірі қалу, қол жұмсау еді. Мақсатыма жеткеніме мен де қуандым. Асыққаным сонша, үш күн үш айдай болды. Қалай ұру жөнінде Поддубный екеуміз біраз кеңестік. Қолымның қырымен тал ағашты ұрғанымда, бір елідей кіріп кетуші еді. “Осыны қолдансам қалай болады”, дегенімде Поддубный: “Бастың қарақұс, қуыс жігі болады. Шүйдесінен жұдырық күшіңді салып ұрсаң — өкін­бессің”, деді. Осы тұжырымға келістім. Үш күн бітіп, кезегіме шықтым. Басымда молдалардың сәлдесіндей дәке. Әлгі Горк кілем үстінде қаннен-қаперсіз отырды. Ұрғанда майып болам-ау деген қаупі жоқ. Оның ойы “менің жұдырығымнан өлмегенде, оның жұдырығы не қылар” дегендей. Айналып қыр көрсетпей-ақ, ке­лісім бойынша барған бетте қарақұстан сүзе ұрдым. Жұдырығым сүйегіне пышыр етіп кіргендей болды. Әлгі батыр етпетінен сарт етіп түсті де, екі аяғы аударылып, шалқасынан сұлап түсті. Сарапшылар санап жатқанда, денесі жансыз еді. “Бастан құлақ – садаға”, деген. Құлақ хикаясы осылай аяқталды, – деп аяқтады сонда әңгімесін балуан.

ша, құлақшекемнен ұрғанда, екі-үш рет домалап, жер тіреп тұрып қалыппын. Теңселіп тұрыппын, құламаппын. Мен домалап, жан далбасалап жатқанда, ол шыдай алмай тұра ұмтылыпты. Алайда, сарапшылар жібермепті. Сынау аяқ­талғаннан кейін, мені құшақтай ала жөнеліпті. “Жаның қалды. Қарымы қайтар. Енді сенің кезегің”, деді. Көңіл қуанышы көзінің күлімсірегенінен білінді. Арманым – тірі қалу, қол жұмсау еді. Мақсатыма жеткеніме мен де қуандым. Асыққаным сонша, үш күн үш айдай болды. Қалай ұру жөнінде Поддубный екеуміз біраз кеңестік. Қолымның қырымен тал ағашты ұрғанымда, бір елідей кіріп кетуші еді. “Осыны қолдансам қалай болады”, дегенімде Поддубный: “Бастың қарақұс, қуыс жігі болады. Шүйдесінен жұдырық күшіңді салып ұрсаң — өкінбессің”, деді. Осы тұжы­рымға келістім. Үш күн бітіп, кезегіме шықтым. Басымда молдалардың сәлдесін­дей дәке. Әлгі Горк кілем үстінде қаннен-қаперсіз отырды. Ұрғанда майып болам-ау деген қаупі жоқ. Оның ойы “менің жұдырығымнан өлмегенде, оның жұдырығы не қылар” дегендей. Айналып қыр көрсетпей-ақ, келісім бойынша барған бетте қарақұстан сүзе ұрдым. Жұдырығым сүйегіне пышыр етіп кіргендей болды. Әлгі батыр етпетінен сарт етіп түсті де, екі аяғы аударылып, шалқасынан сұлап түсті. Сарапшылар санап жатқанда, денесі жансыз еді. “Бастан құлақ – садаға”, деген. Құлақ хикаясы осылай аяқталды, – деп аяқтады сонда әңгімесін балуан.

 

ӘОЖ 796.034.2(574).

 

ҚАЖЫМҰҚАН  МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ   АТА-ТЕГІ  МЕН  ҮРІМ  БҰТАҒЫ

 

Еспанова  М.Е.

Оңтүстік  Қазақстан  Облыстық  дарынды  балалар  үшін  мамандандырылған

№ 1 мектеп –интернат, Шымкент қ.

 

Қажымұқан  Мұңайтпасұлының    есімі  қазаққа  бірден - бір  таныс  есім.  Х1Х ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың    бірінші  жартысында   өмір  сүрген     спортшылардың    ең  атақтыларының  бірі, күрес   өнерінің    түрлі  саласы 

12345След.
скачать работу

Күш атасы - Қажымұқан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ