Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мақсат – қоғамды инновациялық тұрғыда жаңарту



 Другие рефераты
Елбасы жаңа міндеттерді айқындап берді Ұлы көш – ұлттың абыройы Астанамен бірге солтүстігімізге қазақтың тәуелсіз рухы да келді Еліміздің бас құжаты

Бүкіл әлем ғылымның же­тіс­тіктерінің арқасында ғана ал­ға қарай дамуға, бәсекеге қа­білетті адами капиталдың әлеу­етін көтеруге, жаңа заманда өз орнын белгілеп алуға болатынына көз жеткізіп, сол бағытта әрекет жасап, ғылым­ды дамытуға, оның жетістіктерін өмірге енгізуге мүдделі болып отыр.

Бүгінгі күні еліміз өз да­муының жаңа кезеңіне аяқ басты. Елбасымыз Н.­Ә.На­зар­баев Үкіметтің кезектен тыс мәжілісіндегі сөзінде Үкімет­тің және барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті – халқымыздың әл-ауқатын жақ­сартуды қамтамасыз ету екенін атап өтті. Таяу бесжылдықта Қа­зақстан табысы жоғары дең­гейлі елдер тобына енуі қажет. 2016 жылға қарай ІЖӨ деңгейі жан басына шаққанда кемінде 15 мың долларға жетуі тиіс. Бұл үшін экономика жыл сай­ын кемінде 7 пайыздық өсім көрсетуі керек.

Үкіметтің басты жұмысы индустриялық-инновациялық бағдарлама болып қала береді. Бағдарламаны іске асыру ша­ғын және орта бизнестің да­муы­на жағдай жасайтын бола­ды. Инновациялы болашаққа жол жалпыұлттық басымдық ретінде жарияланды.

«Біздің басты мақсатымыз алдағы онжылдықтағы оның эко­номикалық өрлеуін қам­та­ма­сыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» деп Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев атап көрсет­кен­дей, еліміздің алдағы 10 жылдағы дамуын қамтамасыз ететін, іргелі істерге жол ашатын биылғы Жол­даудың тарихи маңызы да, қо­ғам­да алатын орны да ерекше. Жолдауда дағдарыстан кейінгі даму­дың нақты жолдары мен басты бағыттары белгіленді. Соның ішінде ғылым мен білім беру жүйесін дамытып ел қажетіне пай­далану – басты стратегиялық ма­ңызы бар мәселеге айналып отыр.

«Ғылым туралы» заңда ел дамуының экономикалық басым­дықтарына сәйкес ғылым жө­ніндегі ұлттық басымдықтарды айқындайтын және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мем­лекеттік бюджеттен қаржы­ланды­руды қалыптастыратын және ғылыми жобаларды (бағдарлама­ларды) іріктеу рәсімінде, оларды қаржыландыру туралы шешім қабылдауда тәуелсіздікті қамта­масыз ету мақсатында ғылым бағыттары бойынша алдыңғы қа­тарлы отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын ұлттық ғы­лыми кеңестер құру, ғылымды мем­лекеттік бюджеттен қаржы­ландыру жүйесінде 3 нысанда іске асырылатын түбегейлі өзге­рістер жүргізу қарастырылған. Атап айтсақ, базалық, грантпен және бағдарламалық ны­саналы қаржыландыру, ғылы­ми-зерттеулер жүргізуге ар­нал­ған конкурстар ұйымдас­тыруға байланыс­ты барлық рәсімдерді «Мемлекеттік са­тып алу туралы» заң­ның реттеу шеңберінен шығару, ұлттық ғылыми инновациялық жүйені дамытуды эконо­ми­ка­лық ынталандыру, ғылыми, ғы­лыми-техникалық және ин­но­­вациялық қызмет сала­сын­дағы мемлекеттік-жеке меншік әріп­тес­тікті дамыту шарала­рын қа­былдау, грантпен және бағ­дар­ламалық нысаналы қар­жы­лан­ды­ру шеңберінде ға­лымдарға қосымша жалақы алу мүм­кін­дігін беру арқылы жалақыны көтеру жолымен ғылыми қыз­меттің беделін және тартым­дылығын көтеру­ге бағытталған нормалар қа­былданды. Жаңа қабылданған «Ғылым туралы» заң елді дамытудың басым ба­ғыттары бойынша жаңа білімді құру (генерациялау) және тарату арқылы экономикамыздың бә­се­кеге қабілеттілігін көтеріп, ұлттық инновациялық жүйені құруға негіз болады.

Ел экономи­ка­сын дамыту­дың кепілі – ғылым мен ин­новацияға басты назар аудару. Ин­но­вациялық эконо­ми­ка бұл ғылым мен білімнің қоғамның қарқынды сұра­ныс­тарына жауап беретін жаңалықтардың үзі­ліс­сіз ағынын қол­­данысқа енгізе алатын экономика болып са­налады. Алдымызда тұрған шешілуі тиіс міндеттердің мәні – шикізат экспортына емес, инновациялық дамуға негізделген экономикалық өрлеудің аса жаңа моделіне, жаңа сапасына көшу.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2010 жылдың 1 қаңтарын «Қа­зақ­стан-2030» Стратегиясы шең­берінде үдемелі индус­три­ял­ық-инновациялық даму бес­жыл­дығының басы деп белгіледі. Осы тұрғыда басты міндет­тер­дің бірі қайта өңдеуші өнер­кәсіп үлесін арттырып, ең ал­ды­мен, ғылымға негізделген жаңа технологияларды пайдалану арқылы инновациялық да­муды қамтамасыз ету болып табылады. 2015 жыл­ға дейінгі индус­трия­лық-иннова­ция­лық даму бағ­дарламасы экономи­ка­ны ұзақ мерзімді дамытуды көз­дейді. Стратегияның мақ­са­ты шикізаттық ба­ғыттан бас тар­ту­ға ықпал ететін эко­номика сала­ла­рын әртараптандыру жо­лы­мен елдің тұ­рақ­ты да­муы­на қол жет­кізу.

Қазіргі кезде Қа­зақ­стандағы эконо­ми­­калық өсу негізінен кө­мір­сутегі шикізаты мен басқа да мине­рал­ды ресурстарды қар­қынды игеру есебінен қамтама­сыз еті­луде. Өнеркәсібі да­мыған елдерде заманауи технологиялар, жабдықтар және өн­дірісті ұйымдас­ты­ру­да­ғы мамандар бі­лік­­ті­лігінің үлесі ішкі жалпы өнім­нің 75-80% өсіміне дейін қамта­ма­сыз ететінін әлемдік тә­жірибе көрсетіп отыр. Қоғам­ның дамуы үшін ғылыми-тех­ни­ка­лық қызмет нәтижелерін игеріп, өндіріске енгізу айтарлықтай эконо­ми­ка­лық тиімділік беретіні бәрімізге белгілі. Бұдан бас­қа, қазіргі жағдайда эко­номикалық жағынан дамыған елдер нанотехнология саласын­да, олар­ды өндіріске белсенді түрде енгізуде ғылыми-зерт­теу­лерді ба­сым­дық­пен дамытуға ұм­тылуда.

Қазақстанның ғылымын да­мы­туға бағытталған міндеттерді шешу үшін білім жүйесін түбе­гейлі дамыту қа­дам­дары жасалуда. Білім және ғылым орталық­тарын біріктіруге бағытталған жұмыстар жү­ру­де. Мысалы, Ас­танадағы жаңа «Назарбаев Университеті» құ­рамын­да үш жаңа ғылыми ор­та­лық құру жос­парланып отыр. «Тіршілік ту­ралы ғылыми ор­та­лық» әлемдік ғылыми орталық­тар­мен бірлесе отырып, орган­дар­ды, жасанды жүректі, өк­пе­ні, өзек тор­ша­ларын трансплантациялау, адам өмірін ұзарту жө­нінен зерттеулер жүргізетін болады. Энер­ге­тикалық зерттеулер орталығы жаңартылатын энер­гия көздері, физика, техника мәселелерімен айналысады. Ал үшіншісі – көп ­салалы аспап­тық орталық – инжинирингтік орталыққа, зерт­ханалық базаға және конс­трукторлық бюроға айналатын болады. Президент Н.­Ә.На­зар­баев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты би­ылғы Жол­дауында «Біз университеттік білім мен ғылымның жаңа даму деңгейін қамтамасыз етуге тиіспіз» деп атап өткен болатын. Ол жоғары оқу орын­дарының инновациялық қыз­мет­ке көшу тетігін әзірлеу, білімді қолдау­дың жаңа қаржы­лық-эконо­микалық құралдарын енгізу  қажеттігін тапсырды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, Қазақ елі өз тәуелсіздігінің жиырма­сын­шы жылына нақты жетістіктермен келіп отыр. Біздің ендігі мақсатымыз – ғылыми-техни­ка­лық және инновациялық әлеуе­тімізді тиімді пайдаланып, эко­номиканы ауқымды жаңғыр­ту мен қоғамды жаңарту болып табылады.

Қылышбай БИСЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы.

«Егемен Қазақстан»,Сейсенбі, 31 Мамыр, 2011

http://www.parlam.kz/3/mazhilis/news-details/id66/7/1

скачать работу


 Другие рефераты
Клеопатра
Сленг как явление в современной лингвистике
Задачи и функции государства
Древнегреческий учёный-математик АРХИМЕД


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ