Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік қаржылық реттеу



 Другие рефераты
Қаржының мәні, функциясы және ролі Қаржы саясаты және қаржы механизмі Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары мемлекеттік қаржы бюджеті

Жоспар
1.    Мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұны
2.     Салықтық реттеу
3.     Бюджеттік қаржыландыруды мемлекеттік реттеу
Лекцияның мақсаты: Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігімен және жіктелу түрлерімен танысу, Экономиканы қаржылық реттеу жүйесіндегі салықтық реттеудің атқаратын ролін анықтау

Лекцияның мазмұны 
1.    Мемлекеттік реттеудің мәні мен міндеттері
Қоғамдық ұдайы өндірістің қажетті бағытта дамуын бағыттап отыруды мемлекеттік қаржылық реттеу жүзеге асырады.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу -  бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жүзеге асуының әрбір нақты кезеңінде оның үдемелі дамуына  әсер етуі үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз етуі үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының мақсатты нысандары мен әдістерінің жүзеге асырылуы.
Мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттарына келесілер жатады:
1.    Қоғам дамуның объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу. Қаржылық реттеу үрдісі  шаруашылық тәжірибеде қаржылық саясат мен оның механизмінің субъективті бағыты бойынша жүзеге асырылады. Бұл саясаттың шаралары шаруашылық жүргізуші субъектлердің қызметіне толық есеп жүргізу барысында ескеріледі.
2.    Қоғамның дамуының ғылыми- негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актлерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт  ретінде анықталады және кездейсоқ  күтпеген жағдайларда тактикалық сипаттағы түзетулер енгізіледі.
3.    Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы. Бұл халықтың барлық жіктеріне,  әлеуметтік, ұлттық және маманданған топтарға  өз көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндік береді.
4.    Мемлекетте нақты заңнамалық жүйенің қалыптасуы.  Заңдылықты жүйе қоғамның дамуына сәйкес қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.

Реттеу үрдісі көптеген объективті және субъективті факторлардың болуымен, әр түрлі санаттар мен оның элементтері пайдаланатын эконмиканың қалыптасу жағдайын сипттайды. Осыған сәйкес мемлекеттік реттеудің жүйесін, оның түрлерге, нысандарға және әдістерге жіктелуін бөліп көрсету қажет.
Мемлекеттік реттеу келесідей типтерге бөлінеді:
•    Экономикалық
•    Әкімшілдік
Қаржылық реттеудің түрлеріне келесілер жатады:
o    Салықтық
o    Бюджеттік
o    Мемлекеттік-несиелік
o    Кедендік-тарифтік
o    Қаржылық-валюталық
o     Ішкі шаруашылық
Реттеу  нысандары қоғамның барлық мүшелеріне, қаржлық категорияның сәйкес түрлеріне сай   қалыптасатын үрдісті сипаттайды. Мысалы, бюджеттік түрдегі нысандарға — қаржыландыру (субсидиялар, трансферттер); салықтыққа -  тікелей және жанама салық салу, қаржылық-валюталыққа – сыртқы қаржыландыру, сыртқы займдар мен сыртқы борыштар   жатады.
Ортақ нысанға   жоспарлау (болжамдау) жатады. Сонымен қатар мемлекеттік қаржылық реттеудің ерекшк нысанына мемлекеттік сатып алу жатады.
Мемлекеттік сатып алу – бұл органдар мен мекелермен, кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың олардың есебіндегіә қаражаттардың есебінен тауарлар мен қызметтерді сатып алуын айтамыз.
Жіктелудің көптеген элементтеріне реттеу әдістері жатады. Себебі әдістерді бірнеше нысандарда қолданылуға болады және ол ерекше реттеу нысанының формасы болып табылады (бюджетті теңдестіру әдісі).
Әдістер реттеу жүйесінде жеке тәсілдерге бөлінеді. Мысалы, салық салуда- санкция, табыстар декларациясы әдісі, мүліктерді есепке алу, аванстық төлемдер және т.б.әдістер қолданылады.
Бюджеттік қаржыландыруда  – шығындарды мөлшерлеу, пайыздық аударымдар,бюджет тапшылығын қаржыландыру әдісі.   Қаржылқ –валюталық реттеуде негізгі әдістерге валюталық курс, әлемдік төлем құралдары және бағалы қағаздар, авлюталық тәуекелділіктен  сақтандырудың әр түрлі әдістері. Мемлекеттік сатап алуда мынадай әдістер қолданылады. Ашық конкурс, жабық конкурс, тауар қорлары арқылы реттеу әдістері.
Экономиканы реттеуде макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу тек теориялық  түрде қорл жеткізуген болады. Макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайы төмендегі келтірілген маңызды экономикалық параметрлердің теңгерімділік жағдайын сипттайды:
ü    Сұраныс және ұсыныс
ü    Тауар және ақша массасы
ü    Жинақтар мен инвестициялар
ü     Инфляция және жұмыссыздық
ü    Еңбек өнімділігі және еңбек ақы
ü    Қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері мен қаржылық ресурстар
ü    Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
ü    Бюджет тапшылығының көлемі және оны жабу көздері
ü    Төлем балансының активтері мен пассивтер
Нақты экономикалық жағдайда тепе –теңсыздык жағдай қалыпты құбылыс болып табылады..

2. Салықтық реттеу
Қаржылық реттеуде маңызды ролді салықтық реттеу алады. Нарықтық экономика жағдайында салықтар радикалды қоғамдық қалыптасулардың негізгі факторлары ролін атқарады: олар тек қана бюджеттің түсімдерінің негізгі көздері ғана емес, әлеуметтік кепілдік пен өзін-өзі басқарудың негізгі қаржы көзі болып табылады.
Салықтық реттеу халық пен көптеген кәсіпорындардың экономикалық белсендігін қамтамасыз етуге негізделеді. Егер салық сомасы бюджет шығындарын қаржыландыруға жетіспейтін болса, онда бюджет тапшылығы қалыптасаы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру  сатып алу қәбілеттілігін төмендетеді, Осының нәтижесінде халық пен кәсіпорындар зиян шегеді. Бұл мемлекеттің жинақталған қаражаттары бюджет тапшылығын жабуда тиімді жүргізілетін болса, әрекет қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Егер қарама-қарсы жағдайда экономикада инфляция және теңсіздік жағдай қалыптасады. Салықтық реттеуде салықтық мөлшерлемемен қатар салықтық жеңілдіктерге де мән беріледі.  Салықтық жеңілдіктер қоғамның дамуын ынталадырады.  Бірақ жеңілдік шектері экономикалық түрде негізделенді. Теориялық түрде салықтың инвестицияға әсерін америкалық ғалымдар және А. Лаффер «экономикалық ұсыным» түрінде дәлелдеген: проргрессивті салық салу мен бюджет кірістері арасында байланыс бар.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекті деңгейге дейін артуы салықтық түсімдердің көбеюіне әкеледі, бірақ көп уақыт өтпей бұл түсімдер кемиді. Осыған сәйкес жалпы тұжырым жасалды: экономиканыңм дамуын ынталандыру үшін біріншіден салық көлемінің салдарын анықтап алу қажет. Лаффер заңы бойынша салық түріндегі кірістер  бюджеттің 30 пайызынан  артық болмауы тиіс. Егер ол 40-50 пайыз болса, экономиканың жеке секторында жинақтар мен инвестициялар көлемі кемиді. Егер салық мөлшерлемесі жоғары көлемге жететін болса, кәсіпкерлердің қабілеті, тұтынушылардың сатып алу қәбілеттері төмендейді, осыған сәйкес бюджетке түсетін салықтар көлемі төмендейді.

3. Бюджеттік қаржыландыру жағдайындағы мемлекеттік реттеу. 
Тікелей бюджеттік инвестициялардың өндірістік аяға әсері өндіріс көлемін, алынған пайда көлемін тез арттырып жіберуі мүмкін; осының нәтижесінде белгілі бір уақыт аралығында өндіріс объектісі алынған қаражаттарды қайтаруы тиіс. Бірақ шет елдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бюджеттік қаржыландырудың материалдық өндірісті қаржыландыру дәрежесі төмен болып отыр.  Бұл жағдай өз кезегінде қайтарымсыз сипатта қаржыландыру жүргізілгеннен кейін қалыптасып отыр. Бюджеттік қаржыландыруды пайдаланушылыар бюджет қаражатын тиімді пайдануға ұмтылмайды. Осыған сәйкес мемлекет бюджеттік ресурстарды отын-энергетика, атом энергетикасы салаларына , ғылыми-зерттеулер саласына жұмсайдды. Материалдық өндіріс саласын қаржыландыру өте төмен болғандықтан бұл сала өзін -өзі қаржыландырумен айналысады.  Өндірістік емес әлеуметтік сала үшін өзін -өзі қаржыландыру тиімді емес себебі, бұл салалар пайда алуға негізделмеген.
Әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздандыру) жұмсалатын қаржылық ресурстарға қатысты алғанда   қайтарымдылық қалыптасатындықтан материалдық өндіріс саласы тиімді болып табылады. Материалдық өндірісті қаржыландыру бюджеттік тапшылық жағдайында минимумға дейін жетіп, қаржылындырудың келесі түрі-өзін-өзі қаржыландыру үрдісіне ауысады. Материалдық өндірісті бюджеттік қаржыландыру қоғамдық өндіріс тиімділігімен тікелей байланыста болады.

скачать работу


 Другие рефераты
Движение декабристов
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
Исследование факторов эмоционального выгорания педагогов
Речь и мышление


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ