Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхамед-Салық Бабажанов



 Другие рефераты
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет Оғыз дәуіріндегі Қазақстан Монғолия Қазақтары Меркі - түркілердің ежелгі мекені

Бұл күндері тұлғалардың тоқырап тұрған кезі. Елдің рухани өмірінде жалтақ тіршілік, жағымпаз сөз, екіжүзділік, мәнсіз-мағынасыз әңгіме, берекесіз іс белең алған. Қарабасының пайдасы үшін дүйім елдің мүддесін сатып жіберетін сатқындық секілді азғындау шектен шығып тұрған кезде заманында еліне адал қызмет етіп, азаматтығымен жалпақ жұртқа танылған тектi, зиялы тұлғалар туралы еріксіз ойланасың.

Егер “Барлығын да уақыт емдейді” деген қағида шын болса, ең бірінші, бүгінгі ұрпақ біздерді ішкі жан-дүниеміздің жұтаңдығынан, ой-өрісіміздің, ұлттық санамыздың, таным-талғамымыздың тапшылығынан сауықтыру керек шығар. Сол таным мен талғамның, санамыздың жұтаңдығынан ба, немесе рухани саланы рухы төмен кездейсоқ адамдардың басқаруынан ба, біз осы халқымыздың шынайы мақтанышы болатын тарихи тұлғаларымызға аса бір немқұрайлылықпен қарап, жете көңіл бөлмей келеміз.

Тым алысқа бармай-ақ, тек соңғы бірер ғасырды тілге тиек етсек, заманында ақылымен, талантымен өзінің туған жеріне, еліне, оның болашағына шын ықыласымен беріліп қызмет еткен халқымыздың қаншама ұл-қыздары күні бүгінге дейін ел тарихынан лайықты орындарын ала алмай келеді. Бүгінгі күннің үлкені мен кішісіне де ұлтжандылықтың үлгісі боларлықтай олардың есімдері мен игі істері тек сарғайып шаң басқан архивтерде ғана сақталған.

Алайда, қанша қилы замандар өтсе де, олардың игі істері соңдарында өшпес із қалдырды. Замана ағымының ұраны мен ыңғайына көнгіш кейінгі ұрпақ тез естен шығарып ұмытқанмен, кейде олардың есімдері кенеттен ел аузында аталып, еріксіз есіңе салады.

Солардың бірі және бірегейі, ғылымға қосқан еңбектері әлі күнге дейін тиісілі бағасын алмаса да, кезіндегі игі істері ел есінде ұмытылмай сақталып, халқының шын ықыласына бөленген зиялы азамат — Мұхамед-Салық Қарауылұлы Бабажанов.

Мұхамед-Салықтың атасы Бабажан, Бөкейдің бас билерінің бірі, ал әкесі кәдімгі Исатай мен Махамбет батырлардың Жәңгір ханға қарсы көтерілуінің бас себепшісі болған атышулы Қарауылқожа Бабажанов.

Ал енді Салықтың өзі туралы мағлұматты әдеттегідей оның туған жылынан бастайтын болсақ, дәл бүгінгі күні нақтылы анық дерек жоқ, ол туралы азды-көпті ізденгендер әр түрлі жазып жүр.

Салық туралы біраз деректер жинап, зерттеген ғалымдар М. Ысмағұлов пен Қ. Ыдырысов оның туған кезін 1830 - 1831-жыл дейді1 . Ол туралы очерк жазған Н. П.Ивлев пен Н.Э.Масанов,Т.Н.Сенигова –1832, Х.Маданов 2– 1830-жылды айтады.

 Кіші жүздің, соның ішінде Бөкей Ордасының тарихын терең де толық зерттеп жүрген И.В.Ерофеева да өзінің жуықта шыққан ең соңғы көлемді еңбегінде 1832-1833- жылдарды көрсеткен.3 

Осы мақаланы жазу барысында тағы да бір анықтап алмақ мақсатпен Қабдеш Ыдырысов ағамызбен жолығып сөйлескенде, ол кісі Салықтың туған жылы 1831-1832- жылдар деген көзқараста екенін айтты.

Бірақ менің байқағаным, жоғарыдағы ғалымдардың қай-қайсысы да өз тұжырымдарының анықтығына нақтылы дәлел келтіре алмайды.

Осы арада аты аталған ғалымдардың пікірлерінен көрі белгілі журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының Салықтың туған жылына байланысты пайымдауы, меніңше, нақтылы және дәлелдірек сияқты.

 Ол өзінің Салықтың туған жылына байланысты пайымдауында сол кезде Санкт-Петербургте шығатын “Северная пчела” газетінің 1861-жылғы 5-қаңтарындағы нөмірінде жарияланған “Қазақтың қазақ туралы жазбалары” деген мақаласындағы Салықтың өз қолымен жазған нақтылы деректерге сілтеме жасайды.

Сол мақаласында Салықтың өзі: “...бұл 1845-жылдың басындағы қыс еді. Кейін біраздан соң біздерді жазғы шілде айында Орынборға жібереді деп естідік. Келісім бойынша 1 шілдеде Торғын өзенінің бойындағы ханның жазғы жайлауына жиналдық. Ол кезде менің жасым 11-де болса да, біздерді Орынборға шығарып салғандары әлі есімде”,- деп Жәңгір ханның балаларды оқуға аттандыруды елдің тойы ретінде өткізгенін Салық кезінде өз қолымен жазып қалдырған.

 Егер Салықтың жастайынан оқып, Жәңгір мектебін бітіргенін, есеп шығарып, хат танитындығын ескеріп, өзі 1845- жылы жасым 11-де десе, оның туған жылы не 1834, не 1835-жылдың басында болмай ма деп пайымдайды Тілекқабыл Боранбайұлы.4

Әрине, бұл зерттеу, анықтау жүргізуге байланысты қолданылатын белгілі ғылыми тәсілдердің түрлері логикалық ой қорыту, жорамалдау немесе сараптамалық қорытындылаудың қай саласы жағынан алып қарағанда да, Салықтың туған жылын анықтауға байланысты сөзсіз бұлтартпайтын дәлел. Демек, ендігі күдік 1834 әлде 1835-жылдың қайсысында туған дегеннің төңірегінде болуы керек.

Осы орайда көңіл аударатын бір жәй, Салық Бабажанов туралы жазған жоғарыда аты аталған ғалымдардың барлығы да өздерінің мақалаларында оның 1860-жылы Петербургте болғанда белгілі ғалым - этнограф Павел Иванович Небольсинмен танысқанын айта келіп, орыс ғалымының 1860-жылғы “Русский вестник” журналының 29-нөмірінде жариялаған мақаласындағы Салыққа берген мына мінездемесін келтіреді: “жасы 25-те, келбетті, бірақ тотыққан қара торы өңді, әдемі арайлы көзді, қалың қара шашты Бабажанов орыс тілінде өте мәнерлі сөйлейді. Әсіресе, өзін толғандыратын мәселеге ауысқанда өткір де шешен әрі қызып сөйлейді”,- дейді.

Бұл жерде аты белгілі ғалымның өзін ой өрісінің кеңдігімен, білімпаздығымен таңдандырып, көңілін аударған бұрын таныс емес жас қазақпен жүздесе отырып, оның жасын сұрап анықтамауы қисынға келмейтінін ескерген жөн. Сондықтан да П. И. Небольсинның оның “жасы 25-те” деп анық та айқын кесіп айтуы ешкімге ешқандай күдік тудырмауы керек шығар. Демек, бұл жерде де Т. Боранғалиұлының жоғарыдағы келтірілген деректерге сүйене отырып: “Салықтың жасы Шоқанмен құрдас, яғни, 1835- туған” деп ой қорытуы ақиқаттың ауылынан алыс емес сияқты.5 Олай болса, 2005-жылы халқымыздың аяулы ұлы Мұхамед-Салық Бабажановтың туғанына 170 жыл толатынын ескерейік, ағайын.

 Салықтың дүниеден өткен кезі жөнінде де ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Мәселен, Н.П. Ивлев пен Т.Н.Синегова С.Бабажановты 1898- жылы қайтыс болды десе,6 М.Ысмағұлов, Қ.Ыдырысов 1871- жылы мамыр айында қастандықпен өлтірілген дейді.7 Соңғылардың пікірін “Түркістан уалаяты газеті” растайды.

Әр кезде жазылған деректерге сүйене отырып, Салықтың өмірі, білімі, қоғамдағы қайраткерлік іс-әрекеті мен ғылыми еңбектеріне қысқаша шолу жасасақ, Салық Бабажанов 1841- жылы Жәңгір хан ашқан Ордадағы тұңғыш орыс-қазақ мектебіне түсіп, оны 1844- жылы бітірген осы мектептің алғашқы түлектерінің бірі.

Мұнан кейін оны әкесі Орынбор қаласындағы Неплюев атындағы кадет корпусының әкімшілік орындармен әскери мекемелерде қызмет істейтін тілмаштар дайындайтын “азиялық бөлімге” оқуға береді.

Білімқұмар зейінді жас оқуға кіргеннен кейін тек кадет корпусының оқу бағдарламасымен шектеліп қоймай, Орынбор қаласындағы кітапханалардан сирек кездесетін кітаптарды іздеп тауып алып, өз бетінше көп оқып, көп ізденеді. Әсіресе, тарих, этнография, археологияға байланысты кітаптарды көптеп оқып, орыс тарихшылары Карамзин, Миллер, Голиков, Щербаковтардың тарихи шығармаларымен танысады. Сонымен бірге сол кездегі географиялық және археологиялық қоғамдар бастырған еңбектерді де қалт жібермей қадағалап оқып, Петербургтен шығатын журналдар мен газеттердің қолына тигендерімен үнемі танысып отырған. Солардың әсері болуы керек, оны өзінің туған өлкесі – Еділ мен Жайық бойының, Орал тауы маңайын мекендейтін ел-жұрттың тарихы мен тағдырлары қызықтырады. Өз тұсындағы Бөкей хандығы, Астрахань губерниясы, Орынбор өлкесінің тарихмен танысып, оқып зерттейді.

Салық Бабажанов 1851- жылдың қазан айында кадет корпусын ойдағыдай бітіріп, хорунжий деген офицерлік шен алып шығады. Орынбор шекара комиссиясының басшылары көзге түскен талантты, үздік жас офицерді әуелгіде өз қарамағында қызметте қалдырады. Алайда, 1853-жылы Орынбор казак-орыс офицерлері оған әр түрлі жала жауып, қызметінен босаттырып, Орынбордан қудырып, Ішкі Бөкей Ордасына жер аударады. Осы жерде бір назар аударатын жағдай – өкімет орындарының оның өзінің, үй-ішінің кімдермен байланысып, кімдердің бұларға келіп-кеткенін бақылау үшін соңынан Алексеев деген подхорунжийді тыңшы етіп салып қоюы. Дегенмен кейіннен екеуі дос болып, ол Салықтың жазған мақалаларын Астраханда шығатын “Волга” деген газетке апарып беріп отырады.

Туған жеріне қайтып оралған білімді жас офицер алғашында Хан сарайында тілмаш болады. Арада жылдар өткеннен кейін әскери шені жоғарылап, жүзбасы дәрежесіне жетеді. Енді ол “Ішкі орданы басқару жөніндегі Уақытша Советтің” кеңесшісі боп істейді.

 Бөкей Ордасын ұзақ жылдар бойы аралап танысқаны және өз халқының әдет-салтын, тұрмыс күйін, аңыз-әңгімелерін, әндерін бірталай білетіндігі себеп болса керек, Салық 1860 -жылдан бастап мақала жаза бастайды. Оның сол кездегі “Санк-Петербургские ведомости”, “Северная пчела”, “Деятельность” деген газеттерде “Қазақтың қазақтар туралы жазбалары”, “Қазақтың өз тумаларының тұрмыс-күйі және тағдыры туралы жазбалары”, “Қазақтың жұртшылыққа арнауы” деген сияқты бірқатар мақалалары жарық көрді.

Бабажановтың жазуға бұлайша белсене кірісуіне екінші бір себеп – оның қазақ депутациясы құрамында Петербургке баруы болса керек. Депутация қүрамында Орынбор өлкесінен он адам болған: оның екеуі Бөкей Ордасынан: Ғұбайдолла Есенбаев пен Салық Бабажанов еді.

Депутацияны жолға бастап шыққан адам – Лев Плотников деген пристав. Оған депутатциямен келген қазақтардың уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуі, сапарлары көңілдерінде айрықша әсер қалдыру жағын ұйымдастыру тапсырылған.

Петербургте депутация Эрмитаж, Арсенал, шыны заводы, Минералогиялық, Зоологиялық мұражайлар, Ботаникалық бақ, көпшілік кітапхананы және басқа да көрнекті орындарды аралап көріп танысады

123
скачать работу


 Другие рефераты
Шамшатыр тұқымдасы
Сталинская концепция политики
Политика и право
Влияние физических и химических факторов на основность алкиламинов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ