Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет



 Другие рефераты
Сібір жұртындағы қыпшақтар Сақтар Оғыз дәуіріндегі Қазақстан Мұхамед-Салық Бабажанов

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

 

 Иә, баспасөз беттерінде жазылып жүргенімен басы әлі ашыла қоймаған бұл мәселелерге байланысты не айтуға болады?

 Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.

 

Осы арада Перовскийге (1795-1857) ерекше тоқталған жөн. Ол Пушкинмен, оның ұстазы В.А.Жуковскиймен ертеден таныс еді. 1825 жылдың 17 тамызында Жуковскийге жазған хатында ақын Перовскийді ортақ танысы ретінде еске алады. Олар кейін де кездесіп тұрады. Орынборда Пушкин оның қала сыртындағы үйіне тоқтайды.

 

Ақынның Орынборда болған екі күн шамасындағы сапары жөнінде әдебиетте аз жазылмаған. Бірақ авторлар осы мерзім ішінде (19, 20 қыркүйек) Пушкиннің Орынбор мұрағатында қаншалықты жұмыс істеп үлгергенін және қандай құжаттарды алғанын нақтыламайды. Алайда “Пугачев тарихының” деректік негізіне ыждағатты көз жүгіртсек, керекті құжаттар әскери министрлік мұрағатынан алынғанға ұқсайды. Ал, Орынбор мұрағатында Пушкин қысқа уақыт болып, кейбір құжаттарға ғана көз жүгіртіп өткен деп шамалауға болады. 21 қыркүйекте ақын Орал қаласына келіп, ондағы үш күнді казактар қауымында өткізеді. 23-і күні қайтар жолға шығады.

 

Орынбор мен Оралда, Сорочинская, Переволоцкая, Нижнеозерная станицала­рында, Бердск слободасында көнекөздермен, көтеріліс куәгерлерімен сұхбаттасады. Солардың бірі Бердскідегі 75 жастағы И.А.Бунтова деген казак жесірі болатын. Мұнда кезінде алты ай бойы Пугачевтің штабы орналасқаны мәлім.

 

Осы кездесулер барысында алған мағлұматтары негізінде “Пугачев тарихына” көтеріліс басшысының Бударинск бекінісінде отырып, Нұралы ханға хат жазғаны туралы жолдар түседі. Шығармада қазақтардың соғысқа қатысуы нақтылы суреттеледі.

 

“Өзін патшамын деп жар салған жалған атақты турасындағы қауесет тез тарады. Пугачев қырғыз-қайсақ ханына өзін ІІІ Петр деп атап, одан аманатқа ұлын және көмекші қол есебінде жүз адам беруін сұрады. Нұралы хан Жайық қалашығына қызмет көрсетуге мойынұсынғандай болып, басшымен келісім жасауға келді... Хан Орынбор губернаторына  жалған аттының келгені жөніндегі алғашқы татарша жазылған хабарлама хатын жолдады. “Біз, далада күн кешушілер, — деп жазады Нұралы губернаторға, – жағаны жайлап жүргеннің өтірікші ме, немесе ақиқат тақсыр ма – кім екенін білмейміз. Біздің елшіміз оны айқындай алмай қайтты, тек сары сақалды екенін айтып келді”. Бірақ: “Сол шақта, – деп көрсетеді одан әрі ақын – Нұралы жалған атақты адаммен сыбайлас бола отырып, өзінің императрицаға берілгендігі жөнінде Рейнсдорпты нандырумен жүрді, ал қырғыздар шапқыншылыққа дайындала берді” (Т.8, 120-121-б.б.). Кітаптың осыдан кейінгі жолдарында Пушкин қазақтардың сонау ертедегі өткеніне, қалмақтармен қарым-қатынасына да көңіл қояды.

 

Шығарманың бірінші тарауына берілген түсініктемеде: “Кіші жүзде Нұралы, Орта жүзде Абылай, Ұлы жүзде Ералы басқарған қазақ жасақтарының 1771 жылғы “шаңды жорықта” қалмақтарды үлкен шығынға ұшыратқаны” (206-б.) жөнінде дерек бар. Бұл мәлімет ақынға біз айтып өткен П.И.Рычковтың кітабынан да белгілі болатын.

 

Орал казактары жөнінде мол мағлұмат келтіріп, олар “тұзды қырғыздар даласы шекарасына жақын жердегі Индер мен Грязное ащы көлдерінен, не Жем жағалауындағы көлдерден алады”, – деп жазады. Пушкиннің “Пугачев тарихы” үшін жинақтаған материалдарының арасында көтеріліс басшысының қазақ халқына арнаған үндеуі де ұшырасады (Антонов В.Ф. “Чтение по истории”. М., 1984 С.144). Соғыс қимылдарына қатысқан Жантас, Жантілес, Құлбаба, Есеней, Құттықадам деген қазақ батырлары ерен ерлік көрсетеді. Орал казак орысы Ф.Курицын 1774 жылы Пугачев көтерілісінің құрамындағы қазақ жасағын Сырым Датұлы басқаратынын хабарлайды. Ал, А.Суворов 1775 жылдың 22 маусымында граф П.И.Панинге жазған хатында Сырым батырды Пугачев көтерілісінің ең белсенді мүшелерінің бірі ретінде баяндайды. Әрине, мұндай мәліметтердің орыс ақынына бәрі бірдей жетпеген де болар, бірақ ол өз еңбегінің өне бойында қазақ даласы, қазақ халқы тақырыбына үнемі соғып отырады, сол жылдардағы оқиғаларға талдау жасайды. Жайық бойында ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге ден қояды. Солардың бірі – “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жыр-аңызы­ның жазылып алынуы.

 

А.С.Пушкин мұрағатынан осы лиро-эпос мазмұнының табылғаны жөнінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап айтылып келеді. Зерттеушілердің біразы ақын оны осы сапары барысында, Орынборда, не Оралда болған кезінде естіді деген пікірде. Кейбір авторлар (М.И. Фетисов, т.б.) “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырының мазмұнын Пушкин В.И.Дальден, тіпті қазақтардың өзінен жазып алғаны жөнінде сыңай танытады. Оған дәлел ретінде ақынның татар тілін білгендігін алға тартады. Бұл тілдің қазақ тіліне ең жақын тілдердің бірі екендігі, сол кезеңде білімді қазақтардың татар тілінде сөйлегендігі белгілі. Пушкиннің “Арзрумға саяхат”  өлеңінде мынадай жолдар бар: “Ешқандай тіршілік белгісін кездестірмей ұзақ жүрдім. Ақырында оқшау тұрған сакляны көрдім. Есік қақтым. Иесі сыртқа шықты. Мен одан жол жағдайын орыс тілінде, сонан кейін татар тілінде де сұрадым”.

 

Пушкин қандай деңгейде де татар тілін білген болсын, бірақ одан ақын “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырын 1833 жылы тікелей қазақтардан естіп, жазып алды деген ұғым тумайды ғой. 1825 жылы “бұл лиро-эпостың халық аузындағы нұсқасын С.Б.Броневский жазып алған болатын. Оның Пушкинмен таныстығы түрлі әдебиеттерден зерттеушілерге жақсы белгілі. Оған дейін (1807) қазақ көпесі Мұртаза Файзуллин Семейден Шығыс Түркістанға барған кезінде эпостың сюжетін жазып алып, қайтып келгеннен кейін Г.Ф.Генске тапсырады. Мүмкін, Пушкинге жыр мазмұнын Генс берген шығар. Зерттеушілердің көпшілігі Пушкин “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырын А.И.Левшиннің кітабынан білді деген тұжырымға бейімділік танытады. (ҚСЭ. Т.7 212-бет). Бұл пікір де орыс ақынының қазақ эпосының мазмұнын қашан, қай жерде, кімнен жазып алды деген сұраққа жауап бермейді.

 

Ақынның Орынбор мен Оралға сапарына байланысты жұмбақ жәйттер мұнымен шектелмейді. Ең алдымен Пушкин мен орыс жазушысы В.И.Дальдің (1801-1872) Орынборда жүздесуі жөнінде.

 

Соңғы кезде Дальдің Орынбордан Оралға барарда Пушкиннің серіктесі болмағаны жөніндегі пікірлер де көрініс беруде. Ол 1916 жылы Петербургте жарық көрген “Пушкин және оның замандастары” (23 және 24-ші шығарылымдары) деген жинақтағы Д.Н.Соколовтың “Пушкин Орынборда” атты мақаласынан бастау алып, 1980 жылы “Простор” журналында басылған А.Д.Белыйдың “Даль рапорты” деген мақаласында қосталады.

 

Мұндай тұжырымға кейбір негіз де бар сияқты. Мұрағатта  1833 жылдың 21 қыр­күйегінде В.И. Дальдің “Орал әскері жеріне” барып қайтқан сапары туралы Орынбор генерал-губернаторына жазған рапорты бар. Дәл сол күні Пушкин Орал қаласына жолға шығады. Осыған байланысты аталмыш авторлар 2500 шақырым сапардан келген В.И. Дальдің қайта жолға шығуы мүмкін емес қой деген пікір білдіреді.

 

Бұл жөніндегі талас-тартысқа, “Даль рапортының” қай күні жазылғандығына  тереңдемей, қалай болғанда да оның Орынборда Пушкинмен жүздескенін, Орал қаласына дейін оған еріп жүргенін теріске шығаруға болмайтындығын айтуымыз қажет. В.И.Дальдің  өзі Бердск слободасына Пушкинмен бірге баруын еске алып: “Біздер Пугачевты білетін, көрген және есінде ұстаған кемпірді тауып алдық”, — деп жазады. (Пушкин в воспоминаниях современников. М., 1950 С. 454). Оған қоса Дальдің 25 қыркүйекте  Орал қаласынан Н.И.Гречке жазған хаты тағы бар. Яғни, ол 23 қыркүйекте Пушкинді шығарып салған. 

 

В.И Дальдің қызы да әкесінің Пушкинмен бірге Орынбор мен Оралда болғанын растайды ( Русский архив. 1899. № 5.с. 137-138).

 

Басқа деректерде Дальдің Пушкинмен 1832 жылдың күзінен таныс екендігін, 1833 жылдың 18-19 қыркүйегінде олардың Орынбор мен Бердск слободасында бірге болғандығы көрсетіледі. Пушкиннің кітапханасында Дальдің бірнеше кітаптары да сақталған.

 

1835 жылдың наурыз-сәуір айлары шамасында Пушкин Петербургтен Орынборға В.А.Перовскийге хат жазып, онда “Бердскідегі серуеннің естелігі ретінде сізге “Пугачев тарихын” жіберіп, оған тағы 3 данасын қосып отырмын, Дальге, Покотиловқа және сондағы аңшыға...” деп көрсетеді ( т.10, 411-412-б).  Мұндағы В.А.Покотилов – ақынды Оралға дейін-ақ Орынбордың өзінде қарсы алған казак әскерінің атаманы; “аңшы” — К.Д.Артюхов, инженер-капитан.

 

Қазақ халқының тұрмысы мен ауыз әдебиетінің білгірі, кейін Исатай мен Махамбет көтерілісіне бүйрегі бұрған орыс жазушысының қазақтар хақындағы шабытты әңгімелері Пушкинге әсер етпей қоймаса керек.

 

Қазақ даласына шеккен сапары Пушкинді шытырман сезім құшағында қалдырып, Ақ Жайық, даланың өзіндік өзгеше келбеті ақыл қиялына қанат бітіреді. Жергілікті әндер (“Гурьевтен-қаладан”, “Жайық казактары”), қалмақ ертегілері, қазақ аңыздары бірігіп азаттықты аңсаған орыс, башқұрт, қалмақ, қазақ халықтарының көтеріліске қатысуы жөніндегі шығармасының  п

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Оценка качества продукции
Культура Древней Руси
Социальный критерий качества формирования библиотечного фонда
Индустриализация


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ