Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

сихологиялық аурасын анықтайды.

 

*  *  *

 

Басы ашылмаған мәселелерінің бірі – А.С.Пушкиннің Жәңгір хан (1801-1845), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) және Г.С.Карелинмен (1801-1872) қарым-қатынасы жөнінде.

 

1821 жылы Орынборға жер аударылған Карелин бұл қалада А.И.Левшин, В.Д.Воль­ховский, Г.Ф.Генспен достық қарым-қатынаста болады. 1826-1828 жылдары ол Бөкей ордасына сапар шегіп барады. Сөйтеді де 1828-1830 жылдары Жәңгір ханның іс басқарушысы ретінде оның Нарынқұмдағы ставкасында тұрады. 1829 жылы Бөкей ордасы жерінің картасын құрастырады. 1832 жылы наурызда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге жіберіледі. Сол жылдың жазында Петербургке шақыртылып алынып, оған жаңа тапсырмалар жүктеледі. 1834 жылы мамырда Ново-Александровск қамалының негізін қалайды. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына жіберілген экспедиция жұмысының барысында адай руының батыры Сүйінқарамен ұшырасады. Сүйінқара Карелинге “хиуалықтардың шабуылынан қорғау” жөнінде хат тапсырады. Сонда Г.С.Карелин мен Пушкиннің жолдары қалай қиылысты деген сұрақ туады. Бұл орайда олардың ортақ таныстары арқылы бірін-бірі жақсы білгендігіне сілтеме жасаймыз. Ең алдымен, Карелин де, Пушкин де – декабристердің көзқарастарын бөліскен адамдар. Карелиннің зайыбы А.Н.Семенова Пушкиннің досы А.Дельвигтің әйелінің құрбысы болатын. Карелин Пушкиннің танысы А.П.Свиньинмен де хат жазысып тұрады. Оған қоса Бөкей ордасында талай рет жүздескен В.И.Дальмен таныстығы, оның Пушкинге осы өңірде болған уақытында Карелин жөнінде әңгіме айтпауы мүмкін емес. (Архив АН СССР Л., 1933 г. С. 160-162).

 

Біз Карелин Пушкинмен Оралға барған сапарында кездесті деген пікірден аулақпыз. Себебі Карелиннің 1833 жылдың қыркүйегінде қайда болғаны әлі де болса зерттей түсуді қажет етеді. Соның өзінде Григорий Силычтың Махамбет ақын мен Жәңгір ханды Пушкинге апарар жолдағы көпір болғандығына көп негіз бар.

 

Бірақ мүмкіндік пен оның шындыққа айналуының арасы – жер мен көктей. Мұны ескермеген авторлардың бірі Жәңгір ханды Пушкиннің “жақсы танысы” (“приятель”) деп жазады. Бір қарағанда солай да шығар деген ой түрткілейді. Олардың да, В.И.Дальді айтпағанның өзінде, профессорлар А.Казембек, К.Ф.Фукс, т.б. ортақ таныстары болады. Оқиғалар тізбегі, уақыт пен кеңістік секілді факторлар да орыс ақынымен қазақ ханын жолықтыруға итермелейді. Жәңгір хан Петербургке алғаш рет 1826 жылы Фатима ханыммен бірге І Николайдың таққа отыру салтанатына байланысты келген-ді.

 

Осы сапар барысында хан Каспий жағалауындағы шұрайлы аймақты “иемденген” князь Юсуповпен кездеспеді ме деген ой туады. Біздің айтып отырғанымыз – ата-бабалары шоқынған орыс ақсүйегі, сенатор, меценат Николай Борисович Юсупов (1750-1831); оның Архангельскідегі үйінде Пушкин 1827 жылдың күзінде қонақта болады. Ақынның 1830 жылы жазылған “К вельможе” деген өлеңі де осы Юсуповке арналған.

 

Жәңгір Петербургте оншақты күн болып, барлық ойын-сауықтарға, оның ішінде К.Ф. Фукс ұйымдастырған әдеби кешке де қатысады.

 

Карл-Фридрих (Федорович) Фукс (1776-1846) – дәрігер, профессор, 1805-1828 жылдары Қазан университетінің ректоры, әдебиетші, Еділ бойы өлкесінің білгірі. Бұл адаммен Пушкин 1821 жылдан таныс еді. Ақынның кітапханасында Фукстің “Башқұрт Оралы бойынша саяхат” деген кітабының болуы, Орынборға бара жатқан жолда 1833 жылы Қазанда оның үйінде бір күнге тоқтауы, әйелі Александра Андреевнамен 1833-1836 жылдары хат жазысып тұруы және оған 1835 жылы “Пугачев тарихын” жолдауы (Т.10, 423,433-2б.) көп нәрсені аңғартады. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, Фукс Жәңгір хан мен 1826 жылы елге оралып келе жатқанда Қазанда тағы жолығысады.

 

Сонымен, орыс ақынының қазақ ханымен кездесуіне барлық жағдай болған сияқты. Алайда олардың жолдары қиылыспады. 1826 жылы Жәңгірдің Петербургте болған кезінде Пушкин Михаиловское селосында айдауда жүрді, қалған уақытта да олар жүздеспеді.

 

Енді әңгіме арнасын Махамбетке бұрайық. Осыдан үш жылдай бұрын, яғни 2003 жылғы 15 тамызда “Қазақ әдебиеті” газетінде “Махамбет пен Пушкин” деген көлемді дүние жарияланып, оның авторы екі ақынды бір-бірімен “шүйіркелестіріп” қояды. Жарайды, оны жазушының қиялынан туған делік. Бірақ “Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясындағы” “Хан тоғайы” деген мақалада осы жағдай қай­таланып, Махамбет пен Пушкин Нарын құмында кездеседі. Мұндай мәлімет орыс ақынының әр күні мен сағатына дейін тәптіштеп жазып жүрген зерттеулердің бірде-бірінде ұшыраспайды.

 

Олардың ортақ таныстарының болуы Махамбет пен Пушкиннің сырттай білістігі жөнінде ғана тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Дальмен хан сарайында да, қазақ ауылдарына барған шақтарында да жүздесіп, әңгімелескені сол уақыттағы оқиғалармен біршама дәлелденеді. Дальдің қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларын жинауы, қазақ тақырыбына арналған шығармаларын жазуы барысында Махамбетке соқпай кетуі қисынсыз сияқты. 1833 жылдың жазында Гурьев (қазіргі Атырау), Орал қалаларына, Бөкей ордасына екі айлық іссапарда болғанда Даль қазақ ауылдарын аралап, жергілікті халықтың қам-қарекетімен, рухани дүниесімен терең танысады. 1833 жылдың мамыр-маусым айларында Махамбет оқуға бара жатқан Жәңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге Орынборға аттанады. Олар мұнда Карелиннің үйінде тұрады. Ресей Ғылым академиясы мұрағатының Петербург филиалында 1833 жылдың 11 қарашасында Жәңгір ханның Таубұйрат деген жерден жазған хаты сақталған. Онда: “Барлық уақытта менің сізге деген ықыласымды ұмытпайтын боларсыз деп сенемін. Бұл хатты мен жолай Әлмұхамед арқылы жіберіп отырмын... Асығыс жаздым, кешірерсіз. Менің Жұлқаш (Зұлқарнай.) баламды сізге тапсырамын, өз балаңыздай көріңіз” (Петербургский филиал архива РАН. Ф. 137. Оп. 2. Д. 79. Л. 23), — делінеді.

 

Олай болса бұрыннан да таныс, аралас-құралас Махамбет пен Карелин арасында олар тұрып жатқан қалаға ұлы орыс ақынының келіп-кеткені жөнінде әңгіме болғандығы сенім туғызады. Бірақ Пушкин мен Махамбетті Хан тоғайында “жолықтырып”, жоқтан өзгені тілге тиек ету ғылыми ізденіске жатпайды. Рухани сабақтастық, дарындылық ықпалдастығы тек жүзбе-жүз кездесіп сұхбаттасудан ғана тұрмайды. Пушкиннің көзі тірісінде де, кейін де қазақ даласында Пушкинге апарар жолдар аз болмады.

 

Дабысым ұлы Ресейге кетер жалпақ,

Тіл біткен жүрер менің атымды атап,

Славян елдерінің ер ұрпағы,

Қазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ, –  деген, өзінің қазасынан бір жыл бұрын жазылған “Ескерткіш” атты өлеңінің бірінші нұсқасында “қырғыз, қалмақ” деп көрсетілгені оқырманға мәлім. Қалмақ пен қазақ бірде атысып, бірде табысып жатса да, олардың бір географиялық мекенде орналасқаны ескеріліп, “қырғыз” сөзі сонау Сібірдегі “тұңғыспен” ауыстырылған-ау деген ой келеді.

 

Қазақ (қырғыз) деген сөздің Пушкин шығармаларында аталуы, не аталмауында тұрған ештеңе жоқ. Әңгіме қазақ даласы, оның тұрғындары туралы сан алуан мағлұматтардың Пушкиннің рухани әлемінде алған орны жөнінде.

 

Жоғарыда айтылған 1835 жылдың көктемінде Перовскийге жазған хатының: “Далада, не Жайық бетінде кездескенше сау бол” (Т. 10. 412-б.) деген сөздермен аяқталуы Пушкиннің қазақ жеріне тағы бір рет соғуға ниеттенгенін білдіреді.

 

Пушкиннің өлімінен кейін ақын мұрасын қазақ даласында насихаттағандардың бірі С.А.Раевский еді. Ол да – М.Ю.Лермонтовтың “Ақын өлімі” деген өлеңін таратқаны үшін Бөкей ордасына жер аударылған Пушкиннің досы. Жәңгір ханның кеңсесінде орыс канцеляриясының бастығы болып істейді. Ханның тапсырмасымен ол Бөкей ордасының картасын толықтырады. Олай болса хан сарайында да, Ордада да Пушкинді білген, өлеңдерін тыңдаған.

 

Қазақ даласы орыс ақынын жатсынбайды, оны “кім?” демейді. Пушкин мұрасы қазақ тілінде сөйлей бастайды. “Татьянаның әні” қазақ елінің әр түкпірінде шырқалады.

 

ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде-ақ қазақтар Пушкинді есте қалдыру іс-ша­раларына атсалысады. Қазақстанның Орталық мұрағаты қорында “А.С.Пушкинге ескерткіш орнатуға қаржы жинау туралы Орынбор және Самара генерал-губернаторымен хат-хабар алмасулар” деген 1861 жылғы құжаттар бар (ҚР ОММ. 4-қ.1-тізбе. 3040-іс. 14-парақ). Осыған байланысты елден қаржы жиналғанда қазақтың дарынды ұлдарының бірі М.С.Бабажанов (1832-1871) бөкейліктерді өзі бас болып ұйымдастырып, бір мың сомның үстінде ақша өткізген. Бұл ескерткіш Мәскеуде 1880 жылы ашылғаны белгілі.

 

“А.С.Пушкинге ескерткіш орнату үшін қайырылымдылыққа шақыру туралы” деген тағы бір құжат осы мұрағаттың 44-ші қорында (Жетісу облыстық кеңесі (1868-1918)) ұшырасады.

 

Бірте-бірте Пушкин шығармалары қазақ жеріндегі мектеп қабырғаларынан, театр сахналарынан орын ала бастайды. 1901 жылдың сәуір айында Бөкей ордасы Уақытша кеңесінің залында қазақ балалары мен қыздар мектебінің оқушылары ақынның “Балықшы және балық туралы ертегісі” бойынша спектакль қояды (Тургайская газета. 1901. 14 сәуір). Пушкиннің жақын танысы  декабрист Н.В.Басаргиннің (1800-1861) ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарында Шоқан Уәлихановпен танысуы да Пушкин шығармашылығын қазақ даласында насихаттау­дың тағы бір арнасын меңзейді. Сол кезеңде Басаргин Сібір казактарының кеңсесінде қызмет істеп жүріп, Құсмұрын округіндегі Шоқанның туған жерін аралайды; 1843-1848 жылдары Омбыға жұмысқа ауысады. Ал 1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түседі. Олард

12345След.
скачать работу

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ