Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

саяхат” деген неміс тіліндегі кітабында Пушкин қазақтар туралы соны этнографиялық материалдармен, Индер тұзды көлінің маңындағы даланың суреттемесімен кезігеді. Паллас Петербургтен Орынборға келіп, Орал және Гурьев қалаларына сапар шегеді. Бұл жолмен 1833 жылдың күзінде Пушкин де жүріп өтеді. Палластың суреттеуіндегі Жайық пен Еділ аралығындағы кеңістік ақынға қайта ұшырасады.

 

Лепехиннің (1740-1802) 1768-1771 жылдары жасаған саяхатында қазақтардың тілі, діни нанымдары, тұрмыс тіршілігі туралы айтылып, Нарынқұм, Қамыссамар, Жайық өзенінің оң жағалауындағы басқа да мекендер суреттеледі. Ал академик И.И.Георгидің (1729-1802) “Ресей мемлекетін  мекендеуші барлық халықтардың си­паттамасы” деген монографиясы 1776-1777 жылдары төрт том болып, біреуі неміс, үшеуі орыс тілінде басылып шығады. Еңбектің екінші томындағы “Қырғыздар туралы” бөлімінен қазақтардың бет-пішіні, ұлттық киімдері, әдет-ғұрпы жөнінде мағлұматтар алуға болатын еді.

 

Сібірге академиялық экспедицияға қатысқан швед Ф. Страленбергтің “Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөліктерінің, әсіресе, Ресей, Сібір және Ұлы Та­тарияның тарихи-географиялық сипаттамасы” (1730) деген кітабын сатып алуы ақынның Ресей бодандығындағы халықтар өмірін танып-білуге қаншалықты көңіл бөлгендігін көрсетеді. Страленбергтің неміс тілінде шыққан бұл кітабы тез арада ағылшын, француз, испан  тілдеріне аударылады. Автор: “Үлкен Татарияда өзбек, түркімен, қырғыздар..., сонымен бірге қарақалпақтар, Қазақ ордасы (Kosachі Hordae) бар, олардың бәрі – мұсылмандар”, деп жазады. Әсіресе Страленбергтің 732-734 жылдар шамасындағы “жұмбақ жазулар” (көне түркі жазулары), Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштері, Ұлытау шыңдарының біріндегі жартас­тағы суреттер, Ертіс пен Есіл өзендері жазығындағы көне мазарлар туралы хабарлары Пушкин үшін үлкен жаңалық болатын.

 

Пушкин мәскеулік жазушы А.С. Норовтың (1795-1869) бай кітапханасынан 1681 жылы Амстердамда шыққан голландтық Ян Стрейстің “Московия, Татария, Персия және Индияға саяхат” деген шығармасын, Степан Разин туралы Парижде жарық көрген кітапты алдырып оқиды. 1833 жылы қарашаның орта кезінде Норовқа хат жазып, Ресей тарихы туралы басылымдарды сұратады(Пушкин А.С. Полн. собр. соч. В десяти томах. Изд. четвертое. Т. Х. С. 356)

 

Ян Стрейс Мәскеуден Астраханьға дейінгі сапары жөнінде жаза келіп, ноғайлардың өмірі, 1669 жылы қыркүйекте Астраханьда Степан Разинмен кездесуі, бұл өңірдегі халықтардың ауыз әдебиеті жөнінде қызықты деректер келтіреді. Өзі естіген “Патша қорғаны” туралы аңыздың қысқаша мазмұнын баяндайды.

 

Міне, осындай кітаптарды ақын назар аудара отырып оқып, ой-елегінен өткізеді. Оның бір мысалы – Пушкиннің француз астрономы Шапп д'Отроштың “Сібірге сая­хат” деген кітабы жөнінде “Современник” журналына мақала жазуға ниеттенуі (Т.8, 103-105=бб.), бірақ бұл жоспары аяқталмаған күйінде қалады.

 

Пушкин 1814 жылы Галицияда басылып шыққан Антон-Фридрих Бюшингтің “Жаңа тарих пен география жинағы” деген еңбегімен танысып шығады. Ақын назарына шығармадағы Шарль-Луи Лезюрдің “Казактар тарихы” деген мақаласы ілінеді. Е.Пугачевтің Ырғыз даласындағы мекендерге шабуылы жөніндегі баяндаулар Пушкин танымын жергілікті тұрғындарға қырғидай тиіп отырған Жайық казактары туралы кейбір мәліметтермен толықтырады.

 

Ақын өзінің досы, атақты библиограф С.Семевскийдің кітапханасында С.Герберштейннің “Московия істері жөніндегі жазбалар” (Базель, 1551), Дж. Флет­чердің “Орыс мемлекеті және осы елдегі тұрғындардың мінезі мен әдет-ғұрпының сипаттамасы жөнінде” (Лондон, 1591) деген кітаптарға назары түседі. Оларда да қа­зақтардың кәсібі мен орналасуы жөнінде, тіпті тарихшылардың өздеріне белгісіз, мүлдем жаңа мәліметтер кездесетін. Мысалы С. Герберштейннің еңбегінде Қасым хандығы туралы айтылып, бұл мемлекет тұрғындары “қазақ” деп аталатыны, олардың араларындағы әлеуметтік топтар жөніндегі баяндаулар аса құнды мағ­лұматтар болып табылатын. Басқаша сөзбен айтқанда Пушкин қазақтардың Ресейге бодан болуына дейін көп бұрын өз мемлекетінің болғандығы жөнінде мағлұмат алады.

 

Немістердің энциклопедист ғалымы А. Гумбольдт (1769-1869) қазақ даласы арқылы Қытай шекарасына дейінгі саяхатынан кейін 1829 жылы Пушкинмен Петербургта кездесіп, Орынборда генерал-губернатордың оның құрметіне ұйымдастырған қазақ әншілері мен жырауларының концертіне қатысқандығын, қазақ даласының тұрғындары туралы әсерін ала келеді.

 

Ақын замандастарының ішінен әскери топограф, генерал-лейтенант И.Ф.Бларамбергтің (1803-1878), Омбы облысының бастығы С.М Броневскийдің (1786-1858) есімдерін ұшыратамыз. Бірі 1836 жылы Каспий теңізінің шығыс жағалауын зерттесе, екіншісі “Сібір қырғыздары туралы жарғыға” сәйкес “сыртқы округтер” құру үшін қазақ даласына жіберілген әскери экспедицияны басқарады. “Генерал-майор Броневскийдің Орта жүздің қырғыз-қайсақтары туралы жазбалары” деген еңбегі 1830 жылы “Отечественные записки” журналының бірнеше сандарында жарияланады. 1834 жылы жарық көрген “Омбы облысындағы, әсіресе, қырғыздардың арасында тараған түрлі дақылдардың егістігі” деген мақаласы да Пушкинге қазақтардың “таза көшпелі” еместігін білдіреді.

 

Орыс ақынының қазақ, өзбек халықтары туралы танымының кеңейе түсуін Ф.А. Бекович-Черкасскийдің (1790-1835) Хиуаға жорығы туралы пікірлерінен байқауға болады. Орыс қызметіндегі кабардалық 1829 жылдың жазында Пушкинмен кездесіп, шығыс өңірлері жөніндегі ой-түсініктерімен бөліседі.

 

Ресей империясының қазақ даласы арқылы Орталық Азияға қарай ұмтылысы да ақын назарынан  тыс қалмайды. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында ол Бас штабтың капитаны Е.К. Мейендорфтың Бұхараға жасаған саяхатының материалдарын парақтап шығады. 1831 жылдан бастап Мейендорфтың өзімен де достық қарым-қатынас орнатады.

 

Пушкин Петербургтегі “Қасиетті артель” (1817-1818) деп аталатын ұйымға қатысушы В.Д. Вольховский, А.А. Дельвиг, И.И. Пущинмен араласып жүрген уақытында Н.Н. Муравьевпен танысады. Онымен кездесулері жөнінде ақын “Арзрумға саяхат” өлеңінде еске алады. Олардың бірінде Н.Н. Муравьев 1828 жылы жарық көрген “Қырғыз тұтқыны” деген өлеңмен жазылған повесін ақынға табыс етеді.

 

Н.Н.Муравьев 1819 жылы әскери отрядпен дипломатиялық келіссөздер және барлау жүргізу мақсатында Хиуа хандығына жіберіледі. Сол жылы ол Қарақұм арқылы Хиуаға жетеді. 1822 жылы Мәскеуде жарық көрген “1819 және 1820 жылдардағы гвардиялық Бас штабтың капитаны Н.Н. Муравьевтың Түркімения мен Хиуаға жасаған саяхаты” деген еңбегінде бұл өңірлер жөнінде қамтылған деректердің молдығы мен құндылығы соншалық, оны бірден Франция мен Германия бастырып шығарады. Француз тіліндегі нұсқасы Пушкиннің кітапханасынан орын алады. Кітапта Пушкин түркімендер мен қазақтардың материалдық мәдениеті, керуен жолдарындағы құдықтар, Үстірт қазақтарының тұрмысы, олардың арғымақ  жылқыларды Қият қаласына әкеліп, хиуалықтарға сататыны туралы жолдарды ұшыратқаны сөзсіз.

 

Ақын 1818-1825 жылдары “Сибирский вестник” журналындағы материалдармен, оны шығарушы Петербург академиясының корреспондент-мүшесі, тарихшы Г.И.Спасскиймен (1774-1864) танысады. 1825 жылы ағасы Лев арқылы Михайловское селосына “Сибирский вестниктің” барлық санын түгел салып жібе­руді сұрайды. Ақын өтінішінің орындалғанын оның кітапханасында осы ба­сылымның 1818-1822 және 1824 жылдардағы сандарының болуынан көреміз. Оларда қазақ тақырыптарына мол орын берілген еді. Журналдың Пушкин кітапха­насындағы сандарында Г.М.Спасскийдің  “Үлкен және Кіші орданың қырғыз-қайсақтары туралы тарихи мәліметтерін” (1820, 9 және 10-бөлімдері), оған қоса “Еді­ге” жөніндегі аңыз (1820, 10-бөлім, 189-214=б.б.), Сібір мен Қазақ елі хақындағы И.Г. Андреев (1743-1801), Г.С. Бурпашев (1771-1850), М. Поспелов (1813 ж. қаза тапқан), И.П. Шангин (1785-1822), Ф.М. Назаров (1785ж.т.), т.б. авторлардың туындыларын ұшырастыруға болатын еді. Спасский өз еңбегінің кіріспе бөлімінде Бердіқожа туралы аңызды да келтіреді.

 

Пушкиннің шығармашылық ортасына қатысы бар қазақ тақырыбымен шұғылданып жүрген адамдардың көпшілігі “Сибирский вестникпен” қатар, “Отечественные записки”, “Литературная газета” сияқты Ресей жұртшылығына кеңінен мәлім басылымдармен тығыз байланысты еді. “Отечественные записки” тарихи-фи­лологиялық журналының беттерінде 1818-1830 жылдары жазушы, тарихшы П.П. Свиньиннің (1787-1839) қазақ өлкесі туралы бірнеше мақалалары жарық көреді (Вопросы истории. 1967. № 4. С. 208-212). “Орынбор және оның төңірегінің бейнелері” (1828, 35-бөлім, №99, 33-38-б.б.), “Орта Азияның қырғыз-қайсақтары хақында” (1829, 3-4 том, №26, 342-354-беттер) мақалаларында Орынбор қаласының салыну тарихы, Кіші жүздің Ресей боданына айналуы, қазақтардың қонақжайлылығы, достықты, үлкендерге құрмет көрсетуді қадір тұтатындығы жазылады. Бір қызығы автор қазақтардың орыс бодандығын еріксіз қабылдағанын ескертеді. Ақынның П. Свиньинмен таныстығы оның жер аударылғанынан кейін 1827 жылдың маусымында Петербургке оралған кезімен тұстас келеді. 30-шы жылдары Пушкин Свиньиннің материалдарын зерде қойып оқып шығады. Оған ақын кітапханасындағы деректер анық дәлел.

 

* * *

Пушкиннің қазақ тақырыбымен шұғылдануы көбіне Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы шығарма жазу жоспарына байланысты еді. Оған

12345След.
скачать работу

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ