Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

ы тағдыр Омбы интеллигенциясы жиі жиналып тұратын Капустиндердің үйінде жолығыстырады. Басаргинмен  пікір алмасулар Шоқанның Пушкин шығармашылығына ықыласын арттырады. Е.И.Капустинаның  әдеби қонақүйінде Пушкиннің өлеңдері оқылып тұрады.

 

Шоқан Петербургте ұлы ақынның редакциясымен шығып тұрған “Литературная газе­таның” тігіндісімен, оларда басылған В.Г.Крюковтың “Қырғыз шапқыншылығы” повесімен танысады. Пушкин шығармашылығының бір қайнары іспеттес И.Бичурин, А.Левшин еңбектері, “Современник” журналы Шоқанның да рухани әлемін кеңітеді. Ш.Уәлихановтың бір хатында Пушкиннің “Бақшасарай  фонтаны” поэмасынан кейбір жолдардың келтірілуі кездейсоқ емес.

 

Осылайша қазақ даласының көңілі ояу, көзі ашық ұлдары Пушкин мұрасына бойұрады. 1856 жылдың 14 желтоқсанында Ф.М.Достоевскийдің Ш.Уәлихановқа Семейден жазған хатында: “Бәрінен де дұрысы, дала тұрмысы, сіздің ондағы өміріңіз және т.б. туралы жаза алсаңыз жұрттың барлығының қызығушылығын тудыратын мақала болар еді. Сондай жаңалық болып көрінер еді, ал сіз, әрине, не туралы жазуды білер едіңіз (мысалы, есіңізде болса, Пушкиннің аудармасындағы Джон Теннер секілді)”, – деп жазады.

 

Хат мәтінінен Шоқанның ұлы ақын шығармашылығын жақсы білетіндігі аңғарылады. Мұндағы Джон Теннер деген кім? Ол – 1830 жылы Нью-Йоркте Джемс деген сауатсыздау автордың баяндауында жарық көрген “Джон Теннердің жазбалары” атты кітабының кейіпкері. Пушкин оның 1835 жылғы француз тіліндегі аудармасымен танысады да, 1836 жылы “Современник” журналында (Т.3, 205-256-б.) “Шолушы” (“The Revіewer”) деген бүркеншік есіммен көлемді памфлет жариялайды. “Жазбаларда” құрып кетуге душар американ үндістерінің қасіретті өмірі туралы баяндалады. Пушкинді қызықтырған да кітаптың осы қыры еді.

 

– Ақын оқырмандарға жергілікті тұрғындарды қырғынға ұшыратып отырған американ демократиясының екі жүзділігі мен қатыгездігін толық жеткізуге тырысады. Достоевскийдің Шоқанды, мысал ретінде болса осындай “Джон Теннердің жазбаларына” қарай бағыттауында да терең сыр жатқан жоқ па деген ой келеді. Мүмкін қазақтардың да сол кезде үндістердің жағдайын бастарынан кешіріп отырғанын сездіргісі келген шығар. Мұндай тұжырымға келуге  Пушкиннің памфлетіндегі мына жолдар да итермелейді: “Европа мәдениеті оларды (үндістерді) өз атамекендерінен ығыстырып шығарып, оқ-дәрі мен қорғасын сыйлады; осымен оның ізгілікті ықпалы бітеді”. Мұның өзі орыс ақынының отарлық бұғаудағы халықтарға жанашырлық танытуының көрінісі секілді.

 

Әрине, Достоевскийден де, Пушкиннен де “интернационалист” жасаудың қажеті жоқ; олар – өз дәуірінің перзенттері, өз халқының патриоттары. Дегенмен, жолындағы тау-тасты бұзып өтіп, теңізге келіп құлайтын арынды өзен секілді шын талант та ұлттық шеңберден шығып, әлемдік құбылысқа айналмай тұрмайды. Бұл жағдай Пушкин мен Абайға да тән.

 

 

Пушкин және қазақтар

 

 Ұлы ақын өзінің жеке кітапханасына дала перзенттері – біздің бабааларымыз туралы кітаптарды не үшін жинаған?

 

 Көшім Лекерұлы Есмағамбетов  1938 жылы туған. 1965 жылы Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін үздік бітірген. Содан соң 1965 жылдан бастап КазГУ-де оқытушы болып, кейін республика Жоғары және арнаулы орта білім, Сыртқы істер министрліктерінде лауазымды қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында редакция меңгерушісі, гума­нитарлық ғылымдар орталығының бастығы болды. Қазір Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас ғылыми қызметкері. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. “Шындық және бұрмалау­шылық”, “Көне Қазақстанды көргендер”, “Біз туралы батыста не жазған”, “Қазақтар шет ел әдебиетінде” атты кітаптардың авторы. Дж.Демконың “Орыстардың Қазақстанды отарлауы”, С.Пфинханың “Құқық философиясы” еңбектерін ағылшын тілінен қазақшаға тікелей аударған.

 

 ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының орта кезінен А.С. Пушкиннің өз елінің тарихына, оның Б. Годунов, Бірінші Петр, Е.Пугачев секілді тұлғалары өміріне бой ұруы жай қызығушылықтан емес, оның адамзат өркениетіндегі орнын анықтауға тырысушы­лықтан туындаған мұраты еді. Осыған байланысты Ресей империясының құрамына енген түрлі ұлыстар мен халықтарды танып-білу де ақын мұрасының бір арнасын құрайды.

 

Пушкиннің бұл бағыттағы ізденістеріне ХІХ ғасырдың өзімен бірге ала келген тарихи үдерістің тұтастығы туралы ой-пікір шешуші әсер етті. Осы кезеңде қалыптаса бастаған тарихилық принципі қоғам дамуын әлеуметтік прогрестің біртұтас тізбегі ретінде қарауды қажет деп таппайтын XVІІІ ғасырдың ағартушылық көзқарасынан өзгеше еді. Ағартушылық жүйеде тарихи оқиғалар бірімен-бірі қатар тұратын, бірақ олар бірінен бірі туындамайтын.

 

XVІІІ ғасырда, тіпті ХІХ ғасырдың бастапқы онжылдығында тарихшылар қоғамды тану үшін “адам табиғатын”, оның сезім құбылыстарын зерттеудің қажеттілігін айтса, жаңа тарихи мектеп, керісінше, қоғам табиғаты, “дәуір рухы” адамның ой-пікірін қалыптастырады деп есептеді. Пушкин осы мектептің өкілі ретінде қалыптасты. Оның да прозалық шығармаларында тарихи дамудың белгілі бір баспалдағында тұрған қоғамды, оның ерекшелігін, сұраныстарын, әдет-ғұрпын, психологиясын танып-білу маңызды орын алды.

 

Мұндай жаңа көзқарасқа көшу Францияда ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында қа­лыптасты, яғни Пушкиннің тарихи ой-пікірі көкжиегінің анықталуы осы құбылыспен тұстас келді. Ақын батыс тарихнамасы мен әлеуметтік ой-пікірінің барлық ағымдарынан хабардар еді. Оның М. Вольтер жөнінде “тарихтың қараңғы мұрағатына философия сәулесін түсірді”, – деуі осының куәсі болатын.

 

Тарих пен уақыт диалектикасы, өткенді зерттеудің бүгінгі күн мен болашақ үшін маңыздылығы туралы жаңа заманның ұстанымы Пушкиннің сана-сезімін баурады. Осылайша ақын көзқарасы адамзат ой-пікірінің озық жетістіктері мен өз дарынының арнасында тоғысып, “Пугачев тарихы”, “Капитан қызы” секілді сом дү­ниелерге жол ашты. Пушкиннің жақын досы П.А.Плетнев: “Табиғат ақындық талантына қоса оған таңқаларлық зерде мен көрегенділік қасиет сыйлаған. Бірде-бір оқыған дүниесі, бірде-бір әңгіме, бірде-бір ой тебіренісі оның өмірінен біржолата сызылып қалмайтын. Оның басы түрлі қазыналар қоймасы секілді сан алуан істерге дайын материалдарға толы болатын”, – деп жазды.

 

Ресейдің қазақ жерінде табан тіреуінің нығая түсуі орыс әдебиетінде “қырғыз (қазақ – ред.) тақырыбының” орнығуына әкеледі. Пушкиннің “Құранға еліктеу” циклі бұл үрдіске оң септігін тигізеді. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының өзінде А.П. Крюковтың “Қаратай” поэмасы (1824), П. Кудряшовтың “Қырғыз-қайсақ тұтқынының мұңы” (1828), В.И. Карлгофтың “Қырғыз элегиясы” (1829) сияқты шығармалар дүниеге келеді.

 

Бұлардың қай-қайсысы да – Пушкинмен ұшырасқан, оның поэзиядағы құдіретін таныған адамдар-тын. Мұндағы Карлгоф – жазушы, аудармашы, генерал-майор. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында А.Ф. Воейков Д.И. Хвостовқа жазған хатында өздерінде Пушкин, Карлгоф, басқа да адамдардың қонақта болғанын айтады. Карлгоф пен Пушкин 1832 жылдың 19 ақпанында және 1836 жылдың 28 қаңтарында жолығып әңгімелеседі. Бұған дейін (1829 ж.) оның  “Қырғыз элегиясы” шығармасы Санкт-Петербургте шығатын “Северная звезда”  альманағында жарық көрген-ді. Қазақ тақырыбы әдеби кештердегі сұхбаттардың, шығармашылық ізденістердің ортақ желісіне айналып, Пушкин мен оның таныстарының қиялына қанат бітіреді.

 

Ақынның күрделі тарихи ізденістерге дайындығын атақты орыс тарихшысы П.М. Карамзиннің шығармашылығына берген бағалауынан айқын аңғаруға болады. 1827 жылы бұл жөнінде ол былай деген еді: “Қайталап айтамын, “Ресей мемлекетінің тарихы” — ұлы жазушының туындысы ғана емес, адал адамның ерлігі. Көптеген кісілер өзінің “Тарихын” Карамзин самодержавиелік мемлекетте басып шығарғанын, осындай сенім білдірумен бірге Карамзинге, бар мүмкіндігінше сыпайыгершілік пен шектеуліктің жүктелгендігін ескере бермейді”.

 

Ақын қазақтар туралы біршама мағлұматтарды қамтыған көп томдық бұл еңбектің сыр-сипатын, идеялық бағытын да жете түсінеді.Соның бір дәлелі – “Карамзинге” эпиграммасы.

 

Пушкиннің үй кітапханасында қазақ жерінің тарихы, табиғаты мен пайдалы кен қазбалары, тұрғындарының кәсібі, әдет-ғұрпы туралы мәліметтерге толы П.С.Пал­ластың, И.Г. Георгидің, И.И. Лепехин, И.П. Фальк, Н.П. Рычков, тағы басқа ғалымдардың еңбектері болатын.

 

Н.П. Рычков (1746-1784) – Орынбор губерниясына қарасты қазақ даласын шарлап, оның тұрғындарының өмірі және табиғатымен танысқан адам. Ол 1771 жылы мамырда қазақ даласы арқылы Шығысқа қарай жөңкіген қалмақтардың ізіне түскен орыс әскерінің  құрамында болады. Қазақ халқы жөніндегі мағлұматтары “Капитан Рычковтың Ресей мемлекетінің түрлі провинциялары бойынша саяхатының журналы немесе күнделігі” деген кітабына енеді. Ақынға керегі Н.П. Рычковтың Е. Пугачев бастаған орыс шаруаларының көтерілісін терең зерттеуі еді. Бірақ оның бұл еңбегі жарияланбай қалады.

 

Петербург ылым академиясының академигі П.С. Палластың (1741-1811) “1768-1773 жылдардағы Ресей империясының түрлі провинциялары бойынша

12345След.
скачать работу

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ