Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

қазақтардың отарлық бұғауға бас имей, көтеріліске белсенді қатысқаны да түрткі болады.

 

Болашақ жұмысына дайындық барысында ақын қазақтар туралы мағлұматтарын толықтыра түседі. Бұл орайда Пушкиннің лицейден бергі досы В.Д.Вольховский (1798-1884) ойға оралады. Ақынның “19 қазан” деген өлеңіндегі “спартандық жанымен бізді баураған” деген жолдар осы Вольховскийге арналған. Лицейді бітір­геннен кейін ол Орынборда қысқа уақытқа тұрақтап, А.Ф. Негри миссиясының құрамына жіберіледі. 400 адамнан тұратын бұл экспедиция Бұхарада болып, қазақтар жөнінде де біршама материалдар жинайды. Жолай керуенді Қызылқұмнан Жаңадария өзеніне дейін Арынғазы Әбілғазыұлы шығарып салады. Экспедиция Орынборға 1824 жылы оралады.

 

1825 жылдың тамызында Вольховский Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы өңірлерді барлау мақсатында жіберілген Ф.Ф. Бергтің экспедициясына қатысады. Ол Сағыз, Жем өзендері бойында болып, сол маңдағы қазақ руларының орналасуын картаға түсіреді. Онда Жоламан Тіленшіұлының қонысын бөліп көрсе­теді. Картада аталған екі өзеннен басқа да, Ойыл, Жақсыбай, Қарабұлақ, Қуағаш, Қарасу өзендері, Тайсойған құмы секілді нысандар белгіленеді.

 

Экспедиция 1826 жылы Сарайшық бекінісіне оралады. Оның жұмысының нәтижелері ретіндегі Вольховскийдің (А. Дельвигпен бірлесіп жазған) “Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы қырғыз даласының топографиялық журналы” деген еңбегі дүниеге келеді. Кітаппен Пушкин танысып шығады.

 

Орыс ақынының Вольховский зерттеулеріне ынтызарлық танытуының себебі бар. Қазақстанның батыс өңірінде ұзақ уақыт бойы жасаған сапарлары барысында Воль­ховский Пугачевті және ол басқарған көтерілісті көргендердің естелік-әңгімелерін жинастырып, жазып алып отырады.

 

Вольховский 1824 жылы Петербургте балалық шақтағы досымен кездесіп, сыр шертіседі. Зерттеушілер Пушкиннің ойына “Пугачев тарихын” жазу туралы пікір Вольховскиймен осы кездесуінде келген болар” деген болжам айтады.

 

1834 жылдың аяғында “Пугачев тарихы” жарық көргеннен кейін Пушкин кітапты Вольховскийге жіберіп хат жазады. “Саған “Пугачев бүлігінің тарихы” деген еңбегімді жіберіп отырмын. Мен онда сол кезеңдегі әскери қимылдарды зерттеуге тырыстым және оларды анық баяндау туралы ғана ойладым, бұл маған оңай шаруа болмады... Ол барлығын да салыстыруды, тексеруді керек етті, кітабым туралы сенің пікірің барлық тұрғыдан да маған аса қымбат болар еді”,– делінеді хатта. Бұдан Пушкиннің бір оқиға жөнінде бірнеше деректерді жинастырғанын, олардың танымдық, шындық деңгейін анықтау үшін қаншалықты ыждағаттылық танытқанын көреміз.

 

“Пугачев тарихының” басты дереккөздерінің бірі П.И. Рычковтың (1712-1777) еңбектері болғаны сөзсіз. Рычков – шаруалар көтерілісінің себептері туралы Пугачевпен жүздесіп, пікірлескен бірден-бір тарихшы ғалым, Орынбор қорғанысының және осыған байланысты көптеген оқиғалардың куәгері. Ол өзінің көріп-білгендері жөнінде, алған әсерлері мен басқа да материалдар негізінде “Орынборды қоршаудың шежіресі” деген еңбек жазып қалдырады. Мұны Пушкин жоғары бағалап, “Пугачев тарихының” екінші бөліміне қосымша ретінде бастырып шығарады.

 

Пушкиннің кітапханасында Рычковтың “Орынбор тарихы” деген еңбегі де болады. Мұндағы “Қырғыз-қайсақтар немесе қырғыздар” деген тарауда айтылған мағлұматтарды ақын жай қабылдап қана қойған жоқ, сонымен бірге “Пугачев тарихына” берілген ескертуде қазақтар мен қырғыздардың бір-бірінен айырмашылығы жөнінде сөз қозғайды. Басқаша айтқанда Пушкинді қазақ халқының шын атын білген сол кезеңдегі саусақпен санарлық авторлардың бірі деуге болады.

 

1762 жылы Рычковтың екінші күрделі еңбегі – “Орынбор губерниясының топографиясы” дүниеге келеді. Онда қазақ жерінің Ресейге қосылып алынуы, қа­зақ-башқұрт, орыс-қазақ қарым-қатынастарының дамуы, кәсібі, діни нанымдары, қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы сипатталады. Рычков Ресей ылым академиясына, нақтылап айтқанда, В.Н.Татищев пен Г.Ф. Миллерге қазақтар және Орынбор өлкесі жөніндегі көптеген құжаттар мен қолжазбалардың көшірмелерін тапсырады. Карамзин тәріздес,  Рычков та Қадырғали Жалаиридің “Жами ат-тауарих” жұмысымен жете таныс болады, оны қазақтар жөніндегі кейбір баяндауларында пайдаланады.

 

1833 жылдың шілде айында, яғни Орынборға сапары алдында Пушкин Г.И.Спасскийге хат жазып: “Сізде Пугачев заманына қатысты Рычковтың қолжаз­басы бар деп естідім... Соны бірнеше күнге бере тұрсаңыз”, деген өтініш білдіреді.Кейін “Пугачев тарихы” еңбегінің үшінші тарауына берілген ескертуінде кітап қолжазбасының үш нұсқасының барлығы туралы айтады. Бұл орайда ақын тағы да аса зерделілігімен, зерттеушілік қырымен көрінеді.

 

Пушкиннің тарихшы, археолог Миллердің (1705-1783) еңбектері мен оның соңында қалған қолжазбаларына қызығушылық танытуы да түсінікті. Миллер өз заманында барлық таныстары мен байланыстарын пайдалана отырып, Пугачев көтерілісі жөнін­де өте құнды материалдар жинастырады. Рычковты айтпағанның өзінде, оған Орынбор губернаторы И.А. Рейнсдорп, князь П.М.Голицын сияқты адамдар көптеген құжаттар, қолжазбалар тапсырады. Нәтижесінде қазіргі кезде Мәскеудегі Көне актілер мұрағатында Миллердің “Пугачев портфелі” деген материалдар құралады (оны қазір “Миллер портфелі” деп атайды). Пушкин міне, осы “портфельді” кеңінен пайдаланады. Демек, ақынға Миллердің “Сібір тарихы” кітабы, “Қазақтардың шығу тегі туралы” мақаласы да белгілі болғанына күмән жоқ.

 

“Пугачев тарихында” “біздің тарихымыз туралы өз ізденістерімен және мәліметтерімен белгілі” деген Миллер туралы А.И. Левшиннің сөздері қайталанады. Пушкиннің басқа шығармаларында Миллерге жеті рет сілтеме жасалады.

 

Ақынның аса қадірлеген шығыстанушыларының бірі Н.Я. Бичурин еді. Пушкин онымен 1828 жылдан таныс секілді. Сол жылдың 28 сәуірінде Бичурин “Тибеттің қазіргі жағдайына шолу” кітабын тарту етеді. 1829 жылы “Чжунгария мен Шығыс Түркістанның көне заманғы және қазіргі кездегі жағдайының сипаттамасы” деген қытай тілінен аудармасы жарық көреді. Мұндағы бір бөлім тұтастай қазақтарға арналған. “Пугачев тарихында” (І-тарауында) Бичуриннің “XVғасырдан бүгінге дейінгі ойраттар немесе қалмақтар жөніндегі тарихи шолу” атты еңбегі пайдаланылады. Ақын оны жоғары бағалап, Бичуриннің “терең білімі мен ыждағатты еңбегі біздің Шығыспен қарым-қатынасымызды тамаша айқындап берді” деп жазады (Т.8, 293-б.). 1830-1831 жылдары Бичурин “Литературная газетаға” мақалалар жазып тұрады. Пушкин “Пугачев тарихына” кірісерде көтеріліске қатысқан башқұрттар мен қалмақтар жөніндегі әдебиеттерді де қамтиды. Ал, олардың өз тарапында қазақтармен күрделі қатынаста болғаны белгілі.

 

Ақын кітапханасындағы Бенджамин Бергманның қалмақтар туралы кітабының француз тіліне аударылған нұсқасы да Пугачев көтерілісінің кейбір қырларымен танысуға мүмкіндік береді (VoyagedeBenjamіnBergmanchezlaKalmuks.1825).

 

Пушкиннің тарихшы және этнограф, Ресей Географиялық қоғамын ұйымдастырушылардың бірі А.И. Левшинмен (1799-1879) қарым-қатынасы оқырманға жақсы мәлім. Ақын оның 1823 жылы жарық көрген “Орал казактарына тарихи және статистикалық шолу” туралы жұмысына “Пугачев тарихының” бірінші тарауында: “Автордың басқа да шығармалары іспеттес бұл еңбегі де шынайы ғылымилығы және байсалды сынымен ерекшеленеді”, – деген пікір білдіреді.

 

1827 жылдың ақпан айында ескі танысы В.И. Туманскийге жазған хатында Пушкин Левшиннің “Московский вестник” журналына мақала жазуын сұрайды. Туманский наурыз айында: “Сіз үшін Левшиннің қолжазбасынан қырғыздар туралы тамаша үзінді жіберемін”, деген хабар айтады.. Мақала сол жылы “Қырғыз-қазақ халқының атауы және оның нағыз, немесе жабайы қырғыздан айырмашылығы” деген атпен басылымның 16-санында жарық көреді. 1831 жылы Санкт-Петербургте шығып тұрған “Литературная газетада” Левшиннің “Қырғыз-қайсақтар немесе қырғыз-қазақтар” деген мақаласы беріледі. Ол да Пушкиннің редакциялауымен және ескертулерімен жарияланады. Көптеген деректер ақынның Левшиннің “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген үш бөлімнен тұратын монографиялық зерттеуін назар қоя отырып оқығандығын куәландырады. 1832 жылы жарық көрген бұл еңбек қазақ жерінің тарихы, географиясы және этнографиясына арналады.

 

Пушкин жеке зерттеулермен шектеліп қана қойған жоқ, 1833 жылдың жазы ортасына дейін әскери министрлік мұрағатының Петербург пен Мәскеу бөлім­шелеріндегі Пугачев көтерілісі туралы құжаттарды әбден сараптап шығады. Тек осыдан кейін ғана Еділ бойы мен Орынбор өлкесіне бару жөнінде шешімге келеді. 22 шілде күні Бенкендорфтың атына жазған өтінішінде Нижегород губерниясы, Қазан мен Орынборға екі-үш айға барып келуге жіберуді сұрайды. Осы сапардың мақсаты жөнінде баспагер Н.И. Греч (1787-1867) өзінің “Парижге хаттар” деген еңбегінде: “Үстіміздегі жылдың (1833) екінші жартысында Пушкин тарихи еңбегіне қажетті мәліметтерді жергілікті жерде жинау үшін Орынборға барды”,– деп жазады. Бұл оның ұлы даланы жиектей жүріп отырып Орынборға, одан қазақ жеріне дендей еніп отырып Оралға соққан атақты сапары еді. Онда не болды, кімдермен жүз­десті, бұл енді келесі мақаланың желісі.

 

 

Авторы: Көшім ЕСМААМБЕТ

12345След.
скачать работу

Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ