Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәңір – түркі Атлантидасы

ыйыну дегеніміз, өлмейтін, мәңгілікке сенудің өмірлік негізгі элементі болып табылады.

Түркі халықтарында тау, өзен, көлдердің рухына сыйыну емес, олардың өзіне сыйыну, яғни табиғатты кейіптеу олицотворение емес, оны тірілту

процессі жүреді58. Көне түркілердің дүниетанымының негізі аруақтарға табыну болып табылады. Өлгендердің рухына, мифтік ең алғашқы бабаларға сыйыну осыдан шыққан.

Ертедегі бабалардың аруақтарына табынып, олардың молаларына сыйынуды Парсы патшасы Дарийға қарсы соғысқан көшпенді массагет тайпасы қағанының: “Сендер біздің жерді жаулап алуға келдіңдер, бірақ бізді жеңу үшін, алдымен біздің бабаларымыздың молаларын табуларың керек” деген сөзінен көреміз. Бұл сөздердің астары мынада. Массагеттердің жеңілмеуінің себебі бабалар аруағына, өздерінің қасиетті жеріне сыйынады. Бостандық үшін күресте батыр-бабаларының аруағы оларды қолдайды.

Бабалар аруағына табыну құдайдың жаратушы күшіне сенудің ең көне формасы. Тарихи даму кезеңінің белгілі сатысында көптеген халықтардың аруақтарға табынуы, соңынан барлық дүниежүзілік діндерге негізгі элементтердің бірі болып енді181

Тәңір дінінің құрамдас бөлігі – оның күнтізбесі.Көптеген ғалымдар бұл күнтізбенің Ұлы даладағы көшпенділерде пайда болғанын дәлелдеді68, 138, 139, 170, 176, 182.

Оңтүстік Қазақстандағы Баба ата қалашығындағы жануарлар суреті бар дискі іспеттес археологиялық материалдарды сараптаған Т.Н.Сенигова “күнтізбені жасаған түркілер және олардан қытайға тараған” деген қорытындыға келеді138, 139. Күнтізбенің Орталық Азиядан шыққанын мойындаған И.В.Захарова, “Жануарлар циклінің осы уақытқа дейін Орта Азиядағы кейбір халықтарда таңба қалдықтарымен араласып жатқанын айтады. Ол Алтай мен Монғолияда табылған. Ондай байланыстың қалдықтары адамның жануар атымен аталатын жылда туылуымен байланыстырады. Қалыптасқан дәстүр бойынша адам ол жануарды өлтірмейді”. Бұл гипотезаны белгілі түркітанушы С.М. Абрамзон да толығымен қолдайды3, 68.

В.В.Цыбульскийдің дәлелдеуі бойынша, “Бұл күнтізбенің шығуы Орта Азиядағы көшпенділермен тікелей байланысты және ол Азияның басқа халықтарына тез тараған. Бұл күнтізбе басқа жерде де пайда болуы мүмкін, бірақ ондағы бірдей жануарларды таңдау мен олардың орналасуы кезегінің бірдейлігі Орта Азия аймағынан шығуының дәлелі”170. Бұл күрделі күнтізбені Ұлы Дала мен Орта Азия аймағының көшпенділері осы қатаң континентальды аймақта өздерінің саяси-экономикалық, рухани, мәдени және жеке өмірінің уақытын белгілеу, яғни көшпенділер өмірін жан-жақты қамту қажеттілігінен шығарған.

Ғарыштағы құбылыстарды және оның жерге әсерін терең зерттеуге негізделген жануарлар күнтізбесі көшпенділердің қажеттілігін қанағаттандыра алды. Ол барлығына белгілі болды, себебі Орталық Азия көшпенді тайпалары мен халықтарының мәдениеті мен цивилизациясы өмірлік Дәстүрінің (Нағыз Білім-Генон) құрамдас бөлігі болды және оның қажетін қанағаттандырды.

Қазіргі ғылымда оны шығу жеріне қарай - Орталық Азия көшпенділерінің күнтізбесі десе, жылдарының санына байланысты 12 жылдық циклдік, қазіргі ресми қабылданған жеріне қарай Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ай-күндік күнтізбесі, 12 жылдық циклде есеп беретін ғаламшарының атымен Юпитер күнтізбесі дейді. Ал, Тенгриан күнтізбесі Юпитердің Күнді айнала қозғалған 12 жылдық циклінен басқа Күн мен Айдың қозғалысына және Сатурнның 30 жылдық цикліне негізделген (учитывает). 60 жылдық цикл Сатурнның екі, Юпитердің бес және алты онжылдық циклдерінен тұрады.

Шығу төркініне және оның Юпитерден басқа ғаламшарлар мен олардың серіктерінің циклдеріне негізделгеніне қарап, оны тек Юпитер күнтізбесі дегеннен көрі Тенгриан күнтізбесі деген дұрыс. Орта Азия көшпенділерін біріктірген Ұлы дін – Тәңір діні немесе Тенгризм7, 8, 9, 42, 153.

“Олар ортақ құдайға (Тенгри) сенеді, оны көзге көрінетін және көрінбейтін бар әлемімен қоса өмірдегі барлық қуаныш пен қайғыны жаратқан деп мойындайды. Бірақ, оған арнап намаз оқымайды, оны мадақтамайды немесе оған арнап құрбандық және т.б. бермейді” дейді П.Карпини42. Ұлы діндер өздерінің дүниетанымдық әлемімен (картина мира), моралімен, уақыт және кеңістік туралы түсінігімен мәдениет пен цивилизация негізін қалады. Тенгризм - көшпенді түркі халықтары цивилизациясының негізі. Себебі реттелген күнтізбе қоғамның өркениетке жататынының  негізгі белгісі40 және мүшел оның генезисі, тарихи-мәдени мазмұны және дүниежүзілік цивилизация көлеміндегі орнына байланысты ғылымда Тәңір (тенгриан) күнтізбесі деп аталғаны дұрыс.

Ұлы діндердің арасында қандай айырмашылық болса да, оларға ортақ нәрсе - өздерінде күнтізбенің болуы. Жаңа діннің күнтізбесін пайдалану, сол жаңа діннің қоғам өміріне сіңуінің негізгі белгісі. Дін қоғамға тарағанда, ондағы дүниетаным мен адамдар өмірін өзгертті және ол өзгерістің  негізгі құралының бірі күнтізбе болды. Тенгриан күнтізбесі әлемдегі күнтізбелердің ең күрделілерінің бірі. Ол Күн мен Айдың қозғалысынан басқа, Юпитердің Күнді айнала қозғалған 12 жылдық цикліне және Сатурнның 30 жылдық цикліне негізделген (учитывает). 60 жылдық цикл Сатурнның екі, Юпитердің бес және алты онжылдық циклдерінен тұрады. Осындай күрделі күнтізбе жасау үшін ғаламшарлар қозғалысының заңдылықтарын түсінетін көшпенділердің терең астрономиялық білімі болды ма?

Ертедегі мықты астрономдар теңізшілер ішінен шыққаны белгілі. Олар ашық теңізде түнгі аспандағы жұлдыздарға сүйеніп жол тапты. Теңіз жағалауымен каботажды жүзген ертедегі финикий теңізшілерінің күнтізбесі Еуропа астрономиясының негізін салды.     

Ертедегі көшпенділердің көшу жолының қашықтығы мен жүріп өту уақыты сол кездегі теңізшілердің жүзу сапарынан бірнеше есеге ұзақ еді. Мысалы “XV-XVIII ғасырлардағы қазақтың “мәңгі” көшпенділері – адайлар бір жылда 2800 шақырымнан астам жерге көшіп - қонып жүреді екен”147.

  Жыл бойы көшіп-қонып жүрген тайпалар Еуразия даласында құнарлы жайылым іздеп мыңдаған шақырым жүргенде айналасында өзгеріп жатқан жылдық кезеңдер мен пейзаждар, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, өзен-көлдер және т.б. бірнеше ландшафт пен климат зонасынан өтеді. Жолда сәби дүниеге келіп, балалар өсіп - ержетіп, үлкендер о дүниеге кетіп жатты. “Әрекетте-берекет бар” дейді көшпенділер. Олардың ғұмыры мен бақыты осы мәңгі қозғалыспен тығыз байланысты болды. Күн мен Ай, ғаламшарлар мен жұлдыздар оларға жолдың бағытын, жыл мезгілін, уақытты анықтайтын және күннің райын болжайтын аспандағы тұрақты белгілері болды. Яғни, осы мәңгі қозғалыстағы әлемде өзгермейтін тек қана төбедегі аспан -  Мәңгі Аспан, Мәңгі Көк Тәңір құдайы еді.

Әрбір көшпенді киіз үйде тұрды. Оның түндігі жылдың белгілі бір мезгілдерінде ашық тұрады да, Ай мен басқа ғаламшарлардың және жұлдыздардың қозғалысы сол үйде өмір сүрген адамның жадында еріксіз жатталып қалады. Яғни, әрбір киіз үй өзінше “планетарий” сияқты. Аспаннан байқалған өзгерістер жинала келе белгілі жүйеге айналды және ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Ғалымдар сонымен қатар, көшпенділердің көзі ерекше қырағы екенін айтады. Мысалы, белгілі саяхаттанушы және теңіз жиһангезі Ф.Н.Врангель якуттар туралы былай дейді: “Бір якут Усить-Янский экспедициясының бастығы лейтенеант Анжуға бір үлкен көкшіл жұлдыз (Юпитер) басқа кіші жұлдызды жұтып қойып, қайта түкіргенін көргенін айтады. Яғни, бұл сібірлік адам жай көзбен-ақ Юпитер серігінің (спутник) тұтылуын көрген170. Астрономияны терең білмей тұрып, ұдайы көшіп жүруге негізделген шаруашылықты меңгеру мүмкін емес: “...XIII-XVI ғасырларда Дешті-Қыпшақта атқа не түйеге жегілген арбаға орнатқан киіз үймен хан, не сұлтан басқарған ұлыс мыңдаған шақырымға созылған жерге көшу жүйесі қалыптасты” 144. Негізінен қуаңшылық аймақта мыңғыраған малға шөбі мен суы жеткілікті құнарлы жер табу мақсатында, жүздеген отбасы жылдар бойы қашық, шалғай жерге бірге көшіп қонып жүрді. Осылай артынып-тартынып, ұбап-шұбап жүріп адасып кетпеу үшін көшпенділер ғаламшарлар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы біліп, күн райын болжауды меңгеру қажет болды. Сонымен қатар, ыстық пен қуаңшылық кезінде және басқа  да себептермен түнде көшуге тура келген кездерде де олар өздерінің мыңдаған жыл тәжірибе жинақтаған жұлдызшылық білімге (астрономияға) сүйенді.

“Жұлдыздардың орналасуын және қозғалуын білген, қырғыз (қазақ-авт.) түнде жолсыз далада сапарға батыл шыға береді және баратын жерін қателеспей табады. Күн батқаннан таң атқанға дейін қай жерде болатынын анық біледі. Сонымен қатар, жолаушы күнге қарап оның қашан шыққанын және қашан бататынын анықтайды. Соған қарап өзінің жұмысын, демалысын, саяхатын, жол жүруін, кездесуін жоспарлайды. Яғни, еуропалық уақытты білу үшін қалтасындағы сағатына қараса, ол аспанға қарайды” дейді А.И.Левшин97.

Түнде де бағыт-бағдарынан еш адаспайтын көшпенділердің бұл қасиетін қолбасшылар шапқыншылық кезінде тиімді пайдалана білді. Әскері тек күндіз ғана қозғалуға бейімделген отырықшы халықтар қай кезде де көшпенділердің түнгі шабуылынан ойсырай жеңіліп қалатын.

Биосфераға, Жердің атмосферасына және адамға ғарыш, оның ішінде жақын орналасқан ғарыштық денелердің белгілі бір мөлшерлі әсері бар. Оның ішінде Айдың әсері зор. Сонымен қатар, ғаламшарлар неғұрлым үлкен болса, оның әсері де соғұрлым күштірек. Сондықтан, Юпитер мен Сатурнның жердегі тіршілік пен адамға әсері ертеден белгілі болды. Соны білген Шыңғысхан өз жұлдызшыларының астрономдар кеңесімен 1226 жылы Юпитер Сатурнды қуып жетті деген уақытта шабуылдарын тоқтатқан111.

Көшпенділердің жұлдыздар қозғалысын зерттеудегі тағы бір негізгі мақсат айналысатын шаруашылығына тікелей байланысты. Егінші халыққа кү

12345След.
скачать работу

Тәңір – түркі Атлантидасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ