Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәңір – түркі Атлантидасы

н райының бір жылдық болжамы жеткілікті болса, мал өсіретін көшпенділерге бірнеше жылдық болжамы қажет болды. Себебі, төл өсіп жетілгеннен кейін өнім беруі немесе сойысқа жарауы үшін бірнеше жыл керек. Мысалы жылқыдан төл алу үшін бір жыл уақыт қажет. Одан кейін бір жаста - құлын, екі жаста – тай, үш жаста – құнан, төрт жаста – дөнен, бес жаста – бесті. Тек төрт жаста ол өсім (өнім) береді немесе жұмысқа пайдалануға жарайды. Түйе өсіру үшін де осынша уақыт керек. Сондықтан көшпендіге алыс қашыққа көшу мен өнім алудың циклін реттеу үшін бірнеше жыл бұрынғы күн райын болжау қажет болды. Ол көшпендіні ұзақ уақыт қиындықққа шыдауға және сол кезде болатын кедергілерге философиялық көзқараспен қарап, оған көңіл бөлмеуге үйретті.

Інжілдегі Иосиф Прекрасный түрмеде жатып Египет фараонының “жеті семіз сиыр жеті арық сиырды, бидайдың толық піскен жеті масағы жеті пышық масақты жеп жатқанын” көрген түсін дұрыс жориды. Фараонның жанындағы Египеттің жер өңдеуші тұрғындары бұл түсті жори алмайды. Оны тұрғылықты халыққа қажетті бір жылды емес, ұзақ уақытты сезетін көшпенділердің гені бар Иосиф қана дұрыс жориды. Оның жоруы бойынша, алдағы жеті жылда өнім көп және молшылық болатынын, одан кейінгі жеті жылда қуаңшылық, аштық болатынын анықтайды.

Бұл сезім Иосиф Прекрасныйге түрмеден шығуға, оның әкесі - інжіл патриархтары* дәуіріндегі “отардың патшасы” (царь стад)101 Иаковке климаты қуаңшылық Аравияда көшпенді шаруашылық жүргізуге көмектесті.

Тек тәуліктік, маусымдық ғана емес, сонымен бірге, жылдық өзгерістері көп болатын Орта Азиядағы қатаң континентальды күн райында тек “ұзақ” уақытты болжаумен қатар осы уақыттағы өзгерістердің заңдылықтарын толық зерттеп, дәл анықтайтын білім қажет болды.

Мыңдаған адам мен сансыз малды қырған жұт Ұлы далада бірнеше жылдан кейін жүйелі түрде қайталанып тұрады. Осындай төрт жылдық жұттың кесірінен б.д.д. І ғасырда шығыс ғұндар мемлекеті ашаршылыққа ұшырап, Қытайдың қарамағына кіруге мәжбүр болады57.

12 жылдық жануарлар цикліндегі аспан символикасымен берілген Юпитер күнтізбесін Шығыс Азияға Орта Азияның көшпенділері енгізді170. Бұл күнтізбені көшпенділер қытайдан алды деушілер ұлу, маймылмешін және тауық жылдарына аргумент жасайды. Ал, қазақтың ұлуы107 шынымен қазіргі қытайдың ұлу - айдаhарына ұқсас. Бірақ қытай күнтізбесінде айдаhар жылы лу, емес чэнь, корейше – чин, вьетнамша – тхин, жапонша – тацу. Қазақтың ұлуы монғолдың жыл аты лууға ұқсас107. М.Ысқақовтың пікірі бойынша ұлу көне түркінің ұлуына (қасқырдың ұлуы) және ұлы деген сөздерінен шыққан182. Олардың екеуі де түркі тайпалары мен халықтарына ортақ, күнтізбеде қасқырға берілген таңба болуы заңды құбылыс. Себебі, “Ұлыған Ұлы”, яғни көк бөрі түркі мәдениетінің инструментальдық музыка, орнамент, вербальдық фольклор сияқты барлық салаларында кездескендіктен луды бөрі деп қараған дұрыс.

Бір жылдың екі атпен аталуы, мысалы мешін және маймыл, ол ескі атты жаңаның ығыстыруынан шыққан. Маймыл жылы 12 жылдық жануарлар циклі – мүшелге ескірген мешіннің орнына кірді107. Қазір қазақтарда мешін күнтізбеде қолданылады. Көне түркінің сөзінде Үркерді мешін деп атайды. Ол ертеректе жоғалған болуы керек, себебі 787 жылғы Хиджрадағы хорезм монетасында “маймыл жылы ... қоңызбен (жук) алмасқан”61. Алтайлықтарда мешіннің мағынасы әрқашан да аспандағы шоқжұлдыз Үркерді көрсетеді182, қалмақтарда Үркерді мешин, монғолдарда мечин дейді182. Сондықтан күнтізбедегі мешін осы Үркер болуы керек. Монғұл мен түркі тілдері туыстас, олардың екеуі де алтай тілдері тобына кіреді және олардың екеуінің де мәдениеті көшпенділер өркениетіне жатады. Ал, көшпенділер үшін Үркердің маңызы ерекше. Ол жылды айға және күнге бөлу қызметін атқарды. Жылдың ең ыстық кезінде, үркер жерге жақындап келеді де, «жерасты әлеміне өтіп кетеді”41, яғни горизонттың линиясынан асып кетеді, ал ең суық кезеңде аспандағы жұлдыздардың ең биік нүктесінде тұрады.

Күнтізбе Оңтүстік Шығыс Азияға тарағанда кейбір жылдардың орындары оңтүстік елдеріне үйреншікті жануарларға ауысты: барс жолбарыс болды, қоян-мысық, жылан қытайларға түсініксіз айдаhар болса, индонезийліктерде – қолтырауынға айналып, түсініксіз мешін олардың барлығында маймылға айналды. “Күнтізбеде кездесетін жануар – маймыл, далада болмайды” дегенге француз ғалымы Э.Шаванн түркілердің І ғасырда Кашмирде билігін жүргізгенін, сондықтан оларға бұл жануардың белгілі екенін жазады. Бұл күнтізбенің Қытайда шықпағанының дәлеліне осы ғалым Тань кезеңіндегі жазбалардағы: “Қырғыздар 12 жылдық жануарлар күнтізбесін қолданады. Ондағы инь жылын олар барыс жылы деп санайды” дегенін келтіреді. Монғұлдар жануарлар күнтізбесін  тек 1210 жылдан кейін қолдана бастады.

 Әлемді жаратқан Тәңір (Тенгри). Ол Аспандағы шырақтар, жұлдыздар және қасиетті жануарларды басқарады. Бұл әлемдегі уақыт мәңгі, оның 60 жылдық айналымында “уақыттың шегіне”, яғни авраам дініндегі міндетті “уақыттың бітуіне” орын жоқ.

Тәңір уақыты ешқандай сандар қатарымен өлшенбейтін Мәңгілік. Сондықтан мүшел белгісінің атрибутында басқа күнтізбелерге тән – жылдарды номірлеу жоқ. Жылдар нумеративпен емес, түстің символикасына сай келетін жануарлар атымен белгіленген. Ол, оң жақ мидағы образдық ойлауға сүйенген, яғни образдың өте көнелігін білдіретін саннан тыс, немесе “до” жүйесі.

Ол күнтізбе жасаушылардың Мәңгіліктің – Мәңгілік екенін түсініп, оны өлшеуге бармағанын көрсетеді. Сонымен қатар, сандардың мәңгілік қатарына ұмтылған нөмірлеу – линиялы және ол осы күнтізбенің негізі болатын уақытты қайта оралу (круговой) түсінігімен келіспейді. Мүшелдегі уақыттың басы мен соңы болмайды, оның соңы – әрқашан да жаңа циклдің басы. Бұл күнтізбеде Алғашқы жаңа жылды анықтау мүмкін емес. Тышқан жылынан басталатын мүшелдегі айналымның басы – ол түркі халықтарындағы конвенциональдық вариант, қалмақтарда бірінші жыл – барыс жылы. Сонымен қатар, әрбір тенгриандықтың, оның туған жылынан басталатын өз мүшелі бар. Барыс жылында туғандар өз айналымын барыстан бастап, сиырдан аяқтайды. Ол үшін барыс жылы, тек оның жеке мүшелінің басталу жылы ғана емес, сонымен қатар ол мүшелдер арасындағы қауіпті өтпелі кезең82. Яғни, жеке адамның дәрежесіндегі уақыт мәдениетінде кез-келген жыл басы және саны болатын мүшелдің 12 нұсқасы бір уақытта болады. Әрбір көшпендінің өмірінде оның жеке мүшелінің ғарыштық өлшемі болады және ол онда өзін еркін сезінеді. Өмірдің уақытын мүшелмен санау жылдардың барлығын ортақ нөмірлеуді тіптен қажет етпейді.

Көшпенділерде, оның ішінде монғұлдарда киіз үйдің дөңгелек кеңістігі 12 сегментке бөлінген, ал тәулік 12 сағаттан тұрады (біз қолданып жүрген календарда тәулік 24 сағаттан тұрады) және олардың екеуінің де аттары бірдей жануарлардың атымен аталады64. Яғни, тәуліктің сағаттары киіз үйдің дөңгелегі, әрбіреуінің белгілі орыны бар отбасындағы – әлеуметтік ортаны білдіретін кеңістіктегі ұғымда біріккен жануарлардың циклін құрайды202, 207.

12 айдан тұратын жылдық цикл қазақтар мен монғұлдарда кіші цикл сияқты жануарлардың орташа циклі деп аталады немесе Жануарлардың үлкен циклін құрайтын 12 жылдан тұратын мүшел, кіші және орта циклге ұқсас.

Жануарлардың кіші, орта және үлкен циклдерінің арақатынасы мен құрылымы Ұқсастық және Иерархия, ал олардың қайталануы өмір Айналымының (Круговорот) заңына бағынған*77.

___________________

*Тенгриан уақытының құрылымы Құдайдың Моисеи арқылы ертедегі иудеилерге берген уақытына ұқсас. Ол уақыттың алғашқы матрицасы Құдай алты күнде әлемді жаратып, жетінші күні дем алғандағы Жарату актісі болып табылады. Сондықтан адам алты күн жұмыс істеп, жетінші күні сенбіде демалып, ол күнді Құдайға арнау керек 35

Жұманың құрылымы уақыттың одан үлкен бөлігінде қайталанады. Алты ай жұмыстан кейін жетінші ай Құдайға  арналған тазарту және дем алу күні болып саналады35. Осы принцип жылдар алмасқанда да сақталған, яғни алты жыл еңбектен кейін жетінші жыл жер өңдеушілер мен жер де дем алатын сенбі жылы35.

Уақыттың жеті жылдық кезеңі жеті жетіжылдық кезеңнің негізі болады. Ол аяқталғанда жер дем алып тойлайтын елуінші – сенбі жылы келеді30. Яғни, иудеи уақытының құрылымы да тенгриан уақыты құрайтын иерархия және ұқсастық Заңдарының әсерінде болады. Елуінші жылы қарызбен құлдыққа түскендер босатылып, кедейленген иудеилердің сатылған үйлері мен жерлері бұрынғы иесіне қайтарылады35. Елу жылда өзгерген халық Құдайдың еркімен бостандыққа шығады және еркін болған кездегі қалпына келеді. 12 бірліктен тұратын цикл тәулікті, 30 тәуліктен тұратын цикл айды, 12 айдан тұратын цикл жылды, 12 жылдан тұратын цикл мүшелді құрайды, ал 5 мүшелден тұратын цикл толық мүшел деп аталатын және өзі шексіз қайталанатын  60 жылдық айналымнан тұрады.

         Күнтізбедегі кіші циклдер – тәулік, ай, жыл, мүшел. Олар тірі адамның өмірінде кездеседі. Ал, толық мүшелдің айналымын бір өмірде көру мүмкін емес.

Тенгриан күнтізбесінде олардан басқа 180 және 360 жылдық үлкен циклдер адам өмірінен ұзақ болғандықтан – ол Халықтың, аруақтардың және Тәңірдің уақыты деп есептеледі.

Уақыт өзінің кіші және үлкен шеңберімен айналған сайын, ондағы кіші және үлкен оқиғалар – күннің шығуы мен батуы, көшу мен орнығу, жұт пен тоқшылық, соғыс және бейбітшілік кездер қайталанып тұрады. Ұзақтығы мен уақыт спиралінің сапасы әртүрлі бітпейтін айналыс (қозғалыс) көшпенділер өміріне ғарыштық сезім енгізіп, оны бір уақытт

12345След.
скачать работу

Тәңір – түркі Атлантидасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ