Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Тәңір – түркі Атлантидасы

а бірнеше параллель өмірге қатысты – жеке өмірдің өткенін бір сәттік, халық өмірін бітпейтін аруақтар әлемі мен Тәңірді мәңгілік қылды. Осылай, өмірді бірге оралған бірнеше сатыда, уақыт ағымында иерархияланғандығы олардың поэзиясы мен орнаментіне әсер етіп, сазының ритмикасын күрделендірді21, 116.Сондықтан, уақыттың кіші цикліндегі оқиғалар үлкен уақыт ағымының бөлігі болып саналады және оның жаңғырығы ретінде міндетті түрде сол уақыттағы оқиғалардың шындығы мен тұрмыстығының (бытовизм) философиясы мен символикасын көрсетеді (несет)22, 117, 118.

Тәңірге табынғандар “Қайта тірілу” (Перевоплощение) заңын білген және тайпаның құрметті адамы өлгенде оның зиратына қымыз құйып, одан жанының қайта тірілуін және оның тайпаға қорған болуын сұрады 63. Тәңір ұғымы бойынша Бұ дүние мен О дүниенің арасында кедергі жоқ, олардың уақыты бірге жүреді, сондықтан адамдар мен аруақтар әрқашан қатынаста. Егер Қасиетті аруаққа арнап садақа берсе және оның моласының басында түнесе, ол көптеген аурудан жазылады, балалы болады және бақытқа кенеледі. Бұ дүниедегі кіші циклдер О дүниедегі үлкен циклдің бөлігі болып саналады және олардың айырмашылығы оқиғалардың санының өлшеміне қарай сапаның өзгеруінде. Тек шамандар ғана емес, сонымен қатар О дүниедегілер уақыт пен кеңістіктің әртүрлі сатысындағы Төменгі, Ортаңғы және Жоғарғы әлемде еркін жүреді және Бұ дүниеге еркін енеді14, 15, 84.

Тәңір діні басқа діндермен таласып, олардың құдайларын шайтан, жын-пері түрінде көрсеткен жоқ. Сондықтан, христиан дінінде көп кездесетін перілер мен шайтандар онда сирек. Қайта ол басқа діндердің кейбір элементтерін өзіне енгізіп, өзінің негізгі – уақыт пен әлем гармониясы ұстанымын өзгерткен жоқ. Тенгриан күнтізбесі Ғарыш пен Табиғаттағы құбылыстар мен Адамның шаруашылық – тұрмыстағы және мәдени өміріндегі кездесетін гармониялық арақатынастарды бір ырғаққа біріктіре білді. Көшпенділердің әрбір мүшесіне белгілі антропоғарыштық күнтізбе, олардың дүниетанымын, экологиялық мәдениетін, өзара арақатынастағы парасаттылықты қалыптастырғанын шеттен келген саяхатшылар көре білген. Ол туралы Плано Карпини: “Олардың арасында сөз таластыру сирек кездеседі немесе тіптен кездеспейді, төбелес, соғыс, адамды жаралау немесе өлтіру олардың арасында ешқашан болмайды... Біреуі екіншісін барынша құрметтейді және олар өзара өте тату... Олардың арасында өзара қызғаныш жоқ болуы керек; олардың ішінде ешқандай ауыр талас жоқ; бірін-бірі жек көрмейді, бірақ қолдан келгенше қаржымен көмектеседі. Олардың әйелдері парасатты және олардың арасында ұятты қылықты естіген жоқпын” десе130, тағы бір ұлы саяхатшы Ибн Батутта: “Мен бұл аймақта әйелге деген ұлы құрметтің тамаша үлгісін көрдім” дейді60.

Әйелді құрметтеп, оларды періште санау Ұлы дала мәдениетінің барлық кездегі ерекшелігі. XIX ғасырдағы орыстың ұлы ғалымы В.Даль бас бостандығын іздеп келген Мәулен сұлумен Орынбор генерал-губернаторының сарайында кездескені туралы былай деп жазады; «Смело и величественно вступила она в переднюю залу и чрезвычайно поразило находившихся там осанкою своею, красотою, смелою и величавою поступью и неожиданным появлением. Не менее того был удивлен и сам военный губернатор Перовский.  ... Приятный продолговатый облик, не темные, не нежные глазки, не быстрые, искрометные темно-карие очи необычной жизни и блеска; черты лица особенные, свойственные казашке, но не менее того прекрасные. Пригожество и красота - вещи условные; не знаю, приглянулась ли бы вам моя степная красавица с первого раза, особенно, если бы вы пожаловали в Зауральскую степь прямо с партера Александринского театра, из филармонической залы, с пышного придворного бала: если ж нет, то виною этому был бы, вероятно, только тяжелый наряд ее; я думаю, что если бы вы обжились немного со степью и с казахами ее и казашками, если бы привыкли только к этим тройным и четверным неподпоясанным халатам, то стали бы вглядываться в иное свежее, дикое, яркое и смуглое лицо, в котором брови, ресницы, очи, губы и подборные, скатного жемчуга зубы украсили бы любую из московских и питерских красавиц, похожих нередко, извините меня, неуча, - на куколку, которую шаловливые девчонки умывали, и смыли с нее и румянец, и алый цвет уст, а в голубых глазках оставили один только бледный, мутный намек на прежний цвет их. Плосковатое лицо и несколько выдавшиеся скулы не делают на меня никакого неприятного впечатления, а высокое чело и благообразный нос вполне соответствуют приятному облику кайсачки (казашки)». Бұл жердегі жазушыны таң қалдырған, өз тағдыры үшін күресе алатын, ажары мен әрбір қимылындағы жігерлі нәзіктігі көз бен көңілді баурап алатын дала аруының сұлулығы. Қазақтар «Қызға бергенің, Қызырға бергенің» деп қыздарын пайғамбарлармен қатар қойған.

         Мүшелде Эволюция заңы, Ғарыштық әділет заңы, немесе Карма, Иерархия заңы, Ұқсастық заңы, Айналым (Круговорот) заңы, Жігер (Воля) Еркіндік заңы және Құрбандық заңдары сияқты Ғарыштың ұлы заңдары кодталған63. Ол уақытты өлшейтін құрал болумен қатар, қазіргі әлемдегі күнтізбелердің ішінде онымен өмір сүрген тенгриандардың өмір-салтын, философиясын, этикасын және эстетикасын анықтады.

Күнтізбедегі жануарлардың кезегі әзірге толық анықталмаған кодталған ерекше ақпарат, белгілі сакральдық сюжет пен мағына сақтаған болуы керек.

Тенгризмнің әлемге таралуы:

Көшпенділердің 12 жылдық жануарлар күнтізбесі осыдан шамамен 3000-3300 жылдай бұрын даладан арийлер кеткеннен кейін шыққан болуы керек (авт.). Себебі, жануарлар күнтізбесін Үндістанда осы күнге дейін білмейді.

Үйреншікті көшпенділер арасындағы мүшел – ол күн-юпитер күнтізбесі. Онда жаңа жыл бір уақытта – күн мен түн теңескен Ұлыстың ұлы күні наурызда болады. Жер өңдейтін оңтүстік аймақтағы қытайлықтарда жаңа жыл ерте келеді және 12 жануардың жүйесін қытайдағы айдың күнтізбесі негізінде ол ай-күн-юпитердікіне айналды да, жаңа жыл әрқашан өзгеріп тұратын тұрақсыз датаға айналды.

Болгария сияқты Қытайға да бұл күнтізбені оларды басып алып, ел тағына өз адамдарын отырғызған көшпенділер әкелді. Киіз үйде тұрып ғасырлар бойы көшпенді өмір кешкен елдің басшылары өз дәстүрін жоғарыдан күшпен енгізсе де, қытай ақсүйектері (Ли Бо, Ду Фу және басқалардың өлеңдері) осындай тамаша күнтізбеге қызыға қарап, бас тарта алмады. Көшпенділер Қытай тағында Болгариядағыдан гөрі ұзақ уақыт отырып  бұл елде мүшелді тұрақты енгізгендіктен жануарлар символы қытай мәдениетінде қалыптасып, оның атрибутына айналды81. Сонымен қатар, мүшел Қытай арқылы Тынық мұхиты аймағына кеңінен тарады.

Соғдалықтар мен хорезмдіктердің күнтізбесін зерттеген Бируни, ертеде олардың жануарлар күнтізбесін қолданбағанын жазады.

Академик А.Н.Самойлович өзінің “Түркі халықтарының 12 жылдық жануарлар күнтізбесі” деген мақаласында Вавилоннан шыққан ғалым Тевкростың кітабындағы Египетте табылған 12 жылдық күнтізбесі: мысық, ит, жылан, қоңыз, есек, арыстан, ешкі, бұқа, ителгі, маймыл, тырна құтан және қолтырауыннан тұратынын жазады. Ол Тевкростың қолжазбасы б.д. І ғасырында жазылғанын, бірақ ол уақытта түркілер мен қытайда жануарлар күнтізбесі қолданыста болғанын жазады. Ертедегі Египеттің жазба ескерткіштерінің ешқайсысында жануарлар күнтізбесін қолданғаны туралы жазбағанын атап өтеді. Сонымен қатар, жануарлар күнтізбесі Грекияда, Римде, Вавилонда, Ассирияда қолданғаны туралы ешқандай жазба ескерткіштерде кездеспейді. Яғни, ол күнтізбе осы елдерге Ұлы даладан келген.

Тәңір, немесе Тенгризм жүйесі - тұран, оның ішінде түркі көшпенді халықтары өркениетінің негізі.

Реттелген күнтізбе - ол өркениеттің негізгі белгілерінің бірі119 және мүшел оның генезисі, тарихи-мәдени мазмұны және дүниежүзілік цивилизация көлеміндегі орнына байланысты ғылымда тенгриан күнтізбесі деп аталды.

Ұлы діндердің арасында қандай айырмашылық болса да, оларға ортақ нәрсе - өздерінде күнтізбенің болуы. Жаңа діннің күнтізбесін пайдалану – оның қоғам өміріне сіңуінің негізгі белгісі. Дін белгілі қоғамға тарағанда, ондағы дүниетаным мен адамдар өмірін өзгертті және ол өзгерістің негізгі құралының бірі күнтізбе болды. Осындай күрделі күнтізбе жасау үшін көшпенділер ғаламшарлар қозғалысының заңдылықтары жайында астрономиялық білімді болғанын көреміз. Уақыт туралы түсінік кез келген цивилизацияның базалық негізі болып табылады. Ол тұтас құрылымды құрайтын жан-жақты құбылыстарды уақыттың ортақ кодына біріктіреді. Уақыт туралы жүйелі көзқарас адам табиғатты меңгергенде немесе жалпы еңбек ету кезінде, қоғамдағы өмірді меңгеруде Уақытты жүйелі пайдалану қажеттілігінен туды. Уақыттың құрылымы - ол “барлық мәдениет саласындағы ішкі байланыс тілі, морфологиялық тәсіл”119. М.Ысқақовтың пікірі бойынша, түркі күнтізбесі б.д.д. II-I мыңжылдықтарда пайда болды. Белгілі еуропа түркологы Э.Шаваннидің еңбектеріне сүйенген ол: “түркілерде шыққан мүшел Қытайға, Рим империясына, одан әрі Египетке жеткен. Бұл мүшел көптеген өзгерістерге ұшыраған... Мүшел есебі бұдан 3000 жылдан бұрын шыққан деуге болады ...” дейді161.

Мамандар тенгризмді Египет пен Еуропаға дейін барған көне түркілер таратты деген пікір айтады. Соңғы кездегі лингвистикалық және көне поэмалардағы ұқсастықтарға және кейбір археологиялық деректерге сүйенген мамандар б.д.д. IV мыңжылдықтың аяғында пайда болған шумер мемлекеті, одан кейінгі аккад мемлекеттерінің негізін салған ұлы даладан барған көне түркілер деген қорытындаға келді. М.Никольскийдің пікірі бойынша, “шумерлердің көне отаны Иран немесе Түркіменстанның Ашхабадқа жақын ауданы. Сол жердегі қорғандардан Қосөзен (Междуречье) бойындағы шумер қорғандарындағы тас, қола және балшықтан істелген заттарға ұқсас қазбалар

12345След.
скачать работу

Тәңір – түркі Атлантидасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ