Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлт дамуының жаңа кезеңі және Алаш мүддесі



 Другие рефераты
Поощрение и наказание в воспитании младших школьников. Ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі ПРИНЦИП ТОЛЕРАНТНОСТИ В АДЫГСКОЙ НАРОДНОЙ ПЕДАГОГИКЕ И ЕГО ЗНАЧЕНИЕ ПРИ ФОРМИРОВАНИИ ЛИЧНОСТИ РЕБЕНКА

Бақытжан Әбдірайымов

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің ректоры,

заң ғылымдарының докторы, профессор                                                                                 

 

ҰЛТ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ АЛАШ МҮДДЕСІ

 

Құрметті конференция қонақтары!

Қадірлі отандастар!

Біз Қазақстан Республикасы аталатын дәстүрі терең, бағдары жаңа қоғамның бар мүмкіндігін экономикалық, мәдени-рухани дамуға жұмсап келеміз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы». Біз бүгінгі ұлттық дамуымызға, Алаш құндылықтарына да осындай көзқараспен қараймыз. Біз рухани дүниеміздің мән-мағынасын жарқын тарихымыздың айрықша оқиғаларымен, тұлғаларымен сабақтастықта зерделейміз. Әрине, әр нәрсе өздігінен жүзеге аса қалмайды, бабалар тағылымын бүгінге жеткізуші, ең бірінші кезекте – білімді де отаншыл зиялы қауым.

Бұл орайда біріншіден, ғасырлар тағылымын зердесіне тоқыған, ұлттық құндылықтарымызды түрлі салалар бойынша ғылыми тұрғыдан саралап, теориялық негізін қалаған және бүгінгі ұрпаққа аманаттаған кешегі Алаш зиялыларының рухы жасай берсін дегім келеді. 2007-2008 жылдар біз үшін Алаш зиялыларының Отанға, ұлтқа қызметінің 90 жылдық мерейтойымен де қымбат. Бұл бағытта біздің университет Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ірі ғылыми жиын ұйымдастырып, біршама іс-шара атқарып отыр. Естеріңізде болса, ЕҰУ былтыр да осы қараша айында Елордада Алашқа қатысты 2 конференция өткізген-ді.

Екіншіден,шақыруымызды қабыл алып, ғылыми ойларын ортаға салу үшін жиналған әлемнің түкпір-түкпірінен келген ұлтымыздың білімді азаматарына алғысымды білдіргіміз келеді. Алаш зиялыларының жан-жақты істерін зерделеуге сіздер де атсалыса аласыздар. Ал ол зерде, әсіресе біздің жастарымыз  үшін өте қымбат.

Біз Алаш кезеңін білімге, демократияға ұмтылған кезең деп білеміз. Шындығында, Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған зиялылар қазіргі отандық ғылымның бастауында тұр. Олар оқулық та жазды, академиялық зерттеулер де жүргізді, елдің дәрежесін көтеретін саясатпен де айналысты. Сондықтан біз бүгін Алаш, Алаш Орда дегенде, Елбасымыз айтқандай, «олардың Абайдан кейінгі дүмді тұлғалар – титандар екенін» есте ұстаймыз. Осы ақиқатпен бүгінгі жұртшылықты, әсіресе жастарды таныстыру да, қайта табыстыру да – біздің парызымыз. Бұл – ұлт дамуы жаңа кезеңінің абыройлы ісі.

Өткен ғасыр басындағы аласапыран кезеңде ғұмыр кешіп, тар жол, тайғақ кешулерде ұлт болашағы үшін күресе жүріп, ұлттық ғылымның жаңа заманға сай негізін қалап кеткен асылдарымыздың есімі бүгінде жалпы жұртқа біршама таныс. Бір қарағанда бұлай болуы заңды да сияқты, себебі атын атауға тыйым салынған сүреңсіз заманнан алыстаған сайын жаңа бағыттағы зерттеулер тереңдей түсті, тың көзқарастар қалыптасып, ол өз жемісін бере бастады. Алайда, ізденістер тереңдеген сайын, алдымыздан жаңа талаптар туындап отыр. Бұл талап қолымыз жеткен табыстарға тамсанып отыра беруді көтермейді, яғни «Алаш зиялыларының еңбектерін жарыққа шығардық, зерттеулерді де бастап кеттік, алайда олардың азаматтық тұлғаларына қалай баға береміз, артында қалған мұраларын бүгінгі күннің игілігіне қалай жаратамыз?»  деген мәселе төңірегінде ойлануымыз керек.

Алаш зиялыларының еңбектері бойынша жүргізілген зерттеулер қазірдің өзінде бұл сұрақтың жауабын беріп үлгерген сияқты, бірақ сол зерттеулерден кейін де туындап жататын жаңа сұрақтар «Алаштанудың» баянды тақырып екенін көрсетіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда «Алаш зиялылары бізге білімінің тереңдігімен қызық, білігі мен отаншылдығының тереңдігімен қымбат»  деп қазірге жалпы жауап бере тұруымызға тура келеді. Шындығын айтқанда, Алаш зиялыларының қазақ тілі, қазақ әдебиеті, тарих, педагогика, әдістеме т.б. салалар бойынша жазған еңбектерінің маңыздылығы теориялық және практикалық жағынан толық талданып, өзінің нақты бағасын алған жоқ. Алдағы уақытта олардың мұраларына сала мамандары жан-жақты тоқталып, тұжырымды пікірлерін айтатыны анық. «Алаш зиялылары бізге несімен қымбат?» деген сұрақ сонда ғана нақты жауабын табады. Сондықтан бұл мәселеге өз үлесін қосу үшін біздің университет алдағы уақытта өзінің гуманитарлық бағыттағы ізденістерінің бір саласын осы тақырыпқа арнайды деп ойлаймын.

Қазақ халқы қай заманда да дарындардан кенде болған емес. Сол дарындардың арқасында әлі күнге шаңырағы шайқалмай, өз болмысын аман сақтап, өзге елдермен тең дәрежеде ғұмыр кешіп келеді. Ұлт ұлылары салып кеткен сара жол бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналып отыр. Сондықтан олардың есімдерін ту етіп көтеру  біз үшін биік парыз әрі өте маңызды іс болып табылады.

Әр заманның өзіне сай танымы мен талабы болады. Алайда тамыры тереңнен нәр алып жатқан халықтық педагогиканың ұлы желісі ешқашан үзілмейтіні белгілі. Мектеп ісінде де, жоғары оқу орындарында да Алаш зиялыларының еңбектерін пайдаланудың маңызы зор. Ұлттық таным мен ұлттық сананың қаймағы бүтін, қалыбы таза сақталған өткен ғасырдың басындағы еңбектердің мазмұнында да осы идея басым болатын. Олардың өмірі – тарих һәм тағылым,   ал асыл мұралары – рухани демеушіміз. Бүгінде ұлттық білім мен патриоттық сезім бізге ауадай қажет, сондықтан оған мемлекет тарапынан да баса мән беріліп отыр. Бұларды жүзеге асырудың сан түрлі жолы бар екені белгілі, мен солардың ішінде бірегейі ретінде Алаш зиялыларының еңбектерін атар едім. Олардың тіл мен мәдениетке және ұлтқа деген көзқарастарын қазіргі жастың рухани санасына сіңіру ісі терең ғылыми ізденістерді талап етеді.

Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты еңбегіндегі «Әрбір отбасы өзінікі деген меншікті мекенжай салып алуды арман етеді. Отағасы үйді өзінің балалары мен немерелеріне, шөберелеріне қалсын деп тұрғызады. Адамға өзінің қолымен салынған үйден қымбат ешнәрсе жоқ. Бірақ үй дегеннің мән-мағынасы – оның жай ғана қабырғалары, терезелері және ішкі бөлмелері сияқты ұғымдардан әлдеқайда ауқымды. Үй дегенің – сенің баспанаң, құтханаң, тіршілік мекенің» деген жолдары ойға оралады. Қазақстан Республикасы атты ортақ шаңырағымыздың бар болмысымен ұлттық болуы, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрімізбен, елдік санамызбен үйлесімде болуы – баршамыздың басты мұратымыз. Бүгінгі «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты осы конференция сол жолдағы ілгері басқан тағы бір қадамымыздың көрінісі. 

Құрметті жүрегі ел деп соққан азаматтар! Баянды іске бастайтын қадамдарыңызға нұр жаусын. Сіздердің алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Отандық елдің жан-жақты ұйысуына, ғылым мен білімнің дамуына қосар үлестеріңіз мол болсын!

Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тариқи (өркендету) ету жағына бастайды.

«Алаш» партиясы бағдарламасынан

скачать работу


 Другие рефераты
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдау
Джордж Беркли
Круговорот Азота
Наскальное искусство


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ