Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлт және дін

стан». Конституциядағы 10-бабындағы «танылмайды» деген сөздің мағнасы осы заңда айқын көрсетілген. Яғни, шетелден келген қазақтар Қазақыстан азаматтығын қабылдайды, бірақ Қазақыстанның соттары олардың шетел азаматтығын танымайды. Біз болсақ 13.12.1997ж. №204-1 ЗРК қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңда өзінің ата-мекеніне көшіп келген қазақтарға Қазақыстан Республикасының азаматтығы беріледі дегенді айта алмай, оларды «оралмандар» деп атап жүрміз. Негізінен Азаматтық Кодекстегі хүкімдер бойынша барлық қазақтар (егер олар азаматы болып табылатын елдер қарсы болмаса) Қазақыстанның азаматтығын кедергісіз алуы мүмкін.

Өзінің тұрмысын, туып-өскен жерін, ортасын, жора-жолдастарын, туыстарын, әсілі, бар-жоғын тастап, шетелден көшіп келген қазақтарға екі азаматтық берілмесін дейтіндердің айтатыны мынау: «Егер қазақтарға азаматтық берсек, онда біздегі орыстар да, басқа ұлттар да азаматтық мәселесін көтеруі мүмкін». Бұл дұрыс аргумент емес. Біздегі орыстардың қызмет бабымен келгендерінің көшетіні көшіп болды Ресейге. Ал, екі-үш атадан бері Қазақыстанда тұрған орыстар ешқайда да көшіп кетпейді, олар мәңгілік Қазақыстандықтар һәм толық азаматтық хұқұқтарға ие. Қазақыстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тарапынан 20.01.1995ж. Мәскеуде қол қойылған келісімшарт бойынша екі елдің азаматтары келісімшартқа қол қойған елдің біріне көшіп барса «жеңілдетілген» форма бойынша сол елдің азаматтығын қабылдайды. Мәселен, Қазақыстаннан Ресейге көшіп барып, онда тіршілік жасай алмай, қайта Қазақыстанға көшіп келуші орыстар бар. Міне, солар аудандық Ішкі Істер басқармасында арызданып, бар-жоғы 3-ақ айдың ішінде Қазақыстан азаматтығын алып үлгереді. Мұндайлар, Елбасының атына арыз да жазбайды. Со сықылды, 17.01.1996ж. Минск қаласында қол қойылған келісімшарт бойынша Беларусь Республикасының азаматтары да «жеңілдетілген» формада азаматтықтарын ауыстыра алады. Демек, орыстар мен ақорыстардың азаматтық туралы проблемалары жоқ екен, олар кез келген уақытта азаматтықты қабылдай алады екен. Сондықтан, орыстар азаматтық туралы мәселе көтереді дегендердің пікіріне қосылу қиын. Екіншіден, Ресейдің байырғы орыстарының Қазақстанға көшіп келмейтінін ескертейік.

09.10.1992ж. Бишкекте ТМД мүше елдер қол қойған келісімшарт қуғын-сүргін жылдарында туған жерінен кетуге мәжбүр болған адамдар мен аз санды халықтардың хұқұқтарын қайта қалпына келтіруді көздейді. Аталмыш келісімшартта қол қоюшы мемлекеттердің көші-қон, азаматтық алу, жұмысқа орналасу, ақталу жағынан ыңғайлы шарттарды әзірлейтіні жазылған. 24.09.1993ж. Мәскеуде ТМД мүше елдер тарапынан қол қойылған «Босқындар мен жер аударуға мәжбүр болғандарға көмек беру» туралы келісімшарттың 6-бабында қол қоюшы мемлекеттер қоныс аударуға мәжбүр болған адамдардың азаматтық алулары үшін қажетті құжаттарды дайындап береді деп жазылған. БҰҰ 28.09.1954ж. қабылданған «Апатридтер туралы конвенция» және 20.02.1957ж. қабылданған «Күйеуге тиген әйелдердің азаматтығы туралы конвенция» қатарлы көптеген халықаралық құжаттарда азаматтардың басқа бір елдің азаматтығын келісімшарттарда көрсетілген шеңберде қабылдауына қолайлы жағдай жасалатыны туралы хүкімдер бар.

Қорыта айтатын болсақ, шетелдерде тұратын қазақтардың ата-мекенге (ата-мекен дегенді тарихи отан деушілер бар) көшіп келуі еліміздің болашағына тікелей әсер ететін мәселе. Қазақ тілі, дініміз, әдет-салттарымыз, ұлтымыздың қалыптасуы, мемлекетіміздің баянды болуы т.т. маңызды сұрақтар тікелей осы мәселенің шешілуіне байланысты. Қазақыстан Республикасының заңдарында отанға оралған қазақтардың азаматтық алуына қарсы келетін ешбір бап жоқ, қайта заңдарымыз еркінше рұқсат берген. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 10 жыл толуына байланысты түрмедегі азаматтарға кешірім жасалды. Сол сықылды, туған еліне қандай жолмен болса да көшіп келген қазақ бауырларымызға да кешірім жасап, олар сұрап тұрған ең басты нәрсе «Қазақыстан Республикасының азаматы» мәртебесін берсек, нұр үстіне нұр болар еді. Аллаһ Тағала мұһажирлерге (көшіп келушілерге) көмек берушілерді Құран Кәримінде мадақтаған. Сол мадаққа ие болғымыз келмей ме?

 

ӘДЕПТЕН ОЗБАЙЫҚ – ОТЫРАРДЫ ҚОРҒАЙЫҚ

 

ҚазақӘдебиетігазетінің30.11.2011ж. санындажурналистӘмірханБалқыбектің“Шыңғысхан– далалықтұлға” аттықарсымақаласыжарияланды. Автордың бұрынғы мақаласындағы (ҚӘ, №21, 2001ж.) ойларын қайталауы болып табылатын бұл мақаласында айтары Шыңғыстың ұлы далалық тұлға екені. Мұнымен әсте келісуге болмайды. Журналист бауырымыз Шыңғыс ханды мадақтағанда екі-ақ нәрсені басшылыққа алады: 1-) Шыңғыстың далалық тұлға екені 2-) Оның түркі нәсілінен шыққандығы. Міне, осы екі-ақ нәрсе залымның зұлымдығын ақтауға жетеді деп ойлайды. Біріншіден, адамдарды далалық, ормандық, таулық, шөлдік, қалалық тұлға деп бөліп, жекелеуге болмайды, мұндай сыныптау талдаудың деңгейін төмендеткеннен басқа нәтиже бермейді. Екіншіден, залымның түркі болуы яки болмауы оның зұлымдығын ақтауға негіз бола алмайды. Егемен Қазақстанда жарияланған мақаламызда (30.10.2001ж.) Шыңғыстың шыққан тегінің белгісіз екені, мұны ешкімнің дәлелдеуге мүмкіндігі жетпейтіні туралы айтқанбыз. Егер, Әмірхан Балқыбектің Шыңғыстың түркі нәсілінен екендігін растайтын ғылыми дәлелденген құжаты болса, оны ортаға салсын. Соның өзінде, бұл залымның зұлымдығын ақтауға яки кешіруге негіз бола алмайды. Бұрынғы құқық жүйелерінде һәм заманауи заң ғылымында адамдар жасаған қылмыстарына сол қылмыс бойынша жауап береді, оның тегі, тілі мен діні есепке алынбайды. Сондықтан, журналист бауырымыздың эмоцияға ұрынып, қырғынның қырғынын жасаған тұлғаны даладан уә түркіден шыққандығы үшін деп жақтауын, ақтауын қауіпті үрдіс деп бағалаймын.

Аталмыш қарсы мақалаға тоқталмас бұрын “Қазақ Әдебиеті” газетінің бірінші бетіндегі мақалаға кіріспесі туралы бір-екі ауыз пікір айтқым келеді. Мұнда былай деп жазылған: “Түркиядан келген қандасымыз Мұртаза Бұлұтай “Егемен Қазақстанда” Шыңғыс хан туралы тым үстірт, асығыс пікірлер айтыпты. “Түркиялық қандасымыз” дегеннен шығады, жақында ғана Түркиядан келген екінші бір қандасымыз “отқа май құю, жеті шелпек пісіру – бұлардың бәрі дінімізге жат” деп, теледидардан сөйлеп, тағы бір шетелдік қандасымыз өз кітабында…Біз оралман ғалымдарымыздың…”. Төбесінде Ибраһим Құнанбайұлының суретін іліп қойып, қазақ халқын оралмандар - оралман еместер деп бөліп сөйлеу Қазақ Әдебиеті газетіне артылған ауыр жүкпен сыйыспайды. Түркиядан емес, Керуленнен келіп, Орталық Азияны талқандаған Шыңғысты ақтауы, мақаласында Г.Э. фон Грюнебаум, Г.В. Вернадский сияқты “оралман” емес, нағыз жергілікті (!) авторлардың пікірлеріне жүгінуі журналист бауырымздың пайым шарқын көрсетеді. Біріншіден, оралман болсын, болмасын қазақ халқының бәрі туыс, бәрі де өзінің пікірін білдіруге құқықты. Екіншіден, менің мақаламда келтірілген пікірлеріммен сайыспай, менің қайдан келгенімді алға тарту әлсіздіктің, дәйексіздіктің нәтижесі деп білемін. Үйткені, мұндай пікірлерді Қазақстандық авторлар да, басқа шетелдіктер де айтып келеді. Менің “Егемен Қазақстандағы” мақаламда тура 56 сілтеме келтірілген, олардың ешқайсысы да оралмандар емес. Олардың көбісі дүниежүзі мойындаған ғылыми авторитеттер. Сондықтан, “Мұңғұл Әдебиеті” емес, “Қазақ Әдебиеті” деп аталатын газетіміздің қазақ халқын осылайша шыққан жеріне қарай бөлуін де асқан қаталық деп санаймын. Біз қазақ халқының басын біріктіретін кез келді деп жан айқайымызды салып отырғанда, пікірлерімізге қарсы пікірдің орнына оқшаулаушы жеңіл сөздерді көргенде ыңғайсызданып отырмыз. Қабдеш Жұмаділ, Оразақын Асқар, Марфуға Айтхожина, Халифа Алтай, Мұстафа Өзтүрік, Дәнеш Рақыш, Мұхтар Құл-Мұхаммет, Ислам Жеменей қатарлы көптеген оралман бауырларымыз қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымы мен біліміне үлкен үлес қосуда. Сондықтан, бүгінгі өркениет пен баспасөз этикасы талап ететін, егеменді мемлекетіміздің заңдарымен бекітілген мәдениетті сақтай білейік, әдептен озбайық, ағайын, демекшімін. Осы “Қазақ Әдебиеті” газеті сонау 14.09.1990ж. №37 санында Ислам дінінің барлық қағидаларын аяқасты ете отырып, сүйікті пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтің (с.ғ.у.) суретін жариялаған-ды. Мен 31.03.1991ж. Алманиядан жіберген хатымда мұның үлкен қата екенін, мұсылманшылықта Әз Пайғамбардың суретінің жоқтығын, мұны жариялаудың дұрыс еместігін ескертіп едім. Сол хатым өкінішке орай басылмады. Енді бұл жолы журналист Ә. Балқыбектің қарсы мақаласын жариялаймыз деп, оралман атаулыға жөнсіз тисуі тағы да редакцияның жауапсыздығы салдарынан деп білемін.

Әсілі, айғай-шу көтеріп, әбестікке баратындай жағдай жоқ. Қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шаханов Шыңғыс ханды басты кейіпкер етіп, бір повес жазыпты. Бұған журналист Ә. Балқыбек пен профессор Ғ. Есім өз пікірлерін жазыпты. Ақынның кітабын оқып, мен де өзімнің ойларымды жұртшылықпен бөлістім. Бұлар өте түсінікті һәм демократиялық, плюралтистік түзімде өте табиғи нәрселер. Ал, “Қазақ Әдебиеті” газетінің авторлардың пікірлерінен гөрі қайдан шыққанын алға тартуы, журналист Әмірхан Балқыбектің Шыңғыс ханның қылықтарынан гөрі оның қайдан шыққанына баса назар аударуы дұрыс емес деп білемін. Менің мақаламда келтірілген ойларға жауап берудің орнына, әңгімені басқа жаққа тарту бәрінен бұрын журналистік этикаға сай келмейді. Сондықтан, редакцияның оралман қауымнан кешірім өтініп, менің мына жауабымды жариялауын өтінемін. Бұдан кейінгі пікірталастарда егер біреудің пікірімен келіспесеңіз, онда сол автордың аты-жөнін, мақаласын келтіріп, жауаптарыңызды келтіріңіз. Оның шыққан жерін, ұлтын, дінін, нәсілін нысанаға айналдырмаңыз құрметті рекдакция.

Әмірхан Балқыбек аталмыш мақаласында Отырар әміршісі Қайыр хан бабамызды халық жауындай етіп көрсетіпті, бірақ ол менің мақаламдағы Шыңғыс хан неге тек Қайыр ханды өлтірумен ғана шекте

Пред.678910
скачать работу

Ұлт және дін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ