Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлт және дін

ан, тіпті, қасындағылардың “мұсылман” сөзін тек бәлағаттау мақсатымен жұмсауына рұқсат еткен. Белгілі тарихшы Ата Мәлік Жуайни (1226-1283) бұл жөнінде былай деген: “Шағатай Ханның билігі тұсында мұсылмандар өте қиын уақытты бастан кешті, үйткені Ислами хүкімдер бойынша мал бауыздап союға және күндіз суға түсуге қатаң түрде шек қойылған-ды. Осы шек салдарынан сол жылдары Хорасан елінде ешкім әшкере мал бауыздай алмады. Аталмыш шектің жойылуы үшін мұсылмандар арызданғанда, Шағатай Хан оларды: “Арам еттен жеңдер” деп қайтарушы еді” /[11]/.

Шыңғыстан қалған жалғыз мұра “атақты” жасақ (Ә. Балқыбек айтқан Ясса) заңы. ХІІІ ғасырдағы өркениетті де адами заң жүйесін талқандаған бұл “данышпанның” әмірлерінің бағзылары мынандай: «Тот, кто мочится в воду или на пепел, также предается смерти; он (Чингис) запретил мыть их платье в продолжении ношения, пока сосвем не износится; он предписал им представлять в начале каждого года всех своих дочерей хану, чтобы он выбрал для себя и для сових детей; по смерти отца сын распоряжается судьбую его жен, за исключением своей матери, может женится на них или выдать из замуж за другую; он разрешил употреблять в пищу кровь и внутренности животных; воспрещается купаться или мыть одежду в прточной воде во время грозы» /[12]/. Тарихта өзінің халқына шектен тыс зиян тигізген залымдар бар. Мәселен, Адольф Гитлер. Бұл залым алман халқын көгертемін, барша ұлттарға үстем етемін деп, күллі жиһанды қиратты, жүз миллиондаған бейкүнә адамдарды қырды. Аяғында өзі көмусіз қалды. Гитлер шынында ең үлкен жамандықты алман халқына жасады, оның дағын бүгінгі алмандар тазалай алмай жүр. Алман халқының тарихында қара күйе болып жазылған бұл қанішердің аты. Ал, қазіргі Алманияда кейбір ұйымдар саналы түрде Гитлердің өмірбаянын, идеологиясын уағыздап, оны құдды бір “қаһармандай” яки “әдеттен тыс адамдай” етіп көрсетуде. Олардың алдау-арбауына іліккен бағзыбір жұмыссыз һәм білімсіз жастар тобыры Гитлерді “бабамыз, көсеміміз” деп, шетелден келген түріктердің, арабтардың үйлерін өртеуде, басқа ұлттарға шабуыл жасауда. Соңғы жылдары “тирандарды” насихаттау үрдісі күшейіп келеді. Осы арада Шахановтың романындағы мына сахна көз алдыма келеді: Отырар қаласы жау қолына түскелі тұрған сәтте Қайыр хан шаһардағы әйелдерді жинап, оларға бұл залымдықты ешқашан да ұмытпауларын, келешек ұрпақтардың жадына құйып тұруларын, сонда ғана тирандардың болашақ ұрпақтарының тарихқа адал баға беріп, өз-өздерін тазалауға мүмкіндік табатындарын айтады. Шахановтың романындағы Қайыр хан мен Шыңғыс хан тұлғалары тарихи шындықпен ұштасады. Алайда, соңғы кезде шыққан кейбір кітаптарда Отырардың ұлы перзенті Қайыр хан бабамызға тіл тигізушілер бар. Оны Хорезім шаһына тәуелді болды деп кінәләушылар бар. Ләкин, соңғы деміне дейін туған жері мен халқын қорғаған, сол үшін жанын фидә еткен Қайыр ханды сөгіп, күллі түркі жұртын бұлқан-талқан еткен Шыңғыс ханды мадақтаушыларды түсіну қиын. Олардың бұлай істеуінде қанағаттанбаған қатыгездік сезімдерінің әсері байқалады. Осы орайда тағы да жазушы Әдіһам Шілтерхановтан үзінді келтірелік: “Шыңғыс ханды моңғол болғандықтан, Галден-Церенді қалмақ болғандықтан, Ермакты орыс болғандықтан емес, еліміздің тыныштығын алғаны, тонап отарлағаны, азаматтарымызды өлтіргені үшін жек көруіміз керек... Өткенімізді, түп-тегімізді тереңдете зерттеп-зерделеудің қазір еліміз егемендік алып, төл тарихымыз жаңадан жазылып жатқанда қаншалықты маңызды екенін мен жақсы түсінем. Бірақ, “Шыңғыс хан қият еді, өзіміз еді, өзімізді-өзіміз жамандамайық” – деген сияқты, тарихты ұлттық-тайпалық тұрғыдан бағалаудың залалын шегелеп айтқым келеді. Жастарды рушылдыққа негізделген “патриотизмнен” үнемі сақтандырып отыруымыз керек. Ол өз ұлтымыздың болашағы үшін қажет” /[13]/.

Әмірхан Балқыбек Отырар әміршісі Қайыр хан бабамызды “тыңшылық етуге келгендерді” қамауға алып, сұлтан Мұхаммедке хабар жіберді деп сөгеді. Қай ел тыңшыларды құшақ жая қарсы алушы еді? Бүгінгі заманда да Ресейдің, АҚШ-тың тыңшыларды тұтқындап, бірін-бірі айыптап жатқанын естіп жүрген жоқпыз ба? Біз Қайыр ханды жамандап, Отырардың Әл-Фарабилерді дайындаған кітапханаларын жойғандарды мадақтағаннан не ұтамыз? Отаны үшін жанын фидә еткен он мыңдаған жерлестеріміздің өмірі босқа кеткені ме? Елбасымыз бен зиялы қауым өкілдері соңғы кездері осы Отырардың кітапханасын қайтадан жаңғырту туралы пікір айтып отырғанда журналист бауырымыздың вандалисттерді ақтауға тырысуын қалай түсінуге болады? Отырарды жоққа шығару, Қайыр ханды жоққа шығару біздің бүгінгі мемлекетімізді жоққа шығарумен парапар. Отырарды қорғаған бабаларымыздың өмірінің үлгі аларлық тұстарын жастарымызға үйрету егеменді елдің ұрпақтарын отаншылдық, имандылық рұхпен тәрбиелеуде аса қажетті құрал екенін ұмытпайық.

Мұхтар Шаханов аталмыш романында адамзат қоғамының маңызды мәселесіне түрен салған. Желтоқсан уақиғасы тұсында ел намысын қорғауда батыл қадам танытқан ақын бұл жолы да ерлік көрсетіп, ХХІ ғасырдың ең бір маңызды проблемасына назар аудартуда. Бұл ізгілік пен жауыздықтың, әділеттілік пен зұлматтың күресі. Соңғы жылдары ұлттар арасында этникалық алауыздықтар өрбіп, “этникалық тазалау” терминдері пайда болды. Сербия халқын Гитлердің әдісімен адастырған Слободан Милошевич деген залым Босния уә Һерсек, Косова, Хырватия секілді елдердегі жүз мыңдаған адамдарды өлтірді, массалық генодцидтерді жасатты. Ол мұның бәрін жасағанда серб халқын сүйгендіктен жасап отырмын деді. Аяғында не болды? Бұл залым дәл осы күнде қамақта, өзінің жазасын күтіп отыр. Оның зұлымдығынан серб халқы ештеңке ұтқан жоқ, қайта экономикалық дағдарысқа ұшырады, әлемдік қоғамдастықтан шеттетілді, артта қалды, тоыпрағынан, абыройынан айырылды.

Шахановтың романында өмірін күллі адам баласының қуанышына бағыштаған дәрігер, ғалым Айбар мен өмірін күллі адам баласының қасіретіне бағыштаған Шыңғыс салыстырылады. Айбар мына өмірде өзінің мақсатына жете алмағанымен, рухани өмірінде жеңіске жетеді. Шыңғыс тірісінде (72 жасқа шейін қан ағызған) үстем болғанымен, рухани өмірде құрдымға кеткен, әрқашан да азап шеккен, өзін бақытты сезіне алмаған. Отырар қаласының әміршісі отаншыл азамат Қайыр хан соңғы кезінде қаладағы әйелдерді жинап, Шыңғыстың көріне үш тас лақтыруды өсиет етеді. Шаханов бұл тәмсілінде мұсылмандардың қажылық кезінде шайтанға тас лақтыруын мысал етеді. Мұсылмандар қажылықта “кіші шайтан” мен “үлкен шайтанға” тас лақтырып, шайтанды жеңудегі шешімділіктерін көрсетеді. Мұхаңның тас лақтыру жөніндегі ойлары Шыңғысты шайтанға теңегенін көрсетеді.

Шахановтың романында үш дәуірдегі зұлмат көрсетілген. Адам баласы адасқан шақтарында зұлматтың өзін әдеттегі нәрседей сезінген, бұл қоғамның ізгі сипаттардан алшақтап, тобырдан да төмен халге жетуі. Көне Италиядағы гладиаторлардың қанды сайыстары, Шыңғыс ханның ақыл-еске симайтын зұлматы және заманауи бұқаралық ақпарат құралдары әкелген түсініксіз зорлық-зомбылық мәдениеті. Жиырма төрт сағат үзіліссіз істеп жатқан телеарналар мен интернет беттері, газеттер мен журналдар ылғи да аяусыздықты, қатыгездікті миларға құюда. Бұл асқынған қауіп адамзатқа тағы да үлкен зиян тигізуі мүмкін. Міне, ақын осы мәселені алға тартуда. Ролмандағы бір сюжетте, Днепр маңындағы бір шайқаста жасы сексенге келген бір кемпір Шыңғысқа өлер алдындағы сөзін айта келіп: «У меня было шесть добрых соновей // Столько же милых снох // И более тридцати внуков // Мы занимались // Только мирными делами // Не ужели в твоем сердце // нет хоть капли милосердия?» дейді. Әрине, өлер деміне дейін тек кісі қырумен айналысқан Шыңғыстың алдында ақын келтірген сахналар көп болған. Пайғамбарымыз Әз Мұхаммед бір хадисінде: «Мән лә йархам, лә йұрхам» яғни «Рахым етпеген адамға рахым етілмейді» деген. Аллаһ Тағала Құран Кәримдегі Ниса сүресінің 168 аятында былай бұйырған: «Кері қағып һәм зұлымдық жасағандарды Аллаһ кешірмек емес! Аллаһ оларды басқа бір жолға да апармайды!». Пенденің айырмасы осында. Бастапқыда жүрегінде мейірім, махаббат сезімдері қалыптасқан азаматтар ешқашан да жамандыққа, қатігездікке бара алмайды. Ал, бұл болу үшін жүректе иман жәуһәрі болмақ керек. Аллаһ Тағалаға иман етпеген, ахирет күніндегі мизаннан қорықпайтын адамдар әр түрлі заңсыздыққа, жолсыздыққа бара алады.

Менің Шыңғыс хан туралы мақала жазғандағы мақсатым Шахановтың романы туралы оқырман ретінде пікірімді айтып, елімізде маргиналды түрде уағыздалып жатқан Шыңғыс ханды мадақтаушылық, отан тарихын бұрмалаушылық, зұлымдықты насихаттаушылық үрдісінің зиянды жақтарын көрсетпек еді. Әсілі, біздің жарқын тарихымызда үлгі аларлық, мақтанарлық мыңдаған тұлғаларымыз бар. Мұсылман түркі халықтарының жарқын мәдениетін осы ізгілікті еңбектерімен тарихта қалған бабаларымыздың мұрасына ие болып, оларды қорғаумен дамыта аламыз.

 

[1] Шілтерханов Ә. Шығармаларының екі томдық жинағы: Зерттеулер, өлеңдер, аталы сөздер. – Шымкент: Ордабасы, 2001, ІІ-том, 45-бет.

[2] Ибн ал-Асир, издание Торнберга, ХI-том, 55-56 беттер

[3] Археологические исследования древнего и средневекового Казахстана, отв. Редактор К.А. Акишев, Алматы, Наука КазССР, 1980, 51-бет

[4] Хара-Даван Эренжен., Чингис Хан как полководец и его наследие, Алматы, 1992, 212-бет

[5] Қаз ССР тарихи, 1-том, Алматы, 1959, 79-бет

[6] K?pr?l?, Fuad., T?rk Edebiyat?nda ?lk Mutasavvuflar, D?B Yay?nlar?, Ankara, 1991, 14-бет

[7] Қазақстан Тарихы, Алматы, Дәуір, 1993, 72-бет

[8] Kopraman, Y.K., Tarih, Istanbul, 1995, 1-том, 183-бет

[9] Лувсанданзан, АлтынШежіре, 5-6 беттер

[10] Er?ahin, Seyfettin., K?rg?zlar ve ?slamiyet, S/E/K Yay?nlar?, Ankara, 1999, 41-бетжәнеArnold, T.W., 224-229 беттер

[11] Er?ahin, Seyfettin., K?rg?zlar ve ?slamiyet, S/E/K Yay?nlar?, Ankara, 1999, 42-бет

Пред.678910
скачать работу

Ұлт және дін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ