Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ұлт және дін

лмеді, Отырарда 35 мың адамды қырып, сонымен қатар қаланың ғимараттары мен кітапханасын неге жойды деген пікірлеріме жауап бере алмаған. Қайыр хан саяси қаталық жасады деген күннің өзінде (Ә. Балқыбектің пікірі бойынша, М.Б.) Шыңғыстың соншама аяусыздыққа баруын, бейкүнә адамдар мен кітаптарды жазалауын түсінуге болмайды. Біздің көлемді мақаламызда келтірілген және әрбірі ғылыми деректермен бекітілген аргументтерге журналист бауырымыз жауап бере алмаған. Мәселен, Шыңғыс пен оның ұрқының билігі кезінде найман, керейт, жалайыр, қоңырат, меркіт, қыпшақ, қаңлы, үйсін, оғыз тайпаларының жаппай қырғынға ұшыратылуы жөнінде ештеңке жоқ, баяғы жауыр болған сөздер болмаса. Ал, Әдіһам Шілтерханов (оралман емес, қорықпаңыздар) "Қайырхан қаһарманымыз емес пе еді?” деген мақаласында бұл туралы былай депті: “Насибнамада… Қайырханның нәсілі қаңлы еді деген сөздер бар. Отырарда ирандықтар болмағаны бұл жерде де көрініп тұр… Сол кезде тайпалық одағы мемлекеттік деңгейге көтеріліп қалған наймандар Шыңғыс хан қолынан аз қырылды ма? Қыпшақтар ше? Ертіс пен Дунай арасын ен жайлаған қыпшақтың көбі Шыңғыс хан жорығынан шілдей тозып кетпеді ме? Сол қыпшақтар мекенінде қазір кімдер отыр? Шыңғыс ханнан жеңілмегенде, бәлкім, бұл ұлы тайпаның тағдыры мұншалықты қасіретті болмас па еді?! Шыңғыс хан жаулап алған елін ұлыстарға бөліп, балаларына еншілеп бергенде, лажсыз бөлінген қазіргі қазақ ұлтын құрайтын найман, қыпшақ, сіргелі, жалайыр, қаңлы, қатаған секілді тайпаларға жататын көптеген бауырларымыз жат өлкеде қалып, отырған жеріндегі ұлттарға сіңісіп кеткен жоқ па? Шыңғыс ханға қараған соң шекеміз майға шылқылдады дейтіндей нақ сол кезде моңғол елінің байлығы да, әлеуметтік-қоғамдық даму деңгейі де біздің Жетісу немесе Сыр бойындағы елдерден көп төмен емес пе еді?” /[1]/.

Ибн әл-Әсир: “1043ж. 10 мың шатыр түркi халқы мұсылмандықты қабылдап, 20 000 қойды құрбандыққа шалды” дейдi /[2]/. Әмірхан Балқыбек еңбегіне жүгінген тарихшымыз С.М. Ақынжанов оларды қыпшақтар деп болжайды /[3]/. Алайда, қыпшақтардың ақибеті өте аянышты болды, мұңғұл шапқыншылары қыпшақ жерін талқандады, мәдениет атаулыны құрытты, қыпшақ-құмандарды жаппай құлдыққа әкетті, оларды аяусыздықпен өлтірді. Ә. Балқыбек оқуға кеңес еткен қалмақ тарихшы Хара-Даван мұңғұлдардың қыпшақтарды қалай өлтіргені туралы мынандай һашияны келтіреді: «С собой ведут много пленных, в особенности много вооруженных куманов (половцев), гонят их перед собой в бой и убивают как только видят, что они не идут слепо в бой. Сами монголы неохотно идут в бой. Если же кто из них будет убит, тут же его без гроба закапывают» /[4]/.

Мұңғұл шапқыншылығының алдында Ислам дiнiн мемлекеттiк дiнге айналдырған Қарахан дәуірінде бұрын-соңды болмаған оң өзгерiстер байқалған-ды. Қазақстанның оңтүстiк аймақтарында айтарлықтай мұралар қалдырған осы дәуiрде егiншiлiк, малшылық күшейiп, қолөнершiлiк және сауда гүлденіп, өркендеген-ді. Халықтың экономикалық хал-ахуалы әжептәуiр көтерiлiп, жайбарақат өмiр орнаған-ды. Бұрынғы шаһарлар гүлденiп, көптеген жаңа қалалар бой көтередi, қалалық мәдениет жайылып, орнығады. Сол заманның қаламгерлері Тараз қаласын үлкен сауда орталығы, ал Исфижаб (Испижаб, Сайрам) қаласын бүкiл дүние жүзi саудагерлерi үшiн кен бұлағы деп мадақтайды /[5]/. Тұңғыш Самани патшасы Исмаил Ахмедұлының немере ағасы Нұх Әсетұлы Исфижабты 838 ж. жаулап алған соң осы қаланың халқы Исламды қабылдаған-ды /[6]/.

Мұсылмандықты мемлекеттік дін еткен Қарахандықтар әулетінің билігін барша ғалымдар оңды бағалауда, мәселен, “Қазақстан Тарихы” атты кітапта, отандық тарихшыларымыз: “Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой-санасы өседі, мұсылман әдебиеті түрік тілінде шыға бастайды. Бұл салада жұрттың бәрінен бұрын Йұсұф Баласағұнның есімі белгілі болады. Тұтас алғанда Қарахандар дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең боп табылады. Тек, мұңғұл жаулаушылығы тұсындағы ауыр күйзеліс қана қоғамның дамуға бет алған табиғи процессін үзіп тастайды” /[7]/ деп, әділ бағасын беруде.

Оғыздардың Түркияға көшуін үдеткен екінші фактор XIII-ғасырдағы мұңғұл шапқыншылығы болды. Мұңғұл басқыншылығынан бұрын Мауера-ән-Нәһір, Хорасан т.т. елдерінде әлі де болса айтарлықтай мөлшерде оғыз тайпалары бар еді. Мұңғұл басқыншылығы, әсіресе Илхан (Елхан) дәулеті тұсында оғыздардың Түркияға көшуі қайтадан үдей түседі. Мұңғұл ойранынан кейінгі жазба деректерде Мауера-ән-Нәһір мен Хорасан аймақтарында оғыздардың болғаны туралы сөз қозғалмауы үшбұ пікірімізді растайды. Орталық Азияны ойрандатқан мұңғұл басқыншылары Түркия жерін де жаулап алды. Көсетау (1243 ж.) соғысынан кейін мұңғұлдар Селжүк дәулетін өзіне қаратады. Мәмлүк билеушісі Сұлтан Мұхаммед Бейбарыс мұңғұлдармен үнемі соғысып, Түркия мен Алтын Ордадағы мұсылман бауырларына көмектесіп тұрады. Сондай жорықтың бірінде Бейбарыс бабамыз 1277 ж. Оңтүстік Түркиядағы Елбистанға шейін келіп, мұңғұлдарды талқандаған /[8]/. Шындық осылай бола тұра Әмірхан Балқыбек мақаласында «сұлтан Бейбарыстың Яссаның заңдарын (Шыңғыстың тұрпайы қағидалар жинағы, М.Б.) ниет еткенін мәлімдейді» деп, ақиқатқа кереғар пікір танытады да Әс-Сұйұтидың (Эссюути емес, Ә. Балқыбек Вернадский ұстазы қалай жазса солай ала салған, М.Б.) қай еңбегін пайдаланғанын көрсетпейді. Сұлтан II Мәсғұт 1308 ж. өлген соң Түркиядағы Селжүк мемлекеті ресми түрде құлады. Ең соңғы Хорезім-шаһы Жалаладдин (1220-1231) мұңғұлдарға жеңіледі. Мұңғұл шапқыншылары Хорезім-шаһтар билеген өңірлерді жермен жексен етіп қиратады, аяусыз зұлымдықтар жасайды. Жалпы өркениетке үлкен үлес қосқан бұл мемлекетті де Шыңғыс құлатады. Шыңғыстың тобырымен Үндістанда өркениетті мемлекеттер орнатқан түркі бабаларымыз да соғысқан. Мәселен, Деһли (Дели) сұлтандығын 1296-1316 жж. түркiнің хилжи руынан шыққан Алааддин Хилжи билеген. Ол Үндiстанды жаулағысы келген мұңғұлдарға естен кетпес тойтарыс бередi. Шыңғыс бастаған соқыр шапқыншылық, варваризм, вандализм жылдарында он мыңдаған қолжазба кітаптар жоғалып кетті.

Шыңғысты “бабам”, Бөртені “анам” деушілерге айтарымыз: шыныменен біз ата-бабаларымыздың жолын айна-қатесіз қууымыз керек пе? Сонда, өзіміздің ақылымыздың болмағаны ма? Егер олардың қаталықты, жаңылысты қылықтары болса және біз олардың қата екенін білсек, сонда да олардың жолында болуымыз керек пе? Яғни, ата-бабамыздың жолы деп би-төрелік, хандық немесе шаһтық я болмаса шаһаншаһтық ол болмаса патшалық, қағандық, хақандық мемлекет орнатуымыз керек пе? Шыңғыс итке, тауға, бөрікке табынды деп, біз де соларға табынуымыз керек пе? Не болмаса Шыңғыс тек көшпелі өмірде қалуды бұйырды деп, қазіргі адамзаттың жолын емес, көшебелікке қайтадан ауып, елімізді отырықшыларға атақ, даңқ үшін беруіміз керек пе? Шыңғыс 3000 қатынды малданды деп жанұя және неке туралы заңды өзгертіп, ескіліктің қалдығы һәм ғайриадами салттарды қайтадан енгіуіміз керек пе? Әйелдердің хұқұқтарын қолынан ата-баба жолы деп тартып алуымыз керек пе? Шаманист мұңғұл қоғамында әпекелі-сіңлілі екі қызды бірге алу салты бар еді. Мәселен, Шыңғыстың өзі әпекелі-сіңлілі Есүйген және Есүйді бірге әйелдікке алған. Мұңғұлдың «алтын шежіресінде» былай деп келтірілген: «Сол сәтте Есүйген ханым өзінің айтқан сөзінде тұрып, әпекесін көрісімен, өз тұғырын соған ұсынып, өзі төмендеп отырады. Есүйгеннің айтқан сөзі рас болып шықты. Есүй нағыз нұр жүзді, хас сұлудың өзі екен. Шыңғыс қаған салтанатты той жасап, Есүйді қатындыққа алып, ханымдар қатарынан орын ұсынды. Сөйтіп, татар жеңісінен соң, қаған қос ханымға иелік етті». Біреудің әйелін зорлықпен тартып алу Шыңғыс хан өмір сүрген қоғамда күнделікті әдеттен еді. Мәселен, Темүжіннің шешесі Оелен шын мәнінде меркіт руынан Шіледудің әйелі еді. Күйеуі Оеленді төркіндетіп келе жатқанда, Шыңғыстың әкесі Есүкей зорлап тартып алады. Сонда, Әуелін былай деп зарлайды: «Күйеуім еді Шіледу, кекіл-шашы желбіреп, жел өтінде жалғыз қалды-ау!». Бұл уақиғадан біраз уақыт өткен соң Темүжінді босанған Оеленнің өзі баласының тегі кім екенін білмейді. Бұтқақұл жабайы қоғамда мұндай уақиғалар күнделікті нәрселер. Темүжіннің өзі де әке жолының құрбаны болады. Ол қоңырат руынан Бөртені әйелдікке алғанда меркіт тайпасының жігіттері Бөртені тартып әкетеді. Бұл мүмкін Темүжіннің әкесі меркіт Шіледудің әйелін зорлап иемденгенінің қарымтасы еді. Бөрте бірнеше ай осы меркіт елінде жүреді де Темүжін керейттердің көмегімен әйелін құтқарып алады. Бұдан кейін Темүжіннің тұңғышы Жошы дүниеге келеді. Сондықтан, оның да тегі күмәнді болып тұр. Алтын шежірені мұңғұлшадан қазақшаға аударған Абай Мауқараұлының пікірінше Шыңғыс ханның татар және меркіт тайпаларын аяусыз қыруының негізгі себебі осы /[9]/. Ал, осы хақиқатты Мұхтар Шаханов былай деп келтірген: «Но вскоре после замужества // Была похищена меркитами // Воспользовавшимися отсутствием // На стойбище мужчин // И только через три // Мучительных месяца // Чингисхану удалось // Силой и кровью вернуть // Свою молодую жену // Когда на свет появился // Их первенец Жочи // У Чингисхана не было // Радости на душе // Ибо внутренне он чуствовал // Что Жочи не его сын // Но постарался // Скрыть это // От внимания посторонних». Билік қолына түскен соң Шыңғыс хан меркіттерді қуып жүріп өлтіреді. Бұл күндері Абақ Керей руында сақталған меркіттердің санының аз болуының себебі осында.

Бізде Шыңғыстың адамзат өркениетіне жасаған аяусыз соққысын бүркемелеу үшін оны барлық діндерге, сенімдерге еркіндік берген басшы етіп көрсетушілер бар. Мәселен, Әмірхан Балқыбек аталмыш мақаласында “Жаулап барған жеріндегі халықтың діни сеніміне қиянат жасамау да ұлы Шыңысханнан қалған өнеге” дейді. Алайда, осы «ұлы» Шыңғыс мұсылмандардың құрбан айт кезінде құрбан шалуына тыйым салып, бұйрығын орындамаған мұсылмадарды ату жазасына кескен /[10]/. Шыңғыстың кейбір ұрпақтары да оның мұмсылмандарға жасаған зұлымдығын жалғастырған. Мәселен, Шағатай хан құрбан шалуға және бой дәреті (ғұсыл) құйынуға тыйым салғ

Пред.678910
скачать работу

Ұлт және дін

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ