Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Азаматтардың меншік құқықтарының мазмұны және оны жүзеге асыру



 Другие рефераты
Меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны Заңды тұлғалардың меншік құқығы ұғымы Азаматтардың меншік құқығының объектілері Меншік құқығының субъектілері

Азаматтардың меншік құқығының мазмұны меншік иесінің мүлікті өз бақылауы бойынша және өз мүддесіне иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқық өкілеттіктерін құрайды. Меншік иесі басқа адамдардың өз мүлкіне араласуын тойтаруға құқылы.

Әрбір құқықтың өзінің жүзеге асырылу шегі бар. Азаматтық құқықта олар рұқсат етілгендік және диспозитивтік принциптерімен анықталады. Рұқсат етілгендік принципін «тыйым салынбағанның барлығына рұқсат етілген» қағидасымен беруге болады. Диспозитивтік принципі меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруға немесе жүзеге асырмауға және жүзеге асырудың тәсілі мен шегін өзі анықтауға құқығын қарастырады. Меншік құқығының объективтік шектерін белгілейтін тыйымдық нормалар көп емес, олар әртүрлі құқықтық құжаттарда берілген. Азаматтық заңнама, өзінің тарихи дамуы нәтижесінде бөтеннің жалданбалы еңбегінің бір бөлігін иемденуден немесе тиімді нарықтық конъюнктура нәтижесінде алынған еңбексіз кірісті мадақтай бастады. Әділетсіз бәсекелесті, өзінің рыноктағы басымдық жағдайын заңсыз пайдалану, лицензиялық қызметпен лицензиясыз айналысу, т.б. нәтижесінде алынған заңсыз табыстармен құқықтың барлық салаларының әдістерімен күрес жүргізілуде.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтардың меншік құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру. Кәсіпкердің еңбек құқығын жүзеге асырудағы ерекшелігі жеке дара кәсіпкерліктің түрі мен меншік сипатына байланысты. Мысалы, некеде тұратын азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайын кәсіпкер ретінде атамаса да, ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі керек емес. Азамат жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың ортақ мүлкін пайдаланса, егер заң құжаттарында немесе некелесу шартында не жұбайлар арасындағы басқадай келісімдерде өзгедей көзделмеген болса, пайдалану үшін басқа жұбайдың рұқсаты керек.

Жұбайлар кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда жұбайлардың біреуі басқасының келісімімен іс айналымын жүргізеді, ол жеке дара кәсіпкерлікті тіркегенде расталынады немесе, егер жеке дара кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырылатын болса, нотариусте куәландырылып жазбаша көрініс табады. Жұбайлардың біреуінің іскерлік айналымда екеуінің атынан әрекет жасауына екіншісінің жоғарыда көрсетілгендей келісімі болмаса, ол іс жүргізуші жұбай кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік қызметтің объектісі ретінде жекешелендірілген тұрғын үйді пайдалануымен байланысты отбасылық кәсіпкерлікті жүзеге асырғанда тұрғын үй меншік иелерінің біреуінің ғана іскерлік айналымда әрекет жасауы үшін басқа меншік иелерінің нотариуста куәландырылған келісімі керек. Жеке дара кәсіпкерлікті жай серіктестік формасын пайдалана отырып жүзеге асырғанда жай серіктестікке формасын пайдалана отырып жүзеге асырғанда жай серіктестікке қатысушылардың ортақ ісін жүргізу олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асырылады. Олар өзара келісе отырып іскерлік айналымды жүргізуді қатысушылардың біреуіне тапсырады, ол серіктестіктің басқа қатысушылары берген сенімхат негізінде әрекет етеді.

Жеке дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, өз атына құқық пен міндеттер алады, оларды жүзеге асырады. Бірлескен жеке дара кәсіпкерлікте кәсіпкерлік қызметпен байланысты барлық мәмілелер жасалады, заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан құқықтар мен міндеттер иемделінеді және жүзеге асырылады. Азамат, өз кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәміле жасағанда, егер жасалған мәмілердің мән-жайларынан айқын көрініп тұрмаса, өзінің жеке дара кәсіпкер ретінде әрекет ететінін көрсетуі керек. Мұндай көрсетудің болмауы жеке дара кәсіпкерді өз міндеттемелері бойынша көтеретін тәуекелден және жауапкершіліктен босатпайды. Өз қызметін жүзеге асырғанда жеке дара кәсіпкер мәтіндері сол адамның жеке дара кәсіпкер екендігін анық көрсететін іскерлік құжаттаманың жеке бланктерін, мөрлерді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

Жеке дара кәсіпкер, егер заңда өзгедей белгіленбеген болса, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен айналысуға құқылы. Мүлік айналымының жылдамдауына Жеке дара кәсіпкерлік туралы Заңның 15-бабына «кәсіпкерлік іс» ұғымын енгізу себеп болды. Кәсіпкерлік іс дегеніміз- мүлік жиынтығы, оған жеке дара кәсіпкер өз қызметін тікелей іске асыратын және негізге алатын мүліктік құқық кіреді. Жеке дара кәсіпкер өзінің мүлкінің құрамындағы бөлінген ісіне және (немесе) оның бір бөлігіне фирмалық ат беруге құқылы.

Кәсіпкерлік істі толық көлемде иемденуші бұрынғы кәсіпкердің барлық құқықтары мен міндеттерінің құқық мирасқоры болып табылады. Кәсіпкерлік істің бір бөлігін бергенде ол туралы шартта иемденушіге қандай құқықтар мен өтелмеген борыштар өтетіні көрсетіледі. Кәсіпкерлік істің алдағы уақытта басқа адамға берілетіні жайында істі беретін кәсіпкер міндеттеменің мерзімінен бұрын қысқаруын немесе орындалуын талап ете алатын несие берушілерді хабардар етеді. Олардың келісімінсіз кәсіпкерлік істі иемденушіге міндеттемелерді орындауды жүктеуге жол берілмейді. Кәсіпкерлік істі беретін кәсіпкер, және кәсіпкерлік істі иемденуші кәсіпкер істің берілетіні туралы хабарланбаған несие беруші алдында сол несие берушінің кәсіпкерлік іске байланысты талаптары бойынша бірлесіп жауаптылық көтереді. Кәсіпкерлік істі беру туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Бұл талаптың бұзылуы шарттың заңсыздығына әкеп соғады.

скачать работу


 Другие рефераты
Теории возникновения жизни
Деформация металлов
Институты государственной власти в России
Жетісу экологиясы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ