Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

жанұя терапиясы қолданылады. Бұл процесс барысында жұбайлар татуласу және жанұяны қайта құру жайында жұмыс істейді[42].

Фантастикалық Интернет әлеміне ену, үйрену үшін септігін тигізеді; бұдан кейін көңіл–күйдің түсуі және психологиялық үйлесімсіздік пайда болады. Олар психотерапиямен емделеді; қажет болған жағдайда фармакологиялық араласу да рұқсат етіледі[44].

1992 жылы Кимберли Янг ғылым докторы дайындаған ACE (Accesibility, Control and Excitament) моделі интернет–тәуелділігінің дамуында басты рольде қол жетерлік, контроль (бақылау,тексеру) және қозу болады деп түсіндіреді. Модельге сәйкес Интернетке деген құмарлық 3 басты факторларға бола дамиды:

  • Ақпаратқа, интерактивті зоналарға және порнографиялық бейнелерге қатысты қол жетерлік;
  • Жіберілетін ақпараттың персоналды басқарылуы және анонимділігі;
  • Бейсаналы деңгейдегі ішкі сезімдер он–лайндағы қарым–қатынасқа үлкен сенім деңгейін бекітеді[46].

Кішкентай балалардың Интернетке қаншалықты жиі кіретінін білу аса маңызды, себебі он–лайн–педофилияның өсімі байқалып келеді. Ал бұл балаларға қатысты белгілі бір қауіп тудырады. «Педофилия» диагнозын қою үшін міндетті түрде балаларға жармасып, мазалау мысалдары ғана емес, ал адамның балаға қатысты түрлі сексуалды фантазиялармен көңіл көтерудің өзі жеткілікті. Соңғы кездерде тыйым салынған суреттерді интернеттен жүктеп алулар саны өсіп келеді. Бұл жерде психологияның басты міндеті бала порнографиясын қарау мен балаға реалды жармасып–мазалау қаупінің арасындағы байланысты зерттеу болып табылады. Сондықтан да мұндай ақпаратты қарапайым мысалға дейін шектеу мұндай веб–беттерге кездейсоқ кіру мүмкіндігін азайту, желідегі іздеу әдісін жетілдіру және мұндай сайттарға кіріп кету кезінде міндетті түрде ескертулер жасау аса маңызды әрі қажет[42].

Интернет–тәуелділігінің деңгейін анықтайтын ресми түрде қабылданған критерийлер болмағандықтан дұрыс диагноз қою ауырға түседі [40].  Дегенмен, Американдық Психиатрлық Ассоциациясының «Психикалық бұзылыстар бойынша диагностикалық және статистикалық анықтамалық» атты кітаптың төртінші шығарылымында критерийлер жүйесі келтірілген. Осы кітапта келтірілген диагноздардың ішінде ең жақын модель ретінде «азарттық ойындарға деген патологиялық құмарлықты» пайдалануға болады. Бұл модельге жүгінетін болсақ, Интернетке үйренуді химиялық заттармен қоздырылмаған, еріктік басқарудың бұзылуы деп анықтауға болады. Көрнекілік мақсатында Янг докторы 1996 жылы қысқаша тест құрастырған, оның көмегімен Интернет–тәуелділігінің дәрежесін былайша анықтауды ұсынды:

  1. 1.     Сіз өзіңізді Интернетпен уайым басқан адам ретінде сезінесіз бе?(алғашында болған он–лайн сеанстары жайлы ойлап, келесілері жайлы қам жейсіз бе?)
  2. 2.     Желіде өткізген уақытты көбейту жайында қажеттілік сезесіз бе?
  3. 3.     Интернетті пайдалануды шектеу немесе тоқтату әрекеттерін жасау кезінде өзіңізді шаршаған, қозулы, көңілсіз сезесіз бе?
  4. 4.     Онлайнда өзіңіз белгілеген уақыттан артық уақыт өткізесіз бе?
  5. 5.     Өміріңізде Интернет үшін жұмысқа, оқуға немесе жеке өміріңізге қауіп төндірген кездеріңіз болды ма?
  6. 6.     Сізде жанұя мүшелері, дәрігерлер не басқа адамдардан Желіде өткізген уақытты құпия сақтаған кездеріңіз болды ма?
  7. 7.     Интернетті проблемалардан немесе жағымсыз көңіл–күйден арылу үшін (мысалы, жәрдемсіздік, кінә, қозу немесе депрессия сезімдерінен) пайдаланасыз ба?

Пациент бес не одан көп сұраққа иә деп жауап берсе, онда Интернет–тәуелділігі бар дегенді білдіреді[5].

Интернет идеалды зерттеушілік құрал болғанымен студенттерде оқуда проблемалар пайда болады. Оның себебі олар іске қатысы жоқ сайттарға кіреді, бірнеше сағат чаттарда әңгімелеседі, таныстарымен сөйлеседі, оқудың орнына интерактивті ойындар ойнайды. Сөйтіп оларда үй тапсырмасын орындау, емтихандарға дайындаумен байланысты мәселелер пайда болады. Көбіне Желіде өткізген уақытын басқара алмай, ұйқыларын қандырмайды[39].

Неке, ата–ана мен бала арасындағы қатынас, жақын достық та Интернеттің құрбандары. Компьютер компаниясындағы уақыт реалды адамдармен өткізген уақыттан асып кетеді. Алғашында тәуелділік әдеттегі істер – кір жуу, газон қырқу, магазин аралаумен емес, ал компьютердің алдында отырудан көрінеді. Бала жайындағы қамқорлық күнделікті жұмыстар сияқты жайдан жай қалады. Мысалы, анасы өз баласын сабақтан кейін мектептен алып, оған түскі асын беріп ұйықтатуды ұмытып кетіпті,бұл уақыт бойы Интернетте отырыпты[44].

Жақын адамдар Интернет адам санасын билеп бара жатқанын алғаш түсініп, ол өздігінен қояды деп үміттенеді. Алайда ештеңе өзгермесе, интернетте өткізілген артық уақытқа қарсы аргументтер пайдаланыла бастайды. Өкінішке орай ол қайтымды эффектке апарады. Тәуелді адамдар ашулы болып, Интернетті пайдалануды шектеуге тырысқандардан түрлі жолдармен қорғанады. Мысалы, келесідей стандартты фразалар қолданады, «Менде проблема жоқ» немесе «Мен жай ғана демалып отырмын, маған бөгет жасама» – мұның барлығы орныққан тәуелділіктің белгілері болып табылады. Бұдан соң алкогольге деген қажеттілігін құпия сақтағысы келген маскүнем тәрізді, адам Интернетте өткізген уақыты туралы жалған айтуды бастайды. Мұның барлығы ертелі–кеш жанұядағы жақын қатынасты не достықты бұзады[45].

Тәуелді адамдарда финанстық проблемалар пайда бола бастайды. Мысалы, 1996 жылы бір әйел он–лайндық шот үшін бір айда 800 доллар төлеген болатын. Мұндай шығынды болдыртпау үшін Желіде өткізілетін уақытты азайтудың орнына шоттағы барлық ақша бітпейінше адамдар тоқталмайды[46]. Тәуелді адамдарда жұмыспен байланысты проблемалар пайда болады, мысалы, интернеті қызмет бабынан тыс жеке мақсаттарда пайдаланған кезде. Қазіргі кезде фильтрация және басқару жүйелері бастықтарға жұмысшылардың Интернетті пайдалануларын қадағалауға мүмкіндік береді. Бір ірі компанияда тексерістен кейін бүкіл трафиктің 23%–ы ғана жұмысқа қатысты болып шыққан екен.

Интернет–тәуелділігінің денсаулыққа зияны алкоголизм кезіндегі бауыр циррозы сияқты айқын емес. Интернетті пайдалану кезіндегі денсаулыққа қауіп минималды, алайда байқалады.  Әдетте тәуелді адамдар Интернетті кез–келген жерде, биттей мүмкіндік пайда болған кезде пайдалануға тырысады. Мұнда жеке сеанстар он бес сағатқа дейін барады. Мұндай құмарлықты уақыт бойынша шектеу жағдайында жүзеге асыру әрекеті Интернетте түнгі кездерде отыру тенденциясының пайда болуына әкеп соғады. Көбінесе тәуелді адам басқалардан кеш тұрады. Интернетті түнгі екіге, үшке, төртке дейін пайдаланады, ал бұдан соң таңғы алтыға дейін қажетті жұмысты атқарады. Ең ауыр жағдайларда ұйқыны қашыру мақсатында кофе және басқа дем беретін сусындар пайдаланылады. Мұндай ұйқысыз өткен түндер үздіксіз шаршау мен адамның иммундық жүйесінің әлсіреуіне жағдай туғызады. Ал бұдан кейін кенет аурудың пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды. Бұған қоса, отырумен өтетін өмір салты омыртқа Желісімен байланысты проблемалар түнгі кездегі жарықтың жеткіліксіз болуы – көздің түрлі ауруларын тудырады[47].

Саулнама көрсеткіштері бойынша ауру адамдардың шамамен  54%–ы он–лайнда өткізетін уақытын азайтқысы келмейді, ал олардың бір бөлігі өздерін Интернетке біржола «отырғандар» қатарына қосып, бұл әдетті тастауға қабілетсіз деп таниды. Қалған 46% тәуелділіктен арылуға бірнеше сәтсіз әрекеттер жасауға тырысты. Бұл жағдайларда өз–өзін біраз уақыттық лимиттен шектеу пайдаланылады, дегенмен бұл адамдар қойылған шектеуді орындауға ерігі жетпейді. Осыдан кейін Интернеттен мүлдем өшірілу, модемді лақтырып тастау немесе тіпті Желіні пайдалануды шектеу мақсатында компьютерді бөлшектеу әрекеттері жасалды. Өкінішке орай барлығы дерлік біраз уақыт өткен соң өздерінің Интернетсіз өмір сүре алмайтынын түсіне бастады. Олар Желіге қосылуды қайта жүзеге асырды: тағыда Интернетте ұзақ уақыт отыру үшін жаңа моделі сатып алды, компьютерді қайта жинады[48].

Жанұялық қатынастар үшін де бұл күйзелістік сипатта өтеді.  Тәуелді де жаңа сипатқа өтеді. Тәуелдіде жаңа он–лайндық таныстар пайда бола бастайды. Жағдайлардың көбінде он–лайн достарымен қарым–қатынас жасау толғаныстық болып көрінеді, романтикалық әңгімелерге немесе киберсекспен айналысуға әкеледі. Киберсекс және романтикалық әңгімелер зиянсыз көңіл көтеру түрінде көрінеді, себебі адамдар бір–бірінен мыңдаған километр қашықтықта өмір сүруі мүмкін[37]. Мұндай көңіл көтеру түрлерінің қаншалықты зиянсыз болып көрінгенімен, олар реалды адамдармен қарым–қатынас үшін аз уақыт қалдырады. Сөйтіп, тәуелділер реалды адамдармен өз қатынастарын эмоционалды үзуді жалғастырып, виртуалды әлемге одан сайын кіре береді.

Киберсексуалды құмарлық интернет–тәуелділіктің спецификалық түріне айналды. Алғашында бұл порнография қарау  немесе киберсекспен айналысу. Сауалнаманың нәтижелері бойынша, ер адамдар порнографияны қарауды, ал әйелдер – киберсекспен айналысуды ұнатады[34].

Жасөспірімдік шақтың ерекшеліктерін қарастырған әртүрлі көзқарас және теориялар бар. Көптеген зерттеушілер жеткіншектік пен жасөспірімдік шақты девиантты әрекет-қылықты дамытатын, қауіпті фактор ретінде қарастырады. Есеюдің барлық аспектілеріне (биологиялық, психологиялық, психоәлеуметтік) қатысты дағдарыстық болып табылатын жасөспірімдік шақтағы психологиялық ерекшеліктер оған негіз болады.

Қоғамда қазіргі өркениет құндылықтарымен қатар негативті девиантты (ауытқыған) әрекет-қыл

12345След.
скачать работу

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ