Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

тылығы бар конференция немесе сайттарға кіргенде «компьютерлік» қылмыстарға және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге байланысты позитивті қатынастың пайда болуына әкеп соғады.

Осыдан, өз құрдастарымен ренжітілген, соғылғандардың саны күннен күнге өсіп келеді. Ол көбіне еріккеннен, айтарлықтай себепсізден орындалуы мүмкін. Ал көбінесе бұл барлығын өлтіре беретін компьютерлік ойындардың аяқ асты тоқтатылу әсерінен болады[25].

Эксперттер болса, күніне бір сағаттан артық компьютерлік ойын ойнаумен өткізетін жеті жасқа дейінгі баланың бейсанасында доминанта бекітіліп қалуы мүмкін деген мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. Одан есею процесі барысында арылу өте қиын болып табылады, ал компьютерлік ойынмен ұқсас жағдайға түскенде жасөспірім қылмыс (оның ішіне «ауыр» түрі де кіреді) жасауға да бет бұрады. Жағдайды қиындататын тағы бір факт, жасөспірім компьютер экранында үнемі қатыгез сценаларды көре отырып, қорқынышты нәрсені көргенде қорқып, бөтенге эмпатиялық қабілет көрсете алмайды.

Сонымен қатар бүгінгі персоналды компьютерлердің өте үлкен саналы қуаты кәмелетке толмағандарға салдары өте ауыр болуы мүмкін (мысалы: банктік-кредиттік сферадағы ұрлауға хакер ретінде қатысу) құқыққа қарсы әрекеттер жасауға мүмкіндік береді[34].

Жасөспірімдік шақтағы хакерлік формадағы Интернет тәуелділігі шектеулі масштабта таралса да (бұл ең алдымен олардағы кәсіби дайындықтың болмауымен байланысты), алайда Интернет тәуелділігінң қалыптасуына апаратын мұндай қызмет оларды потенциалды қызықтырады. Интернет тәуелділігіне түскен жасөспірімдердің әрекет қылығымен байланысты жағдайлардың ерекшеліктеріне тыйым салу шараларын жатқызуға болады: бір жағынан бұл балада қызулықпен жоғары агрессияны тудырса, екінші жағынан — «балалық» ренжу, суицидке де әкелуі мүмкін[24].

«Жасөспірімдік шақта қалыпты болудың өзі қалыпсыз нәрсе» Анна Фрейд (1958)[47]. Аддиктивті механизм арқылы көңіл-күйді өзгертуге деген құмарлық түрлі аддиктивті агенттердің көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай агенттерге психикалық күйді өзгертетін заттар: алкоголь, наркотиктер, дәрілік препараттар, токсикалық заттар жатқызылады. Көңіл-күйдің жасанды өзгеруіне белсенділіктің кей түрлеріне беріліп кету жағдай жасайды. Аддиктивті әрекет-қылық түрлері спецификалық ерекшелікке ие,  ал салдары бойынша әртүрлі болады. Алкоголь, наркотик, және т.б. заттарды көп қабылдайтын аддиктілерде психологиялық тәуелділікпен қатар физикалық және химиялық тәуелділіктің әртүрлі формалары пайда болды.

Бұл зат алмасудың бұзылуымен, ағза жүйелері және мүшелерінің зақымдануымен байланысты, психопатологиялық құбылыстар және жеке тұлғалық деградация байқалады. Белгілі бір әрекетке қызығу кезінде сипаты бойынша жұмсақ болып табылатын психологиялық тәуелділік дамиды. Бірақ бұл түрлердің барлығын жалпы аддиктивті механизмдер біріктіреді.

Аддиктивті  жеке тұлғаға тән өзіндік ерекшеліктері бар. Тұлғааралық қатынастағы аддиктілердің әрекет-қылығы жалпы негізгі бірқатар ерекшеліктерді сипаттайды: ауыр қиындықтарды бастан кешіру, гедонистік бағдардың болуы (қанағаттануға дереу жетуге деген бағыттылық). Құмарлықтары қанағаттандырылмаған жағдайларда олар негативті эмоциялардың көрінісімен немесе пайда болған проблемалардан кету арқылы жауап береді.

Аддиктіге Г.Сельенің формуласы сай келмейді: стресс бұл өмірдің дәмі мен иісі. Ол үшін ол қауіп және қашу үшін себеп болып табылады. Сонымен қатар бұл реніш, күмәншілдікпен қатар болып тұрады. Жасырынды толымсыздық комплексі көңіл-күйдің жиі өзгерістері, сенімсіздік түрлі жағдайлардан қашуда өз көрінісін табады.

Әлеуметтіліктің  үстіртін сипаты және уақыттағы шектеулілігі қоршаған ортаға жағымды әсер қалдыруға деген бағыттылықпен қосарлана келуімен сипатталады. Мысалы алкогольдік аддиктілер шындықпен жанаспайтын алкогольдік тематикадағы жүрістері жайлы әңгімелері мен қатты әсер қалдырады. Алкогольді топпен қабылдаған кезде бұл жақсы байқалады.

Сонымен қатар ұзын дистанцияда олармен қарым-қатынас жасау күрделі әрі қызықсыз. Күнделікті өмірде аддиктілер қызықсыз адамдар, үстіртін қатынас көрсетеді, терең жағымды эмоционалды қатынастарға қабілетсіз және онымен байланысты ситуациялардан қашыңқырайды. Жалған айтуға бейім. Аддиктілер көбінесе сөздерінде тұрмайды, келісімдерді сақтамаумен ерекшеленеді.

  Кінәсі жоқ адамдарды кінәлауға бағыттылық (ол адам кінәсіз екендігі мәлім болғанның өзінде). Шешім қабылдауда жауапкершіліктен кету және оны басқаларға жүктеу, керек кезде ақтаушы ааргументтерді іздеу.

  Әрекет-қылықтық стереотиптілігі және қайталануы. әрекет-қылықтың қалыптасқан стереотипін оңай болжауға болады, алайда оны өзгерту қиын.

Тәуелділік аддиктивті бағыттылығы бар адамдардың әсеріне бағынудан көрінеді. Кей кезде пассивтілік, дербестіктің болмауы, көмек алуға бағыттылық та байқалады.

Аддиктілердегі үрей деңгейі тәуелділі, толымсыздық комплексімен тығыз байланысты. Оның ерекшелігі мынада, дағдарыстың жағдайларда үрей екінші орынға ауысса, сондай-ақ күнделікті өмірде ол айтарлықтай маңызды емес себептерден пайда болуы мүмкін[20].

Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – күрделі әрі жауапты міндет. Әр ересек бұл міндетті неғұрлым дұрыс орындауға тырысады. Дегенмен де «тең дәрежедегі ауыр жағдайда нәтиже неліктен әртүрлі болады?» деген сауал өздігінен пайда болады. Ата-анасының үмітін ақтауға тырысқан бір жасөспірімдердің үйренгені ересек өмірде тиімсіз болып шықса, басқалары үмітті ақтамай-ақ, талаптарды орындамай-ақ өз тәрбиешілерінен асып түседі[9].

Әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерулер жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамытудың барлық жақтарына өз әсерін тигізді. Жалпыға ортақ дағдарыс әсерінен экономикалық, саяси, әлеуметтік сфераларда жұмыссыздық, қылмыс, жезөкшелік, алкогольге салыну, нашақорлық, ақыл-ой кемістігі мен байланысты аурулар, қараусыз қалған балалар саны күннен күнге өсуде. Осыған байланысты А.А.Реанның пікірінше, мектептің негізгі міндеті балалардың бейімделу потенциалын жоғарылату (бұл аддиктивті әрекет-қылықтың профилактикасының міндеті болып табылады).

  А.А.Реан көрсетуінше, мектеп тек оқыту функциясын ғана емес, сондай-ақ келесідей аспектілердегідей тәрбиелік қызмет атқаруы тиіс:

  1. интеллектіні дамыту;
  2. эмоционалды сфераны дамыту;
  3. стрессорларға тұрақтылықты дамыту;
  4. өз-өзіне сенімділікті және өзін-өзі қабылдауын дамыту;
  5. дүниеге жағымды қатынасты, басқаларды қабылдауын дамыту;
  6. жеке тұлғасының автономдылығын дамыту;
  7. өзін-өзі жетілдіру мотивациясын, оқу мотивациясын, жеке тұлғаның өзіндік жүзеге асырылуын дамыту[28].

Аталып өткен функциялардың көпшілігі шын мәнінде де оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады ма?

Тәрбиелеу проблемасымен байланысты бұл сұрақ ересектермен тығыз байланысты. К.Г.Юнг жеке тұлғаны тәрбиелеу мақатын қоя отырып, тәрбиелеумен айналысатын адамдардың өзі жеке тұлға болып табылады ма, жоқ па деген сауал жайлы ойланбайды деген. Кей ата-аналар психологиялық тұрғыдан инфантильді әрі жауапсыз болып қала бергендіктен ересек жеке тұлғаны тәрбиелей алмайды. К.Г.Юнг балаға идеалды тәрбиеленген жеке тұлға ұғымын пайдалану дұрыс емес деп санаған. Жеке тұлғаға үш қасиет енеді: айқындылық, тұтастылық және жетілу (бұл қасиеттер бала бойында кездескен жағдайда олар болашағынан айырылған болад еді).

Ересек өзі жіберіп жүрген қателіктерін бала бойында түзетуге тырысады. Көп жағдайда бұл қате болады, себебі бала ересектің талабы мен оның (ересектің) реалды әрекет-қылығының сәйкес еместігін анық көреді. Ересектер баласына «ең жақсы» деп санайтынын жабыстыруға тырысады, ал шын мәнінде «ең жақсы» дегені ол ересектің өзінің жүзеге асыра алмаған құндылықтары болып табылады.

Сөйтіп, ересек баладан «ең жақсыға» жетуін қалайды. Жасөспірімдер ең алдымен ата-анасы және тәрбиелеуші ересектерден тәуелсіз болуға тырысады. Қабілет, қызығулардың дифференциясы жүзеге асырылады, дүниеге көзқарас қалыптасады, психосексуалды ориентация анықталады. Дегенмен бұл кезеңде мақсаттылық және табандылық импульсивтілік және тұрақсыздықпен, ал тым өзімшілдік сезімталдылықпен және өз күшіне сенімсіздікпен, дөрекілік ұялшақтықпен;  романтизм – прагматизммен үйлеседі[49].

Кейбір авторлардың пайымдауынша (С.В.Березин, К.С.Лисецкий, Е.А.Назаров) жасөспірімдерге тән бірқатар ортақ ерекшеліктер болады: өзін-өзі басқарудағы әлсіздік, сыртқы және ішкі факторларға төмен төзімділік, әрекет салдарынан болжай алмау және қиындықтарға төзе алмау[47]. Жасөспірімдік шақтағы есеюдегі ең алдымен қарама-қайшылықты даму ерекшелігі ересектермен жеке тұлғалық бұзылыс ретінде қабылданады. Бұндай жағдайда жасөспірімдік шақтағы оқушылар «қауіп тобындағы балалар» тобына жататыны түсінікті нәрсе.

Педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық тәжірибеде ауытқушылық әрекет-қылық көрсететін балаларды «қауіп тобына» жатқызады. Бүгінгі күні «қауіп тобындағы балалар» терминінің ортақ бір түсінігі қалыптаспаған, алайда Е.Ю.Егошкина мәліметтері бойынша, оған мыналарды жатқызуға болады:

  1. невротизациялық ерекшелігі бар балалар;
  2. психосоматикалық аурулары (жекелей айтқанда логоневроз) бар балалар;
  3. акценттелген, психопатияланған балалар;
  4. жағдайы төмен отбасы балалары;
  5. экологиясы жағымсыз аймақтарда өмір сүретін балалар.

Г.Ф.Кумаринаның мәліметтері бойынша (1996) мұндай балалар қатарына әрбір бесінші бала жатқызылады.

«Қауіп тобындағы» балалар әлеуметтік психикалық дезадаптацияның белгілі бір дәрежесімен сипатталады (адаптацияның біраз ғана бұзылысынан жеке тұлғаның толық бейімсіздігіне дейін).

А.А.Налча

12345След.
скачать работу

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ