Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

ық көрсететін адамдар (оған ең бірінші кәмелетке толмағандар және жасөспірімдер) санының өсуіне байланысты мәселелер ерекше орын алуда. Өсіп келе жатқан ұрпақтың алкоголизация, наркотизациялануымен қатар кейінгі жылдары «виртуалды тәуелділік» белсенді дамып келеді. Мұндай тәуелділікке телебағдарламалар, компьютер, Интернет, ойын-автоматттарына құмар болу, тәуелді болу жатады[41].

Жасөспірімдер мен жастарға тән қазіргі девиантты тәуелді әрекет-қылық формаларының бірі – интернет тәуелділік. «Интернет тәуелділігі» (Internet Addiction Disorer) термині жүйелік процесстерге қатысуға деген тым жоғары құмарлық, 1996 жылы пайда болып, қазіргі кезде ғылыми және публицистикалық әдебиетте кең қолданылады[18].

Интернет адамдар коммуникациясының үлкен зонасы болып табылады. Компьютерлік желілерді қолдану адамның психикалық қызметіндегі айтарлықтай құрылымдық және функционалдық өзгерістеріне әкеледі.

Бұл өзгерістер танымдық, коммуникативтік және жеке тұлғалық сфераларды қамтып өтеді; іс-әрекеттің атқарушылық үзбесі субъект-субъект және субъект-ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттестігінің кеңістіктік уақыттық мінездемесі, мақсат-болжамдық процестер, іс-әрекеттің қажеттіліктік-мотивациялық реттелуі трансформацияда өтеді.

Интернеттегі қарым-қатынас құралдарының түрлі классификациясы бар, дегенмен неғұрлым жалпы классификацияны Вадим Нестеров ұсынады. Ол орыс Интернетіндегі виртуалды тұлғааралық коммуникацияның барлық формаларын бөліп көрсетті:

  1. Диалогтық коммуникация, off-line және on-line (электрондық пошта, ICQ);
  2. Полилогтық коммуникация, off-line және on-line (конференциялар, чаттар).

Бірінші түрі анағұрлым сенімді және жеке қарым-қатынас жасаумен ерекшеленеді, екіншісіне адамдардың арнайы тақырыптарға қойылатын сұрақтарды талдау тән[5].

Интернетке қарым-қатынас құралы ретінде жүгінудің себептері:

  1. Реалды байланыстардың ішінде қарым-қатынастың жеткіліксіз болуы. Мұндай жағдайларда егер де реалды өмірде сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мүмкіндік туса пайдаланушы Интернеттегі қарым-қатынасқа қызығуды тез жоғалтады.
  2. Релды өмірде белгілі бір себептер бойынша фрустрацияға ұшыраған эмоцияны бастан кешіру, рольдерді ойнау, жеке тұлға сапаларын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы. Берілген мүмкіндік желі арқылы қарым-қатынас жасау ерекшеліктері – анонимділік, төмен нормативтілік, адамды адам қабылдауының өзгешелігімен шарттас.
  3. Контактілер еркіндігі және қалаулылығы. Пайдаланушы байланысты өз еркімен бастайды немесе тоқтатады, сондай-ақ оны кез-келген сәтте тоқтатуға ерікті.
  4. Қарым-қатынастың эмоционалды компонентінің күрделілілігі, мәтінді эмоционалды толтыруға тұрақты бағыттылық. Ол өз көрінісін эмоцияны білдіретін арнайы белгілерді ойлап табу немесе эмоцияны сөзбен сипаттаудан көрінеді.
  5. Нормативсіз, әдеттегіден тыс әрекет-қылыққа бағытталу. Көбіне тұтынушылар өздерін реалды әлеуметтік нормадан тыс презентациялайды[22].

Виртуалды тұлғаны құрастыру жас ерекшеліктік сипатқа ие, өзіндік анықталумен байланысты болуы мүмкін. Виртуалды тұлғаны жасау үшін тек қана өзін түрлі рольдердің потенциалды орындаушысы ретінде ғана көру жеткіліксіз, сонымен қатар осы рольдерді орындауға деген қалаудың да болу керектігі түсінікті[47].

Мұнда мынадай болжам жасауға болады: виртуалды тұлғаны жасауға деген құмарлық реалдылықта «Мен»–нің  түрлі аспектілерін жүзеге асыру үшін мүмкіндіктердің болмауы немесе реалдылық тым «рольдік» не нормативті болуы мүмкін. Бұл адамда нормативтілікті жеңуге деген құмарлықты тудырады, ал бұл нормативсіз виртуалды тұлғаны жасауға апарады. Жекелей айтқанда, бұл басқа жынысты немесе тіпті жыныссыз виртуалды тұлғаны жасаудан көрініс табады. Виртуалды қоғамда адам өзінің жынысына сәйкес әрекет–қылық демонстрациялаудан еркін, яғни желіде ол қарама–қарсы жыныс өкілі ретінде таныстырылуы мүмкін. Реалды қоғам адамның өзіндік жүзеге асырылу мүмкіндігін шектесе, ол адамда желіге шығу виртуалды тұлғаны жасау мотивациясы пайда болады.

Егер де адам реалды қарым–қатынаста өз менінің барлық аспектілерін толық жүзеге асырса, виртуалды тұлғаны жасау мотивациясы жоқ дегенді білдіреді. Бұл жағдайда Интернеттегі қарым–қатынас негізгі қарым–қатынасқа қосымша ретінде болады. Алайда ол компенсаторлық, орын басатын сипатқа ие болуы мүмкін. Бұл Интернет–тәуелділігінің қалыптасу кезінде пайда болады.

Интернет–тәуелділігі құбылысы шетел психологиясында 1994 ж. зерттеле бастады. Интернет–тәуелділігі off–line күйінде бола тұра, Интернетке кіруге деген жабысқақ (компульсивті) құмарлық, on–line күйінде бола тұра, Интернет жүйесінен шығуға қабілетсіздікпен анықталады. Бұл құбылыс Батыста кең таралған, себебі онда жүйеге кіру бағасы әлдеқайда арзан, ал бұл Интернеттің танымалдылығымен кең таралуына жағдай жасайды[3].

Біз үшін Интернет–тәуелділігі бұл төмен коммуникативті компетенттілік индикаторы, яғни пайдаланушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің көрсеткіші екендігі қызығу тудырады. Зерттеушілер Интернет–тәуелділігінің түрлі критерийлерін келтіреді. Кимберли Янг бұл құбылыстың 4 симптомын келтіреді:

  1. E–mail–ды тексеруге деген жабысқақ құмарлық;
  2. Интернетке келесі рет кіруге дейінгі үнемі күту сезімі;
  3. Адамның Интернетте тым көп уақыт өткізетініне айналадағылардың шағымдары;
  4. Адамның Интернетке тым көп ақша жұмсауына айналадағылардың шағымдары[5].

Интернет–тәуелділігінің себептерін талдау Интернетке тәуелді адамдардың көпшілігі желіге қарым–қатынас үшін келетінін анықтады. Бұл осы топ адамдарының Интернеттегі қарым–қатынастың компенсаторлық сипаты жайлы мәлімдейді.

Компьютер тұтынушыларының Интернетке құмарлығы бірнеше факторлармен шарттас болып табылады:

-         интерактивті зоналар мен порнографиялық бейнелердің, ақпараттардың қол жетерлік деңгейде болуы;

-         тасымалданушы ақпараттың анонимділігі және персоналды басқарылу мүмкіндігі;

-         онлайндағы қарым-қатынсқа сенудің үлкен коэффициентін астарсаналық деңгейде бекітетін ішкі сезімнің болуы;

-         белгілі бір чат немесе телеконференцияға яғни белгілі бір топқа қатысты екендігін сезіну арқылы мойындалу, көмек алу мүмкіндігін алу[19].

Қазіргі кезде жастардың белгілі бір бөлігі компьютерлік Интернет тәуелділігінің ықпалында, ал бұл қатерлі психикалық ауру болып табылады. Сондықтан да қоғам бұл мәселенің қауіптілігі мен маңыздылығын түсінуі қажет.

Тәуелді әрекет-қылықтың мұндай мәселесімен айналысатын мамандар оның симптомдарын бөліп көрсетеді. Бұл симптомдарға:

-         Интернет туралы жабысқақ ойлар, жүйеде тым көп уақыт өткізу;

-         реалды әлемде «әлсіз» қызмет ету, келесі рет Интернетке шығуды үнемі күту сезімі;

-         Интернеттегі жұмыстан тіпті аз уақытқа айырылуға деген қабілетсіздік;

-         қанағаттану мақсатында Интернетте өткізу уақытын үнемі арттырып отыру;

-         мәжбүрлі түрде Интернет байланысымен үзілген жағдайдағы қозулар;

-         реалды әлемде болғандағы тынымсыздық, оның артуы;

-         кибер кеңістігінде өткізген уақытына байланысты жанұя мүшелеріне, әскерлестеріне, жолдастарына жалған айту;

-         Интернетте жұмыс істеу барысында үй шаруасы, оқу, қызметтік міндеттер, маңызды болып табылатын жеке және іскерлік кездесулер жайында ұмытуға бейімділік;

-         Интернеттегі жұмысқа терең үңілу салдарынан жанұяның бұзылуы, достармен қарым-қатынас жасау ортасын жоғалту мен келісуге даярлықтың болуы;

-         Интернеттегі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында жанұя бюджетінен болсын не қарызға алынған ақшадан болсын ақшаны ұстауға деген қажеттіліктің туындауы;

-         Интернетті қолдануды басқаруды бастау немесе аяқтауға деген үнемі талпыныстар жасау[49].

Глобальдық компьютерлік желілердің негативті әсері кәмелетке толмағандардың қылмыстық бағдарларын және тәуелділікті қалыптастыруы ерекше қауіп тудырады. Оның қауіптілігі мынада: тұрақты тәуелділіктің дамуы, мұнда кәмелетке толмаған бала тек қана Интернеттегі жұмыс жайында ойлайды, егер үйде Интернетке қосылу мүмкіндігі болмаса компьютерлік клубқа түсу үшін туыстарынан ақша «тасиды», Интернетте тым көп уақыт отырады (мектептегі сабақтарынан жиі қалады, ұйқысы қанбайды, және т.б.) [48].

Глобальдық жүйеде отырған жасөспірім өзін кәмелетке толған адам ретінде (реалды әлемде мұны істеу әлде қайда қиын) ұстап, күнделікті өмірде ол үшін қиын болып табылатын қызмет түрлеріне: кіре алу (аукционға қатысу, сенімсіз финанстық келісулерді жасау, белгілі бір негативті ауытқулары бар кәмелетке толғандардың жүйелік қарым-қатынас орындарына кіру) мүмкіндігіне ие болады. Бұдан басқа кәмелетке толмаған бала Интернет арқылы ата-анасынан құпия түрде жанұя бюджетінен ірі сомаларды ұстай отырып, виртуалды азарттық ойындарға қатысуы да мүмкін.

Жасөспірімдердегі қалыптасқан адамгершіліктік позицияның жоқ болуы белгілі бір бағыт

12345След.
скачать работу

Жасөспірімнің психикалық даму ерекшеліктеріне интернет-тәуелділіктің әсері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ