Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жалпы тарих



Жамақұлы Бейбарыс

Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 341
Жолайырық

Қазақтың соңғы екі ғасырдан астам уақыты Асанқайғының сөзімен айтқанда “Қарағай басын шортан шалған” заман болды. Тәуелсіздік алғанымызбен, біз сол заманның суық зардабынан түгел құтыла алмай келеміз. Тарихқа мемлекет қайраткері, ойшыл, би және ақын болып енген Асан қайғы Сәбитұлы қазақтың басына осындай заман үйірілетінін XIV - XV ғасырларда болжап кеткен екен. Асан бабамыздан бірнеше ғасыр бұрын осындай жағдай болатынын даланың бас биі - Майқы да жорыған. Халқының болашақ бақыты үшін шұрайлы қоныс, елін жаудан қорғайтын жол іздеген Асан қайғы бабамыз ондай “Жерұйықты” таба алмайды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 920
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалардың жүйесі

Тарихта алғаш рет түрік атауымен мемлекет құрған Көк түріктер, осы ерекшелігімен тарихта маңызды орын алады. Тарихта шамамен екі жүз жылға жуық өмір сүрген Көк түріктердегі тайпа жүйесі, ғасырлар бойы зерттеліп бүгінгі Түркі әлеміне бір көпір болғаны белгілі. Бүгінгі тақырыбымыз да Көк түріктердің тарихындағы әртүрлі аттармен, ұйымдармен белгілі болған тайпалардың композициясы болмақ. Бұл композиция, басқаша айтсақ тайпалардың ыдырауы мен әрекеттенуі Көк түрік мемлекетінің 744 жылы құлағанынан кейін де жалғасып, тіпті көш кездерінде де маңызды рөл ойнаған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 705
Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған

Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған батыстағы Ғұн (сиуңну) империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орыны бар тарихи ірі тұлға. Оны Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы» деп те атайды. Ежелгі қытайдың әулеттік шежіре тарихы «Хан кітабынан» («Хәншудан») қытайлықтар есімін білмегендіктен, «Солтүстік чәниүй» деп атап кеткен Солтүстік Сиуңну мемлекетінің билеушісінің жаңаша жыл санаудың 92 жылы Хән империясы мен сиәнбилердің біріккен күшінен ойсырай жеңілгеннен кейін, батысқа қарай ығысып кеткені белгілі. Міне, осы сиуңнулар бірден бірге ығыса отырып, ІІ ғасырда Еділ мен Жайықтың ортасында жаңа ғұн ордасының шаңырағын көтереді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 741
Отаршылдық саясаттың Түркі өркениетіне тигізген кері әсері

“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 541
Отты күндер шежіресі

Біздің отбасымыз өзіміздің дарынды жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, марқұм Әбу Сәрсенбаевтың шығармаларын сүйіп оқиды. Әрине, қазақ әдебиетінің қай өкілдері де біз үшін жат емес. Бірақ, Әбу Сәрсенбаев шығармашылығын қастерлеуіміздің басқадай да бір себебі бар...
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 444
Сталинград шайқасы

Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жыл 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жыл 19 қараша – 1943 жыл 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады. 1942 жылдың жазында Фашистік Германия мен оның одақтастары Еуропада екінші майданның ашылуын пайдаланып, кеңес – герман майданының оңтүстік қанатына басты соққы беруді ұйғарды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 937
Тамұқтан аман шыққан жан

Фашисттермен болған сұрапыл соғыстың аяқталғанына да 60 жыл болды. Небір боздақтар қан майданнан оралмай бала жетім, ана жесір атанған кез еді бұл. Өлдіге санап, үмітін үзе бастаған шақта келешек отын маздатқандар да бар еді. Ал Индер ауданы Гребенщик селосының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Тұфтолла Қалимовтың айтары аз емес.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 210
Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі

Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 553
Түркі қағанаты

Бумын қаған 545 жылы түркінің он тайпасын біріктіріп, Түркі қағанатын құрды. Қағанаттың құрылуы түркі тайпаларының өзге мемлекеттермен түрлі қарым-қатынасқа түсуіне және өз ішінде ортақ этникалық мүддені ұғыну дәрежесіне көтерілуге байланысты болды. Қағанаттың құрылуына деген алғышарт ғұндар кезінде-ақ қалыптаса бастағанымен, жалпытүріктік мүдде негізіндегі тұтас көзқарас немесе түркі идеясы осы Түркі қағанаты кезінде туындаған болатын.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 985
Тұмар (Томирис) ханша

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 562
Тұран және көне түркілер

“Тұран”, “Түркістан”, “Қазақстан” - бұл түркі халықтарының, оның ішінде қазақ тарихының әр кезеңінде оларды біріктіру үшін пайда болған концепция, ұғым немесе идея. Қазақ - түркі халықтарының құрамдас бөлігі немесе тұрандықтар мен түркілердің тікелей ұрпағы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 3652
Тәңір – түркі Атлантидасы

Орхон-Енисей ескерткіштерінде жазылған көне түркілердің дүниетанымдық ұғымы бойынша, “Алдымен жоғарыда көк аспан, төменде қара жер, олардың ортасында түркілер пайда болады”30. Көне түркілердің діні аспанның құдайы Тәңірге (Тенгри) табынуға негізделген. Ұлы даладағы түркі халықтарының негізгі құдайы болған Тәңір туралы ұғым б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Алтайда пайда болды 30. Француз ғалымы Жан-Поль Ру оны “тенгризм” терминімен атады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 3300
Фашист тұтқынынан құтылған майдангер - Нұрмұханов Әжігерей

Кешегі әлемді дүр сілкіндірген неміс шапқыншылығы еліміздің көптеген атпал азаматтарының бірқатарын қыршынынан қиып, мүгедек қылып, бірқатары хабарсыз жоқ болып кетіп, ел ішінде зор зобалан туғызды. Соның бірі өзімнің әкем Жайлаубаев Өрбісін 38 жасында майданға алынып, содан осы күнге дейін хабар жоқ.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 215
Халел Досмұхамедов және Түркітану мәселелері

XX ғасыр басындағы өтпелі, дүрмекті кезеңде саяси күрес сахнасына шығып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын болжап, аспан астында өмір сүру құқығын қорғап тер төккен, сонымен қатар осы жолда құрбан болған қазақ зиялылары қаншама. Бүгінде Алаш қозғалысының 90 жылдығын ел болып атап өтіп жатқанда ел үшін құрбан болған ерлердің әруағына бас иіп, еткен еңбектерін саралап, әділ бағасын беру игілікті іс.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 271
ХХ ғасырдағы соғыс кезеңіндегі мемлекеттер жағдайы

1918 жылғы соғыстан кейінгі кезектен тыс сайлау нәтижесінде Лоид Джордж бастаған коалициялық кабинет құрылды. Соғыс ауыртпалығы және Ресейдегі Қазан төңкерісі жаппай жұмысшы қозғалысын әкеп соқты. 1918 жылы «Жаңа сайлау» заңы қабылданды. Сайлау құқығы ер азаматтарға 17 жастан, әйелдерге 30 жастан бастап берілді. 14 жасқа дейінгі жастарды міндетті түрде мектепте оқыту, білім жүйесі ақысыз болатын болды. 1920 жылы күзде Англия бір жылға созылған экономикалық дағдарысқа шалдықты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 1118
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы

Орта Азия мен Қазақстан жері VIII ғасырдан бастап, араб халифатының құрамына кіріп, онда өмір сүретін халықтар ислам дінін қабылдай бастады. Сол кезден бастап түркі халықтарының жүз мыңдаған томдық рухани мұрасы мың жылдан астам уақыт бойы араб әріпімен жазылды. Сол дәуір туралы академик Әлкей Марғұлан: “Бұл саяси, мәдени тіршілікті айқын түрде суреттейтін, араб әрпімен тасқа жазылған сөздер Бетпақдала сахарада XI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі дәуірдің таңбалары кездесіп отырады” деп жазған102.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 3345
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар

ІІ-Ү ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді, Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары калыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарыньщ тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 2314
Қазақтың ұлы хандары

Жәнібек және Керей сұлтандар басқарған қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында жаңа қазақ мемлекетінің негізін қалай бастады. Қазақтың алғашқы Бас ханы болып Керей сайланды. Ол Жәнібек хан екеуі Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуға барынша атсалысты. Қазақ хандығының тарихы XV ғасырдың ортасынан басталады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 1858
Қарабура

Қарабура (ХІ ХІІ ғғ.) оғыз қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы, дуалы ауыз абызы, ықпалды қайраткері. Шыққан тегі тама руынан. Туып өскен жері, ғұмыр кешкен мекені Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойы, сахара жұртының сол алаптардағы көшпелілік пен отырықшылықты тоғыстырған ортасы. Топырақ бұйырған жері Қаратаудың етегі, Созақ елді мекені.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 274
Құтылығұлы Күлтегін

Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж.ж.) Екінші Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның трбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 713
Ұлт дамуының жаңа кезеңі және Алаш мүддесі

Біз Қазақстан Республикасы аталатын дәстүрі терең, бағдары жаңа қоғамның бар мүмкіндігін экономикалық, мәдени-рухани дамуға жұмсап келеміз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы». Біз бүгінгі ұлттық дамуымызға, Алаш құндылықтарына да осындай көзқараспен қараймыз. Біз рухани дүниеміздің мән-мағынасын жарқын тарихымыздың айрықша оқиғаларымен, тұлғаларымен сабақтастықта зерделейміз. Әрине, әр нәрсе өздігінен жүзеге аса қалмайды, бабалар тағылымын бүгінге жеткізуші, ең бірінші кезекте – білімді де отаншыл зиялы қауым.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 295
Ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 1724
Ұлы Жібек жолы

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 1396
Ұлы иозылар және Құшан патшалығы

Ежелгі түркі тайпалары, оның ішінде “Ұлы иозылардың” тайпалар одағы құрамындағы кердері, мойтұн (қарақалпақ) және басқа тайпалар б.д.д. II - б.д. IV ғасыр аралығында Орта Азияда, Ауғаныстанда, Үндістанда Құшан мемлекетін құруға атсалысқан және осы мемлекеттің ақсүйектері болған27.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 1714
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан

Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен шігілдір (шикілдер) мен иағмалардан құрылғанға ұқсайды. Қарахан осы иағма тайпасынан шыққан.
Тип работы: Реферат      Раздел: Жалпы тарих     Скачиваний: 446
12


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ