Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі мен әдебиеті



Бейімбет Майлин (1894-1938)

Майлин Бейімбет (Бимағамбет) (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Бейсенова Шәрбану (1947 жж.)

Шәрбану Бейсенова – жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1947 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында Талапкер ауылында туған. Ауылдағы жетіжылдық мектептен соң Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп интернатта оқып, күміс медальмен бітірген. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетіне түсіп, 1969 жылы оны ойдағыдай аяқтаған. Шығармашылыққа жастайынан ден қойған. Алғашқы тырнақалды әңгімелері облыстық «Дидар» газетінде, «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысып, ұзақ жыл істеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
БЕКЕТ АТА ЕСКЕРТКІШ‐ҒИМАРАТТАРЫ

Бекет ата ескерткіш ғимараттары – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – әулие, халық батыры, абыз көреген, ағартушы, сәулетші. Туып, өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау өңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның өмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
БОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР

Сөйлемдердің грамматикалық сипаты жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетіні қазақ тіл білімінде ертеден аталып келеді. Бірақ сөйлемдердің тілдің түрлі стильдік тарамдарындағы құрылу ерекшелігі арнайы сараланып айтылмайды. Осылай болғандықтан болымсыз сөйлемдердің грамматикалық көріністері, оның грамма-тикалық типтерінің жұмсалу ерекшеліктері тасада қалып жүр. Бұл тарау болымсыз сөйлемдердің құрылу ерекшелігін ашуға арналады. Сөйлемдер мағынасына, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланьш бөлінеді. Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Сондықтан да аталған сөйлемдердің мазмұны болымды, болымсыз пікірлер болып саналады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Бүгінгі поэзиядағы көне Түркілік таным көріністері

Көне түркі ескерткіштеріндегі «Төбемде Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралыпты» деп тасқа таңбаланған жолдар ата-бабаларымыздың тылсымға толы кеңістікті пайымдаған танымын көрсетсе, ақын Серік Ақсұңқарұлы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1614
Бүгінгі таңдағы аударманың рөлі мен алатын орны

Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМДЕР

Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады. Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше ренде білдіріледі. Осынысына орай бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
БҰХАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ (1684 — 1782 жж.)

ХVІІІ ғ. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі Бұхар жырау Абылай хан заманында өмір сүрген. Әкесі Қалқаман белгілі батыр. Оның өлеңдері өзі тұстас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ жеткен. Бұхар жырау қазақ жеріне ертеден мәлім. Бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке, бейбітшілікке, әділеттікке үндейді, ұстамды моральдық пікірлер ұсынады. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. (Абылайға арналған өлеңдері).
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.)

Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Катон-Қарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық «Коммунизм туы» газетінде әдеби қызметкер болған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
БӨКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Газет материалдарын ұйымдастыру және жоспарлау

Барлық кәсіпорындар сияқт баспахана да жоспармен жұмыс істейді. Газеттер, журналдар, кітаптарды беттеуде цехтың да өзінің өндірістік жоспары болады. Бетту цехының ойдағыдай жұмыс істеуі, қолмен істелетін процестер мен теру машиналарының толық та біркелкі жұмыс істеуіне, олардың бос тұрмауына байланысты. Цехтың жоспарына сәйкес редакциялар мен баспалар, график бойынша, теруге әзірленген түп нұсқамен, макеттермен және оқылған басылым көшірмелерімен, графикалармен, қос беттермен цехты мерзімінде қамтамасызетуне байланысты.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Герундий мен герундиялық айналымдардың ауларылу жолдары

Герундий инфинитив және есімше сияқты ағылшын тілінің етістіктерінің бір формасы болып табылады. Құрылысы бойынша ол есімше формасына ұқсайды, бірақ есімшенің өткен шақта қолданылатын түрі герундийге ұқсамайды, яғни Patriciple ІІ формасы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Горбачев Николай Андреевич (1923 — 2000 жж.)

Жерлес жазушымыз Горбачев Николай Андреевич 1923 жылдың қыркүйек айының 13-ші жұлдызында Үлкен Нарын ауданында дүниеге келген. Қонысын жиі ауыстырған Горбачевтар отбасы Кавказдың Дербент қаласына барып тұрақтайды. Николай осында 7 кластық білім алып шығады. Николай Андреевич өзінің алғашқы — өлең, әңгімелерін Махачкала жол — құрылыс техникумында оқып жүргенде және Ұлы Отан соғысы жылдарында жазды. Алайда, ол әдеби творчествосымен соғыстан кейін, Харьков радиотехника академиясында оқып жүргенде айналысқан.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова

Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова 1929 жылы желтоқсан айының 15 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1956 жылы Ленинградтың И.Е Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Діндегі адам мәселесі

Жоспар Кіріспе 1.Ислам дінінің адамзатқа жету тарихы 2.Құт болып келген қасиетті діндегі аталып өтетін мейрамдар -халық достығының іргетасы 3. Дін ілімі — ықылым заманнан бері келе жатқан құбылыс 4. Алыптың кеудесі биік болуы үшін халықтың рухы биік болу керек
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Дербес демографиялық саясаттың маңызы

Демография – бұл халық туралы ғылым. Ал демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші-қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, маңызды аталмыш «бес таған» айналасын реттеуге арналған шара мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 968
Дидахмет Әшімханов (1950) жазушы

Дидахмет Әшімханов Катонқарағай ауданы, Жаңа-үлгі ауылында 1950 жылы 10 маусымда дүниеге келген. 1978 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Коммунизм туы» («Дидар»), «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері» тағы басқа газеттерде жұмыс істеді. 1994 жылдан еларалық «Түркістан» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары болып істеді. 2003 жылдан «Алаш» баспасының директоры Дидахмет Әшімханов — көркем және публицистикалық шығармалардың авторы («Сары самауыр», «Ақ ниет», «Аққабаның толқыны», «Жер аңсаған сарыатан»).
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Дискурс

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 826
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ХVІ ғ.)

Доспамбет жырау ХVІ ғ. 90 жж. Донның төменгі ағысындағы Азау деген жерде туған. Жыраудың әкесі әскер басыларының бірі болған. Зерттеуші М.Мағауиннің пікірі бойынша, ол ХV ғ. ІІ жартысынан ХVІ ғ. алғашқы ширегіне дейін жасаған. Доспамбеттің өзі де ат жалын тартып мінгеннен жорықтарға қатысып, талай жерлерді аралаған. Стамбул мен Бақшасарайда болған. Бізге жеткен шығармаларының рухын айтпағанның өзінде оның талай ұрыс-қағыстың куәсі болғандығын көрсететін жолдары жеткілікті. («Айнала бұлақ басы тең», «Сіреу, сіреу, сіреу қар»). Ақын өзінің Азов пен Қара Теңіз жайлаған ноғайлы хандығынан шыққан батыр екенін, Әл- Ғұсман патша жұртынан, Әли ағаның күйеу баласы, діни сенімі — мұсылман, Есақай, Қосай, Ер Досай деген ұлдарының болғанын айтады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармалары

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Дулатов Міржақып (1885-1935)

1. Өмірі Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Дүлдүлдер өткен, дүбірлі даланы тербеп(Жамбыл)

Жыл сайын ақпанның соңғы күндері Жамбыл мұражайында жыр алыбының туған күніне орай жиын өтеді. Ұлы ақынның ұрпақтары, қаламгерлер бас қосып, ата жайлы, оның телегей теңіз мұрасы жайлы ғибратты сөз, естеліктер айтылады. Дастарқан жайылып, ұлы ақын рухына бас иіп, дұға бағыштаймыз. Біз осы бір шараға қатысқан сайын үнемі бір өзгеше әсерде боламыз. Ең алдымен, жүз жасаған абыздың аруағын тым жақыннан сеземіз.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1480
Дүние сөзден басталады (Мұхтар Әуезов)

Мұхтар Әуезовтің бар ғұмыры ғасырлар қойнауынан жеткен қара сөз бен өлең сөздің құпия қатпарларын зерттеп, танып, көкеймен қабылдап, оның туған этносына ғана ерекше сұлу, сырлы, терең көрінетін жұмбақ қасиетіне қасиет қосып, құнарлы тілдің тұқымын егіп, жемісін сан ұрпаққа мәдени мұра етіп қалдырумен өтті. Сөзді сүюі өмірдің өзін сүюмен бірдей еді. Шынымен де, сөз – таңбалық белгі ғана емес, тіршілік символы. Біз білетін Сөз болмаса, роботқа айналамыз. Тәңірі жаратқан табиғи қалыптан айрылудың не жақсылығы бар.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1313
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ. Күлтегін жырлары

Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1747
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі

Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3511
ЕР ТАРҒЫН

Ер Тарғын – халқымыздың қанатты қиялынан туған ертегі қаһарманы емес, қазақтың қара құласын қақ жарып шыққан төл тумасы. Ел тарихының төрінен өз орнын алған, өмірде шынайы болған тұғыры биік тұлға. Ол туралы қазақтың батырлар жырында бір емес, екі бірдей ғажайып қисса бар. Олардың бірі баршамсызға орта мектеп оқулығынан-ақ таныс болып, балаң көңілді баурап алған «Ер Тарғын» жыры. Ал екіншісі өткен ғасырдың отызыншы жылдың аяғында ел аузынан жазып алынып, әдеби айналымға енген «Тарғын батыр» дастаны. Осы екі жырдың оқиға желісіне зер салсақ, «Тарғын батыр» дастаны бірінші тұруға тиіс сияқты. Өйткені алғашқы қисса: «ерте заманда Тарғын деген батыр елінде ханның ең жақын, ет жақын бір адамын өлтіріп, қазақ қырынан қашып кеп, қырық таңбалы Қырымның қырық ханыныңы үлкені Ақша ханның қол астына кіріп, бой тасалап жүреді» деп басталатын да, оның бұрын кім болғаны, тегі, түбі, тұқым-тұғияны туралы ештеңе айтылмай, атажұрты жұмбақ қалпында қалып қоятын.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ерлер мен пірлер: «Төрт батырға» тағы бір үңілгенде

Күні кешеге дейін кез-келген дерлік қазақ азаматы баласының батыр болғанын қалап, тілеп келді. Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен күн кешкенін қаламайды, бірақ та құндылықтар шкаласында құрметті орын матери игіліктерге тек соңғы кезде ғана тие бастады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Есдәулетов Ұлықбек (1954 ж.)

Алдында Алтайдың асқақ армандары қол бұлғап, өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танымал болған ақындарымыздың бірі — Ұлықбек Есдәулетов. Ол 1954 жылы Зайсан ауданының Үлкен-Қаратал ауылында туып, М.Горький атындағы қазақ орта мектебін бітірген. Біраз жылдар Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде қызмет істеді. 1977 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде, «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында қызмет істеген. 1983-1985 жылдары М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдеби курсты оқып, бітірген.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Есенберлиннің Көшпенділер романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні

Көру теңеулеріне негіз болатын заттардың екінші белгісі – олардың қимыл-әрекеті. Мұның да жалғыз жолы бар. Ол бүкіл Дәшті Қыпшақты өзіңе бағындырып, жылқыдай жусатып, қойдай өргізуің керек
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2245
Етістікті оқыту жолдары

I. Кіріспе Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері 1 II. Негізгі бөлім 1. Етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер 3 2. Етістікті оқытудағы жаңа технологиялар 15 III. Қорытынды Етістікті оқытудың тиімділігі 25 ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3708
12345След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ