Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ тілі мен әдебиеті



ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Етістік сөздер сөйлемнің құрамын, кұрылысын белгілеуде ерекше орын алады. Бұл оның лексикалық, грамматикалық мағынасына байланысты. Етістік сөздің процессуалдық іс-әрекетті білдіруі, іс-әрекеттің болмыстағы қатынасының мол болуы осыған себеп. Етістік сөздер басым компонент ретінде сөз тіркесін кабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды. Қабысу мен матасу амалын жұмсауда сан мөлшері жағын ескергенде, есімді тіркес пен етістікті тіркесте кеп ал-шақтық жоқ: қызыл қалам, шай қасық — кеше келді, қаламның ұшы — інімнің келгені т. б. Бірақ меңгеру амалы түр жағынан да, жиілік жағынан да етістік тіркесте өте мол көрінеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты

Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 2245
Еңбек шарты

Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. Бұл шартқа сәйкес қызметкерлер еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыстарды орындауға, ал кәсіпорын тараптардың келісімі және еңбек заңдарында қарастырылған айлық жалақыны төлеуге және тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті болады. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493 Заңында, еңбек қатынастарын реттеуге арналған басқа да нормативтік-құқықтық актілерде жан-жақты қарастырылған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ж.ЖАҚЫПБАЕВ, Ж.НӘЖІМЕДЕНОВ, К.МЫРЗАБЕКОВ ПОЭЗИЯЛАРЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жұматай Жақыпбаев. Шығармашылық жолы. Ақын поэзиясындағы символдық бейнелер. Дала, Тау, Тұлпар бейнелері. Ақын өлеңдеріндегі Сарноқай – қазақ даласының жиынтық бейнесі. Символдық белгілер. Өлеңдеріндегі көк, көкшіл, көгілдір түс. Поэзиясындағы ақын болмысы, ақын тағдыры. Өлеңдеріндегі Ләйлә бейнесі. Ақын поэзиясының көркемдік сипаты, тілі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Ж.МОЛДАҒАЛИЕВ, Қ.МЫРЗАЛИЕВ, Т.АЙБЕРГЕНОВ ПОЭЗИЯСЫ

Лекция мақсаты: Қ.Мырзалиев поэзиясындағы экология мәселесі. Драмалық дастандары. Т.Айбергенов поэзиясындағы лирикалық қаһарманға талдау жасау. Сұрақтар: Ж.Молдағалиев — эпик ақын. «Мен-қазақпын» поэмасындағы қазақ тарихы. Қ.Мырзалиев поэзиясындағы экология мәселесі. Ақынның драмалық дастандары. Т.Айбергенов поэзиясындағы лирикалық қаһарман. Ақынның қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жабаев Жамбыл (1846-1945)

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М.Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жазба әдебиет және сын

Сын жанры жазба әдебиетке тән жанр. Қазақ әдебиетіндегі ағымдар және олардың сынға әсері. Жазба әдебиет өкілдері Абай, Сұлтанмахмұт, Омар, Сәбит, Мағжан, Сәкен, Шәңгерей, Мұхаметжан шығармаларының сын жанрын тудыруға жасаған ықпалдары. Қазан революциясы қарсаңында өлең жинақтарының көптеп жариялануы, оған алғы сөздер түріндегі дәйектеме сындардың жазылуы. Дәйектеме-сынның эстетикалық талдаудан гөрі түсіндіруге, мәселенің жәй-күйін баяндап беруге бейімділігі, дәйектеме-сынның әр қилы формада көрінуі. Дәйектеменің авторлық сынға (автокритика) жақындығы, оқушы назарын белгілі бағытқа бейімдеуі. Әдеби сын элементі қалың дәйектемелердің белгілі бір мақсатқа бағытталуы және ой-пікірдің қоюлығы.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жазбаша аударма тәжірибесі

Жазбаша аударма тәжірибесі пәні жазбаша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің басқа пәндер секілді аудармашыны дайындауда маңызы орасан зор. Оның өзіндік мақсаты, міндеті, және талаптары бар. Пәннің мақсаты – тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз ету, студенттерде практикалық жәене аудармашылық дағдыны қалыптастыру. Алайда негізгі мақсаты – студенттерге аударманың техникалық сатылары және ерекшеліктері туралы түсінік беру; түпнұсқа және аударма мәтіндерін салыстыра отырып ондағы ұқсастық пен айырмашылықты талдап айыра білу.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жазбаша аудару. Аудармашының делдалдық бағыттары

Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан).
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сөйлем — синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі (функциясы) тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады. Сөйлем — коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды. Мысалы, Қала мың сан оттарымен жарқырап тұр. Осы сөйлемнің құрамынан мың сан оттарымен, мың сан деген тұлғаларды алып қарайық.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 — 1945)

АҚЫН ӨМІРІ Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жамбыл Жабаев (1846-1945)

Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған «Шағым», ақындық жолына рұқсат сұраған «Әкеме», «Менің пірім Сүйінбай» деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – «Айкүміспен айтысы», сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар «Манасын», Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жамбыл өңіріндегі көне түркі тас мүсіндері

Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірінің тас мүсіндері болып табылады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезендерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 1213
ЖАМБЫЛ – ЖЫРАУ

Жыраулық дәстүрдің соңы ХІХ ғасырмен аяқталып, оның орнына ендігі жерде ақындық дәстүр жалғасын тапты. ХІХ ғасырда өмір сүрген Базар жырау, Қабан жырау сияқты жыр дүлділі болғаны мәлім. Бірақ жыраулық дәстүрдің соңы мұнымен бітпейді. ХІХ ғасырда өмір сүріп, зарзаман поэзиясын өмірге әкелген Дулат, Шортанбай, Мұрат сынды тұлғалар да жыраулық дәстүрдің іргетасын бекітіп, оны біздің заманымызға жеткізуге мұрындық болған поэзия қайраткерлері болды. Жырау, жыраулық мектеп жайлы әр жылдары түрлі пікірлер айтылып келді. Шоқан өз зерттеулерінде Асан жырау жайлы «көшпелілер философы» десе, ал онан кейінгі зерттеуші ғалымдар да жыраулардың ойшылдық танымына баса назар аударып келген болатын. М.Әуезов — «Жырау демек, аќын деу емес. Жыраудыњ аќын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Жыраудыњ маќсаты, міндеті — не болса сол, көњіл ашар, әлде не дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, мезгіл, дәуір болжамын, тарихи оќиѓаныњ мазмұнын, баѓасын сөз ќылады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖАМБЫЛ — ӘЛЕМ ТҮРКІЛЕРІ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ

Түрік әдебиетінің мақтанышы Мехмет Юрдақұл: Мен түрікпін, дінім, ұлтым ұлы ғой, Өне бойым жанған отқа толғандай-деп жырласа, қазақ түркісінен шыққан ақын Жұбан Молдағалиев: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген»-деп жырлады. Ал, Мағжан әлем түркілерін өзінің поэзиясымен былайша асқақтатты: Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе? Түрікке адамзатта ел жеткен бе? Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял, Түріктің ерлеріне ер жеткен бе?
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖАМБЫЛДЫҢ ҰСТАЗЫ ЕДІ МАЙКӨТ АҚЫН

Ғасыр мен ғасыр беттесіп, уақыт теңізінің алып толқындары жалын желбіретіп аспанға шапшығанда, тереңде қалған жақұт жырлар да жарға жабысып, жаңа дүние жағалауына шығатыны болады. Тіршілік тауқыметінен қашып, қарттыққа бой алдыра бастаған, балалық, жастық, жігіттік дәуреннің отты өлеңдері, жалынды жырлары сол өткен ғасырдың тереңіне шөге бастаған шағында қайта жаңғыратын, жасаратын ақындар болады. Адам баласы қатарында мұндай құдіретке, мұндай қасиетке жүз жыл бойына тынбай шындық деп соққан, шындық деп жырлаған ұлы жүрек иесі ғана лайық. Жүз жыл жасап, жүз жыл жырлау құдай мен халықтың сүйген кісісінің ғана қолынан келмек. Ал жүз жыл жасап, жүз жыл бойы шындықты жырлау мәңгілікпен бірдей құбылыс. Көзінің тірісінде-ақ «Өлең сөздің пірі», «Поэзия алыбы», «Алатау сынды ақсақал», «Жыр күмбезі», ал 90-нан асқан жасында «XXI ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абайдың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри (1555-1607жж.) – ғұлама ғалым, белгілі би. Жалайыр тайпасынан шыққан. Қадырғали Жалайыр хан ордасында жас бекзадалардың ақылгөйі, тәрбиешісі, ханның қарашасы (ақылшы, кеңесші) болған. Қадырғали Жалайыри ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете игеріп, Шығыстың классик әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең меңгерген. Қадырғали Жалайыри 1598 жылға дейін Мәскеуде, патша сарайында тұрған. 1600 жылы орыс патшасы Б.Годунов Оразмұхамедті Қасымов хандығының ханы етіп тағайындағанда Қадырғали Жалайыри оның 4 уәзірінің бірі болады. Осы кезде Қадырғали Жалайыри тікелей ғылыммен шұғылданған. Ол 1600 жылы өзінің «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» деп те аталады) атты шежіре кітабын жазуға кірісіп, оны 1602 жылы аяқтаған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жансүгіров Ілияс (1894-1938)

Жансүгіров Ілияс (1894-1938) – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Алматы облысының Ақсу ауданы. Алғаш рет Қарағаш ауылындағы мектепте оқып, жәдитше сауат ашқан. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп (1921), өз аулында мұғалім болады.Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады (1922). Москвадағы Коммунистік журналистика институтына 1925 жылы түсіп, 1928 жылы бітірген соң «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынады. Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы (1932-1934). ҚАК СР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі (1933-1936). Саяси репрессияның құрбаны болды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖАРКЕНТ МЕШІТІ

Жаркент атты екі қала бар. Бірі Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде. Бұл көне қалалардың бірі болып саналады. Мұнда 1858 жылы белгілі құлжа сапарында Шоқан Уәлиханов болған. Бұрын да, қазір де Қытайдағы қазақ бауырларымыз тұрады. Жаркент атты енді бір қала өз аумағымызда. Бұл 1891 жылы патша үкіметінің Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережесі бойынша құрылған уез орталығы. 1910 жылғы дерек бойынша уезде 17 болысқа қараған 157 210 адам болған. 1918 жылы кеңес өкіметі орнағаннан кейін Жаркент уезі таратылып, Жетісу облысына қосылған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жарғы

Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін, басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар дайындайды. Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куәландырады. Содан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Осынау рәсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие болады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жастардың жүрегіне жара салған Желтоқсан

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық атқа қонды.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 4220
ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР

Сөйлемнін грамматикалық бір белгісі құрамында жақтық форманың болуынан көрінетіні ілгеріде айтылды. Жактық мағына, жақтык форма бастауыштық лек-сикалық болмысынан, баяндауыштың жақтык формасынан көрінеді. Жактық мағынаға, формаға ие конструкция жақты сөйлем ретінде танылады. Қазақ тілі синтаксистік жүйесінде бұларға оппозициялык қатынаста тұрған сөйлемдер бар. Олар — жақсыз сөйлемдер. Жаксыз сөйлемдерде жақтық мағына, жақтық форма қатыспайды. Жаксыз сөйлемдердін құрамында жақтық мағынаға ие мүше — бастауыш болмайды. Баяндауыштың формасы да нақты жаққа (бірінші, екінші, үшінші жаққа) катысты болып көрінбейді. Жақсыз сөйлемдер бір негізге мүше —баяндауышка сүйеніп кұрылатын болғандықтан, олар бір негізді сөйлемдер тобына енеді.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жеке бас құжаттары

Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады 1. өмірбаян 2. түйіндеме 3. жеке іс парағы 4. визит карточкасы 5. өтініш 6. арыз 7. мінездеме 8. кепілдеме 9. кеден мағлұмдамасы 10. жеделхат
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 3973
Жеке құрам бойынша құжаттарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар

Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және босатуды да қамтиды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, кезекті еңбек демалысын беру, көтермелеу кезінде ресімделетін құжаттар жеке құрам бойынша құжаттар тобын құрайды. Бұл жеке құрам бойынша бұйрықтар, өтініштер, мінездемелер, еңбек кітапшалары, жеке карточкалар, сондай-ақ жеке іске тігілетін барлық құжаттар.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ (1598-1645 жж.)

Жиембет Бортоғашұлы ХVІІ ғ. аса көрнекті ақыны, ірі ойшылы, қырағы сардары. Ол Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы. Жиембеттің бұлайша халық аузында сақталуы, ол ең алдымен елдің көкейіне қонымды жыр толғап, бойындағы ақындық шабытын батырлықпен байланыстырған болса керек. Мұның үстіне, Жиембет өзі тұстас кейбір хан мен билерге наразылық білдірген, тіл тигізе батыл сөздер де айтқан, өз дәуірінің өткір азаматы болған. Кейбір деректер бойынша Би Темірұлы Тәуекел ханды да көрген, оған арнап өлең де шығарған. Тәуекелге айтқан сөздерінің үлгісі «Ертедегі қазақ әдебиеті» хрестоматиясында басылған.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жиренше шешен (XV ғ.)

Жиренше шешен (XV ғ.) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмар шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз–Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шғармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жиырмасыншы жылдардағы әдеби сын

Қазан революциясының саяси-қоғамдық, экономикалық өзгерістермен қатар халықтың ой-санасына, эстетикалық талап-талғамына төңкеріс жасауы. Оның тарихи, көркемдік мәні, салдары. Әрбір ұлттық мәдениетте екі түрлі мәдениет элементтерінің болатындығы туралы қағиданың жалғандығы. Советтік әдебиеттің ұйымдық негізі. Пролеткульт және оның қателіктері. «Кузница», «Леф», «Перевал», «на литературном посту», ВОАПП, РАПП ұйымдары, олардың творчестволық күшті біріктіру жолындағы қадамдары мен жасаған қателіктері.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Жыр cұлтаны Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы сөз

Иә, сол бір жылғы жан біткенді жадыратып, тән біткенді балбыратып, жасарып-жаңғырып жатқан жаратылыс атаулыны түгел шаршысына толтырып шалқытқан мамыр айының дәл жиырма бірінші жұлдызында кемеліне келіп, кенеле құлпырып тұрған керемет өлкедегі бір шаңырақтың астында болған осы бір оқиғаны көрген түгілі естіген жанның ет-жүрегі өзілмеуі еш мүмкін емес еді. Қасиетті Сары Арқаның қақ төрінде қадым замандардан бері бұрала басқан бұла бойжеткеннің бұрымындай бұлаң қағып, бұлқына аққан Шідерті бойына шілдің жұмыртқасындай шашырай төгілген ағайын ортасында қызметте жүргенде аяқ астынан төсекке алып ұрған ауыр дерттен қатты қалжырап, біраздан бері оң жақта сартап болып, сұлқ жатқан құр сұлде әбден сылдырап, қалған қаңқасын кенет көрпе астынан көтеріп ап, жан-жағына шаншыла қарады.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
ЖЫР ЖАМПОЗЫ

Қашанда халық арасынан өнерімен елді сүйсіндірген адамдар шығып отырған. Олар елді қиын-қыстау шағында қиыншылықтан шығуға қол ұшын берумен қатар, рухани тірегі бола білді. Ел мақтанышына айналып отырды. Қазақ халқы өнерге, өнер адамдарына кенде болмаған. Тарих түкпіріне көз салсақ көне әдебиет өкілдері, жыраулар қазақтың бай ауыз әдебиеті мен халықтық поэзияның пайда болуына, қалыптасуына, біздің заманымызға жетуіне мұрындық болып келді. Соның бірі және бірегейі - бүгінгі күні 160 жылдығын тойлап отырған жерлесіміз, мақтанышымыз әйгілі Жамбыл ақын.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 416
Жыр жампозы — Жамбыл

Қашанда халық арасынан өнерімен елді сүйсіндірген адамдар шығып отырған. Олар елді қиын-қыстау шағында қиыншылықтан шығуға қол ұшын берумен қатар, рухани тірегі бола білді. Ел мақтанышына айналып отырды. Қазақ халқы өнерге, өнер адамдарына кенде болмаған. Тарих түкпіріне көз салсақ көне әдебиет өкілдері, жыраулар қазақтың бай ауыз әдебиеті мен халықтық поэзияның пайда болуына, қалыптасуына, біздің заманымызға жетуіне мұрындық болып келді. Соның бірі және бірегейі — бүгінгі күні 160 жылдығын тойлап отырған жерлесіміз, мақтанышымыз әйгілі Жамбыл ақын.
Тип работы: Реферат      Раздел: Қазақ тілі мен әдебиеті     Скачиваний: 0
Пред.678910След.


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


     ZERO.kz          
 
Модератор сайта RESURS.KZ