Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

кен бомбалардың жарқылы көрініп қалады. Осылай айналаны бағдарлап ұшып келе жатқанымызда, кенет айналаның бәрі анық көрінді. Сөйтсек, жау әскерлері өз шептеріне өткен біздерді байқап қалып, жүздеген прожекторларын жаққан екен. Сол-ақ екен айналаның бәрі-астаң кестең болды да кетті. Командирімнің “таста, таста” деген бұйрығына қарамай нысананың дәл келуін күтіп, оңтайлы сәтті күтіп тістене түсудемін. Осылай әбден бағдарлап бомбаны тастап-тастап кеп жібердім. Төмендегінің бәрі астаң-кестең болып жатыр. Мен құшырлана қайта тастаймын. Сонымен бұл түні біздер берілген тапсырманы ойдағыдай орындап аэродромға қайттық.

        Жүргізуші:Ең алғашқы аспандағы айқасы осылай басталған Хиуаз апа Берлинге дейінгі ұзақ жолында 300-ден астам рет аспанға көтеріліп, екі рет жаралы болыпты. Жау үстінде жасындай сорғалап, гитлершілердің берекесін қашырған қазақтың ұшқыш қызы талай рет көзге түсіп “Жауынгерлік Қызыл Жұлдыз”, Отан соғысы ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.    Мәскеуде медицина институтында оқып жүрген кезінен майданға өз еркімен аттанып, Кеңес Одағынының Батыры  М.Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі барлаушы ұшқыштар полкінің құрамында Кеңес аэродромынан өзіне бекітілген ПО-2 самолетімен 300 рет ұшып шығып Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Германия жерлеріндегі жау бекіністерін жайратқан, дұшпандарына қара түнек орнатқан. Соғыстан соңғы жылдары Хиуаз бейбіт өмірге оралғаннан кейін халқының қалаулысы болды. Түрлі жоғары мәртебелі жұмыстар атқарды. Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Жоғары Кеңесінің жауапты хатшысы, Алматы қалалық комитетінің екінші хатшысы болды. Еліміз егемендік алғаннан кейін Хиуаз Доспанованың майдангерлік-жауынгерлік еңбегі әділ бағаланып Халық Қаһарманы атағы берілді. Апамыз Берлиндегі Жеңіс күндері туралы былай деп еске алады.

                Қыз бала (6): “Әне –міне дегенше жеңісті асыға күтетін күнге де жеттік. Күннен-күнге соғыстың аяқталуын күттік. Жеңіс күнін қуанышпен қызу атап өттік. Пулемет лентасында, ұшақ бортында, наганда бірде- бір оқ қалған жоқ, жеңіс құрметіне аспанға атып, салют бердік. Үйге қайтар алдында Берлинге барып келуге келістік. Уақыт бар. Сөйтіп, 1945 жылдың 2 маусымы күні машинаға мініп, Берлинді аралап қайтуға аттандық. Рейхстагты аралап жүргенде бір топ неміс әйелерін кезіктірдім. Олар  маған таңырқана қарап:

          -Оу, офицер азиейшин!- дейді. “Мынау азиялық офицер деулерінен мені сөз етіп тұрғанын сезіп, тәкаппар күймен түсінік бердім. Жай ғана азейшин емес, Қазақстанның офицері екенімді айттым. ... ”.

                Оқырман(10):

                                      Ырзамыз барлық ісіңе,

                                      Періште... қара көздерім.

                                      От пенен судың ішінен

                                      Бізді алып шыққан өздерің.

                                      Қызықтың бәрін құрбан ғып,

                                      Біз үшін күйіп-жандыңдар.

                                      Бізді ойлап жүріп, жылдардың

                                      Өткенін білмей қалдыңдар.

                                                                  (С.Жиенбаев “Қазақ әйелдері”)                                                                                                        

                Жүргізуші: Пулеметші, ефрейтор София Шияпованың естелігін тыңдап көрелік...

                Қыз бала (6):...Будапешт үшін сұрапыл ұрыс жүріп жатқан.Біз бекінген үйге қарай  бір ротадай неміс солдаттары келе жатты. Мен пулеметтен оқ жаудырдым. Бұл жағдайды күтпеген немістер сасқалақтап қалды. Осы кезде жауынгерлер келіп, селоны жаудан тазартты. Бұл ерлігім үшін мен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталдым.

        Оқырман (11):

                              Айқасқа барам өліммен,

                              Қайтемін жалғыз бас қамын,

Бұрымымды төгілген,

Туған жер, саған тастадым.

Өзіңде қалсын бұрымым,

Хош боп тұр, байтақ қырларым,

Кесіліп қалған қызығым-

Айта алмай кеткен сырларым!

                                                                  (Д.Қанатбаев «Бұрым»)

        Жүргізуші:  «Н» бөлімінің саяси басшының орынбасары, журналист Сұлтан Қожаниязовтың 1943 жылы дәрігер қазақ қызы Қайралапова туралы мақаласынан үзінді. (Өкінішке орай дәрігердің аты жазылмаған)

        Қыз бала (7):  Анталаған ажал. Жаңбырша жауған оқ. Соғыс 1418 күнге созылды. Жүздеген жауынгер жарақат алды, мерт болды. Нәзік жанды әйелдер бораған оқтың астында жүгіріп жүріп жарасын таңды. Жарақат алғандарды арқалап тылға тапсырды. Кіп-кішкентай қазақ қызы қорқуды білмейтін не деген жүректі жан»-деп жауынгерлердің бәрі таңданды. Анталаған ажал екінші рет төнді. Жаудың күші бізден анағұрлым басым болды. Біз өте аз едік, небәрі 60-ақ жауынгер, 2 зенитшіміз. Пулеметшінің бірі оққа ұшты. Пулемет иесіз қалды. Қазақ қызы пулеиметті алды да, төніп келген жауға оқ жаудыра бастады. Құзғындар көп шығынға ұшырады. Қайтадан қаша бастады...

        Оқырман:   ...Оқ тиіп сержантқа да, оған дағы

                              Жаралап екеуін де кетті тағы.

                              Алайда, ер жүректі қазақ қызы

                              Қобалжып қаймықпады, сынып сағы.

            &nb

Пред.678910След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ