Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

sp;                 Ілезде жараларын тағы таңып,

                              Ілгері жылжыды қыз арқаланып.

                              Тастамай командирді алып шықты

                              Қансырап шаршаса да арып-талып.

                                                              Сейітов С. «Санитарка Әзиза»                

        Жүргізуші: Қазақтың көрнекті ақыныДихан Әбіловтың “Махаббат құдіреті” кітабында  “Автоматты алға кезеп, сұр пилотка, сұр гимнастерка киген, от ішінде, оқ астында немістерді жусатып салғаны үшін “Жауынгерлік ерлігі үшін” медаліне ұсынылған” деп сипаттайтын қазақтың қайсар қызы зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева еді.

        Қыз бала (8): “Нағашыларым соғыста қаза болды, Бір кіндіктен бауырым екеуіміз-ақ едік. әскери комиссариатқа келгенімде, жасымның кішілігін айтып соғысқа алмады. Сосын 17 дегі жасымды үлкейтіп жаздырып, соғысқа іліктім. Кемерово қаласында ұшқыштар даярлайтын оқу орнында, әйелдер полкының құрамында бір жыл арнайы әзірліктен өтіп, кіші маман болып шықтым. Кеңес Одағының батыры, жаудың 67 самолетін атып түсірген эскадрилья командирі А.Сироткиннің зеңбірек оқтаушысы міндетін атқардым. Дихан ағамен соғыста үш рет кездестім. 1943 жылы Витебск түбінде. Түскі тамақ кезінде бір топ қазақ сау етіп кіріп келді. Осында қазақтың қызы бар дегенді естіп, мені іздеп келген “Алға, жауға қарсы аттан!” майдандық газетінің тілшілері екен. Оларды Дихан бастап келіпті. “Тым жас екенсің. Мұнда қайдан адасып жүрсің?” болды Дихан ағаның алғашқы сауалы. Кейіннен Дихан аға соғыстан кейін де көмектесіп тұрды.

        Қыз бала (9): ...Көп ұзамай-ақ ұшақпен ұшып жүріп, жау жағының маңызды объектілерін суретке түсіруге тәп-тәуір машықтанып алды. Кәдімгі барлаушылардың қатарына қосылды. Жау тылына жиі-жиі шығып, белгілі объетілерін суретке түсіретін болды. Соның нәтижесінде дайын болған фотопленкалар тиісті орындарға жіберіліп, сол арқылы біздің әскерлердің алдағы іс-қимылдарының жоспары жасалып жататын. Әрине, мұндай барлау сапарларының бәрі сәтті бола бермейтін еді. Кезекті барлаудан қайтып келе жатқан ұшақты фашисттер байқап қалып, оқ жаудыра бастайды. Сөйтіп қоршаудан сытылып шыға бермек болғанда, жау жағы оқты қарша боратады. Бір кезде лаулап жана бастаған ұшақ қою түтін будақтатып зуылдай жөнеледі. Өмір мен өлім белдескен осы бір сындарлы сәтте Рахиланың көз алдына өзінің сүйікті Қарағандысы, аяулы анасы, дос-жарандары келе қалғандай. Төменде-орман. Аман қалған барлаушылар үш күн бойы немістерден бойтасалап, шаршап-шалдыға жүріп, ақырында орман арасындағы партизандар отрядына келіп қосылды. Солардың көмегі арқылы өз аэродромына аман-есен жетеді.

        Жүргізуші:Бұл көмірлі қарағандыдан түлеп ұшқан санаулы қазақ қыздарының бірі –барлаушы Рахила Ералинаның жауынгерлік өмірінің бір ғана ұмытылмас сәтінен көрініс...

        Оқырман:    Ызалы қайрат кернеген,

                              Жалынды жігер тербеген,

                              Тербеген сайын өрлеген

                              Қарсыласып майданда

                              Қарулы қолын сермеген

                              Қайратты ана аттанды.

                              Жауға қарсы ашынып,

                              Жауға құрал асынып,

                              Жау үстінен асырып,-

                              Оқ жаудырып, дөп тастап,

                              Беттескенді қашырып,

                              Айбатты ана аттанды.   

                                                      (Ж.Сыздықов “Ана аттанды”)

        Жүргізуші: “...Қоршауда қалған жүз шақты жауынгерлерді шабуылға батылдықпен  көтеріп, жан-жақтан қусырған жау танкілерінің екеуін өртеген қазақ қызының ерлігіне  куә майдангер М.Левченко: «Оққа ұшқан командирлерінің орнын басып, суырылып алға шықан жап-жас лейтенант қазақ қызының өжеттігін тебірене еске алады. Танкіге қарсы қорғаныс шебін ұйымдастырып, алғашқы қақтығыста-ақ темір тажалдың біріне от құштырып, одан екіншісін өртеген қыз, сеніңіз, батыр деуге әбден лайық” деп ойын қорытындылап, төмендегі өлең жолдарын арнаған екен.          

        Оқырман:    Менгүлденген Украинаданмын,

                              Маған қымбат Днепр жағалауы.

                              Астықты алқап әнмен тербелетін,

                              Көзді арбап кешкі алауы.

                              Бірақ мен де ол секілді,

                              Қазақстанда туғандаймын.

                              Қазақ жерінде өскендеймін,

                              Қос бұрымын көргендеймін,

                              Тұманда, түтінде кештен кейін

                              Ақ сақалды ақын осы ауылда,

                              Домбырада қосылып жыр айтқандай,

                              Бізді

Пред.678910След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ