Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

бастап ол кенет алға ұмтылады,

                              Жау қолынан атылды оқ қандай...

                              Таулы өңір тыныш ұйқыға батар,

                              Басылып соғыс күркірі

                              Таңдарын күтер жарқырап атар,

                              Даланың тірі бір гүлі.

        Жүргізуші: Бұл өлең  1944 жылы майдандық «Патриот Родины» газетінде жарық көрген. 1944 жылы 2 қазанда Польша жерінде ерлікпен қаза болған 20 жасар лейтенант, батальон камсоргы, қазақтың батыр қызы    Алтыншаш  Өскенбайқызы Нұрғожинова   Кеңестер Одағының Батыры атағына ұсынылып, белгілі себептермен тапсырылмай қалған.

        Оқырман:    Жеңем деген ел сөзін!

                              Тұрды ажалдан жоғары

                              Өмір, адам жұлдызы,

                              Тұрды ажалдан жоғары

                              Жеңіс туы қырмызы,

                              Тұрды ажалдан жоғары

                              Отан, ұрпақ болашақ.

                              Тұрды ажалдан жоғары

                              Өмір нұры жарқырап.

                                                                        (Ж.Саин)

        Жүргізуші: Соғыс аяқталды. Соғыстан аман қайтқан жауынгер қыздардың  өмірлері әрқалай өрбіді. Әрине, сұм соғыс салған жан жарасымен қатар әртүрлі жарақаттары бейбіт өмірге араласып кетуге көп кедергі болды.

(Қыздардың барлығы ортаға шығады)

        Қыз бала(1) : Соғыс олардың көбін ең негізгі бақыт -ана болу бақытынан  айырды.

        Қыз бала(2): “Мені майданнан оралған соң дәрігерлер оқу оқуыма тыйым салды.  Өйткені, сұм соғыстан алған жарақатым денсаулығыма  қауіпті еді”

        Қыз бала(3): “Мен “соғыс” деген сөзден жиіркенемін. Өйткені, соғыстан тірі қайтсам да, ол менің өмірге деген құштарлығымды өзімен алып кетті. Әлі күнге дейін соғыстың сұмдық көріністері көз алдымнан кетпейді...”

        Қыз бала(4): “Мен соғыстан кейін де түсімде барлауға барып жүрдім. Бір күні автоматым іске келмей қалады, екінші күні фашистер бізді қоршауға ала бастайды. Ояна келе қорыққаннан дірілдеп жатқанымды байқаймын...”

        Қыз бала(5): “Мен соғыстан келгенде 20 жасар бойжеткен болатынмын. Бірақ, өзімді құрбыларымның ортасында егде тартқан қартаң әйелдей сезінуші едім. Құрбыларым көңіл көтеріп, өмірге қуанып жатқанда мені өзгеше ой басатын да тұратын....”

        Қыз бала (6): “Біз соғыстың от-жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін, нелер сұмдықты көрдік, қорлық көріп,әбден әлсіреген кеңес адамдарының неміс тұтқынынан босағанын көрдік, соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен жігіт пен қыздардың үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік! Бұл ендігәрі қайталанбауы тиіс! ”

        Қыз бала (7): “Мен майданға аттанатын күні дүкенге барып қант-кәмпитті толтырып алдым. Сосын жолдорбама ең әдемі көйлегімді, туфлиімді салдым. Өйткені, мен соғыстың тез бітетініне сенімді едім... ”

        Қыз бала (8): “Мені анам майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, “бұл түйіншектің орауын  ең ауыр, қиналған сәтіңде ашарсың” деп еді. Сондағы анамның маған бергені – туған жерімнің бір уыс топырағы екен.

        Қыз бала (9):  Мен келешек ұрпаққа ешқашан соғыс дегенді көрмесін деп тілеймін. Қыздарымыз қолына қару емес, әрқашанда гүл ұстасын.

(«Кестелі орамал» әні орындалады  Сөзі: А.Лекеровтікі,  Әні: М.Төлебаевтікі)

 

        Оқырман:    Сарғая күткен ұлы күн

                              Шұғыласы бүгін жарқ етті,

                              Бағына талай миллионның

                              Баянды жеңіс күн жетті.

                                                              («Арғая күткен күн...»Ж. Саин)

        Жүргізуші: СОҒЫС және АНА. Бұл екі сөздің мағынасы мүлдем қарама-қайшы. Уақыт алға жылжыған сайын кешегі өрім жас, бүгінгі самайларын ақ шала бастаған аналардың ел басына күн туған сын шақта қайыспай күрескен қажыр-қайратының мән-маңызы тереңдей түсуде. Қиын сәттің алдарына тартқан ауыртпалығын мойымай арқалағандарының әрқайсысы теңдесі жоқ ерлік. Отты жылдардағы жауынгер әйелдер, бүгінде қартаң тартқан әжелер. Олар отты күндердің тауқыметін ұрпақтары ешқашан көрмесін деп тілейді.

        Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі  сақталатын дастандай жалғаса береді.

(Шараға қатысушылардың барлығы ортаға шығып, көрермендерге тағзым етеді)

 

 

 

Қазақстан және ұлы Отан соғысы

Тарихи деректер

 

ØСоғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанады.

ØЖауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше ордендер қадалды. Олардың қатарында жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналған атақты 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар.

ØСоғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандықтар партизан отрядтарының құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты.

ØЖанқиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркіннен орден және медальдармен наградталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.Олардың 97-сі қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.

ØСоғыстың 4 жылы

Пред.678910След.
скачать работу

9 май - Ұлы Жеңіс мерекесіне

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ