Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

лбай деген баласының қылығына қатты налып шығарған «Ата-анаға көз қуаныш» деп басталатын өлеңіне, Әбдірахманды жоқтап шығарған туындыларына әдеби талдау жасалды. Сондай-ақ, Әсетке, Баймағамбетке арналған өлеңдерінің туу себептері, шығу тарихы ғылыми тұрғыда қарастырылды.

Ақынның арнаулары қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған көркем персонаждарды дүниеге әкелді. Оның басты өлшемі сыншылдық пен шыншылдық деп білсек, ақын «толық адам» биігінен қарай отырып, өз айналасындағылардың адамсыздық қылықтарын поэзия шеңберінде аса биік көркемдік шеберлікпен содап, типтік бейнелер жасады.

Абайдың эстетикалық талғамының бір көрсеткіші болып табылатын ақындық өнер туралы толғаныстары ақын арнауларымен, дәлірек айтқанда ақын шәкірттерге, олардың туындыларына қарата айтылған сындарымен байланысып жатыр. Абай сыны – оның ақындық қиялының көрінісі емес, өмірлік ұстанымдары мен күнделікті қарекетінің  жемісі. Шәкәрім, Көкбай, Әріп сынды шәкірттерінің шығармаларын сынға алғанда Абай тек шәкірттерін үйретуші, түзеуші деңгейінде ғана емес, қазақ өлеңіне биік меже қоюшы, өзінен кейінгі әдебиетке жаңа, классикалық поэзияның үлгісін ұсынушы, Ұстаз-ақын дәрежесінде көрінеді. Өлеңді, оның иесін сынаған Абай ұстанымын өзінен кейінгі бүкіл қазақ ақындарына қойылған талап деп ұғынсақ қателеспейміз. Ақынның «өлеңі бар өнерлі ініге» қарата айтқан сын-ескертпесі оның ұстаздық қарекетін айқын аңғартып тұр. Ақындыққа баулуы биік меже, қатал сыннан бастау алып, өлеңге әуес жастарды құдіретті сөз патшасымен ширықтыра сынап, ширата сілкіп жарата түсуінде Абайға ғана тән өзгеше тәрбие жатқандай. Осы тарауда тұжырған ой-түйіндеріне келсек, Абайдың ұстаздық қарекеті деген мәселе Абай мен оның шығармаларында кеңінен көрініс тауып жатыр. Абай өлеңдерінің шығу тарихына тереңдеп барған адам, ақынның көп туындыларының шығу төркіні оның әдеби айналасымен тығыз байланыста екенін аңғарады. Абайдың шәкірттерін сынауы, жеке бас мінездерін әшкерелеуі, өлеңдерін түзеп, қайта жазғызып, үлгі боларлық қып өзі шығарып көрсетуі сияқты құбылыстар Абайдың ақындық құдіретімен қоса ақындық өнерге баулу, тәрбиелеу сияқты ұстаздық қарекетін де байқатады. Абай мен оның шәкірттері арасындағы поэзиялық байланыс, тек Абайдың біралуан өлеңдерінің шығуына түрткі болып қана қойған жоқ, ақын шәкірттердің ұстаз алдында ысылып, нағыз ақындық жолға түсу процесін анықтайтын дәлді дерек көзі де бола алды.

«Поэзиядағы Абай тұлғасы» деген екінші тарауда Абайдың айналасындағы, яғни, ақын шәкірттерінің шығармашылығындағы ұстаз бейнесінің болмыс-бітімін жан-жақты ашып көрсетуді, сол арқылы Абай есімінің шәкірттер поэзиясында ғана емес, ақындық жолдағы мән-маңызын, орнын айқындап беруді мақсат еттік.

Әдебиетке Абай бейнесін алғаш әкелген оның айналасындағы ізбасар ақындар. Абайдың қасында жиырма бес жыл жолдас болған Көкбай ақынның, Шәкәрімнің өлеңдерінде ұстаз-Абай бейнесі мейілінше жан-жақты сомдалған. Әрине, Абай бейнесінің жалпы қазақ әдебиетінде жырлануы одан кейін шыққан ірі ақындар Сұлтанмахмұт, Мағжандардан бастап бүгіні әдебиетке дейін өрісі кеңге жайылған мейілінше үлкен тақырыпты қамтиды. Ал, біздің нысан ақынның қасында жүрген ізбасар шәкірттердің ұстазбен арадағы қарым-қатынасын тереңірек аша түсу мақсатында олардың поэзиясындағы Абайдың орнын айқындап, ұстаздық болмысын аша түсу. Абай бейнесінің ақын шәкірттер шығармаларында сомдалуы, былайша айтқанда Абай тақырыбы, оның ұстаздық тұлға-тұрпаты деген мәселелердің шәкірт ақындар шығармаларында алатын орны бүгінге дейін жүйелі зерттелген жоқ. Ғалым Б.Мамраевтың төмендегі пікіріне көңіл бөлсек: «Следует особо отметить, что тема Абая как высокий и постояный орентир проходит через все творчество Шакарима… Оправданность реминисценции заметна и в том случае, когда поэт, напоминая читателю художественную концепцию Абая, синхронно выражает свою собственную» [47, 202-б.] ,- дегені тек Шәкәрім поэзиясына ғана емес, Абайдың маңындағы өзге де шәкірттер шығармашылығына тән екендігін ескеруіміз керек. Осы орайда Абай бейнесін өз өлеңдерінде сомдап, оның ұстаздық құдіреті, өз ортасындағы орны туралы сөз айтқан Ш.Құдайбердіұлы, К.Жанатайұлы, Ә.Тәңірбергенұлы, Ә.Найманбайұлы, Б.Айтқожаұлы, У.Шондыбайұлы, М.Әділханұлы сынды ақындардың поэзиядағы дәстүр жалғастығы, ұстазбен арадағы рухани үндестік қырларына диссертацияда тиісінше көңіл бөлінді.

«Абай мектебіндегі әдеби дәстүр және тақырыптық-көркемдік ізденістер» деп аталатын бөлім төрт тараудан тұрады. «Абай мектебіндегі айтыс жанрының өзіндік даму ерекшеліктері» деген тарауда ақын шәкірттердің әдеби дәстүрді ұстану жолындағы шығармашылық-көркемдік ізденістері Абай мектебінің біртұтас тақырыптық бірлігі аясында қарастырылып, ақындардың айтыс жанрын игерудегі жетістіктері, тарихи тақырып пен нәзирагөйлік дәстүрді қолданудағы ерекшеліктері, аударма өнерін дамытудағы шеберліктері талданып, мектеп шеңберіндегі Абай дәстүрінің даму жолдары анықталды. Бұл тұрғыда, айтыс жанрын көркем шығармаларына арқау еткен Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Тұрағұл Абайұлының, Әубәкір Ақылбайұлының жанрлық жағынан мысал айтысқа жататын өлеңдермен қоса, Әріп ақынның «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмаларына әдеби талдау жасалды.

Абай айналасындағы айтыс өнерінің дамуына, айтыс жанрының өркендеп қанат жаюына Абайдың өзі тікелей себепкер болып, қасындағы ақын шәкірттердің айтысты шебер меңгеруіне ықпал етті. Айтыс өнеріне тән негізгі белгі суырыпсалмалық өнер болса, Абайдың жас кезіндегі өлеңдері — нағыз суырып салып айтқан дүниелер. Жазба поэзиясының асқан шебері болуымен қатар Абай бойында далалықтарға тән хас өнер – табан астында тауып өлең ұйқастыру өнері ерекше дарыған-ды. Қазақтың суырыпсалмалығын жасынан бойына сіңірген ақын өмір бойы бұл машықтан қол үзген емес. Тек өзі ғана емес, соңынан ерген ақын шәкірттерін тосыннан сөз табуға, табан астында «айналасы теп-тегіс, жұмыр келетін» өлең құрауға баулыды. Айтысқан ақындардың сөзін түзеп, қазылық төрелігін айтты.

Айтыс өнеріне етене жақын құбылыс бір өлеңді бірнеше ақынның жарыса құрауы Абай айналасында кеңінен тарап, Абай шәкірттері Әріп, Көкбай, Уәйіс сынды ақындар осы бір дәстүрді өз орталарында жиі қолданып отырды. Айтыс өнерінің қыр-сырына осылайша терең бойлап, шебер игерген Абай мектебінің өкілдері екі ақынның айтысын көркем шығармаларына арқау етті. Кәдімгі айтысты көз алдыңа әкелер Абайдың «Жігіт сөзі» мен «Қыз сөзі» сияқты өлеңдерінің үлгісі Шәкәрімнің мен Тұрағұлдың, Әріп пен Әубәкірдің мысал айтысын арқау еткен өлеңдерінде жалғастық тауып жатыр. Ал, Әріп Тәңірбергенұлының «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс негізінде жазылған көлемді поэмалардың да дүниеге келуі – ақындардың айтыс табиғатын терең игерудегі соны жетістігін айқындайды. Сондай-ақ, болып, ел арасында жұрнағы ғана қалған айтыс, сөз қағыстарын өңдеп, көркем шығарманың талаптарына жауап беретін туындылар жазған Әріптің «Біржан – Сарасын», Әсет ақынның Ырысжанмен айтысын өңделген айтысқа жатқызуымыздың себебі – өңдеуші ақындардың авторлық үлесін көрсету. Қалай десек те, айтыс өнерін жетік меңгерген Абай шәкірттерінің дені айтысты көркем шығармаға арқау етті. Бірі болған айтысты өңдесе, екіншілері қолдан жаңа айтыс-поэма жазып, ауыз әдебиетінің озық үлгісін  жазба шығармаларында аса шеберлікпен пайдалана білді.

«Тарихи тақырып және нәзиралық сипаттың соны үлгілері» деп аталатын тарауда Абай мектебіндегі тарихи тақырыпта жазылған шығармалардың идеялық-көркемдік табиғаты Абай дәстүрлерінің аясында қарастырылса, ақын шәкірттер шығармашылығында кеңінен орын алған нәзиралық сипаттың Абай қолтаңбасына тән өзіндік, оқшау белгілерін айқындап беруге ден қойдық. Абай шәкірттерінің шығармашылығына арқау болған Еңлік пен Кебек тақырыбының интерпретациялық сипатына әдеби сараптаулар жүргізілді. Абай тапсырмасымен жазылған Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр», К.Жанатайұлының «Сабалақ», «Қандыжап», У.Шондыбайұлының «Жошы – Алаша хан» дастандары әдеби мектеп аясында өзара сабақтастырыла қарастырылып, Абайдың түпқазық идеяларының табиғаты анықталды. Шәкәрімнің «Ләйлі – Мәжнүн», Уәйіс ақынның «Бір қыздың оқиғасы»  шығармаларын талдау барысында Абай нәзирасының жаңашылдық сипаты айқындалды. Абай тапсырмасымен шет жұрттықтардың өміріне арнап жазған Ақылбай мен Мағауия поэмаларындағы құлдар тақырыбы, отаршылдық идеялары Абай көзқарастарымен байланыстырыла байыпталды.

Абай мектебіндегі тарихи тақырыптардың бастау көздерін Абайдың тарихи шығармасы «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы», Орта жүз қазақтарының рулары туралы» еңбектерінен іздесек, Шәкәрімнің шежіресі Абай еңбегінің заңды жалғасы ғана емес, жазылу мақсаты бір, ұстаз идеясының толықтырылған нұсқасы деп қабылдауға болады. Сондай-ақ, Шәкәрімнің діни-философиялық «Мұсылмандық шарты» еңбегі де Абай тапсырмасымен жазылған. Тарихи тақырыпта көркем шығарма жазбағанымен Абайдың бұл мәселедегі назары ақын шәкірттеріне тапсырма беруімен ерекшеленді. Шәкәрімнің «Жолсыз жаза», «Қалқаман – Мамыр», Мағауияның «Еңлік – Кебегі», Көкбай ақынның Абылай тақырыбындағы тарихи жырлары, Уәйістің «Жошы – Алаша ханы» сияқты шығармалардың жазылуына Абай тікелей себепкер болды. Мәселен, Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы бірнеше интерпретациялық үлгідегі көркем туындылардың басында Абай тұр. Абайдың әдеби тапсырмасымен бұл оқиғаны Мағауия адал махаббат иелерін өлімге қиған қазақтың қатігез салт-санасын сынап, лирикалық бояуы қанық ғашықтық поэ

Пред.678910След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ