Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

ма етіп берсе, Шәкәрім екі жастың трагедиялық халін жеке адамдардың шеңберінде қалдырып қоймай, ел ішіндегі әлеуметтік-қоғамдық қайшылықтар аясына апарады. Сөйтіп, идеялық-тақырыптық аясы кең нағыз реалистік поэма ұсынады. «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөзінде» әңгіме болатын Қалқаман мен Мамыр оқиғасының Шәкәрімнің көркем шығармасына арқау болуын жоғарыдағы поэмамен байланыстыра қарасақ, екі поэманың идеясындағы ортақ белгілерді жеке автордың қолтаңбасына тән құбылыс деп тану қажет. «Жолсыз жаза», «Қалқаман – Мамыр», «Қодардың өлімі» поэмаларын бір арнаға тоғыстырып тұрған идеялық бірлік бар. Ол – қазақтың салт-дәстүрін бұзғандарға кесілген ең ауыр жазаның себеп-салдарын ашып көрсету, жаза кескендер мен жапа шеккендердің ақ-қарасын анықтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Абайдың көңіл қойып, Көкбайға жаздырған тарихи тақырыптарының бірі – Абылай хан тақырыбы. Көкбай Жанатайұлы Абайдың тапсырмасымен Абылай және оның ұрпақтары туралы циклды дастан жазып, Абай «Сабалақ» дастанының көркемдік қуатына ғана емес, тарихи мән-маңызына да аса ден қойып, сынап, түзеген. Көкбай ақын өмірінің соңғы жылдарында Абылай тақырыбына қайта айналып соғып, «Қандыжап» дастанын жазады. Алғашқыдағы Абылай бейнесі кейінгі шығармасында айқындала түсіп, жаңа қырынан көрініп, мейілінше шебер сомдалды. Уәйіс Шондыбайұлының «Жошы-Алаша хан» поэмасы – Абай ықпалымен жазылған тарихи шығармалардың бірі. Ертеден келе жатқан қазақ аңызын негізге алған Уәйіс Абай еңбегіндегі Алаша хан туралы аңызды поэмасына арқау ете отырып, өзіндік өрнекпен көркем туынды қашай білген.

Қазақ әдебиетіндегі нәзира үлгісін еркін меңгерген Абай мектебінің өкілдері бұл үрдіске де өзіндік тың үлгі ұсына білді. Ақын шәкірттердің нәзирасында авторлық позиция айқын көрінді. Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүні», Уәйістің «Бір қыздың оқиғасы» шығармалары бұрынғы сан мәрте жырланған тақырыптар болғанымен, туындының жаңашылдық қырын сипаттайтын авторлық идея айқынырақ көрінеді.

Абай шәкірттерінің шет жұрттықтардың өмірінен шығармалар жазуы Абайдың отаршылдыққа қарсы идеяларымен астасып жатыр. Осы тұста ғалым Ш.Елеукеновтің: «Біз бұған дейін Абайды отаршылдыққа қарсылық ойлаған күрескер ретінде зерттемедік» [48, 90-б.] ,- деген пікірін басшылыққа ала отырып, Абай шәкірттері шығармашылығындағы отаршылдық тақырыбына ден қойдық. Мағауияның «Медғат – Қасым», Ақылбайдың «Зұлыс», «Дағыстан» поэмаларын біріктіріп тұрған тақырып ортақтығы ғана емес, отаршылдыққа, үстемдікке қарсы күресті жырлаған идеялық бірлік бар. Қысқасы, қай ел, қандай оқиға, нендей тәсілмен жазылсын Абай шәкірттерінің әуелден көздеген мақсаты адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық, қатыгездік пен мейірбандық, махаббат пен ғадауаттың майдандасқан көріністері арқылы қоғамдағы әділетсіздікті әшкерелеу, сөйтіп соры қалың қазақтың көзін ашу сияқты хәкім Абайдың ұлы идеяларын жалғастыру.

Көлемді шығармалар жазуды Абай әуел баста қолға алып, артынан бұл түрден тез суынып кетті дегенімізбен, өз шәкірттерін поэма жазудың соны үлгілеріне баулыды. Ақын шәкірттердің поэма жанрын игеріп, сол салада қандай да бір тақырыпты жырламасын оның артында Абай тұрып, Абай игерген мол мұраның іргесі байқалады.

«Абай айналасындағы аударма дәстүрі» деген тарауда Абайдан басталған ұлттық аударманың алғашқы қарлығаштары болған Абай шәкірттерінің туындылары тұтас бір шығармашылық бірлік аясында қарастырылды. Яғни, Абай мен оның шәкірттері арасындағы аударма жанрының қалыптасып, дамуын көрсету арқылы Абайдың аударма мектебінің қазақ әдебиетіндегі орнын белгілеуді мақсат еттік. Абай айналасындағы аударма үлгісінің қарапайым, еркін, нәзиралық түрінен бастап классикалық деңгейге дейін өскен эволюциялық даму жолдары айқындалды.

Ақындық өнердің басқа салаларындағыдай Абайдың аударма саласындағы жаңалығы оның қасындағы шәкірттерін бірден елітті. Қазақ поэзиясына келген жаңа құбылысқа дені орыс тіліне жетік Абай мектебі өкілдерінің қызығып, бірден бас қоюы заңды-тын. Абайдың бағыт-бағдарымен, тікелей қолдауымен Европа, орыс ақын-жазушыларының түрлі деңгейдегі әдеби туындылары қазақша сөйлей бастады. Шәкәрімнің А.Пушкиннен аударған «Дубровский», «Боран», Л.Толстойдан «Алты әңгіме»  әңгімелер циклы, американ жазушысы Г.Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны», Әсет ақынның «Евгений Онегин», Уәйіс Шондыбайұлының «Иванушке-дурачок», Тұрағұл Абайұлының М.Горкийден аударған «Челкаш», А.Неверовтен «Мен өмірге жерікпін», «Ортақшыл Мария» әңгімелері, Б.Прустан «Антек», Д.Лондоннан «Баланың ерлігі», бізге жетпеген Д.Лондоннан «Матин Иден» романы сияқты кейбірі нәзиралық үлгіде жалпы оқиғасы қазақшаланса, кейбірі түпнұсқадан алыс кете қоймаған түрлі жанрдағы көркем шығармалардың дүниеге келуінің басында Абай тұр.

Абайдың аударма дәстүрі қазақ әдебиетіне өзіндік принциптері мен шеберлік үлгісін ала келді және ақын көздеген тағылымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Әр шәкірт өз шама-шарқына қарай, аударманың түрлі үлгісін игере отырып ұстаз қойған биік межені бағындыруға тырысты. Аудармалар шәкірттердің орыс тілін білу дәрежесіне, ақындық шеберлігіне, түпнұсқа авторының айтар ойын қаншалықты дәл тауып, тамырын дөп басқанына қарай әр-түрлі үлгіде және қилы көркемдік деңгейде жазылды. Мәселен, Әсеттің «Евгений Онегині» мен Уәйістің «Иванушке-дурачогын» Шәкәрім, Тұрағұл аудармаларымен бір үлгіге, бір деңгейге қоюға келмейді. Тіпті, Шәкәрімнің «Дубровскийі» Әсет, Уәйіс аудармаларындай нәзира үлгісіне жақын дегенімізбен, алдыңғысының көркемдік деңгейі көш ілгері.  Ал, Толстойдан аударғандарының сәттілігін екі ақын арасындағы рухани туыстықтан іздеген жөн. Сондай-ақ, Тұрағұлдың прозалық аудармаларындағы еркін аударылған «Челкашынан» дәлме-дәл (жолма-жол) аударған «Мен өмірге жерікпіні» сәтсіздеу шыққан. Диссертацияда әр ақынның аударма жолындағы ізденістері мен жетістіктерін ғана емес, әрқайсының шама-шарқына байланысты кемшін соғып жататын тұстарын жеке-дара қарамай Абайдың өнеге-ықпалының аясында қарастырып, Абай мектебіндегі аударма дәстүрінің  тынысын ашуға тырыстық. Бір ескеретіні Абай айналасындағы аударма ісімен айналысқан шәкірттердің көбі орыс мектебінің маңай-қарасын көрмеген, көргендерінің өзі тіл сындырудан ары бармай, негізгі сауатын Абай алдында ашқандар. Арнайы орыс мектебінен өтпей, классикалық аударма үлгісін ұсына білген Шәкәрім, Тұрағұл сынды шәкірттердің таң-тамаша етер таланты мен қоса ұстаз Абайдың  осыншалық деңгейде тіл үйрету қабілетіне тәнті боласың.

Демек, Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан кезекті бір жаңалығы – профиосионалдық үлгідегі аударма жанрын әкелуі десек, ол – аударма саласын қалыптастырып қана қоймай, бірден үлкен биікке шырқатқан шебер аудармашы. Төл әдебиеттің ерекшеліктерін ескере отырып, орыстың ең таңдаулы туындыларын кереметтей шеберлікпен қазақша сөйлеткен ақынның құдіреті соңындағы шәкірттердің аңсарын өзіне аударып, бұл жанрдың сол ортада тез қанаттануына себепкер болды. Абай және оның айналасындағы аудама жанрының қалыптасып, келе-келе классикалық деңгейге жеткен туындылар Абай айналасында қалыптасып, қанат жайған қазақ әдебиетіндегі алғашқы аудармалар болуымен құнды. Абай айналасындағы аударма өнерінің бір қыры нәзиралық сипаттармен байланысып жатса, идеялық-тақырыптық жағынан алғанда тағлымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Арнайы орыс мектебін көрмеген ақын шәкірттердің аударма өнерін үйренудегі ұстазы Абай болып, әр ақын шәкірт өз ақындық ерекшелігіне, аудармашылық шеберлігіне байланысты аударманың түрлі жолдарын ұстана отырып, әр-қилы көркемдік деңгейде өз туындыларын ұсынды. Нәзиралық ретпен жазылған Әсеттің «Евгений Онегині», Уәйістің «Иванушке-дурачогі» аудармадан гөрі, мазмұнын қазақшалап жырлап шыққан төл туындыға жақын дүниелер болса, Шәкәрім мен Тұрағұлдың шығармалары – нағыз классикалық аударманың үлгісін танытатын туындылар ретінде қазақ әдебиетінде өзіндік бағасын алуда.

«Абай қалыптастырған өнер ортасы» деген тарауды ғылыми жұмысқа арқау етуіміздің басты себебі Абай айналасына ақындар ғана емес, сегіз қырлы өнерпаз жастар жиналды. Әнші-күйші, музыкант пен ертегіші, дойбышы мен тоғызқұмалақшы, құсбегі мен балуан сияқты түрлі өнердің иелері бас қосты. Солардың ішінде ақындықтан бөле-жаруға келмейтін әншілік өнер туралы, әнші-ақындар туралы осы тарауда кеңірек сөз етілді. Себебі, Абай заманында ақындық пен әншілік бөліп жаруға келмейтін егіз ұғым болғанын ескерсек, Абай айналасындағы әнші, күйші, музыканттар мұрасы ақындық өнермен біте қайнасып, тонның ішкі бауындай жымдасып жатыр. Сол уақыттағы ән мен өлеңнің біртұтас өнер ретінде қабылданатыны, әрі ақын сөзінің әнге қосылып айтылғанда насихаттық қуатының артатыны Абай айналасындағы ақындардың бәрін дерлік әншілікке итермеледі. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын, әрі әнші және музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы ән өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды.

Абай жанындағы әншілік өнердің өкілдері кімдер дегенде оның нағыз әншісі қайсысы, композиторы қайсысы, жай әуесқойы кімдер, қай музыканты қандай аспаптарда ойнаған деген мәселелерге дисертацияда жауап ізделді.

Қазақ музыкасы, ән-күй өнеріне деген жақындық Абайдың Тәттімбет күйлерін тыңдап, Біржан әндеріне деген ерекше ықыластан бастау алғанын айта кетуіміз керек. Абай мен ән өнерінің ақтангері Біржан арасы туралы еңбекте кеңірек сөз болды. Әншілік пен өлең өнерінің екі үлкен өркешті өкілінің кездесуі – Абайға да Біржанға да үлкен рухани толысу болды. Абай және ән өнері деген үлкен тақырыптың бір ғана бөлігі боп санал

Пред.678910След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ