Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

атын Абай мен Біржан байланысы – үлкен тақырыптың басы болса, осынау тақырыптың жалғасы іспетті үлкен дүние – Абай айналасындағы ән өнерінің дамуы. Әрине, Абайдың ақындық мектебі дегеннің аясында һәм бір бөлігі іспеттес әншілік мектебінің де сұлбасы менмұндалайтыны заңды. Ақын шәкірттерінің бәрі дерлік әнге жақын болды десек, солардың арысы композитор, берісі әнші екенін де естен шығармау керек. Дәл осы топ Абай әндерін орындап, халыққа таратты. Ұстаздарының әнге бет қойғанын байқап өздері де ән шығаруға бел байлады. Нәтижесінде Абай ауылы тек ақындықтың ғана емес, үлкен әншіліктің де ауылына айналды. Бұл арада Абайдың әнші шәкірттері Абай әндерін тек таратушы ғана емес, ортаға салып артық-кемін түзеп, нағыз әншінің дауысына салып жетілдіріп те отырды. Абай айналасындағы мұндай әншілік талқы халық композиторларының көбінде болған жоқ. А.Жұбановтың Абай әншілерінің тобын орыстың «Могучая кучкасымен» ұқсататыны содан.

Абайдың әнші-музыканттарды қасына жиюуы шын мәнінде ән мектебін қалыптастырды. Осы ортада Абай жанындағы Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Тұрағұл, «Қозы Көрпеш» жырының бір вариантын он жеті түрлі әнмен айтатын Бейсенбай ақын, «Абай жолынан» жақсы таныс Майбасардың Мұхамеджаны, Құдайбердінің ұлы Әмір, Ақылбайдың ұлы Әубәкір, Кәкітайдың ұлы Әрхам, әнші Әлмағамбеттер әншілік мектептің түлектері болды. Осылардың ішінде ән өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген Шәкәрім, Уәйіс, Әсет, Мұқа, Ақылбай, Бейсенбай сынды шәкірттері – өздері де ән шығарып композиторлық дәрежеге көтерілген әншілер. Әсіресе, Әсет ақынның әншілік атағы қазақ даласына кеңінен жайылған. Біз музыка маманы болмағандықтан, Абай шәкірттері әндерінің құрылысы, музыка тілінің ерекшеліктері, әуен-сазының өлшемдік-ырғақтық құрылымы деген сияқты әннің ішкі табиғатына еркіндеп баруға дәрменсізбіз. Сол себепті зерттеу еңбегімізде Абай айналасындағы ән өнерінің дамуы, даралық сипаты деген мәселелерді анықтай отырып, ондағы ұстаз Абайдың орны, Абай әндерін өз дәрежесінде орындап халықтың жүрегіне жеткізуші әнші шәкірттердің рөлі, олардың ән өнеріне қосқан өзіндік үлесі деген сияқты мәселелерге ден қойдық.

Абай мектебіндегі ән, музыка өнерінің дамуы туралы айтқанда, алдымен музыкада Абайдың өзі жаңашыл болды. Маңына өз заманының ең айтулы деген әнші, күйшілерді жинаған Абай шын мәнінде ән мектебін қалыптастырды деп айтуға болады. Ән өнері ақындықпен қатар жүріп, ақын сөзінің  насихат күшіне қызмет еткендіктен, Абайдың ақын шәкірттерінің бәрі дерлік жақсы әнші бола білді. Абай мектебінің нағыз сегізқырлылық сипатын ескерсек, ақын әрі әнші және музыкалық аспаптарда шебер ойнаушы болған Абай маңындағы өнерпаз топ өз ортасындағы ән өнерінің жаңашылдық сипаттарын айқындай алды.

Мұқа, Әлмағамбет, Мұхамеджан сынды әншілердің ақындық өнері аса байқалмағанмен, бұлар Абай әндерін насихаттаумен ерекшелене білді.  Көкбай ақындық пен әншілікті қатар ұстаса, Ақылбай, Тұрағұлдар бірнеше аспапта ойнай білген шебер музыканттығымен көзге түсті. Ал, Уәйіс пен Әсет айтулы әнші ғана емес, дәстүрлі ән өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан композиторлар еді. Абай шәкірттерінің ішінде қазақ ән өнерін  өзіндік бір белеске шығарып, жаңа әуен, тың мазмұн әкеле алған ақын Шәкәрім болды. Міне, Абайдың жанындағы ақын, әнші, сазгер, музыкант жастар бұл өнерді әр қырынан дамытты. Осылайша әр қырынан дамып, қазақтың музыка өнерінде өзіндік із қалдыра алған Абайдың әншілік мектебі – кемеңгер ақын тұлғасын айқындай түсер тағы бір керемет көрсеткіш.

Қорытынды бөлімде диссертацияның негізгі нәтижелері тұжырымдалды. Абайдың әдеби ортасын анықтау Абайды, оның ақындық болмысын тани түсуге жетелейді. Қандай да бір тұлғаны қалыптастыратын заманы, қоғамдағы ортасы десек, сол ортаның өкілдері Абайдың ақын болып қалыптасуына игі әсерін тигізді, әр-бір әдебиет өкілі оның ақындыққа көтерілуіне баспалдақ іспетті. Демек, Абайдың әдеби ортасы – ақын өмір сүрген уақытта ақынға өз әсерін тигізген, үлгі көрсеткен аға буын ақындар, би-шешендер және сол Абайдан үлгі алған ішінде ақыны бар, әншісі мен күйшісі бар өнерлі жастар, яғни ақынды қоршаған айналасы.

Абайдың әдеби ортасы туралы ғылыми ойлардың алғашқы көріністері ХХ ғасырдың басынан басталды да, ал осы тақырыпқа арнайы көңіл бөлген М.Әуезов Абайдың әдеби ортасын «ақынның өзі алған нәрлері», «өзгеге берген нәрі» деп екі салаға жіктеді. Абайдан кейінгі әдебиет өкілдерін қамтитын екінші сала бойынша ғалым қазақ әдебиеттану ғылымында «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымды енгізіп, бұл тақырыптың кең түрде зерттелуіне жол ашты. Абайдың ақындық мектебі тақырыбы зерттеу нысанына алынғанда екі мәселеге баса назар аударылды. Алдымен, мектеп қалыптастырған Абайдың тағылымдық қарекетіне, екіншісі – ақынның айналасындағы шәкірттер, олардың шығармашылығындағы дәстүр жалғастығының сипаты. Осы екі құбылыстың басы біріктіріле қарастырылып, Абай айналасындағы ақын шәкірттер мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны айқындалды.

Абайдың ақын боп қалыптасуына әдеби ортаның әсері дегенде ақынның өз әулетінің ықпалына екпін берілді. Бесіктен бастап бойға сіңірілген рухани тәрбие Абайдың болашақта  үлкен дарын иесі болуына жол ашты, әженің ізгілікке толы әлдиі, анасының тауып айтқыштығы, әкеден келген суық ақыл мен асқан білімдарлық Абайды ақындыққа бастар жолдың алғашқы алғышарттары еді. Есейіп, ақылы толысқан шағына дейін Абай ауыл-аймағының ең танымал деген ақыны мен жырауынан, биі мен шешенінен сөз маржандарын сүзді, халықтың бай ауыз әдебиетін бойына сіңірді. Абайдың әдеби ортасын сөз еткенде ақынға ықпал еткен аға ұрпақ ақындардың орны дара тұр. Абайдың ақындық табиғатына шама-шарқынша нәр құйған Дулат, Шөже, Жанақ, Сабырбай, Байкөкше сынды ақындардың сөз өрнегі, үлгі-өнегесі оған мол азық болды. Қазақтың өлең әлемінде алдына қара салмаған Абай ұлттық құндылықтарды жасаушы аға буын өкілдерін, солардың мол мұрасын барынша пайдаланып, ақындық жолында мәнді баспалдақ ете білді. Бойына сіңірген рухани нәрлерді өз домнасында қорытып, қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, философиясы мен өнеріне тың, жаңа қалыпта құйылған кесек дүниелерді ұсынды.

Абай ұсынған жаңалық атаулыға тәнті жас буын әдебиет өкілдері ақын маңына үйірілді. Абайдың зор ақындық құдіретімен қоса, ақындар мектебін қалыптастырған ұстаздық қарекеті айқындалды. Ұстаз – Абай мен шәкірт ақындар арасындағы поэзиялық байланыс көздерін сөз еткенде, ең алдымен Абайдың эстетикалық талғамының бір көрсеткіші болып табылатын ақындық өнер туралы толғаныстары, соның ішінде әсіресе, ақын шәкірттерге, олардың туындыларына қарата айтылған сындарына назар аударылды. Абай сыны – оның ақындық қиялының көрінісі емес, өмірлік ұстанымдары мен күнделікті қарекетінің жемісі. Шәкәрім, Көкбай, Әріп сынды шәкірттерінің шығармаларын сынға алғанда Абай тек шәкірттерін үйретуші, түзеуші деңгейінде ғана емес, қазақ өлеңіне биік меже қоюшы, өзінен кейінгі әдебиетке жаңа, классикалық поэзияның үлгісін ұсынушы, Ұстаз-ақын ретінде  көрінді. Абайдың шәкірттерін сынауы, жеке бас мінездерін әшкерелеуі, өлеңдерін түзеп, қайта жазғызып, үлгі боларлық қып өзі шығарып көрсетуі сияқты құбылыстар – Абайдың ақындығымен қоса осы өнерге баулу, тәрбиелеу сияқты ұстаздық қарекетінің айқын көрінісі. Абай мен оның шәкірттері арасындағы поэзиялық байланыс, тек Абайдың біралуан өлеңдерінің шығуына түрткі болып қана қойған жоқ, ақын шәкірттердің ұстаз алдында ысылып, нағыз ақындық жолға түсуіне жол ашты.

Абай мектебі өкілдерінің айтыс жанрын игеруі қазақ әдебиетіне айтарлықтай жаңалық әкелді. Табан астында өлең құрап, суырыпсалама өнердің не бір түріне аса мән берген Абайдың өзі де айтысқа бей-жай қарамаған. Бізге жеткен Қуандық қызбен сөз қағысы Абайдың айтысқа тікелей қатысын байқатқандай. Табан астында сөз құрап, айтысқа түскен шәкірттерін Абай күнделікті сынап отырды десе де болғандай. Әсіресе, суырыпсалма өнердің майталмандары – Көкбай, Әріптер Абайдың баулуымен, айтыс өнерін шебер меңгерді. Ал, айтысты көркем шығармаға айналдыру – Абай айналасына кең тараған көркемдік тәсіл десек, Шәкәрімнің, Тұрағұлдың, Әубәкірдің жанрлық жағынан қыз бен жігіт, мысал айтыстарына жататын өлеңдермен қоса, Әріп Тәңірбергенұлының «Тәуке мен Ұрқия», Уәйіс Шондыбайұлының «Тәуке мен Жікібай» сияқты айтыс үлгісі бар көлемді поэмалардың жазылуы – айтыс жанрының мүлде өзгерген көркемдік түрін ұсынды. Сондай-ақ, Әріпке қатысты «Біржан – Сара», Әсетке байланысты «Әсет пен Ырысжан» айтысы сияқты туындыларда – айтыс өнерін жетік меңгерген ақындар ел аузында жұрнағы қалған айтыстарды көркем шығармаларына арқау етті.

Абай мектебіндегі тарихи шығармалардың бастауын Абайдың тарихқа қатысты еңбектерінен, ой-пікірлерінен іздеген жөн. Абайдың тапсырмасымен дүниеге келген Шәкәрімнің «Шежіресі», «Еңлік – Кебек» пен «Қалқаман –Мамыры», Көкбайдың Абылай туралы жырлары, Уәйістің «Жошы – Алаша ханы» ұстаз тапсырмасымен жазылып қана қоймай, Абайдың тарихи шығармаларымен байланысып, сабақтасып жатыр.

Абай көлемді тақырыптарды игертуде шығыстан келген нәзирагөйлік дәстүрдің соны үлгісін ұсынды. Басқаны қайталамайтын жаңаша идеялармен жазылған Абай поэмалары шәкірттер ізденісін тың жолға бастады. Бір тақырыпты бірнеше ақынның жарыса жырлауы Абай мектебіндегі шәкірттердің шабытын қамшылап, көркемдік биіктерге жетеледі. Сондай-ақ, Абайдың  орыс пен батыстан алған жаңаша бір дәстүрін ең алдымен қасында жүрген шәкірттері қабылдап, дамытты. Оның көрінісі – Ақылбай, Мағауиялардың орыстың, батыстың үлгісінде жазған «байрондық поэмалар» табиғатына жақын романтикалық туындылары. Абай шәкірттері тарихи тақырып пен нәзиралық үлгіге барғанда Абайдың ұстанған идеялық позициясынан ауытқымайды. Ақындардың ұстанған мақсаты – адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық, қатыгездік пен мейірбанды

Пред.678910След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ