Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

ылып алтын қорымас

Мырыш пен мыс, жезбенен.

Меруерттей сөзбен шашайын –

Бойыма біткен асылым

Ақындық әсер қуатпын [43, 23-б.].

Немесе осы шоғырдың соңын түйген «Жыр арнасы – суатпын» дегенде ақын, я лирикалық қаһарман тасқынды өлеңге, ақындық шабытқа айналып кеткен. Осылайша ол өзінің ақындық ұстанымын баршаға жария етеді. Дулаттың бұл шығармасы, сөз жоқ, Абайдың «Адамның кейбір кездері» өлеңін еске салады.

Ызалы жүрек, долы қол,

Улы сия, ащы тіл,

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек көрсеңдер, өзің біл [35, 257-б.].

Бұл – Абайдың ұстанымы. Осы өлеңді А.Пушкиннің «Поэт», «Поэту» деген өлеңдерімен үндестігін алғаш М.Әуезов атап көрсетсе [44, 162-б], З.Ахметов М.Лермонтовтың «Журналист, читатель и писатель» шығармасымен сарындас, кей тұстары әбден сәйкес келетінін дәлелдеген болатын [45, 61-б.]. Абайтанушы ғалымдардың пікіріне толық келісе отырып дәл осы өлеңнің тек орыс ақындары ғана емес, Дулат шығармасынан да алыс жатпағандығын айтқымыз келеді. Көтеріліп отырған тақырып, өлеңдегі ақын ойы ғана емес, сөз қоланыстардың сәйкес келіп жатуына көзді жұмуға болмайды. Дулаттағы «Кеудеме қайғы толған соң, тұнық жырмен жуынамы» Абайда «Кірлеген жүрек өз ішін, тұра алмас әсте жуынбай» немесе, «Дүние кірін жуынып, көрініп ойға сөз салар». Дулаттағы кеудеге толған қайғы, Абайдағы жүректі кірлетер дүниенің кірі ол – адам бойын құрсаулап алған мың сан адамсыздық. Осы дертті көргенде Дулаттың шабыты «тоят төс, салпы ерінді, топтан торай бермейтін тұлпар аттай» дүбірлесе, Абайдың ақындық қуат-күші қырымға қараған қырағы қыранша түлейді. Сондағы нысана белгілі:

Қайырсыз, сараң малыңды,

Еріншек, есер жарлыңды,

Халыққа емес сыйымды –

Парақор баспақ биіңді,

Ел бүлдіргіш бегіңді,

Әперіп сөзбен кегіңді,

Улы тілмен улаттым [43, 23-б.] ,-

десе Дулат, Абай:

Қыранша қарап қырымға,

Мұң мен зарды қолға алар.

Кектеніп надан зұлымға,

Шиыршық атар, толғанар [35, 256-б.] ,-

деп сөз қаруының нысанасын белгілейді. Сөз мұратын қару еткен ақындық ұстанымдары бір араға тоғысқан екі ақынның әдеби мұрасын таразыға салғанда тақырып ортақтығы, ой сабақтастығы, өлең құрылымдарындағы сәйкестік деген мәселелер  мейілінше айқын, анық көрініс тауып жатыр. Әрине, екі ақын арасындағы ұқсас ойды, сәйкес келіп қалған тіркес пен сөзді тәптіштеп тізіп, әр тармақты таразылап сабақтастықты «дәлелдеу» Абай мен Дулаттың рухани жақындығын толық ақтап шықпасы анық. Осыған қоса, екі ақынның әлеуметтік тұрғыда тақырыпты алып шығуы, сол процестегі олардың поэтикалық қуат-күшінің рөлі, яғни ақындық деңгей мәселесі таразыға тартылу керек сияқты. Бұл арада, әрине, Абайдың ақындық қуатын, поэзиядағы эстетикалық талғамын Дулатпен салыстыруға болмас. Ал, жалпы рухани жалғастық, тақырып бірлігі мәселесіне келсек, бірі аға сұлтандықтың, екіншісі болыстық жүйенің тұсындағы қазақ қоғамының ащы шындығын еш боямасыз нағыз реалистік үлгіде жырлады. Дәл осы тақырыптың қай қырын алсаңыз да екі ақында үндес келіп, өріле жалғасып жатады. Ел ішіндегі атқамінердің шынайы бейнесін, жалқы тұрпатын алғаш өз мәнінде сомдаған Дулат болса, сол үлгіні Абай биік талғамның таразысына салып, нағыз типтік бейнеге айналдырды. Дулаттың Абайға жақындығы – бар болмыс-бітімімен, қимыл-қозғалысымен тірі бейнені көз алдыңа әкелуі:

Майырдың алса бұйрығын,

Борбайға қысып құйрығын,

Ел пысығы жортады-ай [43, 2-б.] ,-

немесе,

Ұлық қысса ұлықты,

Ұласып мидай былықты…

Атқамінер ауылда

Итше ілініп ылықты.

Орыстың көрсе ұлығын,

Қыздан дағы қылықты.

Ұлық етсе қазаққа

Қорқау қасқыр құлықты.

Бұзауы өлген сиырдай

Сауыны иіп Дулат жүр,

Місе қылып тұлыпты [43, 33-б.].

Бұл – қазақ әдебиетінде Дулатқа дейін айтылмаған сөздер. Адамдық қалыптан айрылып, итше ылығып, ауыл үйдің берекесін қашырған атқамінердің шайтани әрекеттері ақынды мезі еткен. Образды ойнату, адам мінезін іс-қимылмен сомдау, әсіресе, Дулаттың «Біреуге», «Екінші біреуге», «Үшінші біреуге», «Төртінші біреуге» деген циклді өлеңдерінде шебер берілген. «Тарпаң тайдай қылтыңдап, … қаққанша қабақ бұлтыңдап, … сыртынан күліп жыртыңдап, … самайы терлеп мыңқылдап» тұрған Дулат кейіпкерін Абай болыстарының тобырына ойланбай тоғытып жібере аласыз. Ел билеушіні шынайы, әрі дәл берудің құралы – таптырмас деталь десек, екі ақын да бұл қисынды шебер қиюластырған.

Жезден қарғы тағынған,

Кәпірге дінсіз бағынған –

«Би» деп атау бердік-ау

Үйінді тас молаға [43, 57-б.] ,-

дегендегі қарғы — биді итке балаудың көрінісі ғана емес, бұғаулау, шынжырлау, бостандықтан айрылудың деталі. Кейіннен Абайдың шәкірті ақын Әріп айтқандай «Сары жезін знак қып салбырытқан» жандайшаптар қалайша аяқ-қолы байланып, орыстың ойыншығына айналып шыға келгенін сезбей де қалды. Би қарекетсіз қалған меңіреу тас молаға айналса, Абай заманының биі бас-басына селдіреп, қиқымға айналып, желге ұшты.

Ал, енді Дулат пен Абай арасындағы тұрмыстық байланыстар туралы сөз етер болсақ, З.Ахметовтің: «Олардың өмір сүрген ортасы, заманы жалғас, жақын, сол дәуірдегі қоғамдық өмірдің қайшылықтарын, әр-түрлі әлеуметтік топтардың мінез-құлқын бейнелеп көрсетуінде де ұқсастық, сабақтастық бар» [46] ,- деген пікіріне аса көңіл қойған жөн. Диссертацияда Дулат пен Абайдың өмір сүрген заманы, ортасы сияқты әлеуметтік нышандарға мән беріліп, Құнанбай, Абай ауылы мен Дулат-Сабырбайлар шыққан Сыбан елінің арасындағы рухани жақындық мәселелеріне назар аударылды. Осы орайда Абаймен рухани байланыста болған Сыбан Сабырбай ақын, оның қызы Қуандық пен Абай арасындағы рухани желілердің жігі ашылды. Мәселен,  Қуандық Сабырбайқызы – Абай өміріндегі ерекше жан. Сөзі қайратты, жаны сұлу қайсар қыз жарқ етіп ақын жүрегіне ғашықтықтың отын салып, сол жалын бірте-бірте екі ақын арасындағы жарасымды сыйластыққа ұласып, өмірлерінің соңына дейін өшпей сақталды.

Жалпы біз Абайды айтқанда, оның өлең құдіретін сөз еткенде маңындағы ақын-жыршылардан бөліп қарап, артық біткен ақындық қуатына жоғары баға бергенде қасында жүрген басқа ақындарды назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. Мәселен, Абайдың айналасын сөз еткенде Байкөкше Балғынбайұлы –ақынмен қатар жүрген, оның апыл-тапыл басқан шағынан қасында болып ерекше сыйласқан адамы. Байкөкшенің Абаймен байланыста туған өлең-сөздері ғана сақталып, қалған мұрасы ұмытылған. Өлеңге ден қойып, қолына қалам алған Абай әуелі өз еліндегі Байкөкшеге қарап бой түзеді. Келе-келе ақындығын, шешендігін қадірлеп «Байкөке» деп құрметпен атаған. Диссертацияда Абай мен Байкөкше арасын байланыстыратын бірнеше өлеңге ден қойылып, бүгінге дейін әдеби айналымға түспеген Байкөкшенің «Тобышақ торы» дастанына әдеби талдау жасалды.

Осы тарауда Абайдың әдеби ортасын құрайтын тағы бір ерекше топ өкілдері – шайқы мінезді, ел ішіндегі күлдіргі, сөзі қисық, қисық та болса түзу Қиясбай, Мұқамораз, Қарасақау сияқты ел ішіндегі жамандықты өлеңге салып, әшкерлеп, іс-қимылымен мазақ етіп жүретін орта өкілдерінің Абаймен арасындағы рухани жақындықтың көріністеріне назар аударылды. Жалпы қазақ даласында Қиясбай, Мұқамораз, Шәукембайлар сияқты шәлдуар мінезді шайқы адамдар аз болмағаны белгілі. Бірақ, солардың бәрі тарихта қалған жоқ. Олардың Қиясбайлардан әлгіндей тосын өнері артық болуы да мүмкін, бірақ Қиясбай, Мұқамораздардың бағы – Абайдың қасында болуында десек, еңбекте осы мәселеге баса көңіл бөлінді.

«Абайдың ақындық мектебі: поэзиядағы рухани байланыс көздері» деп аталатын үшінші бөлімнің «Ақындық өнер және ұстаз сыны» деген тарауында ақындық мектеп аясындағы поэзия көздерінің сабақтастығына мән беріле отырып, Абай арнауларындағы шәкірттерге қаратыла айтылған сын табиғатына талдау жүргізілді. Ақын шәкірттер поэзиясындағы ұстаз Абайдың тұлғасы жан-жақты ашылды.

Диссертацияда Абай арнаулары кеңірек сөз болып, ащы сынға құрылған өлеңдердің шығу тарихы, кейіпкер табиғатын ашудағы автор позициясы деген мәселелер қамтыла келіп,  Абайдың өз шәкірттеріне, дәлірек айтқанда олардың ақындығына қарата айтқан сыны, сол сынды ақындардың қабылдауы деген сияқты ұстаз бен шәкірт арасындағы әдеби қарым-қатынастардың сипаты анықталды. Абайдың ақындық өнер туралы, ақындар туралы өлеңдері әдебиетке, оны жасаушыларға үлкен жаңашылдықпен бірге биік талабын ала келді. Өлеңге қойған талабы биік Абайдың сынына жарағаны – Бұхар, Дулат, Шортанбайлар десек, ендігі жерде «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деген қағиданы ту еткен ақын қасындағы шәкірттеріне талабын мейілінше күшейте түседі. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп басталатын өлеңінде «сөзімді тасыр ұқпас» деп талапты жас ақындарға салмақты ескерту жасап, үш ақынды, өзінің ең талантты деген үш шәкіртінің өлеңдерін сынаған. Шәкәрім, Көкбай, Әріп – үш шәкірті де ұстаздың сынын қалай қабылдады, қандай нәтиже шығарды деген мәселелер диссертацияда егжей-тегжейлі сөз болды.

Абай шәкірттерінің өлеңін ғана сынап қоймай, мінезінен мін, жасанды бір оғаш қылық көрсе, өлеңге қосып екіншілей қайталамастай етіп ұялтып, тыйып тастап отырған. Абайдың «Бұралып тұрып» деп басталатын, Көкбайдың «Жүрісім, тұрысымның бәрі Абайша»  тағы басқа өлеңдерінің шығу тарихы дисертацияда кеңірек талданып, Абай мен Көкбай арасындағы шығармашылық байланыс көздері айқындала түсті. Көңіліне қаяу түсірген Ақы

Пред.678910След.
скачать работу

Абай Құнанбаевтың әдеби ортасы және оның ақындық мектебі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ