Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

ң үстіне далалықтардың басқаны жаңылыстырса да, өздерінің шыққан тегін ешқашан шатастырмайтыны тағы шындық. Мұның солай екенін ежелгі мұңғұл тайпаларының шығу тегінің проблемалары мен этностық тарихын ұзақ жылдар бойы зерттеген орыстың белгілі ғалымы Л.Л.Викторованың: “Для монголов того времени было характерно стремление сохранить в памяти потомков деяния предков, заботливое отношение к родовым связям и традициям. Знатоки генеологий, как известно, досконально изучившие все родственные связи своих фамилий и их ответвлений на многие поколения, бережно передавали эти знания детям. Именно поэтому родословные книги имеют значение первоисточника” (Викторова Л.Л. Монголы: происхождение народа и истоки культуры. М. 1980. стр. 11), – деп, әділ көрсетуі де құптай түседі.

 

“Жылнамалар жинағының” мұңғұлдардың шыққан тегін бұлайша “түрік” деп көрсетуінде аңыздық жаңылыстың жоқтығына көз жеткізе түсу үшін осы орайда мына жайларға да баса назар аудару қажет. Оның біріншісі – шығарманың әйгілі Моңғол империясының дәуірлеу биігіне көтеріліп тұрған кезінде, басқаша айтқанда, моңғолдардың асыл тектен жаралған “ерекше” халыққа айналып, басқалардың, яғни моңғол еместердің өздерінің шыққан тегін, қалайда ретін тауып, осы асыл тектен шығаруға, болмаса соған жақындастыруға жанталаса ұмтылып жатқан кезінде жазылғандығы. Бұл ретте Рашид ад-Диннің: “Найманы, жалаиры, онгуты, кереиты и другие племена, которые имели каждое свое определенное имя, называли себя монголами из желания перенести на себя славу последних; потомки же этих родов возомнили себе издревле носящими это имя, чего в действительности не было” (Рашид ад-Дин. 1952. Ч.І. стр.75), – деп ашып көрсетуі айтылған тұжырымның сол кездің шынайы шындығы екенінің бұл­тартпас дәлелді айғағы. Егер “моңғолдың шыққан тегі – түрік” деген ұғым сол тұста жалпы жұрт мойындаған, баршаға белгілі шындық болмаса, онда мұңғұлдың шежіре-тарихының терең білгірі Болат-чансан бастаған тарихшылардың “асыл текті” моңғолды сол кездегі өздері жаулап алып, қалауынша билеп отырған бағынышты түрік тайпаларымен бір тектен жаратылған, бір атаның (Абулджаның) ұрпағы деп көрсетуге де, солай деп жазуға да батылы бармас еді.

 

Екіншісі – осы айтылғандарды одан әрі негіздей түсетін өз заманының білікті тарихшыларының басын қосып, арнайы тапсырмамен моңғол халықтарының тарихын жаздырудағы Ғазан ханның негізгі мақсатынан өрбиді. Өздері жаулап алып, билеп-төстеп отырған бағынышты басқа халықтарға мұңғұлдардың сіңісіп, өз тілінен, өз дінінен, ата-баба дәстүрі­нен айырылып, өгейсіп бара жатқанын көріп, келер ұрпақ өздерінің шыққан тегінің қайдан екенін, ата-бабаларының кімдер болғанын, не істеп, не қойғанын есіне түсіріп, біліп жүрсін деген мақсатпен Ғазан ханның осы тарихты арнайы жаздырғанын Рашид ад-Диннің өзі “Жылнамалар жинағының” кіріспесінде ашып айтады. Демек, осындай айқын мақсатты көздеген, өзін “нұрдан жаратылған” атадан тараған “алтын текті” Шыңғыс ханның тікелей ұрпағымын деп білетін Ғазан ханның өзімшіл менмендікті жеңіп, мұңғұлдардың түріктерден шыққанын, өздері жаулап алып отырған түрік тайпаларымен түбі бір туыс екенін мойындап, солай деп жазылған кітапты ықыласпен қабылдауы – оның жұртқа мәлім тарихи шындықтан аса алмағанын, адалдықпен ақиқатқа жол бергенін танытады.

 

Үшіншісі – “Жылнамалар жинағын” шығарушылардың бірінші томның бірінші кітабына берілген анықтама-түсініктемені: “Первого тома “Сборника Летописей” с повестованиями о появлении тюркских народов и об обстоятельствах их разделения на различные племена” (Рашид ад-Дин. 1952. стр.71), деп атап көрсетіп, ашып жазуы. Мұнда да тарихи шындықты мойындау “мен мұндалайды”. Арнайы тапсырмамен моңғолдар тарихын жазуға арналған шығарманың беташар кітабының моңғол халықтарының пайда болуы мен олардың түрлі тайпаларға бөлінуіне арналмай, тек түрік халықтарына арналуы – сол түп бастаудың бірлігін, яғни мұңғұлдардың шыққан тегінің түрік және оның тарихи шындық екенін мойындаудан жасалып отырған іс екенін пайымдау онша қиындық туғызбайды. Егер сол кезде мұндай мойындау болмаса, бірінші кітап түрік халықтарына арналмас еді, оған жоғарыдағыдай анықтама-түсіндірме берілмес еді.

 

Осы айтылған жайларды екшей келіп, мәселенің байбына жетіп, тереңдей үңілсек, даланың ауызша тарихының хатқа түскен басқа жанама деректерінің де “мұңғұлдардың шықан тегі – түрік” екенін одан әрі айқын­дай түсетінін көреміз. Бұл ретте “Жылнамалар жинағы” жалпы көшкіншілердің атасы деп есептелінетін Абулджа (Йафет) ханның жайлауы Ортақ, Қазтақ, ал қысқы жайылымы Бурсун, Какьян, Қарақорым болғанын және олардың Талас пен Қары-Сайрам қалаларынан қашық емес екені жөнінде нақты дерек берсе (Рашид ад-Дин. 1952. стр. 80-81), даланың ауызша тарихын өзінше жүйелеп, хатқа түсірген Шыңғыс ханның ХVІІ ғасырда өмір сүрген тағы бір тікелей ұрпағы, Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүр дәл осы деректерді одан әрі жетілдіре нақтылап, “Жылнамалар жинағындағы” парсыша бұзылып берілген түріктік жер-су аттарын төл қалпына келтіріп, түрікше қалай аталатынын дәл береді. Мысалы, ол жаңағы Ортақ, Қазтақ деп аталатын таулардың көне түрікше атауы “Ор-тағ”, “Кер-тағ” екенін, олардың қазір “Ұлығ-тағ”, “Кішік-тағ” деп аталатынын ашып жазады (Кононов А.Н. Родословная туркмен. Сочинение Абул-Гази хана хивинского. М.-Л. 1958. стр.40). Сондай-ақ осы еңбектен “Жылнамалар жинағындағы” “Бурсун”, “Қарақорым” деп аталған жерлердің бүгінгі күнге дейін ежелгі атауын өзгертпей, бастапқы күйінде бізге жеткен, қазіргі Қазақстан жеріндегі өзімізге белгілі “Борсық” және “Қарақұм” деп аталатын әйгілі құмдар екенін бірден танимыз. Оның шынында да осы құмдар екенін Әбілғазының келесі: “Когда наступала зима, он зимовал в устье Сыр, в Кара-кумах, и в Бурсуке” (Кононов А.Н. 1952. стр.40) деген дерегі де айғақтап тұр. Әбілғазының бұл арада “он зимовал” деп отырғаны Абулджа-Йафеттің тікелей ұрпағы, ежелгі мұңғұлдың атақты ханы – Қарахан.

 

Жоғарыда айтылған деректерден біз Рашид ад-Дин айтқандай “жалпы көшкіншілердің атасы Абулджа (Йафет) хан” болсын, болмаса Әбілғазы айтқандай “мұңғұлдың ханы Қарахан” болсын, бәрібір осы әңгімеге арқау болып отырған ежелгі мұңғұлдардың басқа емес, сол көне замандарда қазіргі Қазақстан жерін мекендеген түрк тектес халықтардың бірі екенін көреміз. Бұл деректердің біз үшін құндылығы да осында. Өйткені бұл өз тарапынан қазіргі зерттеушілерге бұрын қалыптасқан ізденіс бағытының жаңсақтығын көрсететін екі бірдей мәселенің басын ашуға көмектеседі. Оның бірі – қазіргі зерттеуші ғалымдардың моңғол халықтарының шығу тегін тек Орталық Азияны мекендеген тайпалардың арасынан ғана іздеуінің қателігін көрсетеді. Бұдан мұңғұлдардың (протомоңғолдардың) Орталық Азияға қазіргі Қазақстан жерінен барғанын, ендігі жерде олардың шығу тегін ерте замандарда осы аймақтарды мекендеген ежелгі түрік тектес халықтардың арасынан іздеу қажеттігі келіп шығады. Екіншісі – осы қателіктің негізінде қытай деректерінде кездесетін “дунху” деп аталатын халықты әлем тарихшыларының “протомоңғолдар” деп танып, онысын тарихи шындық ретінде ғылымға енгізулерінің дұрыс еместігі. Бұл ретте, тіпті, басқаны айтпағанда, байырғы Шығыс тарихшыларының бәрінің еңбектерінде егіз халық ретінде жұбын жазбай қатар көрсетіліп келген татар мен моңғол халықтарын кейін көне қытай шекарасына келгендегі тарихын білмегендіктен, еуропалық таным-түсініктегі зерттеушілердің жалпы болжаммен оларды бір-біріне жат халыққа айналдыруы, соның салдарынан моңғолдың “дунхуға” телініп, ал татардың сол заманда қытайша қалай аталатынының белгісіз болып қалуының өзі біраз жайды аңғартса керек. Бұл арада көне қытайлықтардың татарлармен қарым-қатынасы болмады деуге тағы негіз жоқ. Өйткені, Шығыс тарихшылары мұңғұл хандығы мен татар хандығының арасындағы қақтығыстың татардың Байду ханының тұсында басталып, Сүйініш ханының тұсында өршігенін, соғысқан сайын татарлардың жеңіліп, ығыса-ығыса ж.ж.с. дейінгі ІV ғасырдың аяғында Қытай шекарасына жеткенін айтады. Н.Бичурин Хондемирдің Оғыз-хан жөніндегі дерегін талдағанда: “Огуз-хан объявив себя ханом, во-первых пошел войною на Татар-хан (дунху), который кочевал близ границы Китая и его победил” (Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т. І М-Л, 1950. стр.57), – деген дерек беріп, татарлардың Қытаймен көрші екенін және олардың дунху екенін ашып көрсетсе, Әбілғазы хан: “...татарлардың көп санды рулары Қытайға жақын Бююрнавар (Буир-нор болуы керек.– Қ.С.) жерін мекендеді, қытай билеушілеріне бағынып, олардың қызметінде жүрген, сондай-ақ оларға ауық-ауық қарсы шығып, көтеріліс жасаған кездері де болды. Бірақ қытай билеушілері көтерілісшілерге қарсы қалың қол шығарып, оларды қайта бағындырып, иеліктерін қаңыратып бос қалдырып отырды” (Абул-Гази.1996. стр.34). деп жазады. Олай болса, Қытай шекарасына мұңғұлдардан да бұрын жетіп, қытайдың жеті патшалығы тұсында олармен көрші болған және сиуңнулардан да бұрын сол жеті патшалықтың бірі – Жыу (Чжеу) патшалығымен соғысқан татарларды кім дейміз? Сондықтан тарихи тағдыры бір, сөйлер тілі ортақ екі халықтың ежелгі қытайлықтар берген халықтық атауларын ендігі жерде қазіргідей құбылтпай, шатыстырып біріне бірін телімей, сиуңнуды – “мұңғұл”, дунхуды – “татар” деп атап, бір байламға келгеніміз жөн болмақ.

 

3. Сиуңнудың түрік аталуының себебі мен салдары

 

Бұл күнде ресми тарих ғылымында қытай дерегіндегі “сиуңну” деп аталатын хал

12345След.
скачать работу

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ