Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі



 Другие рефераты
Қазақстан армиясы Елжау би (шамамен б.д.д. 177-104 жж.) Генерал Сағадат Нұрмағамбетов Ауған соғысы - Саңлақ жауынгер

1. Жалпы жағдай

Еуразия кеңістігін мекендеген көшкінші халықтардың қай-қайсысының да шығу тегіне келгенде ресми тарих үнемі нақтылық танытпай, оны түйіні шешілмеген мәселелер қатарына жатқызып, бұл ретте бір мәмлеге келген ортақ тұжырымның әлі жоқтығын алға тартады. Моңғол халықтарының шығу тегі жөнінде де осыны айтуға болады.

Мұның бұлай болуын, әдетте, біз көшкіншілердің ежелгі тарихына қатысты нақты жазба деректің жоқтығынан, болмаса тапшылығынан деп білеміз. Былай қарағанда, оның солай екені де рас. Бірақ бар мәселе, шынымен, деректің тапшылығында, болмаса жоқтығында ғана ма? Ойласып көрелікші.

 

Біздің пайымдауымызша, мәселенің негізі, түптеп келгенде, ерте замандарда көшкіншілердің табиғи төл болмысын жете білмей, оларды тек “жабайылар”, “тағылар” деп қана қабылдаған ежелгі отырықшы елдердің таным-түсінігі арқылы қалыптасқан тұрпайы, жаңсақ тұжырымдарды кейін ғылыми шындық ретінде еуропалықтардың өзгелерге өктемдікпен мойындатуы – ой-сананы құрсаулап, барды көруден, жоқты іздеуден қалдырып, зерттеушілерді сол баяғы ескі бір сүрлеуді шиырлай беруге мәжбүр етіп қойғандығында жатыр.

 

Осының салдарынан көшкіншілердің ежелгі тарихының айқындалмаған ақтаңдақтарының, жазылмаған қатпарларының, шешілмеген шиелі түйіндерінің тым көп екендігі уақыт өткен сайын айқын ағарылып келеді. Қазіргі түрк-моңғол халықтарының тарихына қатысты айтылып жүрген пікірлер түйінінің бір арнада тоғыспай, әр тарапқа тартып, өзара қақтығысқа ұшырап, бір-бірімен шатысып жатуы да осыдан болса керек. Солардың бір тобы (Баскаков, Малов, Гумилев және т. б.) сиуңнуларды түріктердің түп атасы деп есептесе, енді бір тобы (Бичурин, Шмидт, Доржсурэн, Сухэбатор) оларды қазіргі моңғолдардың шыққан тегі дегенге саяды.

 

Кезінде айтыс-тартыс қанша көп болғанымен, оның қорытындысы бәрібір тарих ғылымында Ұлы Даланың тек шығыс бөлегін ғана еншілеген ежелгі түрктер (прототюрки) мен ежелгі моңғолдарды (протомонголы) қазіргі жер бетіндегі бүкіл түрк тектес халықтар мен моңғол тектес халықтардың ата-тегі деген ұғымды орнықтыруына бөгет бола алған жоқ. Бір есептен, бұған да шүкіршілік, әйтпесе, бұл халықтардың бәрі түрксіз, тек осы күнгі түсініктегі моңғол тектес халықтар болып жүрулері де әбден мүмкін еді. Өйткені, ХІХ ғасырда Ресей Ғылым академиясының академигі П.С.Паллас бастап, кейінірек оны Я.И.Шмидт пен Н.Я.Бичурин қостап, жаңаша жыл санауға дейінгі ІІ мыңжылдықтан осы ғалымдардың өздері өмір сүріп отырған кезеңге (ХІХ ғ.) дейін Ұлы Даланың Орталық Азия бөлігін автохтондық құқығы бар бір халықтың, тек моңғол тектес халықтардың ғана мекендеп келгенін дәлелдеп, әлем жұртшылығын сендіріп қойған болатын.

 

Расында да, Орхон өзенінің бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазулардың “кілті” табылып, ондағы тасқа басылған бұлтартпас тарихи айғақ деректерді әлем танып-білмегенде, көне замандарда Шығыста жалпы түрк деген халықтың болғандығынан бейхабар қалып, ондағы кейінгі түрк тектес халықтар моңғол тектес халықтардың бір бұтағына айналып кете баруы да ғажап емес еді. Әйтеуір, абырой болғанда, әлгі тас жазудың дерегі арқылы дүниежүзі Орталық Азияның қақ төрінде, жаңаша жыл санаудан кейінгі VІ ғасырда түрк деген халықтың “Мәңгі ел” деп аталатын аса ірі мемлекет орнатқанын және оның ұлан-ғайыр аймаққа үш ғасырға жуық билік жүргізіп тұрғанын білді. Осыдан кейін барып, тарихшылар бұрынғы моңғол атауының алдына енді келіп түрік атауын тіркестіруге мәжбүр болды.

 

“Түрк-моңғол халықтары” деген жаңа тұрақты тіркес осылайша ғылыми айналымға енді. Тарихтағы бүгінгі “түрктердің ата-тегі VІ ғасырда Алтайдан шыққан, олар кейін жаулап алу арқылы Батысқа, еуразиялық кеңістікке тараған” деген қате тұжырым да осыдан кейін бой көрсетті. Тарихи шындыққа қиыспайтын осы жасанды, қате тұжырымдаманың негізінде қытай дерегінде кездесетін “сиуңну” деп аталатын халық “түрктер”, “дунху” деп аталатын халық “моңғолдар” деп танылып, бұған дейінгі даланың ауызша тарихында бір үйдің егіз баласындай жұбы жазылмай, үнемі бірге аталып келген “татар-моңғол” тіркесіндегі татар атауы жылы орнын түрікке беріп, өзі тунгустар ауылына қоныс аударды. Осыдан кейін сан ғасырлар бойы көшпелі өмірдің тар жол, тайғақ кешулерін бастан бірге өткізіп, бірде табысып, бірде шабысып, жұптары жазылмай қатар келе жатқан тілдері ортақ, тағдырлары ұқсас, тамыры бір егіз екі халық – татар мен моңғол еуропалық таным-түсініктің бет қаратпас беделінің белден басуымен ақыры бір-біріне жат, бөгде халықтар болып шыға келді. Әйтпесе, бұл күнде сиуңнудің “мұңғұл”, дуңхудың “татар” екенін айқын ажыратып, тарихи шындықты өз болмысында талассыз таныған болар едік. Амал не, бұл күнде олай болмай отыр. Соның салдарынан Шығыс халықтарының бастау тарихы тұтастай қате негізге құрылып, бірді бірге шатастырумен келеміз. Осыған орай ендігі әңгіме арнасын осы шатастырулар мен олардың себеп-салдарына қарай бұрмақпыз. Алда ежелгі моңғолдар мен кейінгі моңғолдар жөнінде жіктеліп айтылатын болғандықтан, әңгіменің ұғынықты болуы үшін бұлардың ежелгілерін байырғы Шығыс тарихшыларының деректеріндегідей – “мұңғұл”, кейінгілерін қазіргі қолданыстағыдай – “моңғол” деп ен-таңбалауды жөн көрдік.

 

  2. Ежелгі мұңғұлдар

 

 Мұңғұлдардың шығу тегі жөніндегі әңгіме адамзаттық түпкі ортақ бастаудан басталып, ал саралануы олардың өз алдына жеке халық болып танылуынан өріс тартпақ. Бірақ, өкінішке қарай, жазба дерекке жадыланған арғы-бергі зерттеушілер бұл халықтың көне тарихына қатысты зерттеу аясын тек орта ғасырмен шектеп, олардың оған дейінгі ғасырлар бойы өздерінің жадында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келген ежелгі төл шежіре-тарихының дерегіне лайықты мән бермей, назардан тыс қалдырып келді. Соның салдарынан болар, мұңғұлдардың ежелгі тарихы тек кешегі ХІІІ ғасырдағы Моңғол империя­сының тарихы негізінде ғана қарастырылып жүр. Соған байланысты деректік мәліметі Шыңғыс ханның ата тегінің жаратылуынан басталып, кейінгі Моңғол империясына қатысты мағлұматтармен шектелетін “Моңғолдың құпия шежіресі”, “Алтан тобчи”, “Ердэнийн тобчи”, “Шара туджи”, “Цаган түүхэ” сияқты шығармалар мен шетелдік миссионерлердің, саяхатшылардың, елшілердің, саудагерлердің әр кезеңде қалдырған жазбалары халықтың шығу тегі жөніндегі бірден-бір негізгі дереккөз ретінде қабылданып, түйінді тұжырым солар арқылы ғана жасалынды. Алайда мұндай деректерді негіз ету арқылы мұңғұлдардың шығу тегін анықтау, тіпті, мүмкін емес-тін. Өйткені аталған жазбалардың бірде-біреуінде ежелгі мұңғұлдар жөнінде, олардың шығу тегі жөнінде нақты айтылған ешқандай дерек жоқ болатын. Ал бұған, керісінше, мұңғұлдардың шығу тегіне қатысты өз мүмкіндігіне қарай азды-көпті мағлұмат беретін еңбектердің де­ректері ескерусіз қалдырылып, олардың тек кейінгі моңғол халықтары жөніндегі мәліметтері ғана ғылыми айналымға түсіп, жан-жақты зерттелінді. Мысалы, сондай еңбектердің бірі және бірегейі — Рашид ад-Диннің (1247-1318 ж.ж.) әйгілі “Жылнамалар жинағының” (“Жами` ат-тауарихтың”) моңғол халықтары жөніндегі деректерінің құндылығы ғылыми ортада аса жоғары бағаланғанымен, оның мұңғұлдардың шығу тегіне қатысты дерегі ғылыми тұрғыдан талданбай, ескерусіз қалдырылды. Дұрысында, бұл ауызша тарихтың құнды дерегін хатқа түсіріп, бір жүйеге келтірген теңдесі жоқ, әлемдегі алғашқы еңбек болатын.

 

 Жылнаманың авторы Рашид ад-Дин Фазлуллах ибн Абул-Хаир Али Хамадани – Моңғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің авторлығы бір адамға телінгенімен, шын мәнінде, “Жылнамалар жинағы” (1300-1310 ж.ж.) – ұжымдық еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан бөгде жұртты жаулап алып, соған билік жүргізіп тұрғанымен, өздерінің соларға сіңісіп, жұтылып бара жатқанын көріп, тілінен, дінінен, ата-бабаның салт-дәстүрінен айырылып, парсылана бастаған мұңғұлдың кейінгі ұрпағы өздерінің шыққан тегін таймай танып, төл тарихын барынша біліп өссін деген игі ниетпен ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдесі жоқ даңғайыр шежірешісі Болат-чансан бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах Қашани, Ахмед Бухари және т.б.) қосып, осы еңбекті жазғызған.

 

Міне, осы энциклопедиялық еңбекте моңғол халықтарының шығу тегіне қатысты: “Все монголы, племена тюрков и все кочевники (букв.; обитатели степей) происходить от его (Абулджа-хана. Қ.С.) рода” (Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Т.І. Кн.І. М.-Л. 1952. стр. 80),– деп, ақ қағазға қара сиямен ап-анық етіп жазылған. Автордың мұндағы “Абулджа-хан” деп отырғаны бүкіл түрк халықтарының түп атасы деп есептелінетін Нұх пайғамбардың баласы Йафет. Даланың ауызша тарихының хатқа түскен осы дерегін бүгінгі жазба тарихтың дерек беру стиліне көшірсек, онда бұл “барлық моңғолдардың да, түрік тайпаларының да және барлық дала тұрғындарының да шыққан тегі бір, бәрі бір халық – түріктер” дегенді білдіреді. Осылай деп және өзге емес, бастау тегіне бүгінгілерден әлдеқайда жақын тұрған моңғолдардың өздері бұдан жеті ғасыр, яғни 700 жыл бұрын жазып, қалдырып отыр. Бұл деректі және олардың көктен алмағаны, ойдан шығармағаны, ата-бабаларының жадында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген шежіре-тарихтың дерегіне сүйеніп айтып отырғаны хақ. Сондықтан бұған әдеттегідей “ауызша тарих” деп мұрын шүйірудің еш реті жоқ. Оны

12345След.
скачать работу


 Другие рефераты
Компьютерная грамотность менеджеров
Роль социологических знаний в образовании и деятельности инженера
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы
Приватизация в республике Казахстан


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ