Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

н шыққаннан кейін де олардың елі дерек көздерінде бірнеше ғасыр бойына моңғол деген өз атауымен аталмаған, басқа атаумен басқа халықтардың құрамында жүрген. Олар тек ХІІ ғасырда Бөрте – чиноның жиырмасыншы ұрпағы Байшынқор –көкжалдың баласы Тумбинай – шешеннің жеті ұлының бірі – Қабуыл қағанның тұсында ғана “Хамаг моңғол ұлысы” (“Жалпы моңғол ұлысы) деген атаумен көрінеді. Моңғол халқының этноқұрамын саралай көрсеткен Рашид ад-Диннің: “Народности, которых в настоящее время называют монголами, однако в начале их название не было таковым, потому что это название появилось спустия некоторые время после них” (Рашид ад-Дин. 1952. стр.77.), – деп, сол кездің ақиқатын алға жаюы осы шындықты нақты білгенінен болса керек.

 

Қытай деректері Ергене-көңнен шыққандардың алғашқы кезде шивэйліктердің құрамында болғанын мәлім етеді. Шивэйлер сиәнбилерді бірнеше топқа бөлгенде, соның солтүстік тобына енеді, кидандармен туыстас халық.

 

 Жалпы шивэйлер жөніндегі алғашқы дерек “Солтүстік тарихынан” (“Бэйшиден”) кездеседі.. Мұнда байырғы қытайлықтар “шивэй” терминін этностық және тілдік құрамы әр түрлі құранды бірнеше тайпаның ортақ атауы ретінде қолданады. Зерттеушілер бұларды негізінен этностық жағынан тунгустарға жақын тайганың аңшылары мен балықшылары еді дегенді де айтады (Викторова Л.Л. 1980. стр. 196.). Ал Таң әулетінің тарихында (“Таңшуда”) шивейлердің ежелгі қай халықтың ұрпағы екені бұдан гөрі анығырақ жазылған. Онда: “Шивэй – дунхудың терістік шекарасындағы кидандардың ерекше ру-тайпасы” (Кюнер Н.В. Китайские известия народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. М.-Л.1961. стр. 63.), – делінген. “Сүй кітабы” шивэйлердің мекенінің кидандардың солтүстігінде жатқанын айтады. Қалай болғанда да, Ергене-көңнен шыққандардың ол кезде осы шивэйлердің құрамында жүргені анық секілді. Бұл – уақыт жағынан алғанда ж.ж с. кейінгі VІІІ ғасыр. “Моңғолдың құпия шежіресінің”: “Шыңғыс ханның тегі Тәңір бақытты етіп жаратқан Бөрте-бөрі (Бөрте–чино) зайыбы Марал сұлумен (Гоа–Маралмен) бірге талай теңіз-дарияны кешіп келіп, Онын (Онон) өзені бас алған Бұрхан–қалдун тауын тұрақ еткен кезде Батшаған (Батцагаан) деген бір ұл туады” (“Моңғолдың құпия шежіресі“. А.1998. 27-б,),– дейтін дерегі де осы кезді көрсетеді. Өйткені моңғолдардың көне тарихын зерттеген ғалымдар Бөрте-чиноның өмір сүрген кезін VІІІ ғасырдың орта тұсы дегенді айтады. (Қараңыз: Гонгор Д. Предки халхасцев – коренные монгольские племени междуречья рек Онона, Керулена и Толы. – SH. 1968. VІ, f. 7.; Викторова Л: Л. К вопросу о расселени монгольских племени на Дальнем Востоке. – “Ученые записки ЛГУ”. 1958. № 258. стр.41-66).

 

 Байырғы тарихшылар осы шивэй тайпалар бірлестігінің құрамындағы ергенекөңдіктерді, яғни мұңғұлдарды кейде бөліп көрсету қажет болғанда, оларды қытай дерегіндегі атауымен “Мэньу-шивэй тайпасы” (Бичуринде: “Мынву тайпасы”) деп ерекшелейді. Дерек көздерінде мэньу-шивэйлердің шивэй тайпалар бірлестігінің құрамында тек VІІІ ғасырдан бастап қана көріне бастауы да олардың Ергене-көңнен осы кезеңде шыққанын әйгілеп тұрғандай. Бірақ, солай бола тұра, олардың кейінгі “Хамаг моңғол ұлысы” аталғанға дейін осы өңірде болған кезеңдік ірі оқиғаларға қатысты шешуші рөл атқармағандығынан ба, әйтеуір көне дереккөздерінде олар өз атымен аталмай, көбіне сол кездегі билік басына келіп, бірін-бірі ауыстырған басқа көшкіншілер әулеттерінің атымен аталып, солар құрған мемлекеттің құрамында жүргені байқалады.

 

Ергенекөңдіктердің сондай билік басына келген әулеттер құрған мемлекеттің құрамына енгендегі алғашқы атауы – “Қараөзендік Мохэ”. Мұндағы “Қараөзен” – Амурдың көне аты. Оны: моңғолдар – “Қарамүрен”, қытайлар – “Хыйшуй” (Қара-су) деп атайды. Ал “Мохэ” – билеуші әулеттің, яғни мемлекеттің аты. Мохэлер ол кезде Амурдың екі қапталын мекендеп, Аргун өзенінен Шығыс мұхитқа дейінгі жерге билік жүргізген (Бичурин Н.Я. 1950. стр. 377.). Осы орайда қараөзендік мохэлердің кімдер екенін және ергенекөңдіктердің бұдан кейінгі аталған халықтық атауларының қайдан шыққанын дұрыс түсіну үшін тарихқа қысқаша болса да шолу жасай кету қажет.

 

Қытай тарихының дерегі бойынша Жыу (Чжеу) мемлекетінің тұсында шығыста, Мәнжурия (Маньчжурия) жерінде Сушень мемлекеті болғаны белгілі. Осы Сушень мемлекетінің орнын ж.ж.с. дейінгі ІІ ғасырда Илэу мемлекеті басады. Кейін бұл мемлекет арада алты ғасырға жуық уақыт өткенде, яғни ж.ж.санаудан кейінгі ІV ғасырда бұрынғы атын “Уги” деп өзгертеді, елі үлкен-үлкен жеті аймаққа бөлінеді. Арада тағы да екі ғасыр өткенде осы жеті аймақтың бірі – қараөзендіктер күшейіп, Уги мемлекетінен бөлініп шығады.

 

Міне, осы бөлініп шыққан қараөзендіктердің елінің атын тарихшылар “Қара­өзендік Мохэ” деп атайды. Уақыт өте келе қараөзендік мохэлер өзара іштей он алты аймаққа бөлінеді. Осы бөліну бұрынғы тұтастыққа жік түсіреді де, соны пайдаланған бохайлар кугруе босқындарының қолдауымен сегізінші ғасырдың басында оларды өзіне бағындырып, боданына айналдырады. Бохай мемлекетінің бодандығына көнгісі келмеген қараөзендік мохэнің он алты аймағының бірі – татандар ауа көшіп, қазіргі Моңғолияның оңтүстігіне өтіп, Инь тауының теріскей беткейіне қоныс тебеді. Бірақ көп ұзамай жаңадан күшейіп келе жатқан кидандар бүкіл Моңғолия жерін жаулап алып, қытайша “Лиау” (Ляо) деп аталатын өздерінің мемлекетін құрады.

 

Осыған орай татандар да осы Лиау мемлекетінің құрамына енеді. Оңтүстік Монғолияға өткеннен кейінгі екі ғасырға жуық уақыт ішінде татандар көбейіп, өз ара тоғыз аймаққа бөлінеді. Бұл кезде олар қанша көбейгенімен, әлі сол Инь тауының теріскей бетінде болатын. Халха ол кезде Ұйғыр қағанатының иелігінде еді. 840 жылы қырғыздар Ұйғыр қағанатын құлатып, бір жылдан кейін Енесай (Енесей) бойына қайтіп кеткенде, қаңырап бос қалған Халхаға Юйгюлюй мен Шивэй тайпалары келіп қоныстанады. Осылардың ішінде мэньу-шивэй деп аталатын Бөрте–чино ұрпақтары бастаған ел Онон, Керулен және Толы өзендерінің бойын мекендейді. Осыдан да болар оларды кей дереккөздерінде “Үшөзендік Мохэ” деп те атайды.

 

Бұл кезде кидандар мен журжендер (Чжурчжэндер) Моңғолияға өз үстемдігін жүргізу үшін қырқысып жатқан болатын. Журжендер – бір кездегі кидандардың боданы, тунгус-мәнжур тобына жататын халық еді. Кидандардың ішкі бірлігінің болмауын пайдаланған журжендер жиырма жылға созылған осы күрестің нәтижесінде 1115 жылы Кидан мемлекетін құлатып, өз мемлекетін құрады. Осы кездің бәрінде үшөзендік мохэлер журжендерге қарсы күресте кидандарға көмектескен еді. Кидандар жеңілгеннен кейін де олар күресті тоқтатпай, әрі жалғастыра береді. Осыған байланысты журжендер 1135 жылы күш жинап, моңғолдарға қарсы арнайы әскер жібереді. Бірақ олар моңғолдарды жеңе алмайды, қайта журженнің атақты қолбасшысы, түменбасы Хушаху бастаған әскері Хай-лин тауының етегінде болған соғыста моңғолдардан күйрей жеңіледі.

 

Бұл моңғолдардың өз атымен төңірегіне танылуының басы еді. Осыдан моңғолдың Қабуыл қағанының орнына Сенгүн-білгірдің баласы Амбығай Хамаг моңғол ұлысының қағаны болып, оны татарлар өлтіргенге дейін моңғолдардан бақ тайған жоқ. Амбығай өлгеннен соң, тұтастыққа жік түсіп, іштей ыдырай бастаған Моңғол хандығын Шыңғыс хан қайтадан қалпына келтіріп, артынан оны Ұлы Дала тарихында бұрын-соңды болмаған далалық ұлы империяға айналдырды. Бұдан кейінгі тарих баршаға мәлім.

 

Міне, қысқаша қайырғанда, кейінгі моңғолдардың шынайы тарихы осындай. Бұлардың ежелгі мұңғұлдармен аты бір болғанымен, заты бөлек. Егер жоғарыда айтқан біздің болжамымыз шындық болса, онда ежелгі мұң­ғұлдардың тарихы ж.ж.с. дейінгі VІІ ғасырдан басталып, ж.ж.с. кейінгі І ғасырдың соңымен аяқталады. Олар этноқұрамы жөнінен түгелдей түрік текті, түрік тілдес халықтарға жатады. Ал кейінгі моңғолдардың тарихы ж.ж.с. кейінгі VІІІ ғасырдан басталып, ХІІІ ғасырдың басында шаңырақ көтерген Моңғол империясының тарихына жалғасады. Хамаг моңғол ұлысының әуелдегі этноқұрамы ежелгі мұңғұлдардың негізінен татарланған және басқа халықтармен араласқан кейінгі ұрпағын қамтиды. Мұнда билеуші әулет – Бөрте – чино мен Гуа – марал ұрпақтары. Кейін бұлардан билік эстафетасын осы Бөрте – чиноның ұрпағы Добұн (Добу) мерген өлген соң, оның артында қалған әйелі Алұн сұлудың (Алун-гуаның) жесір отырып тапқан баласы Бодыншардан тараған ұрпақ алады.

 

5. Дунхудың  моңғол аталуының себеп-салдары

 

Бұл күнде, жоғарыда айтқанымыздай, ресми тарих ғылымында ежелгі қытай деректеріндегі сиуңну халықтарын “түріктер” деп қабылдаудың заңдылыққа айналғаны сияқты дунху халықтарын “моңғолдар” деп тану да ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық ретінде қабылданып келеді. Бұған ешкім күдік келтірмейді, ал келтіргендерді әлем тарихшыларының танымына топырақ шашқан бейдауа жанның санатына жатқызып, жазғанына мән берілмейді, айтқаны ескерусіз қалдырылады.

                     

Әңгімені көп созбай, бірден турасын айтсақ, дунху халықтарын “моңғол” деу – ғылыми негізі жасалмаған, тек жалаң қисын арқылы өмірге келген жаңсақ тұжырым деп танимыз. Осы жаңсақ тұжырым кейінгі зерттеушілер тарапынан кезінде жете тексеріліп, түзетілмегендіктен, тарихи ақиқат ретінде қабылданып, шынайы ізденістің жолын кесіп, Шығыстың ежелгі халықтарының бастау тарихына

12345След.
скачать работу

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ