Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

қатысты қате тұжырымдар тізбегінің жалғасуына мүмкіндік туғызды. Бұл ретте Хән әулетінің тарихын жазған көне қытайдың Бан Гуден кейінгі атақты тарихшысы Фаң Хуаның жаңаша жыл санаудан кейінгі Бірінші мыңжылдықтың басында айтқан сөзін Екінші мыңжылдықтың аяғында сол күйі қайталап: “Ой, дүние-ай, алғашқы қадамның дұрыс болмауы – кейінгі мың қадамның қате болуына ұрындырса, не шара!” (Сиуңну. “Хән кітабынан”. Ал. 1998. 145-б.) дегеннен басқа амал жоқ.

 

Әрине, еш нәрсе тектен тек бола қалмайды. Мұның бұлай болуының да өзіндік себеп-салдары бар. Жаңсақ тұжырымның дер кезінде түзетілмей, осы күнге дейін шындық орнына жүруінің негізгі себебі, біздің пайымдауымызша, жоғарыда айтқанымыздай, тарих ғылымының еуропалық таным-түсінік бойынша Ұлы Дала тұрғындарының денін үнді-еуропалық халықтарға айналдырып, түрік-мұңғұл халықтарын сол үнді-еуропа тілдес сақтардың аяғы жетпеген Шығыстың шығыс жақ бөлегіне ғана орналастыруынан өріс тартады. Ресми тарих ғылымы түрік-мұңғұл халықтарын осылай орналастырып, оларды өмір бойы, яғни жаңаша жыл санаудан 28 ғасыр бұрын өмір сүрген Шиа (Ся) әулетінің заманынан бері қарай қытаймен шекаралас аумақты мекендеп келеді дегенді “заңдастырып” берген соң, кейінгі зерттеушілер бұл халықтардың ата тегін тек осы шығыс жақ бөліктен ғана іздеуге мәжбүр болды. Сондықтан да олар үшін Шығыстың ежелгі халықтары жөнінде мағлұмат беретін бірден-бір дереккөзі – қытайдың әулеттік көне шежірелерінің мәліметі тарихи шындықтың басты айғағына айналды. Бар ой-тұжырым осыларға негізделді. Ал бұл дерек көздерінде тарихқа танылғаннан бергі кездегі әлгі аталған аумақты (территорияны) халықтық атаулары қытайша – “сиуңну” және “дунху” деп аталтын екі халықтың мекендегені ақ қағазға қара сиямен ап-анық жазылған. Олай болса, осы екі халық ежелден осы шығысты мекендеп келгенін ресми ғылым “дәлелдеп” отырған түрік пен моңғол халықтарының ата-бабалары болмағанда кім болмақ?!

 

Міне, осындай қисындылықты негізге алған зерттеушілер сиуңну дегеніміз “түрік”, ал дунху дегенміз “моңғол” деген байламға келіп, оларды түрік-моңғол халықтарының ата-тегіне айналдырды да жіберді. Сөйтіп олар Бичуриннің бір кезде білмегендіктен жаңылыс айтқан: “Қытай әскерінің қырғынынан аман қалып, Алтай тауына барып паналаған сиуңнуларды кейінгі Түрік қағанатының шаңырағын көтерушілердің ата-бабалары”, деген жаңсақ тұжырымына жан беріп, оның ғұмырының ұзаруына жақсы жағдай жасады.

 

Оған атақты Сиуңну империясы ыдырағаннан кейін, сиуңнулардың (мұңғұлдардың) өз алдына дербес ел болудан қалып, сол кезде күшейген дунхулардың (татарлардың) арасына сіңіп, дунхуланып (татарланып) кетуі де септігін тигізді. Сиуңнулардың дунхуланып кеткеніне қытай мен сиәнбилердің біріккен күші Солтүстік Сиуңну мемлекетін талқандаған сол 92 жылдың өзінде-ақ сиәнбилерге бағынған сиуңнулардың түгелдей “сиәнби” атауын қабылдауы да куәлік бергендей. Ол туралы “Соңғы Хән кітабы”: “Оставшиеся роды хуннов, простиравшиеся 100 000 кибиток, сами приняли народное название Сяньби” (Бичурин Н.Я. 1950, стр. 150-151) деген дерек береді. Мұны да негізгі себептердің бірі десек болады. Өйткені сиуңнулардың дунхуларға сіңісіп кетуі, яғни дунхулануы – кейінгі зерттеушілердің дунхуды “моңғол” деуіне септігін тигізгені хақ.

 

 Бұл арада айтылған ойды дұрыс түсіну үшін осы Шығыс халықтарының тарихына қысқаша болса да шолу жасауға тура келеді.

 

Атақты Сиуңну империясы құлап, мұңғұл-сиуңнулар өз алдына тұтас ел болудан қалғаннан кейін Шығыстағы көшкінші халықтар арасында бар билік сиәнбилерге (татарларға) көшкені тарихтан белгілі. Бұл сиәнбилер Сиуңну империясының негізін қалаушы әйгілі чәниүйі Маудунның (Мөденің) ж.ж.с. дейінгі 209 жылы таққа отырғанынан кейін, көп ұзамай төңірегін түгел жаулап алу жорығын бастағанда, соның алғашқы тосын шабуылынан күйрей жеңіліп, атамекенінен ауа қашқан дунхулардың Сиәнби тауына барып паналап, содан өсіп-өнгендердің ұрпақтары еді. Кейін олар осы таудың атымен “сиәнби” аталған. Сол секілді қашқан дунхулардың Ухуан тауына барып паналаған екінші бір бөлегі де сол таудың атымен “ухуан” аталып кетеді. Осы орайда “Вэйшудың” сиәнбилер туралы: “Сиәнби – это подобно ухуань, остаток дунху, их язык, привычки, обычаи одинаковы с ухуань” (Кюнер В.Н. 1961. стр. 142.) деп жазуы да олардың бір діңнен өнген қос бұтақ екенін дәлелдейді. Бұлар тарихи деректерде негізінен дунху халықтары деп танылғанымен, осыдан былайғы жерде әрқайсысы жеке-жеке “сиәнби”, “ухуан” деген атауларымен өз алдарына дербес халық ретінде айтылады.

 

 Сиәнбилер де, ухуандар да батысында сиуңнулармен, оңтүстігінде хәндықтармен үнемі қақтығыста болып, бірде жеңіліп, жеңілгенде солардың бодандығын мойындап; бірде жеңіп, жеңгенде өздерінің дербес тәуелсіздігін сақтап, сол кездегі көшкіншілерге тән қилы заманды бастан кешіреді. Сондай алмағайып заманда Сиәнби елінің билігінің тізгінін аса дарынды басшы Тулу бектің баласы Таңшыхай (кей деректе Таңшыхуай) деген адам қолға алады. Міне, осы кезден бастап сиәнбилердің тасы өрге домалап, бағы ашылады. Таншыхай аз уақыттың ішінде Сиәнби мемлекетін далалық империяға айналдырып (147 ж.), бір кезде Сиуңну империясының иелігінде болған жер мен елді түгелдей өзіне қаратады. Бірақ бұл дәуірлеу ұзаққа бармайды.

 

Таншыхай өлгеннен кейін билікке таласқан балалары Сиәнби империясын аз жылда ыдыратып, жеке хандықтарға бөліп тынады. Сөйтіп құлаған империяның жұртынан әр кезеңде сиәнбилер құрған бірнеше мемлекет шаңырақ көтереді. Былайша айтқанда, егер 552-840 жылдар аралығындағы түріктердің (ұйғырларды қоса алғанда) билігі болмаса, қалған уақытта, яғни жаңаша жыл санаудан кейінгі ІІ ғасырдан бастап ХІІІ ғасырға дейін Шығыста тек осы сиәнбиліктер құрған мемлекеттер ғана бірінен кейін бірі үстемдік етеді. Далалық ұлы империялар құлағаннан кейінгі тарихқа белгілі болған мужуңдар да, тобалар (табғаштар) да, жыужандар (қағанат болғанда құрамына енген басқа халықтарды қоспағанда) да, қараөзендік мохэлер де, татандар да, кумосилер (татабтар) де, кидандар да бәр-бәрі сиәнби, яғни дунху халықтары болатын.

 

Сиуңну империясы құлаған ж.ж.с. кейінгі 93 жылдан Моңғол империясы шаңырақ көтерген ХІІІ ғасырға дейінгі аралықтағы тарихи жағдай қысқаша қайырғанда, міне, осындай. Енді осы айтылған жайларды ескере отырып, ергенекөңдіктер тарихын қайыра бір зерде елегінен өткізіп көрелік.

 

Зерттеушілердің анықтап, бірауыздан куәландыруынша, Алтай тауына қашып барып паналап, содан 450 жыл өткен соң сыртқа шығып, тарихқа танылғандардың баяғы ж.ж.с. кейінгі 93 жылы Хән империясының әскері қырып салған Үйчүйжиән чәниүй (Ел-хан) елінің, яғни сиуңну халқының қалдығы екені тарихи шындық. Оған талас жоқ. Біздің “ергенекөңдіктер” деп отырғанымыз да осылар. Ендеше, Ергенекөңнен шыққандар сиуңну (бұл арада, тіпті, мұңғұл демей-ақ қояйық!) болмаған да кім болады. Мұны бір делік.

 

Екіншіден, осы ергенекөңдіктердің Алтай тауының қуысынан шығып, тарихқа танылған кездегі басышысын барлық дереккөздері бірдей “Бөрте – чино деген адам еді” деп айғақтайды. Бұған да ешкім таласпайды. Ал моңғолдың баршаға мәлім “Моңғолдың құпия шежіресі”, “Алтын тобчы” секілді әйгілі жазба шежіре-тарихтарының дерегі осы Бөрте-чиноны ХІІІ ғасырда Моңғол империясының негізін қалаушылардың атасы екенін талас­сыз мойындайды. Мұны ғылым да теріске шығармайды. Сол себепті ғылыми зерттеулерде қазіргі моңғолдарды “Бөрте – чиноның ұрпақтары” (“потомки Борте-чино“) деп атайды (Викторова Л.Л. 1980. стр.158.). Мұны қазіргі моңғолдардың да, өзге жұрттың зерттеушілері де қате демейді, тарихи ақиқат деп біледі. Бұл арада Бөрте-чиноның моңғолдың билеуші әулетінің атасы делінгенімен, бүкіл моңғол халқының атасы еместігі өз-өзінен түсінікті болса керек.

 

Олай болса, байырғы заманның шындығына куәлік етер қолда бар көне дерек атаулының бәрі: ергенекөңдіктерді – сиуңнулар, солардың ұрпағы деп отырса және қазіргі моңғол әулетінің атасы деп танылған Бөрте-чиноны – сиуңнудың соңғы чәниүйі Үйчүйжиәннің (Әбілғазыда: “мұңғұлдың Елханының”) ұрпағы деп ғылымның өзі мойындап, тарихқа енгізсе, енді келіп біздің осылардың бәріне көзді жұмып қойып, оларды, яғни қазіргі моңғолдарды атасы басқа дунхуға апарып телуіміз қай қисынға келеді. Қазіргі моңғолдардың дунхуға, яғни сиәнбилерге қатысы болса, ол – тек олардың қытай деректерінде “шивэй” деп аталатын сиәнби тайпалар бірлестігінің құрамында “мэньу-шивэй” деген атпен жүрген кездері ғана. Мэньу-шивейдің сиәнбилер құрамына енген сиуңнулар екені қытайдың Сүй, Таң әулеттерінің тарихнамаларында анық-ақ жазылған. Ал шивэйлердің Орхон жазбаларындағы “Отыз-татарлар” екенін де зерттеушілердің нақты деректермен дәлелдегені ғылыми ортаға ертеден белгілі (Викторова Л.Л. 1980. стр.156). Бұл жерде, басқаны былай қойғанда, қытайша шивэй аталған тайпалар бірлестігінің түрікше “отыз-татар”, яғни “татардың 30 тайпасы” деп аталуының өзі де дунхулардың, яғни сиәнбилердің татарлар екенін жалпыға жариялап тұрған жоқ па! Әлде осылардың бәрі ғылыми зерденің назарына ілігуге тұрмайтын фактілер ме? Рас, кейін бір сиәнбидің ұрпақтары ғана емес, бүкіл шығыс халықтары Моңғол империясының құрамына енді. Бірақ мұның бәрі сиуңну-моңғолды дунху-татарға айналдыруға негіз болмаса керек.

 

 6. Түйін

              

Сонымен, айтылған жайлардың бәрін қайталай ой тарзысына тартып, санамен сараптай келіп,

Пред.6789
скачать работу

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ