Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

p>

 

Әбілғазы айтып отырған Ергене-көңнен шыққандар, міне, осы қырғыннан аман қалып, өсіп-өнгендер. Олардың Ергене-көңнен шыққандағы билеушісі Бөрте Чино – қытай дерегіндегі осы Үйчүйжиән чәниүйдің тікелей ұрпағы. Әбілғазы оны Ел хан (Ил хан) дейді. Демек, Рашид ад-Дин мен Әбілғазылар да, қытай тарихшылары да бір оқиғаны айтып отыр. Бірақ оның Түрік қағанатының шаңырағын көтерушілерге түк қатысы жоқ. Кімнің кімнен тарағанын нақты ашып берген “Монғолдың құпия шежіресінің” дерегі бойынша да мұңғұлдардың сол кездегі билеушісі Бөрте-чино. Ал ол – кешегі ХІІІ ғасырдағы Моңғол империясының негізін қалаған, “Шыңғыс хан” деген қаһарлы есімімен әлемге әйгілі болған Есукейұлы Темучиннің жиырма екінші атасы. (Егер Бодыншарды Бөрте-чиноның ұрпағы десек. Қ.С.).

 

Ал Түрік қағанатының негізін қалаушылардың ата-бабаларының қырғын табуына келсек, бұл – жаңағы сиуңну-мұңғұлдардың қырғын табуынан үш жарым ғасыр кейін, дәлірек айтсақ, жаңаша жыл санаудың 439 жылы болған оқиға. Бұдан аман қалғандар Алтайға емес, Гаушанның (Гаочанның) батысындағы Алтын тауға барып паналайды. Ол жөнінде: “Сүй кітабы” (“Сүйшу”) мынандай дерек береді: – “Түрктердің арғы атасы Пин-лианда аралас-құралас (көшіп-қонып жүрген) хулардан еді. Оны “Ашына” (Ашина) деп атаған. Кейін Вей патшалығының Тай-ву (424-451ж. ж.) патшасы Жүйчүйді талқандаған соң, Ашына 500 үйлі жанды ертіп, жыужәндарға қашып барып, Алтын тауды мекендеді” (Түрктер. Жыужәндар. Ал. 1999. 30-б.). Мұны “Жыу кітабының” деректері де құптайды.

 

Бұдан Түрік қағанатының негізін қалаушылардың аталарының Алтайға емес, Алтын тауға қашып барғаны анық көрініп тұр. Алтын таудың Гаушанның терістік батысында орналасқанын “Сүй кітабы” да, “Жыу кітабы” да ашып жазған. Демек, оның Алтайға түк қатысы жоқ. Ал “Ергене-көңнен” шыққандар Алтай тауына барып паналаған.

 

Міне, осындай нақты деректермен негізделген басы ашық шындықты мойындамай, түпкі бастауы бір болғанымен, өскен өрісі бөлек, тағдыры ортақтас болғанымен, таралып танылуы бөлек екі халықты ендігі жерде бірін-біріне сапырылыстырып, қойыртпақтай берудің ешқандай қисыны жоқ. Мұңғұлды “түрік” деп шатыстыруымыз бәйтеректің діңін бұтағымен шатыстырып, діңі қайсы десе, бұтағын; бұтағы қайсы десе, діңін көрсеткенмен бірдей, қолайсыз дүние. Өйткені, түрік – түрк тектес халықтардың діңі, ал бұл арада сөз болып отырған мұңғұл мен татар сол діңнен тараған көп бұтақтардың бірі ғана. Ендеше халқымыздың шығу тегін іздегенде бүгінгідей сырт жұрттың өзімшіл өктемдігімен зорлап таңып, қалыптастырған қате түсінікпен қытай дерегіндегі “сиуңну” деп аталатын халықты түп негізіміз “түрік” деп танып, өсіп-өнген діңімізді өзінен өнген көп бұтақтың бірімен шатыстырған тірлігімізге сын көзбен қарап, жалған таным тәуелділігінен арылар күн жетті деп білеміз. Төл тарихымызға төл танымның ақиқатымен қарау парыз. Сонда ежелгі қытайлықтардың көне заманда мұңғұл атауын аударып, өз тілдерінде “сиуңну” деп алғанын біліп, оны қазіргі ресми тарихта еш негізсіз, ешқандай ғылыми дәлелсіз “ғұн” деп атап жүргеніміздің қате екенін де ажыратуға мүмкіндік туады. Сиуңну атауының баламасы ғұн емес, мұңғұл! Ал мұны ажыратудың төл тарихымызды өз болмысында танып-білу үшін өте маңызды екені даусыз.

 

Осыған орай, ұғым нақтылығы үшін еске сала кететін бір нәрсе, әу баста мұңғұл халқы да, татар халқы да түрк тілінде сөйлегенімен, түрк тектес болмаған, сырттан келіп сіңісіп кеткен кірме халықтар секілді. Олар кейін Түрік мемлекетінің құрамына еніп; соларға кірігіп түріктеніп кеткен болса керек. Мұны, басқаны айтпағанда, олардың ежелгі Түрік мемлекеті ыдырағанда алдымен бөлінуі де, сондай-ақ осы екі халықтың халықтық атауларының шығу төркіні (этимологиясы): мұңғұлдың “мұңды құл”, “түнерген құл” (Әбілғазы), татардың “бөтендік”, “бөтендер” (Қашқари, Баскаков) деген мағынаны білдіретіні де дәлелдей түседі. Көшкіншілер қанша жерден өзара жауласып, бірін-бірі шауып жатса да, өз тектестерін құл демеген.

 

Осыларды екшей келіп, ой қорытсақ, қытай тарихнамаларында берілген “сиуңну” деген халықтық атауды ежелгі мұңғұл атауының тікелей аудармасы деп тану тарихи ақиқатқа жол ашу болмақ. Мұнымыздың дұрыстығын орыстың әйгілі шығыстанушысы Н. Бичуриннің сиуңнуді “злый невольник” (Бичурин Н.Я. 1950 стр. 39) деп аударуы да, Әбілғазының мұңғұлды “түнерген құл” (Абульгазы Баһадур-хан. Родословное древо тюрков. М-Т-Б. 1996., стр. 17) деп түсіндіруі де құптап тұрғандай. Демек, бұл да өз тарапынан осы күнге дейін әрқайсысының оқшау тарихын жасап келген сиуңну халықтары мен мұңғұл халықтарының негізі ортақ бір халық екеніне, қытай тарихнамаларындағы сиуңну деген халықтық атаудың баламасы түрік те, ғұн да емес, мұңғұл екеніне куәлік береді. Осыған байланысты ендігі жерде ресми тарихтан мықтап орын тепкен, шынайы халықтық атауға түк қатысы жоқ, моңғолдың “кісі”, “адам” деген мағына білдіретін “ғұн” атауын өзгертіп, халықты өзінің бұрынғы төл атауымен “мұңғұл” деп атасақ, оның ешқандай айып-шамы болмауға тиіс. Ал бұл, түптеп келгенде, зерттеушілеріміздің қалыптасқан қағида шеңберінен шығып, түрк халықтарының төл тарихын өз болмысы тұрғысынан танып-білуіне мүмкіндік туғызар жаңа ізденісіне кең жол ашу болмақ.

 

4. Қазіргі моңғолдар

 

Сиуңну империясының іштей ыдырап, өзара Оңтүстік Сиуңну және Солтүстік Сиуңну мемлекеттеріне бөлініп кеткені тарихтан белгілі. Кейін соның оңтүстіктегілері түгелдей қытайланып кеткенімен, солтүстіктегілері тәуелсіздігі үшін бір жарым ғасыр уақыт арыстанша алысып, ақыры қытайлықтар мен сиәнбиліктердің біріккен күшінің соққысына төтеп бере алмай, қазіргі Тарбағатай тауының төңірегінде күйрей жеңіледі. Жеңілген Солтүстік Сиуңну мемлекетінің чәниүйі жанында қалған аз әскерімен батыс жаққа ығысады. Нақты қайда кеткені белгісіз, ол жөнінде дерек көздерінде ештеме жазылмаған. Бұдан әрі тек қашқан чәниүйдің інісі, мемлекеттің батыс жағының билеушісі (лули-бегі) Үйчүйжиәннің өзін “чәниүймін” деп жариялап, қарамағындағы елімен Баркөлдің (Пулыйдың) жағасына келіп қоныс тепкені ғана айтылады. Үйчүйжиән осы арадан Хән империясымен байланысқа шығып, бодандықты мойындайды. Бірақ көп ұзамай, оны императормен табыстырып, араға дәнекер болып жүрген ұлы қолбасшы Дыу Шиән қайтыс болады да, империяның сиуңнуларға деген көзқарасы кілт өзгереді. Сол себепті Үйчүйжиән көтеріліс жасап, солтүс­тікке қайта оралады.

 

Сиуңнулардың солтүстікке кеткенін естісімен, осы кезде бар билікті өз қолына алған, қайтыс болған император Су-зунның жесірі Дыу Тай-хыу әскери кеңестің бастығы Ваң Фуды сиуңнудың пристав Жін Шәнмен бірігіп, теріскейге көшіп кеткен Үйчүйжиән чәниүйді жазалауға аттандырады. Олар чәниүйді қайта оралуға үгіттеп бағады, бірақ айтқандарына көндіре алмайды. Содан соң Үйчүйжиәннің өзін қапысын тауып өлтіріп, елін қырып салады. Сөйтіп Юн-юань билігінің бесінші жылы, яғни жаңаша жыл санаудан кейінгі 93 жылы Солтүстік Сиуңну мемлекеті жеке мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатады.

 

Ұзақ тарихты қысқаша қайырғанда, қазіргі моңғолдардың тарихы, міне, осы кезден, 93 жылғы қытайлықтар жасаған қырғыннан аман қалған сиуңнулардың қашып барып, Алтай тауының кең жазықты жайылымы бар бір қуысына паналаған кезінен басталады. Бұл жерді Шығыс тарихшылары “Ергене-көң” деп атайды. Мұңғұлдар осы жерді төрт жарым ғасырдан астам уақыт мекен етеді.

 

Ресми тарих ғылымы осы Ергене-көңнен өсіп-өніп шыққандарды кейін, жаңаша жыл санаудың 552 жылы Орталық Азияда шаңырақ көтерген әйгілі Түрік қағанатының негізін қалаушылардың атасы деп таниды. Бірақ біз мұны еуропалық таным-түсінік бойынша жасалынған қате тұжырым деп білеміз. Оның неге қате екенін жоғарыда нақты деректер арқылы шамамыз келгенше жан-жақты дәлелдегендей де болдық. Енді оны қайталаудың қажеті жоқ.

 

Ергене-көңнен шыққандар – ежелгі мұңғұлдардың, яғни сиуңнулардың ұрпақтары, кейінгі Моңғол елінің билеуші әулеті. Екінші Шығыс Түрік қағанаты дәуірлеген кезде олар осы қағанаттың құрамына еніп, солардың бодан халықтарының біріне айналады. Егер тарихи шындыққа жүгінер болсақ, Ергене-көңнен шыққандардың және оның кейінгі ұрпақтарының Түрік қағанатының негізін қалаушыларға қатысы бар болса, ол осы бодан болуы ғана.

 

Түрік қағанатының негізін қалаушылар – ежелгі қыпшақтардың ұрпақтары, ал Ергене-көңнен шыққандар – ежелгі мұңғұлдың ұрпақтары. Рас, мұның екеуі де түрік текті тілдес халықтар. Осыған қарап, тарихи сабақтастықты үзбеу үшін Ергене-көңнен шыққандардың тарихын ерекшелеп бөлмей-ақ, ежелгі мұңғұлдар (сиуңнулар) тарихының жалғасы ретінде қарастыра беруге де болар еді. Бірақ нақтылық тұрғысынан алғанда, бұл шындыққа дәл келмейді. Өйткені бұл ретте сабақтастық халықтық атау (этноним) тұрғысынан жалғасқанымен, халықтың этникалық құрамы жөнінен келгенде кірікпей, біраз өзгешеліктерге ұшырайды. Атап айтқанда, ежелгі мұңғұлдар (сиуңнулар) бірыңғай түрік текті халықтардан құралса, кейінгі моңғолдар мұңғұл (Ергене-көңнен шыққандардың ұрпағы. – Қ.С.), татар және тунгус-мәнжур тайпаларынан құралады. Осыған сай бұлардың ежелгі мұңғұлдардан (сиуңнулардан) тіл ерекшеліктері де айтарлықтай бөлек. Кейінгі моңғолдардың байырғы тарихын жан-жақты үңги зерттеген Н.Я.Би­чуриннің: “... происхождение монгольского народа и Дома Монгол (Моңғол мемлекеті. – Қ.С.), от которого сей народ получил народное название, суть две вещи совершенно различные между собою” (Бичурин Н.Я. 1950. стр.380.) деген тұжырымға келуінің де негізі осында. Содан да болар Ергене-көңне

12345След.
скачать работу

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ