Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

ікелей сабақтас­тық байланыс бар екендігі нақты фактілік негізде әрі дәлелді баяндалады.

 

Енді осы “Орхон атласы” мен “Ежелгі Үйсін еліне” ортақ тағы да мынадай бір жағдайға тоқталайық. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу ісінде ұзақ жылдар бойы еуропалық және ресейлік ғалымдар белсенділік та­нытып келді. Бұл ретте біз еуропалық ғылымға қарыздармыз. Сонымен бірге “Орхон атласы” көне түрік ескерткіштерін оқу және бұл ескерткіш­тердің түрік өркениеті мен мәдениетінде алатын орнын байыптау ісінде отандық мамандардың ғылыми танымдық жаңа сапаға көтерілгендігін айғақтайды.

 

Өз ретінде көне тарихи ескерткіштерді оқу ісіндегі сапалық тұрғыдан жаңа бұл кезең не үшін керектігін түсіндіре кетейік. Томсен, Малов сияқты ғалымдар түрік жәдігерліктерін оқуда тыңнан жол салды. Бұл шынымен де ежелгі түрік мәдениетін тануда теңдесі жоқ ғылыми ерлік болатын. Сонымен бірге аталмыш ескерткіштерді оқу және қорыту ісінде сол ескерткіштердің заңды мұрагері болып табылатын бүгінгі түрік халықтарынан шыққан ғалымдардың бұл мәселені зерттеу ісіне араласып, пікір білдіруі қажет-ақ еді. Өйткені, түрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген бір этносқа тән буындар арасында жалпыэтностық мәселелерді ұғынуда генетикалық жад арқылы берілетін ішкі тылсым байланыстың болуы ғылымда мойындалған табиғи құбылыс.

 

Тарихи ескерткіштерге байланысты осы мазмұндағы қатынас Үйсін ке­зеңіне тиесілі тарихи мұраларды түсіну үшін де қажет екендігі даусыз. Өткен ХХ ғ. 80-ші жылдарынан “26 тарих” аталатын қытай жылнамала­рындағы жалпы түрік және қазақ тарихына қатысы бар деректік мате­риалдарды қазақ тіліне аудару ісі қолға алынды. Оған көне және жаңа қытай тілдеріндегі жәдігерліктерді оқу ісінде маманданған қандас бауырларымыздың кәсіби қалыптасып шығуы негіз болды. 2006 жылдан бастап “Жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер” деген атпен даярланған көп томдық еңбектердің алғашқы екі томы қазақ тілінде елімізде жарық көрмек.

 

Жоғарыда Үйсін мемлекеті мен Түрік қағанаты өзара ішкі байланысы бар тұтас этностық мәдениеттің түрлі тарихи кітаптарда көрінісі екендігі айтылды. Олай болса біз пікір білдіріп отырған еңбектерде осы тарихи байланыс қандай деңгей және мазмұнда көрініс тапқан, енді осы тақырыпқа көңіл аударайық. Мақала көлемінің шектеулілігіне байланысты мәселенің көзге ұрып тұрған кейбір қырларына ғана тоқталуды жөн көрдік.

 

 1. Ең алдымен, әрине, бұл аталған екі қоғамның да шаруашылық негізі бір болғандығы анық және ол дау туғызбайды. Б.з.б. ғасырдағы үйсін ауқат­тыларының мал басы 4-5 мың жылқымен саналады. “Тарихи жазбалар” атты дерек көзінде: “...Үйсін елі —жылқылы еді. Байларында 4-5 мың жылқы бар” – делінеді (Ежелгі Үйсін елі. Қытай деректері мен зерттеулер. Үрімжі, 2005, 189-б.). Ал Күлтегінге ас берілгенде оның төрт мың жылқысын, қазынасын, дүние мүлкін таратқан екен. Күлтегін кешенінде: “Күлтегіннің алтынын, күмісін, ақығын, дүние-мүлкін, төрт мың жылқысын, (ірі) қарасын (қағанның) айтуы бойынша Тұйғындар таратты ...”, — делінген (М.Жолдасбеков, Қ.Сартқожаұлы, “Орхон ескерткіштерінің толық атласы”. “Күлтегін” баспасы, 2005, 191-б.).

 

Бір ғажабы, арасында сегіз ғасырға жуық мерзім бар бұл екі қоғамда да жылқы малы, арғымақ ат, тұлпар — байлықтың, ерліктің, сұлулықтың, мәңгіліктің символы. Хан патшасына үйсіндер қалың малға мың жылқы айдатады. Ал қытай билеушісі үйсін жылқысын “Тәңір тау сәйгүлігі” атай­ды. Күлтегін жазуында “Күлтегін Байырқудың ақ айғырын мініп опыра шап­ты”, “Күлтегін боз қасқа ат мініп шапты” деген ғажап тіркестер кездеседі (“Ежелгі Үйсін елі”, 251-б.; “Орхон ескерткіштерінің толық атласы”, 188-б.).

 

 2. Үйсін қоғамы мен Түрік қағанатының шаруашылықтағы өзара сабақ­тастығы олардың материалдық және рухани мәдениетінен де анық байқалады. Үйсіндерде билеуші әулет қалыптасқан. Нығмет Мыңжанұлы “Ежелгі Үйсін елінде” деген көлемді мақаласында “Үйсін елінде бүкіл елді басқаратын өкіметтік ұйымы болды” деген тұжырым жасап, оның негізгі лауазым атауларын келтіріп, соңынан алғашқы күнбилер әулеті жөнінде мол мәлімет береді. Үйсіндерде жоғары билікте билер әулеті тұр. Би, билеу (властвовать) ұғымы осы үйсіндер заманында қалыптасқан. Сондай-ақ елін жинап, басын біріктіріп жақсы басқарған жоғарғы билік иесіне “ел” деген ұғымды тіркеп айту дәстүрі де осы тарихи мезгілде қалыптасуы әбден мүмкін. Мәселен, үйсіндер Нәнді бидің (б.з.б. 177 жылдан бұрын) баласын Елжау би (б.з.б. 177-б.з.б. 104 жылдар аралығы шамасында) атаған (“Ежелгі Үйсін елі”, 31-б.).

 

Аталмыш екі қоғамдағы ақсүйектерді жерлеу рәсімінде де ұқсастықтар байқалады. Үйсіндерде опат болған ақсүйекке Египет пирамидаларын еске салатын алып обалар тұрғызу салты қалыптасқан. Түрік қағанаты заманында алып обаларды алып тастарға қашалып жазылған жазулар (ұстындар) мен балбалдар ауыстырды. Соңғысы, әрине, негізі бір мәдениеттің жаңа тарихи сатыдағы көрінісі еді. Сондай-ақ бұл екі тарихи кезеңдердегі ескерткіштердің айтар ойы да өзектес болатын, яғни ішіне сауытты жасырған алып обалар мен мағыналы да астарлы сөздер қашалған алып ұстындар бұл екі дәуірдегі қоғамдардың жасампаз өмірге, болашаққа, тұтастыққа ұмтылысын айғақтауға тиіс болды. Араға мыңдаған жылдар салып біз де бүгін олардың ішкі сырын осы тұрғыдан қабылдаймыз.

 

3. Бұл екі қоғамның дүниетанымында да ортақ өзек анық байқалады. Күлтегін мәтінінде “Күлтегін қой жылы (731 – авт.) тоғызыншы айдың он жетісі ұшты”, ал Білге қаған мәтінінде “Әкем-қаған елін (төрін) орнатып, ұша барды”, “Әкем – қаған ит жылы оныншы айдың жиырма алтысында ұша барды” деген сөздер бар (“Орхон ескерткіштерінің толық атласы”, 190, 191, 257, 261-б.б.).

 

Кітап авторлары мәтіндерде берілген бұл көрсетулерге байланысты “бұл айғақтар байырғы түріктер түсінігінде адамның тәні Жер-Анада қалып, жаны ұшып кетеді дегеннің дәлеліне саяды” деген тұжырымға келеді (сонда, 29-б.).

 

Адам өмірі мен өліміне қатысты осы көзқарас үйсіндерде де болғандығы байқалады. Үйсіндерден біз бұл көзқарастың, дүниетанымның бастапқы қалыптасу сәтін аңғарамыз. Жарық дүниеден қайтқан адаммен бірге оның мінер атының, жұмсар құлының, киер киім-кешегінің, сәнді бұйымдарының, тіптен ас ішер ыдыс-аяғының бірге жерленуі соның дәлелді көрінісі болса керек. Адам өмірден озды, бірақ біржола кеткен жоқ, яғни оның жаны ғана тәнін тастап, ұшып ғайып болған. Ұшып кеткен жанның о дүниеде тәнге қайта оралуы әбден ықтимал. Олай болса, опат болған құрметті кісінің екінші өмірінде керек болуы мүмкін көлігі, құлы мен қажетті түрлі заттары бірге жерленгені жөн.

 

4. Бұл екі қоғамның дүниетанымындағы ұқсастық, ортақ түсініктер олардың тотемдік сенімдерінен де көрінеді. Мәселен, Орхондағы Бұғыты кешеніндегі ұстынның бас жағына қасқырды еміп тұрған баланың кескіні бейнеленген. Бұл сюжет, әрине, үйсіндер заманынан, тіптен одан да арғы мезгілден келе жатқандығы даусыз (сонда, 48,49-б.б.). Қытайдың “Хәнна­ма” жылнамасындағы 61-бума 31 ғұмырнамадан мынадай көріністі оқи­мыз. “Ұлы нүкістер шапқыншылық жасап, Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып алыпты, халқы босып, ғұндарды паналапты. Жаңа туған нәресте күнбиді аталық Бозоқ ябғұ қалың шөптің арасына апарып жасырып қойыпты. Бозоқ оған азық алып қайтып келсе, сәбиді көк құртқа емізіп жатыр екен, ал ет тістеген қарғалар оны төңіректеп ұшып жүр екен” (Ежелгі Үйсін елі, 201-б.).

 

 Көне түркілер қоғамын зерттеуші Ю.А.Зуевтің қытай дерек көздері мен зерттеушілерінің көрсетуіне сүйеніп 647 жылы Батыс Түрік қағаны Тан императорына алтыннан құйылған қарғаның мүсінін сыйлыққа тартады, ал б.з.б. 31 жылы Хан сарайы өзінің өкілі арқылы үйсіндерге Алтын Адамды (әрине, оның мүсінін – авт.) сыйлады деген фактілерді келтіре отырып, “Подобное изображение найдено в районе города Иссык, Алма-Атинской области и приобрело теперь мировую известность”, —  деп тұжырым­дайды (Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. А, 2002, с. 25, 29).

 

Тарихи деректердің көрсетуіне сүйенсек, Алтын сауытты адам бейнесі негізіне алынған тарихи тұлға – түрік жұртын ауыр сәтте біржола жоқ болудан сақтап қалған аса ірі саяси қайраткер Елжау би. Өйткені, көне түрік аңызында аналық қасқырды еміп аман қалып, есейгенде елін қайта жинап, оны жаңа жайлы қонысқа жеткізген қайраткерлік іс осы қайраткер­дің қызметімен байланыстырылады.

 

5. “Орхон атласы” авторлары кезінде С.Г.Кляшторный мен В.А.Лившицтің “соғды жазуы алғашқы Түрік қағанатының ресми алфавиті болған” деген тұжырымына қосыла алмайтындықтарын білдіріп, байырғы түріктер өздері құрған мемлекет пен оның тарихи тұлғалары жөнінде мәліметтерді кейінгі ұрпақтарына төл әліпбиі арқылы қалдырғандығына назар ау­дарады. Сондай-ақ байырғы түрік жазуы өзге мәдениеттерге тән әліпбидің көшірмесі емес, қайта байырғы түрік тілінің фонетикалық ерекшелігін негізге ала отырып жасалынған төлтума әліпби екендігіне тоқталады. Кітап авторлары “баба түріктердің философиялық жүйесінің қалыбына салсақ, олар амал мен биліктің тізгінін тең ұстап, бірін-бірімен үйлестіре білген. Байырғы түрік графикасының ерекшелігі – осы” деген қорытынды жасайды (“Орхон ескерткіштерінің толық атласы”. 30-б.).

 

Ал осы Орхон ескерткіштеріндегі түрік әліпбиі қай мезгілде дүниеге кел­ген? Бұл сұрауға әзірге жауап жоқ. Дегенмен Атласта берілген Онгин

Пред.6789
скачать работу

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ