Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

кеше­ніндегі балбал тастағы жазу мен Есік қорғанынан табылған тостағандағы 26 әріптен тұратын жазудың өзара ұқсас, жақын екендігін аңғару тіптен қиын емес. Есік жазуына байланысты белгілі түріктанушы А.Аманжолов: “Бұл жазу, негізінде, көне түркі руникалық таңбаларымен көне түркі тілінде жасалды деген пікірдеміз”, – деп жазады (Аманжолов А. Түрік филологиясы және жазу тарихы. А., 1996, 78-79-б.б.).

 

Басқаша айтқанда, Есік қорғанындағы жазу Үйсін және Түрік қағанаты қоғамдары арасындағы өзара ішкі байланыстың бар екендігінің тағы бір айғағы.

 

М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” ақиқатын әрі асыра сілтеусіз айтсақ, түріктану ғылымының жаңа белесін айқындайтын еңбек. Кітап мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарлама­сын орындау ісіне қосылған үлкен үлес және қоғамда бүгінгі күні жүріп жатқан тарихты қайта игеру үрдісіне жағымды ықпал жасайтын құнды дүние.

 

Сонымен бірге еңбек авторларына мынадай сипаттағы өз пікірлерімізді білдіре кеткенді жөн көрдік. Орта ғасыр – Орталық Азия кеңістігінде түрлі тайпалық одақтардың бірін-бірі алмастыру кезеңі болды. Осынау тынымсыз жүрген өте күрделі үдерісті талдауға алудың және оны түсіндірудің өз ерекшеліктері және ғылыми әдіс-тәсілдері бар. Егер осы тарихи кезеңге тән жазба ескерткіштердің мәтінін оқу ісіндегі бастапқы кезеңде басымдылық алдымен тілші ғалымдарға берілетіндігі түсінікті табиғи құбылыс болса, ал ол жазба ескерткіштер арқылы қоғамдық қатынастарды, жалпы тарихи ахуалды танып білу, талдауға алу тарихшы мамандарға тиесілі. Кітапта, мәселен, алты оғыз, сегіз оғыз, тоғыз оғыз тай­палар одағын кейінгі тарихи кезеңдердегі жеке рулық құрылымдарға телу, Түрік қағанатын құру және оның тілдік ерекшелігін анықтауда белгілі бір тайпалық одаққа және оның тіліне басымдылық беру байқалады.

 

Бұл айтылған пікірлер, әрине, болашақта Атлас сияқты іргелі де кең ау­қымды еңбектерді даярлау ісінде ескерілер деген ойдамыз. Қорыта айт­қанда, “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” Түрік қағанатының бүгінгі толық құқылы мұрагерлерінің бірі Қазақстан елінің, оның ғалымдарының өз тарихын қорыту және игеру ісіндегі тамаша жетістігі. “Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” дейді халық мақалы.

 

Бұдан 4-5 жыл бұрын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­ситетінде көне түрік жазуының мұрағаты ашылды. Мұражай ортасындағы Елтеріс Құтлұғ қағанның бас мүсіні зерделі көрушіні терең ойға, тарих қой­науына жетелейді. Оған қарап рухани құндылық, ұрпақтар сабақтастығы деген ұғымдардың нақты өмірлік негізі бар екендігіне көз жеткізгендей күйде қаласың.

Пред.6789
скачать работу

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ