Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

төл тарихымызды төл болмысында танып-білуге зиянын тигізер жат танымының ықпалынан арылып, тарихи шындыққа жол ашар уақыт жетті деп білеміз. Ол үшін төл тарихымыздың бастауында кеткен бір қателіктің негізінде туындаған қателіктер тізбегін одан әрі жалғастыра бермей, ежелгі халықтар мен олардың бүгінгі ұрпақтарын бірін біріне телімей, біреуін екіншісіне шатастырмай, кімнің кім екенін ажырата тануымыз қажет. Бұл орайда біздің ұсынарымыз:

 

І. Қытайдың әулеттік шежірелерінің (“Чиншу”, “Хәншу”, Хыухәншу”) деректері арқылы танылған, қытайша “сиуңну” (сиуң-кеуде, өркөкірек; ну-құл) деп аталатын халықты “түріктердің атасы (прототүрк)” деп қабылдау – қате. Сиуңну – түрік халықтарының тегі емес, көне замандағы түрік тектес, тілдес көп халықтың бірі ғана!

 

ІІ. Қытай дерегіндегі сиуңну мен байырғы Шығыс тарихшылары (Рашид ад-Дин, Хондемир, Әбілғазы) дерегіндегі мұңғұл екеуі бір халық. Сиуңну – мұңғұл атауының қытайша баламасы. Сиуңну да, мұңғұл да “түнерген құл”, “кекті құл” деген бір мағынаны білдіреді. Осыған орай қазақ тарихшыларының сиуңну атауының баламасы ретінде қазіргі моңғолдардың “кісі”, “адам” деген ұғымды білдіретін “ғұн” сөзін алуларының да ешқандай ғылыми негізі жоқ деп санаймыз

 

ІІІ. Қытайдың әулеттік шежірелері деректеріндегі сиуңнулармен бірге қытайша “дунху” (дун-шығыс, ху-жабайылар) деп аталатын халықты “моңғол” деп қабылдау да – қате. Дунху – мұңғұлдың емес, татар атауының баламасы. Қазіргі тарихшылардың мұңғұлдармен тілі бір, діні бір, тағдыры бір ежелден бірге өмір сүріп келе жатқан татарларды тілі басқа, тірлігі басқа тунгус-мәнжүр (маньчжур) тобына итере салуының ешқандай ғылыми негізі жоқ деп есептейміз.

Түйіні: сиуңну дегеніміз – мұңғұл, дунху дегеніміз – татар.

МәмбетҚОЙГЕЛДИЕВ, ХангелдіӘБЖАНОВ.

 

 

Ұлттықтарихымыздыңбастаукөздері

                                                                                  

                                        

 

“Күлтегін” баспасынан шыққан “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” атты кітап туралы толғаныс

 

Соңғы 15-20 жыл көлемінде идеологиялық өктемдіктен ада, жаңа ұстаным­дар мен құжаттарға бай тарихи еңбектерге деген сұраныс жоғары деңгей­де қалып отыр. Бүгінгі күнде де тиянақты тарихи зерттеулерге қызығушы­лық бәсеңсіген жоқ. Әсіресе, халқымыздың көне тарихына арналған жұ­мыстарға деген көпшіліктің ынтасы ерекше. Мұндай қызығушылықтың сы­рын немен түсіндіруге болады? Көне дәуір тарихынан кеңестік жылдары да Ә.Марғұланның, К.Ақышевтың, О.Ысмағұловтың іргелі зерттеулері жарық көріп еді ғой. Біздің ойымызша, бұл ынта – қоғамымыздың, мемлекетіміздің дәл бүгінгі түбегейлі өзгеру кезеңінен туындап отырған рухани құбылыс. Яғни, біріншіден, еркін ойлау мүмкіндігіне ие қоғам шынайы өткенін білгісі келеді. Бұған дейінгі саяси жүйеде ұлттың өткен тарихы, оның барлық кезеңдері мен іргелі мәселелері бұрмалауға ұшырағаны құпия емес. Мәселен, мектеп оқулықтары мен зерттеу еңбектерінде жас буын мен көпшілік оқырман санасына қазақ халқының арғы тегі – “түркі тайпалары бұл жердің автохтонды (жергілікті) тұрғын­дары болған емес, ал сақтар болса өзге мәдениет пен текке тән жұрт” деген мағынадағы тұжырымдар сіңірілді. Қазақ тарихын, әсіресе оның көне кезеңдерін баяндау мен түсіндіруде тарихи сабақтастыққа негізделген нанымды логикалық жүйе болмады, керісінше, өзара байланысы жоқ, үзік-үзік баяндауларға басымдылық берілді. Ұлттың өзін-өзі өткен тарихы арқылы тану ісіне жол бермейтін мұндай “ғылыми” әдістер отарлаушы империяға, оның идеологиялық аппаратын басқарып отырған күштерге қажет-ақ еді.

 

Ғылымдағы түрлі концепцияларды қалыптастыруға тікелей ықпалы болған бұл идеологиялық ұстанымның салдары қазақ ұлтының тарихи танымы­нан анық байқалды: ұлт өзін өркениеттік құндылықтар жаратқан субъект ретінде сезінуден қалды, оның көңіліне өзінің этностық болмысына қатысты күдікті ойлар ұя сала бастады.

 

Ал мемлекеттік тәуелсіздіктің арқасында қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Оны біз “жаңа рухани ахуал” немесе “жаңа рухани күй” деп атаған болар едік. Тұжырымдап айтқанда, оның мағынасы мынаған саяды. Заман талабына сай кезекті сапалы өзгерістерге мұқтаж ұлт өз өткенін қайта қорытуға ден қойды.

 

2005 жылы “Күлтегін” баспасынан Мырзатай Жолдасбеков пен Қаржаубай Сартқожаұлының “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” аталатын көлемді (45,0 б.т.) кітабы жарық көрді. Оның ізін ала Қытай Халық Респуб­ликасындағы Шыңжаң халық баспасынан (Үрімжі) “Ежелгі Үйсін елі” атты еңбек (24,5 б.т.) дүниеге келді. Бұл екі басылым тұтастай алғанда жоға­рыда айтылған пікіріміздің, яғни өткен тарихымызды рухани игілік ретінде қайта қорыту жолында тұрғандығымыздың нақты айғағы бола алады.

 

Мәселенің басын ашып қоялық, аталған кітаптардың соңғысы б.з.б. ІІ ғасырда өзегі Іле өзені сағасында орын теуіп, өзін қалыптасқан өркениетті қоғам ретінде көрші Хан империясына және басқа жұрттарға мойындатқан Үйсін мемлекетінің тарихына арналған. Кітапта көне қытайлық тарихи дерек мәтіндерімен (түпнұсқа және аударма) қатар бүгінгі қытай ғалым­дарының зерттеу жұмыстары берілген. Ал алдыңғы кітапта б.з. VІ-VІІІ ғасырларында бүкіл әлемге Түрік қағанаты, яғни империясы ретінде танылған қоғамның тасқа қашалып жазылған мұраларының мәтіндері, олардың жаңа транскрипциясы мен аудармасы, ескерткіштердің археологиялық сипаттамасы, фото және сызба суреттері тұңғыш рет толық күйінде жарияланып отыр.

 

Көтерген жүгі соншама салмақты да мәнді бұл екі іргелі еңбек мазмұндық тұрғыдан өзара жақын, тіптен ортақ өзекті мәселеге арналған десе де болады. Өйткені, Үйсін мемлекеті мен Түрік қағанаты түрлі тарихи мезгілдер мен өзара іргелес кеңістіктерде өмір сүріп, артында терең із қалдырған біртұтас түрік этносының дамуы болып табылады. Аталған басылымдар, сөз жоқ, осы бүтін бір тарихи құбылысты өзара сабақтастықта әрі жаңа сапада қорытуға көмектеспек. Бұл еңбектердің бүгінгі тарихи таным үшін ең негізгі маңызы да осы атқарар міндетінде.

 

Осы екі басылымға бірдей қатысы бар тағы да бір мынадай жағдайды айта кетелік. Осыдан ғасыр астам мезгіл бұрын орта ғасырдағы түрік жазба ескерткіштері жөнінде пікір алысу басталғанда, олардың түрік этносына тәндігіне еуропалық ғалымдар сенімсіздік танытты. Ол жөнінде академик В.В.Бартольд: “Бүгін түріктік төркіні дәлелденген бұл жазулар­дың (сөз Енисей және Минусинск жазбалары жөнінде – авт.) кілті табылар мезгілдің сәл алдында ғана ең таңдаулы түріктанушылардың бірі Радлов тас балбалдар түріктерге тән еместігіне иландыруға тырысты” деген пікірді білдіре келіп, кейінірек Моңғолиядағы Орхоннан табылған түрік ескерткіштеріндегі тура сол әріптермен тасқа қашалған жазуларды дат ғалымы В.Томсеннің қытай жылнамалары арқылы оқығандығын, сөйтіп ғалымдар қауымдастығы бұл жағдайды ғылыми факті ретінде мойындауға мәжбүр болғандығын жазады (Акад. Бартольд В.В. Сочинения. Т. 5. М., 1968, с. 426.). Анығырақ айтқанда, қытай дерек көздерінде Түрік қаған­дығының қайраткерлері Білге Қаған (734 ж. көз жұмған) мен оның бауыры Күлтегіннің (731 ж. көз жұмған) есімдері аталып, қызметі баяндалғаны мәлім болған соң түрік өркениетіне, оның жазба ескерткіштеріне көзқарас түбегейлі өзгеріске ұшырай бастайды.

 

Тарих тағылымы тағы алдымыздан шығып отыр. Осы баяндалған үрдіске ұқсас жағдай енді, міне, б.з.б. соңғы мыңжылдықтың екінші жартысы мен б.з. ІV ғасыры аралығында өмір сүрген Үйсін мемлекеті мен бүгінгі қазақ этносы арасындағы сабақтастық байланыс мәселесіне орай қайталанғандай сыңай танытуда. Б.з.б. Хань империясының батыс бетіндегі Орталық Азия кеңістігін мекен еткен халықтар жөніндегі қытай жазба мәліметтерінде Алатаудың солтүстік етегі мен Іле бойына қоныстанған у-сунь жұрты жөнінде айтылады. Соңғы жылдарға дейін осы көне халықтың этностық тегі жөнінде айтыс толастамай келеді. Дискуссияға қатысушы ғалымдардың бір жағындағылары усундарды индоеуропалық иран тілді халықтар тобына жатқызуға бейімділік танытса, екінші жағындағылары түрік тілді жергілікті жұрт ретінде тануға басымдылық береді.

 

ХХ ғасырда Қытай Халық Республикасындағы гуманитарлық ғылымдар саласында қалыптасқан “үйсінтану” бағытының бүгінгі аяқ алысы жоға­рыда баяндалған ғылыми пікірталасқа нүкте қоятын сыңайы бар. Осы бағыттағы ғылыми ізденістердің бүгінгі күнге дейінгі жиынтығы есебінде жарық көрген “Ежелгі Үйсін елі” кітабында қытай жылнамаларындағы “усун” мен қазақ тіліндегі үйсін этнонимінің бір мағына беретіндігі, үйсіндердің бір халық, ал көне үйсіндермен бүгінгі қазақ халқы арасында т

Пред.6789
скачать работу

Ежелгі және қазіргі моңғолдар ортақтығы мен ерекшелігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ