Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жоспарлау

дi жүзеге асыру;
      2) елдiң, Қазақстан Республикасының өңiрлерi мен салаларының әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін, әлемдiк экономиканың жай-күйін және дамуын талдауды жүргiзу;
      3) экономикалық талдауды және макроэкономикалық болжауды жүргiзу;
      4) экономикалық қауiпсiздiк мәселелерінің мониторингі;
      5) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi болжау;
      6) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттiк инвестициялар мен гранттарды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелілігiн) бағалауды жүргiзу;
      7) ұлттық компаниялар қызметiнiң тиiмдiлігін талдауды және бағалауды жүзеге асыру;
      8) мемлекеттік меншiк объектiлерiн басқаруды талдауды және бағалауды жүргiзу;
      9) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарын әзiрлеу және оны iске асыруды үйлестiру;
      10) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың штаттық кестелерiн талдауды жүзеге асыру;
      11) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесiнқалыптастыру және одан әрі жүргiзу;
      12) мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
      13) мемлекеттік органдардың экономикалық қызмет түрлерiн жүзеге асыруды регламенттейтiн рұқсат беру жүйесi, оның iшiнде лицензиялау мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      14) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi жұмысын үйлестiру, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттіктермен өзара iс-қимыл жасау;
      15) өз қызметi саласындағы заңнаманың қолданылуын талдауды жүзеге асыру.
      12. Министрлiк экономикалық қызметті мемлекеттiк реттеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жүргiзу;
      2) өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi қоса алғанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға экономикалық сараптаманы жүзеге асыру және оларға салықтық сараптаманың қорытынды кезеңiн жүргiзу.
      13. Өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін Министрлiктің заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негізгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орта мерзiмдi жоспарларды, Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарларын iске асыруының мониторингiн жүзеге асыруға;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметіне Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарын түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әрі iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстар енгiзуге;
      5) өз құзыретi шегiнде ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға және оларды мемлекеттік органдарға ұсынуға;
      6) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеуге және шығаруға;
      7) өз құзыретi шегiнде келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалармен келiсiмдер жасасуға;
      8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
      9) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, мемлекеттiңқатысуымен заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      10) консалтингтік қызметтердi жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тартуға;
      11) шетелдiк мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
      12) мониторинг объектілерiн тiкелей зерттеуге, меншіктiң мемлекеттiк мониторингі нысанасына жататын ақпаратты талдауға орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өкілдерiн тартуға;
      13) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
      14) Министрлiктің қарамағындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың мемлекеттiк басқару органы ретiнде түсуге;
      15) Министрлiкке ғылыми зерттеулерге бөлiнген қаражат шегiнде аса маңызды ғылыми қаржы-экономикалық жұмыстардың тiзбесiн айқындауға, Министрлiктiң құзыретіне енетін мәселелердi әзiрлеу үшiн белгіленген тәртiппен ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тартуға құқылы.

 

 

 

   3. Министрлiктiң мүлкi.

      14. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерімінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктің есебiнен қалыптасады.
      15. Министрлiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      16. Министрлiктiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгіленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгінен иелiктен айыруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

   4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру.

      17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады.
      Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) оның ішінде бір бiрiншi орынбасары болады.
      18. Министр Министрлiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауаптылықта болады.
      19. Министр осы мақсатта:
      1) өзінің орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады;
      4) Министрдiң бұйрықтарына қол қояды;
      5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдіреді;
      7) Министрлiк жұмысының регламентiн бекiтедi.
      20. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен рәсiмделедi.
      21. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқа болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.

 

    5. Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату.

      22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

   Вексель.

   Вексель әлемдегі ең көне қаржылық құралдардың бірі болып табылады, оның сан алуан түрлері Ежелгі Грекия дәуірінің өзінде-ақ болған, орта ғасырдағы Еуропада кеңінен қолданылған, және ол біздің кезімізде көпшілік таныған әрі кең тараған төлем жасау мен несиелендіру құралы болып табылады. Қазақстан вексельдің айналымының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 28.04.1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» № 97-1 Заңында айқындалған.

  

    Вексель деген не?

   Вексель– бұл төлем құжаты, ол өзінде көрсетілген ақша сомасын өзінде көрсетілген мерзімде вексельді иеленушіге төлеу туралы ешқандай шартсыз міндеттемені көрсетеді.

Вексель 2 басты функцияны атқарады:

1.     несиелендіру құралы

2.     төлем құралы.

   Қазақстанда коммерциялық (тауарлық) вексельдің айналымына рұқсат етіл

12345След.
скачать работу

Қаржылық жоспарлау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ