Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жоспарлау

ген, ол серіктестерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу-сату бойынша мәмілені төлемнің мерзімін шегеру шартында ресімдеуге мүмкіндік береді.Келісім-шарт бойынша төлемнің мерзімін жай ғана шегеруден өзгеше, тауарды сатушы оп-оңай ақшаға айналатын өтелімді қаржылық құралға ие болады. Кең тараған пікірге керісінше, Қазақстанда вексель – бағалы қағаз емес. Отандық заң шығарушының осы көзқарасын түсіндіру айтарлықтай қиын және ол заң әдебиетінде талай рет сынға ұшырады, себебі, вексель бағалы қағаздың барлық дәстүрлі нышандарын иеленеді, және де ол аз болғандай, әлемнің барлық басқа елдерінде ол бағалы қағаз болып табылады да. Бастапқыда, 1994 жылы ҚазақстанРеспубликасының жаңа Азаматтық кодексі қабылданған кезде вексель «толық құқылы» бағалы қағаз болып танылғанын айта кету керек, алайда 1997 жылы заңнамалық негізде бағалы қағаздар тізбесінен шығарылды.

   

   Вексельдің түрлері.

   Шыққан тегі, табыстылығы мен мерзімділігі бойынша вексельдердің төмендегідей түрлері болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Жай вексельдеонда көрсетілген ақша сомасын оны жазып берген тұлғаның, яғни вексель берушінің тікелей төлейтіні туралы міндеттеме жазылады, осылайша ол тұлға сонымен бір мезгілде вексель бойынша төлем жасаушы да болып табылады.

   Бұдан өзгеше, аударымды вексельде көрсетілген соманы вексель беруші емес, басқа тұлға төлеуге тиіс. Бұл басқа тұлғаның төлем жасау туралы міндеттемесі әдетте осы тұлға мен вексель берушінің (яғни, вексельді шығарған адамның) арасындағы екі жақты қарым-қатынастарға негізделеді және мысалы, қандай да бір берешектің немесе басқа келісімнің нәтижесінде орын алуы мүмкін. Осылайша, вексель беруші аударымды вексель бойынша төлем жасаушы болып табылмайды.

   

   Вексельдің пішіні.

   «Қатаң шартты түрдегі пішін» деген ұғым, вексель жарамды болуы үшін оның белгілі бір пішіндік деректемелерінің болуының маңызы аса зор екенін білдіреді. Вексель қатаң құжаттық пішінде шығарылады. Вексельдің бланкінің беттік жағы, сыртқы жағы және аллонжы болады. Беттік жағында вексельдің деректемелері көрсетіледі. Сыртқы жағында индоссаменттер көрсетіледі. Вексельде индоссаменттерді қою үшін орын қалмаған жағдайда, вексельге аллонж қосылады.

 Вексельдің элементтері:

  •  “вексель” атауы, ол құжаттың мәтініне кіргізіледі, және осы құжат қай тілде құрастырылса, сол тілде жазылады;
  • белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы ешқандай шартсыз міндеттеме (жай вексельде) немесе бұйрық (аударымды вексельде);
  • төлем жасаушының атауы;
  • төлем мерзімдері;
  • төлем жасалатын жердің атауы;
  • төлем кімге (немесе кімнің бұйрығы бойынша) жасалуға тиіс болса, соның атауы;
  • берілген күні;
  • вексель жасалған жер;
  • вексель берушінің қолтаңбасы.

   Жоғарыда аталған элементтердің кез келгенінің болмауы вексельдің жарамсыз болуына әкеледі, бұл кез келген басқа төлем құжаты сияқты оның да қатаң ресмилігінің белгісі болып табылады. Осыған байланысты вексельдің мына бір қызықты ерекшелігін атап өту керек – егер тіпті төлеміне осы вексель берілген міндеттеменің өзінің жарамсыз деп танылуы төлем жасаушының төлемді жүзеге асыру бойынша міндеттемесін тоқтатпайды. Басқаша айтқанда, вексель бойынша міндеттеме «бір рет және біржола» беріледі, өзі дербес әрекет етеді және кез келген жағдайда орындалуға жатады, бірақ бұл үшін вексельдің мәтінінде жоғарыда келтірілген міндетті деректемелердің барлығы жазылған болуға тиіс.

 

   Вексель – төлем құжаты.

   Сөйтіп, вексель Қазақстан төлем құжаты болып табылады, яғни осы құжаттың негізінде немесе оның көмегімен ақшалай міндеттемелер орындалады. Вексельдің негізгі фукнциялары сауда мәмілелері бойынша есеп айырысу болып табылады. Бір айта кететін жайт, біздің республикада вексельдерді ақша тарту мақсатында шығаруға тыйым салынған, яғни, мысалы,дәстүрлі ұғымдағы ақшалай қарыздық қарым-қатынастар  вексель арқылы көрсетіле алмайды. Мұндай вексельдер қаржылық вексель деп аталады да, оларды шығаруға заңмен тыйым салынады. ҚазақстанРеспубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тек тауарлық вексельдерді, яғни, тауарды сатып алу-сату туралы мәміленің негізінде шығарылған вексельдерді шығаруға ғана рұқсат етілген. Мысалы, сатып алу-сату туралы мәміледе, тауарды сатып алушы, қолында мәміле жасау үшін жеткілікті ақша сомасы болмағандықтан, немесе басқа себептен, мысалы, өзінің ақша қорына тиіскісі келмегендіктен, жеткізуші келіссе, онымен вексель арқылы есеп айырыса алады. Әдетте (бірақ міндетті емес) мәміленің тараптары вексельде көрсеткен сома, дереу есеп айырысқан жағдайда сатушы ала алатын сомадан сәл жоғары болады. Бұл айырма төлемнің мерзімінің шегерілгені үшін өзінше бір ақы болып табылады, себебі осылайша сатушы сатып алушыдан ақшаны «қазір» алудың орнына,  ақшаны «кейін» төлеу туралы вексель түрінде бейнеленген уәдені қабылдай отырып, іс жүзінде оған несие береді. Бұл орайда сатып алушының тауардың ақысын төлеу бойынша тікелей міндеттемесі орындалды деп саналады, себебі сатушы одан ақшаның орнына есеп айырысу құралы ретінде вексельді қабылдады. Енді аталған тараптардың арасында жеткізілген тауар үшін ақы төлеу бойынша берешек емес, вексельдік міндеттеме бар, бұл міндеттеме жоғарыдаайтылғандай, дербес әрі аталған вексель төлеміне шығарылған сатып алу-сату келісімшартының шартарынан тәуелсіз міндеттеме болып табылады.

 

   Вексельдерді есепке алу.

   Біз қарастырып отырған мысалдағы вексельдің келесі «таңдамалы мүмкіндігі» – егер вексельді иеленуші – тауарды сатушының вексельде көрсетілген төлем мерзімі келгенше күткісі келмесе, вексель есепке алуға ұсынуға мүмкіндігі бар. Яғни, сатушы Бақылаушы директорлар кеңесінің вексель банкке апарып оны банкке қайта шегініп бере алады, бұл жағдайда банк есепке алу кеңсесі ретінде әрекет етеді. Банк, жай сөзбен айтқанда, осы вексель үшін төлем мерзімі келгенде вексель бойынша төленуге жататын соманың мөлшерінен сәл азырақ ақша төлеп, вексель иеленушіден оны сатып ала алады. Осы айырма (дисконт) банктің табысы, сыйлықақысы болып табылады, яғни, бұл – вексель бойынша төлем жасаушының вексельдің белгіленген мерзімде төленбеуінің ықтимал тәуекелдігіне байланысты несиелік тәуекелін өзіне қабылдағаны үшін банк алатын сыйақы. Алвексельді иеленуші-сатушының таңдау мүмкіндігі бар – төлем мерзімі келгенше күтпестен дереу кемірек табыс алу немесе күте тұрып, көбірек алу, бірақ белгілі бір уақыт кезеңі өткеннен кейін алу.Вексельді есепке алуға ұсынғаннан бөлек, сатушы сондай-ақ қолындағы өзінің векселімен өзінің несиегерлерінің бірімен есеп айырыса алады, ол үшін несиегерге тауардың төлемақысы ретінде ақшаның орнына вексельді береді (әрине, ол үшін аталған несиегер вексель төлемақы ретінде қабылдауға келісуі керек).

Вексель бойынша құқықтарды шегініп беру оған табыстау жазбасын – индоссаментті жазу жолымен жүзеге асырылады. Вексель бойынша құқықтар осылай шегініп берілген жағдайда, осы вексельдің бір адамнан екінші адамға табысталу тарихын тіркеп отырған индоссаменттердің үздіксіз тізбегі арқылы вексельге деген құқығы расталатын тұлға оның түпкілікті заңды иегері болып табылады. Жоғарыда келтірілген мысал қарапайым мысал болып табылады, және ол, әрине, вексельдің барлық мүмкіндіктерін және вексельдік заңнаманың ерекшеліктерін көрсетпейді, тек вексельдерді пайдалану арқылы іске асырылуы мүмкін операциялардың бір түрі ғана. Вексель дербес актив болып табылады, ол төлем жасау құралы ретінде қолданылып, қандай да бір міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде (кепілге берілген күйінде) және тіпті инвестициялау құралы ретінде де жүре алады. Дұрыс қаржылық жоспарлау вексельдерді қысқа мерзімдік табыстық мәмілелерді жасауға арналған құрал ретінде де, бір мезгілде қаржылық ағындарды оңтайландыруға және кәсіпорынның өтелімділігін басқаруға мүмкіндік беретін саудалық есеп айырысу құралы ретінде де пайдалануға мүмкіндік береді.Қазақстанда өкінішке орай вексельдер нарығы жеткіліксіз дамыған, мұның бірқатар себептері бар. Бұл – біздің менталитетіміз үшін есеп айырысудың вексельдік жүйелерінің дәстүрлі болмауы, және нарыққа қатысушылардың төлем жасау мен несиелендіру құралы ретіндегі вексельдің мүмкіндіктері туралы едәуір нашар хабардарлығы, вексельдер эмитенттері туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы және басқа бірқатар жайттар.

 

   Бірінші сыныпты эмитенттер.

   2000 жылы ҚР Ұлттық Банкі “Бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алу жөніндегі бағдарламаны” іске қосты, оның мақсаты вексельдің айналым нарығын дамыту және стратегиялық өндірістік кәсіпорындарды қаржыландыру болып табылады. мәртебесін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі береді. Аталған бағдарлама енгізілгеннен кейін бірінші сыныпты эмитенттердің ресми тізіміне кіретін компаниялардың вексельдерін ҚР Ұлттық банкінде қайта есепке алу мүмкіндігі туды. Сөйтіп, бірінші сыныпты эмитенттің векселін есепке алған коммерциялық банктің оны кез келген сәтте Ұлттық Банкке сатып, дисконтты шегергендегі вексельдің атаулы құнына тең соманы лауға мүмкіндігі бар (ҚРҰБ дисконты қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне сәйкес келеді).

   Вексельдердің б

12345След.
скачать работу

Қаржылық жоспарлау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ