Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қаржылық жоспарлау

ірінші сыныпты эмитентінің артықшылықтары:

  • Вексельдерді есепке алуға шек қою міндеттемелердің кепілзатпен қамтамасыз етілуін талап етпейді 
  • Компания қымбат тұратын несие ресурстарын пайдаланбастан, өзінің қаржылық ағындарын  жоспарлау мүмкіндігіне ие болады
  • Бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдерінің көтеріңкі өтелімдігі бар
  • Бірінші сыныпты эмитент мәртебесі тұтас алғанда компанияның қаржылық беделіне оңды ықпал етеді

 

   Вексельдерді өтеу қалай іске асырылады?

1)  Банктің төлеуіне ұсынылатын вексельдер сараптамадан өткізіледі. Төленуге төмендегілер қабылданбайды:

  • жалған вексельдер;
  • пішіндері ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін вексельдер;
  • өтеу мерзімі өтіп кеткен вексельдер.

2) Вексельді иеленуші вексель төленуге ол төленуге тиіс болатын күні немесе келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Вексель осы мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, вексельдің мерзімі өткен деп саналады.

 

   Вексельдік есеп айырысудың артықшылықтары:

  • Өнімді сатып алушы үшін төлем мерзімін шегеру, себебі өзінің мәні бойынша вексель коммерциялық (тауарлық) несие болып табылады
  • Өтелімді қаржылық құралды пайдалану
  • Дебиторлық және несиегерлік берешекті оңтайландыру мүмкіндігі
  • Компанияның айналымдық қаражатының босатылуы
  • Қаржыландыру құнының төмендетілуі
  • Пайыздық вексельдер бойынша қосымша табыс алу
  • Сауда келісімшатттары бойынша форфейтингілік операцияны жүргізу жолымен шетелдік банктерден арзан қарыз қаражатын тарту мүмкіндігі
  • Вексельдерді қысқа мерзімдік несиелер бойынша кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болады.

    Қазақстандық банктер жекелеген кәсіпорындардың вексельдікбағдарламаларының бастамашылары және белсенді қатысушылары болды. Вексельдермен сауда жасау мүмкіндігі Қазақстан қор биржасының ішкі ережелерімен көзделген. Әрине, Қазақстанның қор нарығы одан әрі дамып, ірі, орнықты кәсіпорындардың саны артып, вексельдік заңнама жетілдірілген сайын және оңды шетелдік тәжірибенің келуімен, вексельдің әлемдік іс-тәжірибеде кең тарағандығын, оның тарихы мен мүмкіндіктер жиынтығын ескерсек, республиканың қор нарығының негізін қалайтын қаржылық құралдардың қатарында вексель өзіне лайықты орнын алатыны сөзсіз.

 

   1. МАҚСАТ.

   Мемлекет өз мiндеттерiн орындау үшiн мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қажеттi түсiмдердiң көлемiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржылық өзара қарым-

қатынастағы мүдделерiнiң балансына қол жеткiзу жəне Қазақстан Республикасының стратегиялық жəнебюджеттiк жоспарлауының бiртұтастығын қолдау мақсатында орнықты бюджет жүйесiн, əлеуметтiк-

экономикалық басымдықтарды қалыптастыру.

 

   2. АХУАЛДЫ ТАЛДАУ.

 

   2.1. Күштi жақтар.

   Бүгiнде Қазақстанда салық жүйесiнде, бюджеттiң атқарылуында бiраз табыстар бар, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiндеедəуiр қадамдар жасалды.

1999 жылғы есептiк деректерге сəйкес мемлекеттiк бюджетке түсiмдер IЖӨ-нiң 19,8%-ын, шығыстармен кредиттер - IЖӨ-нiң 23,2%-ын құрады. Мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы IЖӨ-нiң 3,5%-ын құрадыжəне 1998 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға төмендедi. Есептiк деректер бойынша, (есептеу кезеңiнсiз) 2000жылы мемлекеттiк бюджеттің IЖӨ-ге 0,1% болған шамалы профицит жағдайында, мемлекеттiк бюджеткетүсiмдер IЖӨ-нiң 23,1%-ын, шығыстар мен кредиттер - IЖӨ-нiң 23,0%-ын құрады. Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң алғашқыларының бiрi болып салық туралы заң қабылдады. Оны 1995жылы қабылдау республиканың қаржы жүйесiн қалыптастыруда, барлық мiндеттi төлемдердi бюджеткеқұрылымдандыруда, салықтарды есептеу мен алудың тəсiлдерiн белгiлеуде едəуiр рөл атқарды.

Мемлекеттiк кiрiс жүйесiндегi реформалау, мемлекеттiк бюджетқаражатының келiп түсуiн бақылаумəселелерiне байланысты барлық фискалдық органдарды бiр ведомство шегiнде шоғырландыру процестерi

табысты жүргiзiлдi. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Экономиканың даму перспективасынескеретiн жəне мемлекет пен салық төлеушiлердiң мүдделерiн оңтайлы үйлестiретiн қолайлы орта жасауға

барлық нормативтiк құқықтық актiлердi бiр заң актiсiнiң шеңберiнде бiрiктiруге бағытталған жаңа Салықкодексi қабылданды. Салық жүктемесiн азайту мақсатында 2001 жылы қосылған құн салығының ставкасы 16%-ға дейiн жəнеəлеуметтiк салық 21%-ға дейiн төмендетiлдi. Шығыстардың тиiмдi жүйесiн жасау жөнiнде шаралар қолданылды. Қазынашылық жұмысы тиiстi деңгейде жолға қойылды. ТМД елдерiнiң арасында алғашқылардың бiрi болып Қазақстан қазынашылықжүйесi арқылы бюджеттiкбағдарламаларды уақтылы жəне мақсатты қаржыландыруға қол жеткiздi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жəне Қазақстанның Даму Банкi құрылды. Əлемдiк стандарттардың талаптарына жауап беретiн кiрiстер мен шығыстарды жаңа бюджеттiк жiктеуенгiзiлдi. Шығыстар жүйесiн жетiлдiру жөнiнде маңызды iс-шаралар орындалды. 1999 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар таратылды, ал олардың кірістерi мен шығыстары

мемлекеттiк бюджетке шоғырландырылды. Сондай-ақ алдын ала бақылау жасау тетiгiн жетілдiру жөніндешаралар қолданылды, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудi есепке алу енгiзiлдi. Сондай-ақ

республика халқының белгiлi бiр санаттарына бюджет көтере алмайтын нақты жеңілдіктер мөлшерiнберудiң көп жылдық практикасы оларды азаматтардың жекелеген санаттарына ақшалай өтемақы беруменалмастыру арқылы алып тасталды. Барлық деңгейдегi бюджеттер бюджеттікбағдарламалар деңгейiндебекiтiледi, ал бюджеттен қаражат бөлу жекелеген министрлiктер мен ведомстволарды қаржыландыруғаемес, бюджеттiк бағдарламаларды орындауға жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бюджет кiрiсiн басқару процесiн жетiлдiру шеңберiнде 1999 жылы мемлекеттiк қаржыны

басқару мəселелерi бойынша бюджет заңдарына өзгерiстер енгiзiлдi. 1999 жылдың 1 сəуiрiнде қабылданған"Бюджет жүйесi туралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңы бюджетаралық қатынастың жаңа тетiктерiнбелгiледi. Мемлекеттiк секторға функционалдық талдау жүргiзу нəтижесiнде мемлекеттiк бюджеттенқаржыландырылатын ұйымдар мемлекеттiкмекемелер мен мемлекеттiк кəсiпорындарға бөлiндi. Азаматтықжəнебюджеттiк заңдарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. 1999 жылдан бастап кейбiр мемлекеттiк функцияларбəсекелестiк ортаға берiлдi жəне мемлекетке қызмет көрсету нысанында орындалады. Мұндайфункцияларды iске асыружөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар мемлекеттiк тапсырыс нысанындаорындалады.

 

   2.2. Əлсiз жақтар.

   Қазақстанда жұмыс iстейтiн iрi шетел компаниялары салық заңдарын жиi бұза отырып, салық төлеуден жалтарады, мұны тiптi халықаралық ұйымдар да атап көрсетедi. Бюджетке түсiмдi көбейту үшiн едəуiр резерв нақ осында бола тұрса да, бюджетке берешектi өтеу жөнiндегi жұмыс нашар жүргiзiледi.

Бюджетке төлем жасау жөнiндегi салық мерзiмiн кейiнге қалдырудың тəртiбiне өзгерiстер енгiзу талап етiледi, өйткенi қазiргi кезде салық органының басшысы тиiстi қаржы органының басшысымен келiсiм

бойынша салық төлеу жөнiндегi мерзiмдi ұзартуға құқылы. Соттардың жұмыс бастылығына жəне судьялардың арнаулы бiлiмiнiң жоқтығына байланысты кəдiмгi сот арқылы салық төлеушiлердiң құқығын қорғау тым қиындатылған. Қазақстан аумағына шектес мемлекеттерден тауарлардың кеден бақылауынан өтпей əкелiну мүмкiндiгi мемлекетке елеулi экономикалық залал келтiредi. IЖӨ көлемiнiң жыл сайынғы өсуi жағдайында мемлекеттiк бюджеттің көлемi тұтас алғанда төмен болып отыр, ол IЖӨ-нiң 25%-дан кем мөлшерiн құрайды. Шығыстардың мұндай деңгей жағдайында

мемлекеттiк бюджет мемлекеттiң барлық функцияларын орындауды толық қамтамасыз ете алмайды. Бюджет жүйесiн орталықсыздандырудың аяқталмауы бюджетаралық қатынастың өзектi проблемасы болып отыр.

Бюджеттiң теңдестiрiлмеуi бюджеттер өкiлеттiгiнің айқын ажыратылуының жеткiлiктi болмауына байланысты тереңдей түсуде. Бюджет ресурстарын орталықсыздандыру мен бюджет өкiлеттiктерiн орталықтандыру арасында

үйлесiмсiздiк бар. Қазiргi кезде қалыптасқан жағдай бюджет жүйесiн орталықсыздандыруды күрделендiредi. Бұл ең алдымен бюджеттiң тiгiнен түсiрiлуi туралы түсiнiктiң сақталуына байланысты. Аймақаралық күрт айырмашылық бюджет жүйесiн орталықсыздандырудың артықшылықтарын

пайдалануға кедергi келтiредi. Бюджеттi жоспарлаудың уақыт аясы орталықта да, сондай-ақ аймақтық деңгейлерде де қысқа мерзiмдi болып отыр. Бюджеттердiң аудандық жəне облыстық деңгейлерiнде өзіндік кiрiс көздерi бекiтiлмеген. Республикалық бюджетке iшiнара аударылатын кiрiстер есебiнен жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiн асыра орындауы көбiне  мемлекеттiк бюджеттiң еркiн қаражатын түзедi. Жергiлiктi атқарушы жəне өкiлдi органдар осы көздер бойынша кiрiс жоспарын ұлғайту жəне

қаражатты қосымша шығыстарға бағыттау мүмкiн болмайтын проблемаларға тап болады. Еркiн қаражат айналымға уақтылы тартыла алмайды жəне өткiр əлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге жiберiле алмайды.

Қайсыбiр кiрiс көздерi бойынша болжамды деректердi асырып жiберу немесе төмендету фактiлерi жиi кездеседi, бұл өз кезегiнде, əр түрлi деңгейдегi бюджеттердiң атқарылуын тұрақсыздандырады. Заңдарда белгiленген ұзақ мерзiмдi бюджеттiк алу мен субвенциялар мөлшерiн белгiлеу рəсiмi практикада жеткiлiктi деңгейде iске асырылмайды. Жергiлiктi бюджеттердiң шығысы негiзiнен ағымдағы шығындарға шоғырландыр

12345След.
скачать работу

Қаржылық жоспарлау

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ