Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Қазақ халқының әншілік-өнері. 20 ғасырдағы атақты әншілер

;            Қыз сыңсуы

                                 Ой!. . .

                                 Қайран – ай ауылым қалды – ау,

                                 Қарасам көзім талды – ау.

                                 Ой!. . .

                                 Еркелеткен ауылым – ау,

                                 Заманым қандай болады – ау?

 

                                 Жүруші едім ағалап,

                                 Ағайынды паналап,

                                 Паналап жүрген басымды,

                                 Малға да сатты бағалап.

 

                                 Өз елімнен кеткен соң,

                                 Көрген де күнім немене?

                                 Еркелеткен аға – еке,

                                 Жеткізбей бердің он беске.

      

          Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі – беташар. Бұл ән келін күйеуінің ауылына келіп, жаңа үйге түскен кезде айтылатын жыр. Қазақтың көне дәстүріне байланысты жаңадан түскен келіннің бетін көрсетпей, желекпен жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән берілетін. Сондықтан бұл жырды орындау үшін арнайы шешен ақын шақырылып, ол жиналған топқа келіннің бетін әнмен ашады. Беташар мазмұны бойынша жаңа түскен келінге бұрыннын қалыптасқан әдет – ғұрыпқа бай өз заманына лайықты, жаңа өмірге аяқ басып отырған жас әйелге тәлім – тәрбие беру тілегімен байланысты. Жырда ата – енесі, қайындарымен қарым – қатынастарын, жас келіннің міндеттерін айтып, әзіл кеңестер беріледі:  

                                    Айт келін, ай келін!

                                    Өзің жатып, байыңа

                                    Тұр – тұрлама, келіншек,

                                    Қаптың ауызы бос тұр деп,

                                    Ой, айт келін!

                                    Құрт ұрлама, келіншек.

                                    Жұрт алдында сымпыңдап,

                                    Қақаңдама, келіншек,

                                    Үйге түскен түйені

                                    Бақандама, келіншек

                                    Аузы – басың сүйреңдеп,

                                    Өсек айтпа, келіншек,

                                    Үлкендердің алдынан

                                    Аттап өтпе келіншек.

         Жоқтау – тұрмыс–салт жырларының ішіндегі ең толық сақталған түрі. Алғашқыда өлген адамды шығарып салу дәстүріне байланысты болса, кейіннен жоқтау басқа да халық әндеріне еніп кеткен. Мысалы, жоқтауға тән қасиет сыңсу әніне де тән; жоқтау жырының кейбір белгілері лирикалық және эпостық жырларда да кездеседі. Академик Қ.Жұмалиев жоқтауды тура лирикалық жыр деп атайды. Оның ойынша, егер лирикалық жанрға күйініш – сүйінішті суреттеу негізгі шарт болса, жоқтау да тыңдаушының, айтушының қаралы көңіл – күйін білдіреді. Кейбір жерлерде жоқтау әндерін «дауыс» немесе «жылау» деп те атайды.

         Адамның қазасы кезінде айтылатын дәстүрлі жоқтау әндерімен естірту және көңіл айту түрлері жалғаса жүреді.

         Естірту– ауылдастарына, туған – туыстарына, жора – жолдастарына өлген адамның қайғылы хабарын естірту үшін айтылатын жыр. Егер қазақтың өшпес мұрасына айналған «Ақсақ құлан» аңызына сүйенетін болсақ, «Ақсақ құлан» күйі де естірту болып табылады.

         Ал, көңіл айту болса, қаралы үйге келген кісілердің жақынынан айрылған туған – туыстарына жұбаныш сөз айтып, рухын көтеру ниетімен айтылатын ән.

 

Лирикалық әндер

 

         Халық композиторлары мен ауызекі ән шығармашылығында лирикалық әндердің түрлері ерекше орын алады. Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем-өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады.

        Лирикалық әндер басқа халық әндерінің түрлерімен салыстырғанда, кейінірек шыққан туындыларға жатады. Олар мазмұны жағынан өте бай және халықтың ең сүйікті ән түрлерінің бірі.

        Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді. Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді. Шығармадағы жеке адамға тән мінез бен сезім көпшіліктің көңілінен шығ

12345След.
скачать работу

Қазақ халқының әншілік-өнері. 20 ғасырдағы атақты әншілер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ